Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Милық және беттік бөліктеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте АЛҒЫ СӨЗ Медицина саласының әрбір маманының алға қойған қажетті мақсаттарының бірі - жақсы маман болу. Денсаулық сақтау және нығайту саласындағы заманауи кезеңдегі жаңа жетістіктерге байланысты ғылым мен тәжірибе жүзінде көздеген мақсаттарға жету әркімнің өз ой-арманы. Әрбір жас ғылым мен білімнің мүмкіндіктерін қажетті мақсаттарына пайдалана білу қажет. Қазіргі заман кезеңіндегі талаптарға сай мемлекеттік тілде оқитын студенттеріміз үшін «Бас және мойынның клиникалық анатомиясы» пәнін оқыған кезде бірден-бір көмек беретін құрал ретінде қолдануларына болады. Бұл оқулықта бас пен мойынның клиникалық анатомиясы бойынша толық мағұлмат берілген. Адамның бас аймағының милық және беттік бөліктерінде және мойын аймақтары мен үшбұрыштарында орналасқан анатомиялық құрылымдар туралы мәліметтер жазылған. Ендеше қазіргі заман талабына сай тіс дәрігерлерінің қажеттілігіне орай дәрігерлік мамандық алатын студенттер ана тілінде «Бас және мойынның клиникалық анатомиясы» атты еңбегімді оқып, өздерінің қажетті игіліктеріне қолданып, білікті маман болсын деген мақсатпен ұсынып отырмын. Соңғы жылдары қазақ тілінде оқулықтар жазылып шығып жатыр. Сондада болса, мемелекеттік тілде жазылған оқулықтардың ішінде тіс дәрігерлеріне қажетті мағұлматтар жазылған оқулық жетіспейді. Әрбір тараудағы тақырыптар толық қарастырылып типтік оқу бағдарламаға сәйкес және нақты мағұлматтардың берілуімен ерекшелінген. Бұл оқулықтың тиімді жақтары суреттер, кестелер және тест түрінде жазылған мәліметтердің көрсетілуі болып табылады.
І ТАРАУ ЖАЛПЫ БӨЛІМ Жалпы сипаттама Бас және мойынның клиникалық анатомиясы атты кітапта адам денесінің бас және мойын аймақтарының әрбір бөліктерінде орналасқан анатомиялық құрылымдардың және қабаттардың, оның басқа аймақтардағы тіндермен байланыстарын оқып танысуға болады. Халықаралық анатомиялық атауларға сәйкес бас пен мойын бірнеше аймақтарға бөлінеді. КЕСТЕ 1 Бас Мойын Мойынның алдыңғы аймағы(тіл асты сүйек үсті және тіл асты сүйек асты); төс-бұғана-еміздікше аймағы; мойынның латералды аймағы; мойынның артқы аймағы. Милық бөлік: маңдай-төбе-шүйде аймақ; самай аймақ; құлақ қалқаны аймақ; еміздікше тәрізді өсінді аймақ; бассүйек негізі Беттік бөлік: көз шарасы аймақ; көз шарасы асты аймақ; мұрын аймақ; ауыз аймағы; шықшыт без-шайнау аймағы; ұрт аймағы; беттің терең аймағы; иек аймағы. Адам дененің әрбір бөлігі аймақтарының шекарасы сүйектің шығыңқы жерлерді, терідегі қатпарларды және шартты жүргізілген сызықтарды нысанаға ала отырып анықталады. Мысалы, маңдай сүйектің төмпешігі, шүйде сүйектің жоғарғы сызығы және сыртқы төмпешігі, самай сүйектің жоғарғы сызығы, мойынның ақ сызығы, ж.т.б.
Мүшелердің жазықтықта орналасу қалпын анықтау үшін бір-бірімен қиылысқан үш жазықтықтағы шарттарды сақтау қажет: фронталды, сагитталды және көлденең. Мүшелердің клиникалық анатомиясын оқу кезінде үш негізгі термин қолданылады: голотопия, скелетотопия және синтопия. Голотопия -мүшенің адам денесіне белгілі бір қалыптағы қатынасы. Мүшенің голотопиясын сипаттағанда дененің қай бөлігінде және қандай аймақта орналасқаны туралы айту қажет. Скелетотопия- анатомиялық құрылымдардың адам денесіндегі қаңқаға қатынасы туралы айтылады. Мысалы, қалқанша бездің, кеңірдектің, өңештің қаңқаға қатынасы.
