ТӨС-БҰҒАНА-ЕМІЗДІКШЕ ТӘРІЗДІ АЙМАҚ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТӨС-БҰҒАНА-ЕМІЗДІКШЕ ТӘРІЗДІ АЙМАҚ

Поиск

ӨҢЕШ

Өңеш(оesophagus) жұтқыншақтың жалғасы болып табылады. Оның бастамасы сақина тәрізді шеміршектен кейін VI мойын омыртқасына келеді, жалпы ұзындығы 25 см шамасында.   Өңештің мойындық бөлігінің ұзындығы 4-6 см, кеуде клеткасының жоғарғы саңылауы деңгейінде кеуделік бөлігіне өтеді.

 

 

81 - сурет.   Өңеш, алдыңғы беті:

1 - abdominal aorta; 2 - coeliac trunk; 3 - aortic hiatus; 4 - inferior phrenic arteries; 5 - lumbar part, right crus; 6 - caval opening; 7 - diaphragm, central tendon; 8 - oesophagus, thoracic part; 9 - right superior lobar bronchus; 10 - brachiocephalic trunk; 11 - oesophagus, cervical part; 12 - subclavian artery; 13 - trachea; 14 - common carotid artery; 15 - arch of aorta; aortic arch; 16 - ligamentum arteriosum (ductus arteriosus); 17 - tracheal bifurcation; 18 - right main bronchus; 19 - left main bronchus; 20 - thoracic aorta; 21 - oesophageal hiatus; 22 - oesophagus, abdominal part; 23 - stomach, cardia; cardial part; 24 - lumbar part, left crus

[Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

Өңештің алдыңғы бетінде кеңірдек орналасқан. Осы орайда өңеш мойында орта сызыққа қарай солға ығысқан болады. Соған байланысты кеңірдек солға ығыса орналасқан. Хирургтар осыны ескере отырып өңешке сол жақтан жетеді. Кеңірдек пен өңештің екі жағыда клетчаткамен толған кеңістік бар. Ішінен кезбе нервтің қайтарма тармағы өтеді. Оң жағында кеңірдектің артқы қабырғасымен, сол жағында өңештің алдыңғы қабырғасымен жанасады. Өңеш омыртқа бойында тігінен орналасқан. Артындағы клетчаткалық кеңістік жоғары жұтқыншақ  арты кеңістікпен, төменде  көкірек аралықпен байланысады. Бүйір жақтарынан жоғарыда қалқанша безмені, төменгі жағында жалпы ұйқы артериялармен, оң жақта 1-1,5 см, сол жақта 0,3-0,5 см сыртқа жанасып жатады.

  Өңештің мойындық бөлігі төменгі қалқанша без артерияының тармағымен қанмен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв пен қайтарма нерв тармақтары иннервациялайды.

 Лимфатикалық тамырлар арқылы лимфа кеңірдек-өңештік жүлгелердегі тереі түйіндерге ағады. Сол жақтан бұғана асты вена аймағындағы үлкен лимфалық түйіндерге ағады.

 

 

Төс-бұғана-еміздікше тәрізді аймақ (regio sternocleidomastoideus) аттас бұлшықеттің контурына сәйкес келеді. Аймақ терісі жұқа, қозғалғыш. Беткі шандыр nn.platysma-ға қынап түзеді. Шандыр астында мойын өрімінің нервтері орналасқан. Олар төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықеттің артқы бөлігінен шығады: n. сutaneous colli, n. аuricularis magnus, n. оccipitalis minor, nn. supraclavicullares.

Бұлшықеттің орта 1/3- нен жоғарыдан төмен сыртқы мойндұрық вена қиып өтеді. Мойынның екінші шандырының беткей жапырақшасы төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықет үшін қынап түзеді. Бұлшықет төменде артқы бөлігінде үшінші мойын шандыры екеуінің арасында соқыр қапшық түзеді. Төртінші шандыр жапырақшасы арасында негізгі мойын тамыр-нерв шоғыры орналасқан. Шандр шоғырды түзетін құрылымдарды қаптап қана қоймай, оның құрайтын элементтерді бір-бірінен бөліп тұрады: жалпы ұйқы артерия, ішкі мойындұрық вена, кезбе нерв.

    Жалпы ұйқы артерия(a. carоticа comminus) оң жақтағы жалпы ұйқы артерия иық-бас сабайдан, сол жақтағы қолқа доғасынан шығады. Олар қалқанша тәрізді шеміршек деңгейінде ішкі және сыртқы ұйқы артерияларына бөлінеді.

 

 

82-сурет.  Мойын мүшелері мен тамырлары:

1 – тіл асты сүйек; 2 – кеңірдек; 3 – тіл венасы; 4 – жоғарғы қалқанша артерия мен вена; 5 – қалқанша безі; 6 – сол жақ жалпы ұйқы артериясы;
7 - сол жақ ішкі мойындұрық вена; 8 – сол жақ алдыңғы мойындұрық вена; 9 – сол жақ сыртқы мойындұрық  вена; 10 – сол жақ бұғанаасты артерия; 11 –сол жақ бұғанаасты вена; 12 – сол жақ иық-бас вена; 13 – сол жақ кезбе нерв;
14 – оң жақ иық-бас вена; 15 – оң жақ бұғанаасты артерия; 16 – оң жақ алдыңғы мойындұрық вена; 17 – иық-бас бағанасы; 18 – ең төменгі қалқанша вена; 19 – оң жақ сыртқы мойындұрық вена; 20 – оң жақ ішкі мойындұрық вена; 21 – төс-бұғана-еміздікше бұлшықеті [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

     

Артериялардың бөлінетін  жерінде маңызды рефлекторлық аймақ орналасқан.  Тітіркенген кезде(қысқыш немесе лигатура салғанда) қан қысымы төмендейді және жүрек қызыметі бұзылады. Рефлексогенді аймақ ұйқы түйініне жиналады(glomus cаroticum): ішкі ұйқы артерияның ісінген бастапқы бөлігі(sinus cаroticum) және оған келетін симпатикалық, кезбе, тіл-жұтқыншақ нервтерінің тармақтары. Жалпы ұйқы артерияның терідегі кескінді сызығы төменгі жақ пен еміздікше тәрізді өсінді ортасынан бастап, төс-бұғана бірігуіне дейін(сол жағынан кескінінің төменгі бөлігі буыннан 1 көлденең саусақ сыртқа шығып тұрады). Тамыр омыртқалардың көлденең өсінділеріне жақын орналасқан. Бұл саусақпен жалпы ұйқы артериясын басуға мүмкіндік береді. VI мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне төмпешікті басып(ұйқы төмпешігі) қанды тоқтату үшін қолданады.

    Ішкі мойындұрық венасы (v. jugilar isinterna) жалпы ұйқы артериядан сыртқа және кішкене алға қарай орналасқан. Ол сигма тәрізді венозды қойнаудың жалғасы болып табылады. Бассүйектен мойындұрық тесігі арқылы өтіп жоғарғы пиязшық кеңістігін түзеді. Тамырдың екінші кеңістігі бұғана асты венасымен қосылар жерде орналасқан, мойындұрық вена өзіне беттен, тілден, қалқанша веналарынан қабылдайды.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.008 с.)