Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
АЛҚАНША МАҢЫ БЕЗДЕРІСодержание книги
Поиск на нашем сайте КЕСТЕ 5 КӨМЕЙ БУЫНДАРЫ Аты Буын беттері Айналатын осі Қызметі Сақина-қалқанша буын(жұп) Қалқанша шеміршегінің төменгі мүйізшесі, сақиналы шеміршектің буын беті Бір білікті(фронталды жазықтықта) Қалқанша шеміршек алға қарай иіліп(қалқанша және ожау тәрізді шеміршектер арасы үлкейеді) және қайта қалпына келеді Сақина-ожау буыны Ожау тәрізді буын негізінің дөңес беті, сақиналы шеміршектің жапырақшасының ойы буындық беті Бір білікті(ұзынша жазықтықта) Ожау тәрізді шеміршек ішке қарай, дыбыс өсінді дыбыс байламдарымен бірге бірігеді(дыбыс саңлауы тарылады). Дыбыс өсінділері ашлады сыртқа қарай(дыбыс саңлауы ашылады)
КЕСТЕ 6 КӨМЕЙ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ Аты Басталуы Бекітілуі Қызметі Иннервациясы Дыбыс байламдырын тығыздайтын(тартатын) бұлшықеттер Сақина-қалқанша бұлшықеті Сақиналы шеміршек доғасының алдыңғы бетінен Жапырақшаның төменгі жиегіне және қалқанша шеміршегінің төменгі мүйізшесіне Қалқанша шеміршекті алға бүгеді Жоғарғы көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы) Дыбыс бұлшық- еттері Қалқанша шеміршегінің бұрышына, сақиналы шеміршектің бқрышына, сақиналы шеміршектің дыбыс өсіндісіне Дыбыс байламы Дыбыс байламын алға және артқа тартады Төменгі көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы) Дыбыс байламдырын кеңейтетін бұлшықеттер Артқы сақина-ожау бұлшықеті Сақиналы шеміршектің артқы беті Ожау тәрізді шеміршектің бұлшықетті өсіндісі Ожау тәрізді шеміршектің бұлшықетті өсіндісін артқа дыбыс өсіндіні латералды бұрады Төменгі көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы) Дыбыс байламдырын тарылтатын бұлшықеттер Латралды сақина-ожау бұлшықеті Сақиналы шеміршек доғасының жоғарғы жиегіне Ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеті өсіндісіне Ожау тәрізді шеміршектің бұлшықетті өсіндісін алға дыбыс өсіндіні медиалды бұрады Төменгі көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы) Көлденең ожау бұлшықеті(тақ) Ожау тәрізді шеміршектің латералды жиегіне бекітіледі және сонда жатады Оң және сол жақ ожау тәрізді шеміршектерді бір-біріне жақындатады Төменгі көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы) Қиғаш ожау бұлшықеті Ожау тәрізді шеміршектің бұлшықетті өсіндісіне Қарама-қарсы жақтағы ожау тәрізді шеміршектің ұшына Оң және сол жақ ожау тәрізді шеміршектерді бір-біріне жақындатады Төменгі көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы) Ожау-көмей үсті бұлшықеті Ожау-көмей үсті қатпардың ішінен өтеді Көмей үсті шеміршек жиегіне Көмей үсті шеміршекті артқа тартады да көмейге кіре берісті жабады Төменгі көмей нервпен(Х пар нервтің тармағы)
КЕҢІРДЕК Кеңірдек көмейдің жалғасы болып табылады. Мойында кеңірдек 6-8 сақиналы болып табылады, бірақ басты шайқалтқан кезде сақиналар саны көбейеді. Кеңірдектің шеміршекті сақиналарының артқы қабырғасында дәнекер тінмен жазық бұлшықеттерден тұратын ақауы болады. Кеңірдектің бұл қабырғасы өңешпен борпылдақ тін арқылы байланысады. Кеңірдектің мойындық бөлігі VI мойын омыртқадан II-III кеуде омыртқа деңгейіне дейін орналасқан. Оның алдыңғы жағынан қалқанша безінің мойыншығы алғашқы 3-4 сақинасын жабады. Мойыншықтдан төменірек кеңірдек алдында веналық өрім мен қосымша қалқанша артерия орналасады. Кеңірдектің бүйір бетінің жоғарғы жағынан қалқанша безімен жанасып жатса, төменгі жағынан жалпы ұйқы артериялары өтеді.