1-сурет.Топографо-анатомиялық аймақтарды шектейтін нысаналық сызықтар: а - алдыңғы беті; б - артқы беті; 1 - алдыңғы ортаңғы сызық; 2 - төстік сызық; 3 - төс маңы сызығы; 4 - ортаңғы бұғана(еміздікше) сызығы; 5 -алдыңғы қолтық асты сызық; 6 - ортаңғы қолтық асты сызық; 7 - жауырын сызығы; 8 - омыртқа маңы сызық; 9 - омыртқа сызығы; 10 - артқы ортаңғы сызық; 11 - қырлық өсінді аралық сызық; 12 - параректалды сызық [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
2-сурет.Топографиялық және анатомиялық аймақтар, алдыңғы беті: 1 - маңдай-төбе - шүйде аймағы; 2 - маңдай аймағы; 3 - самай аймағы; 4 - беттің бүйірлік аймағы; 5 - беттің алдыңғы аймағы; 5а - мұрын аймағы; 6 - ауыз аймағы; 7 - иек аймағы; 8 - мойынның алдыңғы аймағы; 9 - төс-бұғана-еміздікше аймақ; 10 - мойынның латералды аймағы; 11- шүйде аймағы; 12- бұғана аймағы; 13 - бұғана асты ойысы; 14 - бұғана асты аймағы; 15 - төс аймағы; 16 - кеуденің алдыңғы, жоғарағы аймағы; 17 - сүт безі астындағы қатпар; 18 - кеуденің бүйір аймағы; 19 - құрсақ үсті; 20 - кеуденің алдыңғы, төменгі аймағы(қабырға асты аймақ); 21 - кіндік аймағы; 22 - құрсақтың бүйір аймағы; 23 - шат аймағы; 24 - шап аймағы; 24а - бел-бөксе клетчаткасы орналасқан аймақ; 25 - ұма мен шат аралық аймақ; 26 - акромиалды өсінді аймағы; 27 - дельта тәрізді аймақ; 28 - қолтық асты аймақ; 29 – қолтық асты ойысы; 30 - иықтың алдыңғы аймағы; 31 - иықтың медиалды аймағы; 32 - иықтың латеральды аймағы; 33 - шынтақтың алдыңғы аймағы; 34 - шынтақтың медиальды беті; 35-шынтақтың латералды беті; 36 - шынтақ өсіндісінің аймағы; 37-шынтақ; 38-білектің алдыңғы аймағы; 39-білектің шынтақтық беті; 40-білектің кәрі жіліктік беті; 41-білезіктің алдыңғы аймағы; 42-алақан аймағы; 43-саусақтың алақандық беті; 44-қол басының сыртқы беті; 45-саусақтардың сыртқы беті; 46-шап асты аймақ; 47-үлкен ұршық; 48-санның алдыңғы аймағы; 49-санның медиалды беті; 50-санның латералды беті; 51-тізенің алдыңғы аймағы; 52–тізе тобығы; 53-сирақтың алдыңғы аймағы; 54-сирақтың медиальды беті; 55-сирақтың артқы аймағы; 56-сирақ-аяқ басы буынының аймағы; 57-аяқ басының сыртқы беті; 58-саусақтың сыртқы беті [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509]. .
