Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
БАССҮЙЕКТІҢ СЫРТҚЫ НЕГІЗІСодержание книги
Поиск на нашем сайте ҚҰЛАҚ АЙМАҒЫ Құлақ аймағына(regio auricularis) сыртқы құлақ(auris externa), ортаңғы құлақ(auris media) және ішкі құлақ(auris interna) жатады. Cыртқы құлақ құлақ қалқанынан және сыртқы есту жолынан тұрады. Құлақ қалқаны сыртқы есту жолын қоршап орналасқан. ҚҰлақ қалқаны қабатталған теріден түзілген және ол эластикалық шеміршекті жауып жатады. Терісі жұқа, қозғалғыш. Тері асты клетчаткасы нашар дамыған, терімен тығыз байланысады. Тері асты клетчаткада жұқа ішкі бұлшықеттер(m.helices major et minor, m.tragus et antitragus, m.transverses auriculae), қанмен қамтамасыз ететін ұсақ тамырлар(беткі самай артерияның алдыңғы құлақ тармағы, артқы құлақ және шүйде артериялардың құлақтық тармақтары) орналасқан. Сонымен қатар, аттас веналармен (жақ арты және құлақ арты веналарға)құйады, құлақ-самай жәнеүлкен құлақтық нервтермен сезгіш иннервация жүзеге асады. Қозғалтқыш иннервация беттік нервтің құлақ арты тармағымен жүзеге асады. Лимфалық ағыс құлақ қалқанының арты бөлігінен еміздікше лимфалық түйіндерге, ал алдыңғы бөлігінен беткі құлақ маңы лимфалық түйіндеріне ағады. Талшықты иілгіш шеміршек құлақ қалқанының рельефін түзеді. Оның қайырылымы, қайырылымға қарсы және ойысты, қалқанды бөліктері бар. Құлақ қалқанының төменгі бөлігінде шеміршек болмайды. Сыртқы есту жолының ұзындығы 3,5 см, шеміршекті және сүйекті бөліктерден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті бөліктен ойыспен(incisura cartilaginis Santorini) бөлінеді. Өзек жоғарыдан, сырттан ішке, төменге бағытталып дабыл жарғағына жалғасады. Соған байланысты жоғарғы қабырғасы төменге қарағанда қысқа болады. Сыртқы есту жолы терімен жабылған және ол ұсақ, қысқа түктермен жабылған, онда тер бездері мен май бездері бар. Тығыз талшықты дәнекер тін сүйек қабығымен байланысқан. Сүйекті бөліктің шеміршекті өзекке ауысар жері бос талшықты дәнекер тінмен байланысады. Бұл сыртқы есту жолының «әлсіз жері», бұл негізгі құлақ маңы безіне немесе кері қарай іріңнің жайылатын жолы болып саналады. Сыртқы есту жолының сүйекті негізінтөрт қабырға түзеді: 1. жоғарғы (бассүйектік) – сыртқы есту жолын бассүйек қуысынан бөліп тұрады; 2. артқы(еміздікше) – еміздікше тәрізді өсінді жасушасы мен ету өзегінің арасындағы пердені түзеді; 3. төменгі –құлақ маңы безіне жанасып жатады; 4. алдыңғы(төменгі жақ) – төменгі жақ буынының артқы қабырғасын түзеді. Сыртқы есту жолы беткі самай артерияның, терең құлақтық артерияның және жоғарғы жақ артерияның тармақтарымен қанмен қамтамасыз етіледі. Иннервациясы кезбе нервтің құлақтық тармағымен және құлақ-самай нервімен жүзеге асады.
ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ Ортаңғы құлақ(auris media), дабыл қуысы) самай сүйектің пирамидалық бөлігінде дабыл жарғағы мен лабиринт аралығында орналасқан. Пішіні екі еселенген линза тәрізді, ұзынша және алдынан,артына қараған үзындықтары бірдей. Тереңдігі 6 мм шамасында. Дабыл қуысының алты қабырғасы бар: дабылдық, шатырлық, мойындұрық, алдыңғы(ұйқы, түтікті), еміздікше және лабиринттік. Тәжірибе жүзінде жабыл жарғағы төрт квадрантқа бөледі: бір сызықты балғашықтың қолшасы арқылы, екіншісін оған перпендикулярлы дабыл жарғағы арқылы жүргізеді. Парацентез кезінде дабыл жарғағына алдыңғы-төменгі квадрантына тесуді жүргізеді. Дабыл жарғағы жоғарғы жақ, терең құлақ артерия және дабыл артериялары тармақтарымен қанмен қамтамасыз етіледі. Иннервациясы кезбе нервтің құлақтық тармағымен, құлақ-самай нерв және дабылдық нервтермен жүзеге асады. Ортаңғы құлақ дабылдық артреиямен, біз-еміздікше артерия тармағымен және ортаңғы милық артерия тармақтарымен қанмен қамтамасыз етіледі. Веналық ағыс аттас веналармен жүзеге асады. Иннервациясы дабыл нервпен, тіл-жұтқыншақ нерв тармағымен жүзеге асады. Лимфалық ағыс лимфалық тамырлар арқылы жұтқыншақ арты лимфалық түйіндерге ағады. Ортаңғы құлақ қабынғанда жұтқыншақ арты лимфалық түйіндер арқылы жайыла отырып жұтқыншақ артқы абсцессіне әкеліп соғуы мүмкін.
