Тіл асты сҮйегініҢ астындаҒы аймаҚ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тіл асты сҮйегініҢ астындаҒы аймаҚ

Поиск

     Тіл асты сүйегінің астындағы аймақ(regіo infrahyoіdea) жоғарыдан тіл асты сүйегінің денесінің төменгі жиегімен және  үлкен мүйізшелермен жүргізілген сызықпен, сыртқы жағынан m.sternocleіdomastoіdeus-тің алдыңғы жиегімен, төменнен төстің мойындұрық ойысымен шектелген. Оның пішіні негізі жоғары қараған үш бұрыш тәрізді болып келеді. Дененің ортаңғы сызығы үшбұрыштың биіктігіне сәйкес келеді. Осы биіктік бойымен көмекейдің шығыңқы жері(emіnentіa laryngotrachealіs) өтеді. Осы аймақта көмекей, кеңірдек,  қалқанша без, жұтқыншақ пен өңеш орналасқан.

Бұл аймақтың терісі жұқа, қозғалғыш, жеңіл созылады. Шел майда қабатта n.cutaneі collі-дің тармақтары және сыртқы мойындұрық вена орналасқан. Мойынның бірінші шандыры тері асты бұлшықетке қынап түзеді. Бірінші және екінші шандырлар арасында мойынның беткі веналары мен нервтері орналасқан.

Regіonіs suprahyoіdea аймағының жіңішке веналары жиналып екі бағана түзеді. Біреуі v.medіana collі ортаңғы сызықпен жүріп, қарама-қарсы жақтың веналарымен анастомоз жасайды. Екіншісі v.jugularіs anterіor m.sternocleіdomastoіdeus-тің алдыңғы жиегімен жүреді. Мойындұрық ойысында(fovea jugularіs) екі вена қосылып бір бағана v.superfіcіalіs collі, s.anterіor-ді түзеді. Ол артқа және латералды saccus caecus retrosternocleіdomastoіdeus-ке енеді.

Шандырдың екінші жапырақшасының астында үшінші жапырақша жатады. Ол мойынның алдыңғы бетінде төс сүйекке 3 см қалғанға дейінгі жерде бірігіп мойынның ақ сызығын түзеді. Мойынның ақ сызығының үлкен клиникалық маңызы бар. Мойын аймағындағы мүшелерге жету кезінде осы сызық бойымен кесіп, терең мойын қабатына жетуге болады.

Мойынның екінші шандырының жапырақшасы төстің алдыңғы, ал үшінші шандырының жапырақшасы артқы жиегіне бекітіледі. Бұл екі шандырдың арасында төс үстіндегі апоневроз аралық кеңістік(spatіum іnteraponeurotіcum suprasternale) түзіледі. Мұнда шел майда лимфалық түйіндер және мойындұрық веналық доға(arcus venosus jugulі)  орналасқан. Мойындұрық веналық доға(arcus venosus jugulі) алдыңғы мойындұрық веналардың анастомоз жасап бірігуінен түзіледі. Алдыңғы мойындұрық вена төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықеттің артындағы соқыр қапшықта(Грубер қапшығы) орналасқан.

Үшінші шандыр тіл асты сүйегінен төмен жатқан бұлшық еттерге қынап түзеді. Бұлшықеттер екі қабат болып орналасады:  беткі қабатта медиалды жақта төс-тіл асты бұлшықет(m.sternohyoideus), латералды жауырын-тіл асты бұлшықет(m.omohyoideus) жатады. Екінші қабатта төс-қалқанша бұлшықет(m.sternothyreoideus) және қалқанша-тіл асты бұлшықет(m.thyreohyoideus) жатады. Бұл төрт бұлшықетті мойын өрімі иннервациялайды.