3 - сурет. Топографиялық және анатомиялық аймақтар, артқы беті: 1 - маңдай-төбе-шүйде аймағы; 2 - самай аймағы; 3 - шүйде аймағы; 4 - еміздікше аймақ; 5, 6 – шүйде ойысы және мойынның артқы аймағы;7 - кеуденің бүйір аймағы; 8 – қабырға асты аймақ; 9 - белдің латералды аймағы; 10 – жауырын үсті аймақ; 11, 12, 13 - кеуденің артқы ортаңғы аймағы (паравертебралды аймақ); 14 - кеуденің артқы жоғарғы аймағы; 15 - кеуденің артқы төменгі аймағы 16 - белдің медиалды аймағы; 17 - сегізкөздік аймақ; 18 - шап аймағы; 19 - акромиалды өсінді аймағы; 20 - дельта тәрізді аймақ; 21 - иықтың латералды беті; 22 - иықтың алдыңғы аймағы; 23 - иықтың артқы аймағы; 24 - шынтақтың артқы аймағы; 25 - шынтақтық өсінді; 26 - шынтақтың латералды беті; 27 - білектің артқы аймағы; 28 - иықтың артқы аймағы; 33 - білезіктің сыртқы аймағы; 34 - саусақтардың сыртқы беті; 35 - бел - бөксе клетчаткасының орналасқан орны; 36 - бөксе аймағы; 37 - үлкен ұршық аймағы; 38 - санның артқы аймағы; 39 - санның медиалды беті; 40 - санның латералды беті; 41 - тізенің артқы аймағы; 42, 43, 44 - сирақтың артқы аймағы; 45 - латералды тобық; 46 - аяқ басының сыртқы аймағы; 47 - өкше аймағы; 48 – аяқ басының өкшелік аймағы; 49 – саусақтардың өкшелік беті; 50 – сирақтың латералды беті [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Синтопия– анатомиялық құрылымдарға мүшенің қатынасы(мүшелер, тамырлар, нервтер, бұлшықеттер мен шандырларға), яғни, мүшелердің жан-жағында орналасқан анатомиялық құрылымдармен байланысып, жанасып орналасуы. Клиникалық анатомияның негізгі зерттеу әдісі биологиялық обьектілерде (мәйіттер мен лабораторлық жануарларда) студенттердің(дәрігерлер, клиникалық ординаторлар, аспиранттар) өз бетімен жұмыс істеуі болып табылады. Мәйітте жұмыс жасау топографиялық, анатомиялық білім алу мен хирургиялық дағдыларды үйрену кезінде өте қажет, мысалы, операция кезінде зақымдалған тамырлардан қан кеткенде, оны тоқтату әдістері. Жануарлармен жұмыс істеу арқылы қанды тоқтату, тірі тінмен жұмыс істеп дағдыларды үйрену және операциядан кейінгі кезеңдегі жануар жағдайын қарап нәтижесін бағалау істерін жасауға мүмкіншілік береді. Замануаи кезеңнің талаптарына сай дәстүрлі әдістерді толықтыратын немесе айырбастайтын техникалық әдістерді қолдану(мысалы, компьютерлік модельдер) өте қажет деп санаймыз. Қазіргі кезде техникалық заттарды қолданып оқытудың үлкен ролі бар, өйткені көрнекті құрал ретінде қызығушылықты арттыруға, бағдарламалық материалдарды сапалы игеруге мүмкіншілік береді. Әртүрлі техникалық заттар қолданылады: аудиовизуальды технологиялар (видео- және кинопроекторлер, интерактивтік тақталар, тақырып бойынша фильмдер видеодисктері бар телевизорлар), ағымды және қортынды білімді бақылаулар үшін компьютерлер (тестік бақылау), виртуальды компьютерлік суреттерді оқу және бақылау үшін(компьютерлік атластар, электронды кітапханалар), дистанционды оқу әдістері(мысалы, нақты уақытта клиникаларда орындалып жатқан операцияларды көрсету, яғни екі жақты оптико-толқынды байланыс болса), анатомиялық құрылымдарды көрсету үшін пластикалық препараттар қолданылады. Клиникалық анатомияны оқу кезінде адам денесі жүйелерінің, мүшелерінің орналасуы және анатомиялық құрылымдардың айырмашылықтарын білу қажет. Негізі адам денесінің жастық, жыныстық және жеке басының(ерлер мен әйелдер) анатомиялық айырмашылықтары оқу қажет.
4-сурет. Бастағы веналардың орналасуының ерекшеліктері [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Адамның жеке басының анатомиялық ерекшеліктері үш негізгі фактормен анықталады: генетикалық(тұқым қуалаушылық) организмнің жеке басының ерекшелігімен анықталады; әр бір организмде эмбриогенездің даму үрдісі ерекшеліктеріне байланысты; ішкі және сыртқы ортаның әсерінен постнаталды онтогенез ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар, адамның дене пітімі мен мүшелердің анатомиялық, топографиялық орналасу ерекшеліктеріне де байланысты ерекшелінеді болады. Мысалы: брахиоморфты дене құрлысты адамда кеуде клеткасы қысқа және енді болуына байланысты жүрек көлденең бағытта, қолқа доғасы енді жалпақ болуымен; ал долихоморфты адамда кеуде клеткасы қысыңқы және биік болуына байланысты жүрек қиғаш-ұзынша бағытта, қолқа доғасы тар және томпайып шығыңқы орналасуымен ерекшелінеді.
5 - сурет. Бастың үлкен венасының орналасу ерекшеліктері (Гален): 1 -мидың үлкен венасы; 2 –сол жақ және оң жақ ішкі милық веналар; 3 –сол жақ және оң жақ базилиярлық веналар [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.) |