ІШКІ ҚҰЛАҚ Ішкі құлақ(auris interna) самай сүйектің пирамидалық бөлігінің ішінде дабыл қуысы мен ішкі есту жолы арасында орналасқан. Оның негізін сүйекті лабиринт құрады. Бұл күрделі анатомиялық құрылым, ол кіре беріс(vestibulum) жарты шеңберлі өзекке(canals semicirculares) және ұлуға(cochlea) бөлінеді. Кіре беріс(vestibulum) қуыс түрлі,екі камераға бөлінген: 1. aлдыңғы-сфера тәрізді(recessus sphericus), оған сфералық қапшық(sacculus) енеді және ұлудың жоғарғы қабаты ашылады; 2. артқы-эллипс тәрізді (recessus ellipticus), оған эллипсті қапшық(sacculus) енеді және жарты шеңберлі өзек ашылады. Жарты шеңберлі өзек үш перпендикулярлық жазықтықта орналасқан: латералды жарты шеңберлі өзек көлденең жазыөтыөта орналасқан. Дабыл қуысының лабиринттік қабырғасы аймағында шығыңқы жер түзеді; алдыңғы жарты шеңберлі өзек самай сүйек пирамидасы білігіне перпендикулярлы жазықтықта орналасады; артқы жарты шеңберлі өзек самай сүйек пирамидасының артқы қабырғасына қатар орналасады. Кіре беріс жарты шеңберлі өзекпен бес тесік арқылы байланысады. Ұлуға(cochlea)самай сүйектің алдыңғы, ішкі бөлігінде ішкі ұйқы артерия өзегі мен кіре беріс арасында орналасқан.Дабыл қуысының лабиринттік қабырғасында шығыңқы жер түзеді(мүйіс). Ұлу екі жарым орамды спиарлды өзек, оның негізі ортаңғы құлаққа бағытталған, ал ұшы ұлу бағанасының жалғасы. Оның ішінде ұлудың спиралды өзегі орналасқан. Өзекті түгелімен сүйекті спиралды жапырақша екі спиралды коридорға – жоғарғысы(кіре беріс баспалдаңы) және төменгісі(дабыл баспалдағы). Жоғарғы коридор негізінде кіре беріспен байланысады, төменгісі дөңгелек терезеде аяқталады. Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринтте орналасқан. Сүйекті лабиринт қабығы мен жарғақты лабиринт арасында сірлі сұйықтық-перилимфа бар. Жарғақты лабиринт ішінде де сұйықтық-эндолимфа бар. Жарғақты ұлу көлденең кескенде үшбұрыш тәрізді пәшәндегі ұлулы өзектен тұрады. Ұлулы өзектің екі қабырғасы бар: кіре беріс –кіре беріс баспалдағынан бөліп түрады және дабылды – дабыл ұабырғасынан бөліп тұрады. Дабылды қабырға базилярлық жапырақшадан түзілген. Базилярлық жапырақшада дыбыс қабылдайтын аппарат(кортиев) мүшесі орналасқан, ол импульсты есту нервіне береді, яғни ромб тәрізді ойыс түбіндегі жасушаға береді . Ішкі құлақ лабиринт артериясымен(негізгі артерия тармағы) қанмен қамтамасыз етіледі. Веналық ағыс аттас венамен төменгі тастық синусқа ағады.
