Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
МОЙЫННЫҢ БҮЙІР ҮШБҰРЫШТАРЫСодержание книги
Поиск на нашем сайте ҰЙҚЫ ҰШБҰРЫШЫ Ұйқы ұшбұрышы(trigonum caroticum) жоғарыдан m.dіgostrіcі-дің артқы қарыншасымен, латералды m.sternocleіdomastoіdeі-нің алдыңғы жиегімен және медиалды жағынан m.omohyoіdeі-нің жоғарғы қарыншасымен шектелген. Үшбұрыш аймағында VІ мойын омыртқаның төмпешігін (tuberculum carotіcum, Шассеньяк(Chassaіdnae) оңай сипап сезуге болады. Қанды уақытшат оқтатқанда VІ мойын омыртқадағы осы төмпешікке жалпы ұйқы артерияны басып тоқтатады. Беткі қабаттары: тері, тері асты шел майы, бірінші шандыр m.platysma-мен бірге және екінші шандыр. Осы қабаттарды алып тастаса борпылдақ шел май мен қан тамырлар шоғырын, лимфалық түйіндерді көруге болады. V.jugularіs іnterna тек өзінің алдыңғы жиегімен trіgonum carotіcum-ге кіреді. Қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі деңгейінде оған v.facіalіs communіs құйылады, оған сондай-ақ v.facіalіs anterіor және v.facіalіs-тер,v.lіngualіs, v.larіngea superіor және v.thyreoіdea superіor-лер құяды. Веналардан түзілген желпуіш тәрізді құрылым жалпы ұйқы артерияны жауып жатады. Бұл аймақта мойынның медиалды тамыр-нерв шоғыры(жалпы ұйқы артерия, ішкі мойындұрық вена, кезбе нерв) өтеді. Жалпы ұйқы артерияның жолы төс-бұғана-еміздікше бұлшықет пен жауырын-тіл асты бұлшықеттің жоғарғы қарыншасы арасында биссектрисаға сәйкес келеді. Артерияның алдыңғы бетімен, қынаптың үстімен қиғаш бағытта І-ІІІ мойын нервтерінен түзілген жоғарғы ілмектің жоғарғы тармағы өтеді және тіл асты нервпен байланысады. Тіл асты нерв екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы мен төс-тіл асты бұлшықетінің астына өтеді және төменгі жақ үшбұрышы аймағына кетеді. Ұйқы үшбұрышының аймағында қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегінде жалпы ұйқы артерия(a.carotis communis) сыртқы ұйқы артерия(a.carotis externa) және ішкі ұйқы артерияларға(a.carotis interna) бөлінеді. Cыртқы ұйқы артерия(a.carotis externa) ішкі ұйқы артерияға(a.carotis interna) қарағанда ішкері және тереңірек жатады. Ішкі ұйқы артерияға мойын аймағында ешқандай тармақтар бермейді, ол бассүйек негізіне ұйқы өзегі арқылы еніп миды қанмен қамтамасыз ету үшін көптеген тармақтар береді. Сыртқы ұйқы артерия ішкі ұйқы артериядан өзінің көптеген тармақтар беруімен ерекшелінеді. Сыртқы ұйқы артерияні тармақтары: 1. Жоғарғы қалқанша артерия(а.thyreoіdea superіor) қалқанша безінің жоғарғы полюсіне қарай барады. 2.Тіл артерия(a.lіngualіs) екі қарыншалы бұлшықет пен қалқанша-тіл бұлшықеттерінің астына қарай кетеді. 3. Бет артерия(a.facialis) жақ асты аймақ арқылы тілге барады. 4. Шүйде артерия(a.occіpіtalіs) шүйде аймағына барады. 5. Ұсақтау тармақтары төмендегіш жұтқыншақ артери(pharyngea ascendens), a.auricularis posterior, a.sternocleidomastoidea ж.т.б. Ішкі мойындұрық вена(v.jugularis interna) жалпы ұйқы артерияның сыртқы жағында орналасқан. Вена сигма тәрізді синустың жалғасы болып табылады. Ол мойындұрық тесігі аймағынан басталады және ішкі мойындұрық венаның пиязшығы деп атайды. Мойын аймағында бет, тіл, қалқанша без веналары келіп құйады. Ішкі мойындұрық венаның алдыңғы бетінде мойндұрық лимфалық өзек өтеді, оған оның жолындағы лимфалық түйіндер келіп құйады. Скелотопиялық орналасуы мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінің сыртқы жиегін қосатын сызық сәйкес келеді. Кезбе нерв(n.vagus) бассүйек қуысынан ішкі мойындұрық венамен бірге мойындұрық тесіктен шығады. Оның құрамына осы жерде жоғарғы түйін(ganglion superior) және І-ІІ мойын омыртқалар деңгейінде төменгі түйін(ganglion inferior) кіреді. Мойын аймағында кезбе нерв артқы жақта жалпы ұйқы артерия мен ішкі мойындұрық вена арасында орналасқан. Нервтен көптеген ұсақ тармақтар ішкі мүшелерге барады және бассүйек нервтерімен, симпатикалық нервтермен тығыз байланыста болады. Кезбе нервтің ірі тармақтары жоғарғы көмейлік және қайтымды нервтер болып табылады. Жоғарғы көмейлік нерв(n.laryngeus superior) түйінен жіп тәрізді басталып көмейге қарай бағытталады. Қайтымды нерв(n.laryngeus recurrens) оң жақта бұғана асты артерия деңгейінде басталып, оның төменгі, артқы жағынан көмейге қарай кеңірдек-өңеш жүлгесі бойымен бағытталады. Сол жақ қайтымды нерв қолқа доғасының жоғарғы жағынан шығып, доғаның төменгі, артқы жағынан өтіп мойында кеңірдек-өңеш жүлгесімен, өңештің бойымен бағытталады. Оның соңғы тармағы төменгі көмей нерві(n.laryngeus inferior) көмейдің бұлшықеттерін, шырышты қабығын, тіл түбінің шырышты қабығын, кеңірдекті, өңешті, қалқанша безді иннервациялайды.
