БАС-МИ НЕРВТЕРІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАС-МИ НЕРВТЕРІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

Поиск

IV ТАРАУ

БАС-МИ НЕРВТЕРІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

     Жалпы сипаттама

     Бас-ми нервтері 12 пар және 13 пар аралық нервте жатады. Бас-ми нервтер ми негізінде орналасқан. Кейбір нервтер тек қозғалтқыш қызметін атқарады (III, IV, VI, XI, XII парлар), қалғандары аралас нервтер(V, VII, IX, X, XIII парлар). Кейбір бас-ми нервтердің құрамында парасимпатикалық және симпатикалық талшықтар бар.

 

 

 

57-сурет.  Бас миы, негізі жақтағы беті:

1 – иіс сезі пиязшықтар, 2 – иіс сезу жолы, 3 – алдыңғы тесікті зат, 4 – сұр төмпешік, 5 -  көру жолы, 6 – еміздікше дене, 7 – үшкіл түйін, 8 – артқы тесікті дене, 9 - көпір, 9а – ортаңғы мишық аяқшасы, 10 - мишық, 11 - пирамида, 12 - олива, 13 – жұлын-ми нерві, 13а – мишықтың құртшасы, 13б – мишықтың жарты шары(сол жақ), 14 – тіл асты нерві, 15 - қосымша нерв, 16 - кезбе нерв, 17 – тіл-жұтқыншақ нерві, 18 – кіре беріс-ұлу нерві, 19 - бет нерві, 20 - әкетуші нерв, 21 - үшкіл нерв, 22 - шығыршық нерві, 23 – көзді қозғалтқыш нерв, 24 – көру  нерві [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІІ. Нервная  система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

I-ші жұп иіс сезу нерві(n.olfactorii), ол мұрын қуысынан иіс сезу аймақтан (regio olfactoria) басталады. Оның 18-20 талшықтары торлы сүйектің тесікті жапырақшасы(lamina cribroza) арқылы өтіп, бассүйек негізінің алдыңғы ойысында иіс сезетін түйінде(bulbus olfactorius)  орналасады. Иіс сезетін түйін сезгіш жол арқылы иіс сезу жүлгесінде(sulcus olfactoruim) орналасады және сезігіш үшбрұшында(trigjnum olfactoruim) аяқталады.

II жұп көру нерві(n.opticus), көздің торлы қабығынан басталып, көз шарасының артқы бетіне  көру өзегінен(cаnаlis opticus) бассүйектің ортаңғы ойысына енеді. Көру өзегінен нервпен бірге көз артериясы да өтеді. Екі жақтан келген екі көру нерві айқас түзіп, тармақтары жартылай алмаса отырып көру нервінің қиылысын (chiasma opticum) түзеді. Ол түрік ершігінің үстінде алдыңғы жүлгеде(sulcus prechiasmatis) орналасқан.                                                                                                                   

III жұп көзді қозғалтқыш(n.oculomotorius) нервтің жасушасы ортаңғы ми (mesencephalon) aguaductus cerebri-дің өтетін түтік түбінде орналасқан. Мидан шыққан соң үңгірлі синустан(sinus cavernosus) шығып, көздің жоғарғы саңлауы (fissure orbitalis superior) арқылы көз шарасына енеді де екіге: жоғарғы және төменгі тармақтарға (ramus superior et inferior) бөлінеді. Көз қозғаушы нерв зақымдаушы нерв зақымданғанда үш түрлі белгі береді: қиғаш (қыли) көз: қабақтың жабылуы және қарашықтың ұлғаюы.

IV жұп шығыршық нервтің(n. trochlearis) жасушасы мидың су құйғышы түбінде орналасқан. Мидың негізінде қатты қабығын тесіп өтіп, үңгірлі синустың бойымен жүре отырып көз шарасына көздің жоғарғы саңлауы арқылы өтеді.