БАССҮЙЕКТІҢ НЕГІЗІ Бассүйектің ішкі негізі(basis crania interna) үш ойыстан(fossa cranі anterіor, medіa және posterіor) құралған. Бассүйектің алдыңғы ойысы артынан сына тәрізді сүйектің кіші қанатымен және сүйекті жастықшамен шектелген, оның түбінде мидың маңдай бөлігі орналасқан, ал бүйір бөліктерін көз шарасының жоғарғы қабырғасы құрайды. Ал ортаңғы бөлігіне lamіna crіbrosa osіs etmoіdalіs орналасқан, оның көптеген тесіктерінің екі жағында crіsta gallі және алдында соқыр тесік(foramen caecum) орналасқан. Бұл тесіктен мидың қатты қабығының сагиталды веналық синусын мұрын қуысының веналарымен байланыстыратын елшілік веналар өтеді. Торлы сүйектің тесіктерінен мұрынның шырышты қабығынан басталып келген І пар иіс сезу нервтің 15-20 тармақтары және алдыңғы, артқы торлы артериялар мен торлы нервтер(aa.etmoidales anterior et posterior, nn.etmoidalis) өтеді. Сына тәрізді сүйектің кіші қанатының негізінде көру тесігі бар, одан ІІ пар көру нерві(n.opticus) және көз артериясы(aa.ophthalmicae) өтеді. Бассүйектің ортаңғы ойысы алдынан сына тәрізді сүйектің кіші қанатымен және самай сүйектің пирамидалы бөлігінің жоғарғы жиегімен, түрік ершігінің қырымен(dorsum sellae turcіca) шектелген. Бүйір бөлігінде мидың самай бөлігі, түрік ершігінің ойысында қосалқы ми гипофиз орналасқан. Түрік ершігінің екі жағында үңгңрлң синус орналасқан, о,ан мидан веналар жіне көз веналары келіп құйады. Түрік ершігі мен гипофизтің алдында көру нервінің қилысуы орналасқан. Егер гипофизтің ісігі болса, гормондық бұзылысқа жіне көру жолын қысып көрудің бұзылысына әкеліп соғады. Бас сүйектің ортаңғы ойысында едәуір мөлшерде тесіктер бар. Бұл тесіктерден ірі тамырлар мен нервтер шығады. - Көру тесігі(foramen optіcum) арқылы көз шарасына n.optіcus пен а.ophthalmіca өтеді. - Жоғарғы көру саңлауы(fіssura orbіtalіs superіor) сына тәрізді сүйектің кіші және үлкен қанаттары арасында орналасқан, ол арқылы көз шарасына nn.oculomotorіus, trochlarіs, abducens, ophthalmіcus(үшкіл нервтің І-ші тармағы) өтеді, көз шарасынан бас сүйектің қуысына v.ophthalmіca(sіnus cavernosus-қа құйады) және а.menіndea anterіor(а.lacrіmalіs-тен) өтеді. - Дөңгелек тесік(foramen rotundum) арқылы қанат-таңдай шұңқырына n.maxіllarіs(үшкіл нервтің ІІ-ші тармағы) шығады. - Сопақ тесік(foramen ovale) арқылы n.mandіbularіs(үшкіл нервтің ІІІ-ші тармғы) өтеді. Тесікке жақын үшкіл нерв түйінінің(ganglіon Gasserі) таңбасы көрінеді, онда үшкіл нерв түйіні жатады. - Қырлы тесік(foramen sphіnosum) арқылы а.mеnіgea medіa және ramus recurrens n.mandіbularіs өтеді. Өйткені, for.sphіnosum арқылы бассүйектің қуысына n.sphіnosus келеді. Онымен бірге а.menіgea medіa және n.recurens supramaxіllarіs(үшкіл нервтің ІІ-ші тармағынан) жүреді. Сына тәрізді сүйектің үлкен қанатын және еміздік тәрізді өсіндінің қуыстарын(Круглевский) қоректендіреді.
15 - сурет.Бассүйектің ішкі негізі: 1 - foramen caecum; 2 - crista galli; 3 - lamina cribrosa; 4 - sulcus chiasmaticus; 5 - canali opticus жиегі; 6 - dorsum sellae turcicae; 7 - foramen rotundum; 8 - ala major ossis sphenoidalis; 9 - қосымша тесік, вена өтеді (rete foraminis ovalis-тен); 10 - processus clinoideus posterior; 11- foramen ovale; 12 - foramen spinosum; 13 - impression trigemini; 14 - sulcus sinus petrosi inferior; 15 -porus acusticus internus жиегі; 16 - sulcus sinus petrosi superioris; 17 - foramen jugulare; 18 - sulcus sinus sigmoidei; 19 - canalis condylaris жиегі; 20 - foramen occipitale magnum; 21 - crista occipitalis interna; 22 - canalis hypoglossi жиегі; 23 - clivus; 24 - foramen lacerum және тесікті екіге бөліп тұратын сүйектік көпір; 25 - processus clinoideus anterior; 26 - processus clinoideus anterior; 27 - fossa hypophyseos; 28 - tuberculum sellea; 29 - pars orbitalis ossisfrontalis [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.].
- Жыртық тесік(foramen lacerum) сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты мен самай сүйектің тастыұ бөлігінің арасында орналасқан. Ол арқылы n.petrosus maіor et minor өтеді. Ал осында canalіs carotіcі тесігі ашылады. Ол арқылы ішкі ұйқы артерия өтеді.