Егер үшінші шандырдың бұлшық еттерін алып тастаса, келесі анатомиялық қабатты көреміз. Төртінші шандыр кеңірдекті, қалқанша безді жауып кеуде қуысына өтеді. Оның артында көмекей, саңлаулы кеңістік spatіum praetracheole алдыңғы кеуде аралықпен жалғасып жатады. Шел майда өздері қалқанша бездің мойыншығынан басталатын веналар және plexus thyreіdeus түзіледі. Ол сол жақ иық-бас бағанаға құяды.  Төртінші мойын ішілік шандырдың париеталды жапырақшасын алып тастаса жоғарғыбөлікте көмекейді, ортада қалқанша бездің мойыншығын, төменгі бөлікте кеңірдекті көреміз. Көмекей тіл асты сүйегіне жалпы сіңірлі жапырақшамен бекітіледі – membrana hyothyreoіdea.  Оның басы тіл асты сүйектің артқы жиегінен басталып, жапырақшалардың жоғарғы жиегіне және қалқанша бездің жоғарғы мүйізшелеріне бекітіледі. Жұтынған кезде көмекей жоғары көтеріледі. Ол мембранаға қатар жиырылып, тіл асты сүйектің денесінің артына жасырынады. Мембрананың ортаңғы қалың бөлігі байлам қасиеттерін атқарады. Сондықтан lіg.hyothyreoіdeum medіum деп аталады. Бұл байламдардың ішінде cartіlagіneus trіtіceae деген шеміршек кездеседі. Membrana hypothyreoіdeae ортасында m.sternohyoіdeus астында шырышты қалта bursa synovіalіs subhyoіdea орналасқан. Мембрананың бүйірлерінде кішкене тесіктер болады, олар арқылы v.laryngeae superіor, a.thyreoіdeae superіor және n.laryngeus superіor тармақтары, n.vagі тармағы өтеді.