  Үшкіл нерв(V жұп)ең жуан, қозғалтқыш және сезімталдық талшықтардан аралас құралған, бас миынан екі түбіршек түрінде шығады, үлкен бөлігі-сезгіш, кіші бөлігі-қозғалтқыш болады. Бірақ, бастың негізгі сезгіш нерві болып табылады. Бас терісінің төбе-құлақ-иек сызықтары деңгейі аймақтарын иннервациялайды. Жасушасы (үш сезгіш және бір қозғалтқыш) ми көпірінің дорсалды бөлігінде (pars dorsalis pontis) орналасқан. Нерв көпірдің бойымен екі түбірмен-қозғалтқыш (radix motoria) және сезімталдық (radix sensorial) тармақтарымен самай сүйегінің (пирамидасының) тасты бөлігінің төбесіне қарай бағытталады да, сүйектегі ізінде(impressio trigemini) түйіні (ganglion trigeminale Hasseri) орналасады. Түйін нервтің сезгіш түбірінен құралған жарты ай тәрізді. Ол мидың қатты қабығы жапырақшаларының арасындағы қуыста(cavum trigeminale) орналасады.

      Үшкіл нерв көз алмасын, конъюктиваны, мидың қатты қабығын, мұрын мен ауыздың шырышты қабықтарын, тілдің үлкен бөлігін, тістерді және қызыл иекті иннервациялайды. Оның қозғалтқыш талшықтары шайнау бұлшықеттерді және ауыз қуысы түбі бұлшықеттерін иннервациялайды.

 

 


58 - сурет. Беттік нерв тармақтарының топографиясы:

1 – самайлық тармағы; 2 – бет тармағы; 3 - шықшыт бездің түтігі; 4 – төменгі жақсүйектің шеткі тармағы; 5 – мойындық тармақ; 6 – біз-тіл астылық тармақ; 7 – беттік нерві(негізгі бағана); 8 – артқы құлақтық нерв; 10 – шықшыт безі [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

       Үшкіл нерв мидан көпір мен мишықтың ортаңғы аяқшасы арсынан басталады. Жуан сезгіш және жіңішке қозғалтқыш түбіршектері бар. Сезгіш түбіршектің талшықтары үшкіл түйін (gangliontrigeminale)нейрондарының өсінділері болып табылады, ол самай пирамидасы ойысы ұшында қуыста мидың қатты қабығы ажыраған жерде жатады. Бұл талшықтар ромб тәрізді ойыстың жоғарғы жағында жұлын жолындағы жасушада орналасқан және үшкіл нервтің көпірлік жасушасында аяқталады, көпірден сопақша миға жалғасады, одан әрі жұлынның мойындық сегментіне жалғасады. Шайнау бұлшықеттеріне келетін талшықтар ортаңғы ми жасушасы өсінділері болып табылады. Қозғалтқыш түбіршектер талшықтары көпірде орналасқан үшкіл нерв жасушасынан басталады.

Үшкіл түйіннен үш басты тармақ шығады – көз, жоғарғы жақ және төменгі жақ.

  Көздік нерв (n. ophthalmicus)сезгіш болып саналады. Ол үш тармаққа – жас, маңдай және мұрын-кірпік болып бөлінеді. Ол жоғарғы көздік саңлаудан өтеді. 

Жастық нерв(n. lacrimalis) көздің латералды бұрышын және конъюктивті, жас безін иннервациялайды. Маңдайлық нерв (n. frontalis)маңдай терісін, жоғарғы қабақты және маңдай синусының шырышты қабығын иннервациялайды. Мұрын-кірпіктік нерв(n. nasociliaris) ұзын кірпікті нервті көз алмасына береді. Одан мқрын қуысына алдыңғы және артқы торлы нервтер мұрын қуысының шырышты қабығын, торлы және сына тәрізді синустарды, мұрын қырының терісін иннервациялауға барады. Оның соңғы тармағы көздің медиалды бұрышын және жас қапшығын иннервациялайды.

  Жоғарғы жақ нерв(n. maxillaris) сезгіш болып саналады, ол дөңгелек тесік арқылы өтіп қанат-таңдай ойысына, одан көз шарасына барады, сосын көз шарасы асты өзектен өтіп беттің алдыңғы бетіне келіп көз шарасы асты нерв(n. infraorbitalis)  деп аталады. Бұл нерв ұрт, төменгі қабақ, мұрын жақтаулары және мұрынға кіре беріс терілерін иннервациялайды. Одан жоғарғы альвеолярлық нервтер(nn. аlveolares sup.) шығады. Бұл нерв жоғарғы жақ тістерін және қызыл иекті иннервациялайды. Беттік нерв(n. zygomaticus) беттің латералды беті терісін иннервациялайды. Қанат-таңдай нерв мұрын қуысының, таңдайдың және мқрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтарын, жас безін иннервациялайды.

