БассҮйек негізі сынҒан кезіндегі клиникалыҚ белгілерді топографо-анатомиялыҚ негіздеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БассҮйек негізі сынҒан кезіндегі клиникалыҚ белгілерді топографо-анатомиялыҚ негіздеу

Поиск

    Бассүйек негізі сүйектері сынған кезде көптеген жалпы клиникалық белгілердің болуы мүмкін және диагноз қоюға қиындық тууы немесе өлімге алып келуі мүмкін.

Бассүйек негізінің сүйектері біркелкі емес, мықты және нәзік жерлері бар. Сонымен қатар, көптеген тесіктері бар, олардан тамырлар мен нервтер өтеді. Көптеген ауалы қуыстар, синустар және еміздікше тәрізді сүйектің жасушаларының болуынан сүйектер біркелкі емес және зақымдалуға қауіп туып тұрады.

Мидың қатты қабығы бассүйек негізімен тығыз байланысты, сондықтан сүйек сынғанда мидың қатты қабығы жарақаттанып жыртылуы және тесіп өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда инфекция бассұйек қуысына еніп, қабық аралықта іріңдіктердің дамуы,менингит, энцефалит, ми абсцессі, синустың тромбозы дамуы мүмкін. Барлық клиникалық белгілер жалпы милық және ошақты симптомдар түрінде болады.

Бассүйектің алдыңғы ойысында сынық болған кезде торлы сүйектің тесікті жапырақшасының және одан өтетін нерв пен тамырлардың зақымдалуына әкеліп соғады. Соның салдарынан мұрны қанайды және иісті сезуі бұзылады. Алдыңғы бассүйек ойысымен байланыста болатындықтан көз аймағы қуысында қан жиналуы мүмкін. Көз ішілік гематома пайда болып нервтердің қысылуы, қылилық, диплопия, қабақтың птозы және анизокория пайда болады.

Краниобазалды сыну болғанда ликворея болады, яғни мұрын қуысынан бірнеше тамшы түрде ағады.

Бассүйектің ортаңғы ойысы жиі сынады. Рентгенмен ұзынша тесіктер арқылы, көлденең түрік ершігі арқылы, қиғаш самай сүйектің пирамидалы бөлігінің сынуын және біріктірілген сынықтардың толғандығын анықтауға болады.

Көз шарасы аймақта экзофтальм және «көзілдірік» симптомын көруге болады. Самай сүйектің пирамидалы бөлігінің сынуы кезінде есту және бет нервтерінің зақымдалғаны байқалады. Егер дабыл жарғағы жыртылса сыртқы ету жолы арқылы қан және ликвор ағады. Кейде дабыл жарығы бүтін болады, ол кезде қан дабыл қуысында жиналып гемитимпанон пайда болады. Ол кезде қан евствхиев түтігі арқылы ауыз қуысына ағады.

      Бассүйектің ортаңғы ойысы сынған жағдайда үңгірлі синус маңында ішкі ұйқы артерия зақымдалып кавернозды-коротидті анастомоз пайда болады. Яғни ішкі ұйқы артериядан кавернозды синусқа, одан көз веналарына көп қан ағады да, көз веналары кеңейеді, қанға толады, соғып тұрған көздің шығуы және экзофтальм байқалады. Артерия-веналық айырмашылықтың қалыпты жағдайдан түсуінен көздің торы қансыз қалады да көз көрмей қалуы  мүмкін.

      Бассүйектің ортаңғы ойысысынғанда мұрынна қан ағады. Ол кезде сына тәрізді сүйек денесінің сынуы мүмкін және синус жоғарғы мұрын жолына ашылады. Алдыңғы және ортаңғы бассүйек ойытары сынған кезде есту түтігінен және мұрыннан бірдей қан кетуі мүмкін.

     Бассүйектің артқы ойысы аймақта сыну болған кезде ми бағанасы мен мишықтың зақымдалуы болады. Ол кезде сопақша мидың тыныс алу және тамыр-қозғалтқыш орталықтардың зақымдалғандығын көруге болады. Сонымен қатар, ІХ, Х, ХІ және ХІІ бассүйек нервтерінің зақымдалғандығын көруге болады. Ол кезде жұтынудың(дисфагия), сөйлеу артикуляциясының(дизартрия) бұзылыстары, дыбыстың қарлығуы, шықпауы(дисфония) байқалады. Қосымша нерв зақымдалса, төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықеттің және трапеция тәрізді бұлшықеттің атрофия немесе тартылу байқалады және мойынның қисаюы мүмкін.

 

 

     



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)