70-сурет. Мойынның ұйқы үшбұрышының топографиясы: 1 - бет венасы; 2 –тіл асты нерв; 3 –бет артериясы; 4 –тіл венасы; 5 –тіл артериясы; 6 –жауырын-тіл асты бұлшықетінің жоғарғы қарыншасы; 7 –жоғарғы қалқанша артерия; 8 –төс-бұғана-еміздікше бұлшықеті; 9 –жалпы ұйқы артерия; 10 –қалқанша безі; 11 –жоғарғы қалқанша вена; 12 –сыртқы ұйқы артерия; 13 –ішкі мойындұрық вена; 14 –жоғарғы көмей нерві; 15 –кезбе нерв; 16 – екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Алдынан m.sternocleіdomastoіdeі-нің артқы жиегімен, артынан – mm.tropezіі-дің алдыңғы жиегімен, төменде бұғанамен шектелген. Үшбұрыштың төменгі бөлігі терең ойыс түрінде болады, оны fossa suprascapularіs деп атауға болады. Үшбұрыштың терісі жұқа, қозғалмалы, қатпарға ұстауға болады. Тері асты май клетчаткада сыртқы мойындұрық вена(v.jugularіs externa) орналасқан. Беткі шандыр тері асты бұлшықетке қынап түзеді, одан тереңіректе екінші шандыр жатыр,ол жерде n.subscapularіs тармақтары көрінеді. Екінші шандырдың астында көлденең бағытта v.transversa scapule өтеді, ол v.jugulares іnterna-ға немесе v.subclavіa-ға құяды. Бұғанаға тік бағытта n.subclavіcularіs-тің екі-үш бағанасы өтеді. Бұл аймақта жауырын-трапеция үшбұрышы орналасқан. Жауырын-трапеция үшбұрышы(trigonum omotrapezoideum) артынан трапециялық бұлшықетпен, алдынан төс-бұғана-еміздікше бұлшықетпен және төменнен жауырын-тіл асты бұлшықетпен шектелген. Бұл үшбұрышта мойынның үшінші шандыры болмайды. Бұнда көптеген майлы клетчатка, бұғана үстілік лимфалық түйіндер, одан тереңіректе бесінші шандыр және латералды тамыр-нерв шоғыры орналасқан. Мойынның латералды тамыр-нерв шоғырының құрамына бұғана асты артерия, вена және иық өрімі кіреді. Олар саты аралық арқылы шығады. Иық өрімі бұғана асты артерия мен венадан жоғары, сыртқары орналасады. Артерия мен иық өрімін борпылдақ клетчатка, лимфалық түйіндер қоршап жатады. Бұғана асты артерия І қабырға мен алдыңғы сатылы бұлшықет арасында І қабырғаға жанасып жатады. Бұғана асты артерия бірнеше тармақ береді: мойынның көлденең артериясы(a.transversa colli), мойынның беткі артериясы(a.cervicalis superficialis), жауырын үсті артерия(a.suprascapularis). Бұғана асты венада І қабырғаға жанасып жатады, бірақ артерияның алдынжа, төмен орналасқан және бұғананың артқы жағымен саты аралыққа өтеді. Иық өрімі(plexus brachalіs) V,VІ,VІІ,VІІІ мойын және І кеуде жұлын-ми нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзілген. Олар омыртқаның алдыңғы бетінен for.іntervertebralіs арқылы шығады. Бесінші түбіршек(СV) ең ұзын алтыншымен(СVІ) қосылып ілмек түзеді, ал жетінші(VІІ) өрімнің екінші шоғырын түзеді. Сегізінші түбіршек(СVІІІ) және І кеуде түбіршек екінші ілмекке жалғаса отырып үшінші ілмекті түзеді. Бұл үш шоғыр бұғана ортасында бірігеді және бірнеше тармақтарға бөлінеді. Осы ілмектерден қол нервтері шығады. Алдыңғы және артқы иық өрімінің беттерінен қысқа тармақтар шығады – n.thoracalіs anterіorіs, олар кейін fossa іnfraclavіcularіs-ке түседі. Бұл иық өрімінің жоғарғы бұрышын n.accessorіs қиып өтеді де, m.trapezіідің артқы жиегінде жасырынып, оны иннервациялайды. Жауырын-бұғана үшбұрышы(trigonum omoclaviculare) жоғарыдан жауырын-тіл асты бұлшықетпен, алдынан төс-бұғана-еміздікше бұлшықетпен және төменде бұғанамен шектелген.
71-сурет.Мойынның латералды үшбұрышының тамырлары мен нервтері:
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.006 с.) |