Төменгі жақ нерв(n. mandibularis) аралас болып саналады, ол сопақша тесіктен өтіп барлық шайнау бұлшықеттеріне барады. Сезгіш тармақтары: ұрт нерві(n. buccalis) - ұрттың шырышты қабығын және төменгі азу тістердің, бірінші үлкен азу тіс қызыл еттерінің ұрттық беттерін иннервациялайды; құлақ-самай нерв(n. auriculotemporalis) –самай аймағының құлақ қалқанының терісін иннервациялайды; тілдік нерв(n. lingualisi) – тіл түбі мен үстінгі беті шырышты қабықтарын иннервациялайды; төменгі альвеолярлық нерв(n. alveolaris inf.) – төменгі жақ өзегіне енеді де тіске, қызыл иекке тармақтар береді, ал соңғы тармағы иек нерві(n. mentalis) иек тесігінен шығып иек терісін, төменгі еріннің шырышты қабығын иннервациялайды. Сонымен қатар, төменгі жақ және тіл асты бездерінде иннервациялайды.

 

59 -сурет. Үшкіл нервтің бірінші және екінші тармақтарының топографиясы:

1 - үшкіл нерв; 2 - үшкіл түйін; 3 - көздік нерв; 4 - тенториалды тармақ; 5 - қабықтық тармақ; 6 - маңдайлық нерв;  7 - қабықтық тармақ;  8 - жастық нерв; 9 - жастық нерв; 10 - қысқа және ұзын кірпіктік нервтер; 11 -  артқы торлық нерв; 12 - бет нервінің біріктіргіш тармағы; 13 - алдыңғы торлы нерв; 14 - көз шарасы үстінерв; 15 - маңдай үстілік нерв; 16 - жастық без; 17 - жастық нервтің терілік тармағы;  18 - маңдай астылық нерв; 19 - бет-самай тармағы; 20 - бет-беттік тармақ;  21 - көз шарасы асты нерв; 22 - алдыңғы торлық нервтің сыртқы мұрындық тармағы; 23 - жоғарғы, алдыңғы альвеолярлық нерв; 24 -мұрындық тармақ; 25 - жоғарғы жақ синусы; 26 - жоғарғы тіс тармақтары; 27 -жоғарғы, ортаңғы альвеолярлық нерв; 30 - жоғарғы, артқы альвеолярлық нерв; 31 - қанат-таңдай түйіннің түйіндік тармағы; 32 - таңдайлық нервтер; 33 -қанат-таңдай түйіні; 34 - қанат өзегінің нерві; 35 - беттік нерв; 36 - жоғарғы жақ нерві; 37 - төменгі жақ нерв; 38 - сопақ тесік; 39 - дөңгелек тесік  

[Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

60-сурет.Үшкіл нервтің үшінші тармағының топографиясы:

1 - самай шандырының терең жапырақшасы; 3 - шайнау нерв; 4 - терең самай нервтің артқы тармағы; 5 - шайнау нерв; 6 - латералды қанат нерві және бұлшықеті; 7 - ұрт бұлшықеті; 8 - ұрт нерві; 9 - тіл нерві;10-төменгі жақ түйіні; 11- ; 12 тіл асты сілекей безі; 13 - иек асты нерв; 14 - төменгі альвеолярлық нерв; 15 - жақ-тіл асты бұлшықет; 16 - екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы; 17 - төменгі жақ асты сілекей безі; 18 - тіл асты нерв; 19 - біз-тіл асты бұлшықет; 20 - екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы; 21 -медиалды қанатты бұлшықет;  22 - жақ-тіл асты нерв; 23 -; 24 - дабылды перне; 25 - ортаңғы милық артерия; 26 - бет нерві; 27 - бет нерві; 28 - құлақ арты нерв [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

VI жұп әкетуші нерв(n.abducens) қозғалтқыш нерв. Жасушасы ромб тәрізді ойыстың түбінде орналасқан. Нерв мидың негізгінде көпір мен сопақша мидың пирамидасы арасынан шығады. Бассүйектен көз шарасына жоғарғы көз саңылауы арқылы шығады және көзді қозғалтқыш нервтен төмен орналасады.

