Салқындатылған анестезия
Салқындатылған анестезия
Салқындатқан кезде нервтік рецепторлардың тірікенуі төмендейді, ал қатырлған кезде нервтік импульстің(ауру) берідуі тоқтайды. Салқындатып жансызданыру үшін хлорэтил қолданылады.
Салқындатып жансыздндыру беткей орналасқан жақ маіы тіндерінің іріңдіктерін ашу кезінде қолданылады.
Аппликациялық анестезия
Аппликациялық анестезия ауыз қуысының шырышы қабығын жансыздандыру үшін қолданылады. Ол үшін 0,5-2 % дикаин сұйықтығын қолданады. Аппликациялық анестезияға 1-2 % пиромекаин сұйықтығын, 1-2 %, сирек 5 % лидокаин , 10 % аэрозолбді қолдануға болады.
Аппликациялық анестезияны шырышты қабыққа операция жасаған кезде ауызға инъекция жасаған кезде ине кіретін жерге, жоғарғы жақ синусына пункция жасағанда немесе жоғарғы жаққа операция жасаған кезде қолданады.
Инфильтрациялық жансыздандыру
Инфильтрациялық жансыздандыру тікелей және тікелей емес болып бөлінеді. Тікелей инфильтрациялық жансыздандыру кезінде анестетик операциялық алаң тініне енгізіледі, ал тікелей емес жансыздандыруда сұйықтық депо түрінде жасалады да терең орналасқан тіндерге тарайды операция жасалады.
Беттің жұмсақ ұлпаларына, альвеолярлық өсіндіге және басқа аймақтарға тікелей инфильтрациялық жансыздандыру жасалады, ал тісті алып тастағанда, альвеолярлық өсінді сүйкетеріне операция жасағанда тікелей емес инфильтрациялық жансыздандыру қолданылады.
Тікелей емес инфильтрациялық жансыздандыруды жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлық өсінділеріне жасаған кезде әсері бірдей емес. Ол олардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жоғарғы жаққа инфильтрациялық жансыздандыру жасағанда әсері жоғары болады. Ал төменгі жаққа инфильтрациялық жансыздандыруды патологиялық қозғалыста болғанда ғана төменгі күрек тісті алып тастау кезінде жасайды.
Инфильтрациялық жансыздандыруда жансыздандыратын сұйықтық ауық қуысы кре берісінің ауыспалы қатпарына(шырышты қабат асты қабық болғанда) жасалады. Жоғарғы жаққа тіс ұштарынан кішкене жоғары, ал төменгі жаққа кішкене төмен жасайды.
Егер инфильтрациялық жансыздандыру жасағанда әсері жеткіліксіз болмаса, жергілікті анестезияны сүйек қабығы астына тіс пульпасына операция жасағанда енгізеді.
Инфильтрациялық жансыздандыру әсері жеткіліксіз болған жағдайда анатомиялық ерекшеліктерге байланысты өткізгіштік анестезия жасалады.
Беттің жұмсақ тіндерін жансыздандыру үшін инфильтрациялық анестазия қолданылады, ал жақ сүйектерді, тістерді жансыздандыру үшін өткізгіштік анестезия қолданылады.
|