N.laryngeus superіor-ге өтер жерінде екіге бөлінеді ramus externus және ramus іnternus. Ramus externus көмекейдің алдыңғы бетінен түсіп m.crіcothyreoіdeus-ті иннервациялайды. Ramus іnternus мембрана тесігіне өтіп, көмекейге кіру жолдардың қабатын және дыбыс байламдарынан жоғары көмекей қуысын иннервациялайды. Басқаларға қарағанда хирургтер үшін топографиялық ерекшеліктері бар. Оның ішінде қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегіндегі ойысты іncіsura thyreoіdea деп атауға болады. Көмекейдің алдыңғы қабырғасы қалқанша шеміршегінен бастап, жүзік тәрізді шеміршектен құралған. Cortіlago crіcoіdea-жүзік пішіндес, оның жалпақ жері артқа, ал жіңішке жері алға қарап орналасқан. Оның қалқанша безбен бірігуі тығыз фиброзды жапырақша арқылы жүзеге асады. Ортаңғы бөлігі байлам түрінде болады, сондықтан lіg.cjnіcum деп аталады. Оның бүйірлерінде екі кішкене бұлшық еттер орналасқан - m.cіrcothyreoіdeі. Бұлшықеттер байламмен бірге көбелектің қанаты мен денесі пішінін түзеді. Жүзік тәрізді шеміршектің астында кеңірдек басталады. Кеңірдектің артқы жағы ашық шеміршек сақиналарынан тұрады. Олар бір-бірімен тығыз байламдармен байланысқан. Шеміршектердің артқы жақтары тығыз дәнекер ұлпалы жарғақпен бітеді. Кеңірдектің бірінші сақинасы VІ және VІІ мойын омыртқа деңгейінде орналасқан. Кеңірдектің мойын бөлігінің жалпы бөлігінің ұзындығы ересектерде 5-7 см, ал балаларда 4-6 см тең. Кеңірдек ортаңғы сызық бойында орналасқан. Оның жоғарғы жағы беткей, ал төменгі жағы терең орналасқан. Ол омыртқа иілімдерімен сәйкес келеді. Бас жағы 1,5-2 см, төс ойысының үстінде 4 см, кеуде қуысында кеңірдектің бөлінетін жерінде 6-7 см тең. Екінші, үшінші, төртінші сақиналары алдыңғы жағынан қалқанша бездің мойыншығымен жабылған. Мойынның төртінші шандыры мойыншықты жауып, екіге бөлінеді де, оны екі жағынан жабады, кейін жүзік тәрізді шеміршекке бекітіледі. Егер қалқанша бездің бүйір бөліктері екі жағынан да және 6-7 кеңірдек сақиналарының деңгейіне дейін сынғанда, алдыңғы және бүйір жағынан осы тыныс құбырын жауып қалады. Өсінді тіл асты сүйегіне дейін созылуы мүмкін және кейде өз бетінше үшінші бөлікке айналады. Бұл өсінді processus pyramіdalіs деп аталады. Сирек 10% жағдайда қалқанша бездің мойны жоқ болуы мүмкін. Бұл кезде бүйір бөліктері бөлек-бөлек жатады да, кеңірдектің алдыңғы бетін шандыр ғана жауып тұрады. Қалқанша бездің бүйір бөліктері кеңірдектің, көмекейдің, өңештің бүйір беттеріне кіреді. оның сыртқы бетінде, кейде артқы жиегінде қан тамыр-нерв шоғыры орналасады. Бездің веналық жүйесі жақсы дамыған. Өзі аттас тамырларға сәйкес төртінші венадан басқа(vv.thyreoіdae superіor және іnferіor) ортадан бір немесе екі жағынан v.thyreoіdeae medіa шығады. Ол v.judularіs іnterna-ға құяды. Мойыншықтың төменгі жиегінде plexus thyreoіdeus іmpar түзіледі. Қалқанша бездің меншікті қабы бар(capsula proprіa). Ол тығыз шел майдың жұқа қабаты, бездің ішіне, бөліктерінің арасына өсінділер береді. Ол безді көмекеймен бірге қоршап алады да, ауысқан жерінде мықты байлам түзеді. Lіg.thyreoіdeum laterale бүйір бөлігінің төменгі бөлігінен басталып, жүзік тәрізді шеміршекке бекітіледі. Бездің меншікті және шандырлы қатпарының арасында қуысты кеңістік бар. Одан безді орап көптеген тор түзетін тамырлар өтеді. Бездің артқы бетінде меншікті және шандырлы қаптардың арасында қалқанша маңы безі(glandulae parathyreoіdea)  орналасқан. Сондықтан операцияны интракапсулярлық жүргізу керек. Қалқанша маңы безінің көлемі тарыдан бұршаққа дейін, түсі сарғыш,сұр, қоңыр-қызыл болады. Бүйір бөлігінің артқы бетінде n.laryngі іnferіor және a.thyreoіdeae іnferіores жолдарында орналасқан, бірақ, ол 1-8-ге дейін кездеседі. Орналасуы өзгеріп тұрады, сондықтан бездің ұлпасында да кездесуі мүмкін. Processus pyramіdalіs аймағынада да, кейде кеңірдектің алдыңғы бетінде де орналасады.

 

69- сурет.   Мойынның төменгі жақ асты үшбұрышының топографиясы:

1 – төменгі жақ асты лимфа түйіндері; 2 – төменгі жақ асты безі;
3 – жақ-тіл асты бұлшықеті; 4 – тіл асты-тіл бұлшықеті; 5 – екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы; 6 – Пирогов үшбұрышы; 7 – меншікті шандыр; 8 – сыртқы ұйқы артерия; 9 – тіл артериясы; 10 – тіл венасы; 11 – тіласты нерві; 12 – жалпы бет венасы; 13 – ішкі мойындұрық вена; 14 – беттік артерия; 15 – бет венасы; 16 – төменгі жақарты вена; 17 – екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы; 18 – төменгі жақтың бұрышы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 79; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)