73 - сурет. Көмейдің шеміршектері, байламдары және буындары: а – алдыңғы көрінісі: 1 – тіл асты сүйек; 2 – дән тәрізді шеміршек; 3 – қалқанша шеміршегінің жоғарғы мүйізі; 4 – қалқанша шеміршектің сол жақ жапырақшасы; 5 – қалқанша шеміршегінің төменгі мүйізі; 6 –сақина тәрізді шеміршектің доғасы; 7 – кеңірдек шеміршектері; 8 – кеңірдектің сақина тәрізді байламдары; 9 – сақиан тәрізді буын; 10 – сақина-қалқанша тәрізді байлам; 11 – жоғарғы қалқанша тілігі; 12 – қалқанша тіл асты мембрана; 13 – ортаңғы қалқанша тіласты байламы; 14 – латералды қалқанша тіласты байламы;
ҚАЛҚАНША БЕЗІ Қалқанша безі(glandula thyreoidea)мойыншықпен біріккен 2 үлкен бүйір бөліктерден түзілген. Қалқанша безі өте жұқа мойын ішілік шандырдың висцералды жапырақшамен тығыз жанасып жатады. Бұл қабаттың үстінен қалқанша безін мойынның 4-ші шандырының париетальді жапырақшасы жауып жатады. Осы аталған 2 шандырдың арасында қан тамырларына бай борпылдақ тінді клечатка бар. Көмей шеміршектерімен бездің мойыншғы арасындағы аймақта безді қаптап жататын шандыр біршама қалыңдаған, бұл жерде мойынның ортаңғы сызығындағы ортаңғы байламды ажыратады. Бездің мойыншығының төменге ығысуы үшін операция кезінде мойыншығын ұстап тұратын байламды кесу керек. Қалқанша безінің пішіні 25 % жағдайда пирамидалды үлесінің болуымен қиындайды. Қалқанша безінің алдында төс-тіл асты, төс-қалқанша, жауырын-тіл асты бұлшықеттері бар. Бездің бүйірлерінен және артынан жалпы ұйқы артерияларымен, ішкі мойындұрық веналарымен жанасып жатады. Ал бездің өзі кеңірдекті, көмейді жауып жатады, сол жағынан өңешке дейін жетеді. Қалқанша безін 2 жұп артерия жәнеде 10% жағдайда тағы бір артериямен қанмен қамтамасыз етіледі. Жоғарғы қалқанша артериялары сыртқы ұйқы артерияларынан шығып бездің жоғарғы полюстеріне барады. Төменгі қалқанша артериялары қалқанша-мойын артериялық сабаудан(бұғана асты артериясының тармағы) шығып, бездің артқы бетіне барады. Веналар мүше айналасына тор түзеді, ол қанды – vv.thyreoideae superiors et inferiors, plexus thyreoideus impar-ға, сол иық-бас веноздық сабауға құлайтын vv. тhyreoideae imae арқылы құяды. Бездің жоғарғы бөліктерінен лимфа мойынның негізгі тамырлық шоғырының лимфатикалық түйіндеріне ағады және төменгі бөлімдерден-претрахеалды түйінге ағады. Қалқанша безді жоғарғы көмей және қайтарма нерв, симпатикалық сабау иннервациялайды.
74 - сурет.Қалқанша без(алдыңғы беті) 1 – қалқанша шеміршек, 2 – пирамида тәрізді бөлігі, 3 – оң және сол жақ бөліктері, 4 - қалқанша безінің мойыншығы, 5 – кеңірдек [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Эндокринная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]
75- сурет.Қалқанша без құрлысының өзгешеліктер. Бездің пішіні: 1 - көбелек тәрізді; 2 - Вәрібі тәрізді; 3 - жарты ай тәрізді; 4 - жіңішке және тар қылтасы бар без; 5 - қылтасы жоқ без; 6 - қылтасы жуан және кең без; 7, 8, 9 - пирамидалық бөлігі бар бездер; 10, 11, 12 - асимметриялық, дұрыс емес пішінді қалқанша бездер [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
76- сурет.Қалқанша бездің қан тамырлары: 1 – тіл асты сүйек; 2 - жоғарғы көмейлік нерв; 3 - ішкі тармақ; 4 - сыртқы тармақ; 5 - қалқанша шеміршегі; 6 – жүзік тәрізді байлам; 7 - жүзік – қалқанша бұлшықеті; 8 - жүзік тәрізді шеміршек; 9 - қалқанша бездің пирамидалық бөлігі(көбінесе болмайды); 10 - қалқанша бездің оң жақ бөлігі; 11 - қалқанша бездің сол жақ бөлігі; 12 - қалқанша бездің қылтасы; 13 -кеңірдек алды лимфалық түйіндер; 14 - көкеттік нерв; 15 - алдыңғы сатылы бұлшықет; 16 - кезбе нерв; 17 - сыртқы мойындұрық вена; 18 - ішкі мойындұрық вена; 19 - I қабырға; 20 - сол жақ көмейлік қайтымды нерв; 21 -қолқа доғасы; 22 - жоғарғы қуысты вена; 23 - сол және оң жақ иық - бас веналары; 24 - иық-бас артерия; 25, 26 - сол жақ қайтымды нерв; 27 - оң жақ бұғанаасты артерия мен вена; 28 - қалқанша-мойын сабауы; 29 – жауырын үстілік артерия; 30 - мойынның беткі артериясы; 31 - төменгі қалқанша артерия; 32 - мойынның жоғарлағыш артериясы; 33 -тақ қалқанша вена; 34 - төменгі қалқанша вена; 35 - ішкі мойындұрық вена; 36 - сыртқы ұйқы артерия; 37, 38 - мойын ілмегі; 39 - қалқанша – тіл асты мембрана; 40 -жоғарғы көмейлік артерия; 41 -жоғарғы қалқанша артерия; 42 - алдыңғы сатылы бұлшықет; 43 – тіл асты нервтің мойындық тармағы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509]. . Қалқанша маңы бездері дән тәрізді төрт денешік түрінде болады. Қалқанша безінің бөліктерінің артында және париеталды шандыр жапырақшасымен байланыса орналасқан. Бездің жоғарғы жұбы өңеште сақина тәрізді шеміршек деңгейінде, ал төменгі кеңірдек бүйірінде, қалқанша бездің төменгі қырынан 1-1,5 см жоғары орналасқан. Бездер қалқанша бездің өзіндік шандырлы қабықшасында немесе оның паренхимасында орналасуы мүмкін.
77 - сурет.Қалқанша маңы безі(артқы беті) 1 – жоғарғы қалқанша маңы безі, 2 – қалқанша без, 3 – төменгі қалқанша маңы безі, 4 - жұтқыншақ(артқы беті) [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Эндокринная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.) |