 

 

Бет нерві(VII)–құрамында қозғалтқыш және сезгіш талшықтары бар аралас нерв болып табылады. Сонымен қатар құрамында парасимпатикалық талшықтар да, сондықтан сілекей және жас бездерді, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін инервациялайды. Бет нервінің қозғалтқыш талшықтарының жасушасы ромб тәрізді ойыстың жоғарғы бөлігінде орналасқан. Бет нервінің құрамына аралық нерв(n. intermedius) кіреді, оның құрамында сезгіш дәм және парасимпатикалық талшықтар бар. Түйінің біріншілік өсінділері тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтердің дәмдік талшықтарымен бірге жасушада аяқталады. Екіншілері жас және жоғарғы сілекей бөлетін жасушадан басталады және бет нервінің қозғалтқыш жасушасымен қатар жатады.

Бет нерві мидан көпір-мишық бұрыштан шығады және ішкі есту жолына енеді, ол жерде самай сүйектің беттік өзегінне өтеді. Бұл жерде дабыл пердесі(chorda tympani) орналасқан, аяқшалы түйін және үлкен тастық нерв басталады, құрамындағы парасимпатикалық талшықтар қанат-таңдай түйініне өтеді. Дабыл пердесі дабыл қуысы арқылы өтіп тіл нервімен бірігеді, оның құрамында алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу және парасимпатикалық талшықтар төменгі жақ түйінге дейін жетеді. 

Беттік нерв самай сүйегінен біз-еміздікше тесік арқылы шығып құлақ маңы безіне еніп өрім түзеді. Осы өрімнен бетке шашыраңқы өзінің тармақтарын береді де ымдау бұлшықеттердін, екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасын және бңз-тіл асты бұлшықеттерін иннервациялайды. Мойындық тармағы мойынның тері астылық бұлшықетін иннервациялайды. Бет нервінің тармақтары үшкіл, тіл-жұтқыншақ, кезбе нервтер тармақтарымен және мойын өрімінің тармақтарымен байланысады.

VIII жұп, кіреберіс-ұлу нерв(n.vertibulocochleris) екі бөліктен тұрады:pars vestibularis, pars cochlearis. Вестибулярлық бөлігі дененің тепе-теңдігін сақтайды, ал ұлулық(pars cochlears) бөлігі есту дыбыстарын ішкі құлақтан ромб тәрізді ойыстан алдыңғы жасушаларға жеткізеді. VIIIжұп нервтің екі, бөлігі ішкі есту жолы түбінде бірігіп (VII жұп нервпен) мидың көпіріне енеді.

IX жұп, тіл-жұтқыншақ нерв(n.glossopharyngeus) аралас нерв, құрамында қозғалтқыш, сезгіш және парасимпатикалық талшықтар бар. Жасушасы сопақша мидың ромб тәрізді ойысынан шығып мойындұрық тесігі(foramen jugulare) арқылы X, XI жұп нервтерімен бірге шығады. Мойындұрық тесігі деңгейде жоғарғы түйінін(ganglion superius), ал самай сүйегінің пирамидалық бөлігінің тастық ойысында төмен түйінін(ganglion inferius) береді. Төменгі түйіннен дабыл қуысына тармақ шығады.

X жұп, кезбе нерв(n.vagus) ең ұзын нерв, құрамында қозғалтқыш, сезгішл және секреторлық талшықтар бар. Жасушасы сопақша мидың ромб тәрізді ойысында кезбе нерв үшбұрышында орналасқан. Бассүйектің артық ойысындағы мойындұрық тесігінің алдыңғы бөлігінен өтеді.

    XI жұп, қосымша нерв(n.accesorius) қозғалтқыш нерв, екі бөліктен тұзілген. Бассүйек түбірінде(radices craniales)сопақша мидағы жасушадан басталыпбассүйек негізінднX жұп нервтен төмен мойындұрық тесігінен мойынға шығып екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.

XII жұп, тіл асты нерв(n.hypoglossus) қозғалтқыш нерв, жасушасы ромб тәрізді ойыстың төменгі бөлігіне кескінделеді, ол жұлынның 2-ші сегментіне дейін жалғасады. Нерв бассүйекте тіл асты өзегі (canalis hyoglossi) арқылы жұтқыншақ астындағы веналық өріммен(plexus venosus canalis hypoglossi) бірге шығады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.012 с.)