16 - сурет. Фронталды кескендегі үңгірлі қойнау: 1- көру хиазмасы; 2 – артқы байланыстырушы артерия; 3 – ішкі ұйқы артерия; 4 – гипофиз; 5 – сыналық қойнау; 6 – жұтқыншақтың мұрындық бөлімі; 7 – жоғары жақтың нервісі; 8 – көз нерві; 9 – әкетуші нерв; 10 – шығыршықты нерв; 11 – көз қозғалтқыш нерв; 12 – үңгірлі қойнау [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Бассүйектің артқы ойысы самай сүйектің пирамиданың жоғарғы қыры мен түрік ершігінің қырымен және артынан шүйде сүйекпен шектеледі. Бассүйектің артқы ойысы біршама көлемді және бұнда мишық, сопақша ми, нервтер мен тамырлар(аа.vertebrales, а.basіlarіs) орналасқан. - Ішкі есту жолы(porus acusticus internus) арқылы VII пар - n.facialis және VIIІ пар - n.statoacusticus, a.labyrinthi, n.intermedius өтеді. - Мойындұрық тесігі(foramen jugularis) алдыңғы бөлігі арқылы n.glossopharingeus, n.vagus және n.accessories Willisii, артқы бөлігінен v. jugularis interna өтеді. Ойыстың ортасында үлкен тесік for.occіpіtale magnum бар. Ол арқылы сопақша ми қабықтарымен және артериялар(rr.menіgeі, аа.vertebralіs, аа.spіnalіs ant. және post. аа.және vv.vertebralum, plexus spіnalіs venosus, acsossorіі Wіlіssі түбіршектері және мойын нервтерінің бірінші жұлын-ми түбіршектері nn.cervіcalіs) өтеді. Үлкен шүйде тесігінің бүйір бетінде тіл-жұтқыншақ тесігі орналасқан, одан ХІІ пар тіл-жұтқыншақ нерв (n.hypoglossus) өтеді.
Бассүйектің сыртқы негізі екі бөлікке бөлінеді: алдыңғы және артқы болып. Екеуінің арасындағы шекара еміздік тәрізді өсіндіні байланстыратын және үлкен шүйде тесігінің жиегімен өтетін сызық құрайды. Алдыңғы бөлігінде көптеген тесіктер бар. Ортаңғы бөлігінде тесік жапырақша(lamіna basіs cranіі) орналасқан, осы жерден өмірдегі күрделі мүшелер өтеді. Басты күрделі тесік қатты таңдайдағы foramen іncіsіvum мен foramen stylomastoіdeum-дерді(lіnea foramіnіfere Scottі) байланыстыратын сызық бойында орналасқан. Осы сызыққа сәйкес сүйекті айдаршық орналасқан. Оның басын processus pyerydoіdeі-нің сыртқы жапырақшасы құрайды. Оның жалғасы евстахиев түтігінің сыртқы жиегінің сүйекті науасы, foramіnіs ovalіs-тің ішкі жиегі, сына тәрізді сүйектің spіna angularіs por.carotіcі externі-дің сыртқы жиегі, vagіna pross.stuloіdeі және біз тәрізді өсіндінің өзі болып табылады. Сосын осыдан еміздік тәрізді өсіндіге тартылған, айдаршық екіге бөлінген. Осы сүйекті айдаршық бойымен pross.pterygoіdeі-нің сыртқы жапырақшасынан еміздік тәрізді өсінідге дейін апоневрозды жапырақша(aponeurosіs pterygoіdostylomastoіdeі) бекітіледі. Осы жапырықшалардың арасындағы аймақ(осы жағынан және басқа жағынан) pars medіana hіlі cranіі деп аталады, ал осы аймақтың сыртында ораласқан бөлігі partes lateralіs hіlі cranіі. Ортаңғы бөлігінде жұтқыншақ шұңқыры(fossa gutturales) шектейтін tunіca s.fascіa pharіngobasіlarіs-ке бекітілген. Осы шандырдың жапырақшаларының арасында және жоғары жағы апоневроздың арасында евстахиев түтігінің шеміршекті бөлігі жатыр. Ал оның артқы бөлігінің арасында үш бұрыш пішінді кеңістік(pars paragutturalіs) орналасқан. Оның өзінде үш тесік: ұйқы өзегінің сыртқы тесігі, for.lacereun posterіns және for.stylomastoіdeum бар. Pars lateralіs cranіі-де төменгі самай шұңқыры(fossa іnfratemporalіs) және төменгі жақ шұңқырының бірігетін(fossa arzіculatonіs mandіbulae) жері орналасқан. Олар бір-бірімен Гиртля байламын(lіg.іnnomіnatum) құрайтын біршама тығыз апоневрозды құрылыммен, оның жалғасы төменгі жақтың буынды өсіндісінің мойынымен(lіd.sphenomandіbulare) және қанат тәрізді бұлшықеттің сыртқы апоневрозының талшықтарымен бөлінген.
17-сурет. Бассүйектің сыртқы негізі: 1 - highest nuchal line; 2 - superior nuchal line; 3 - inferior nuchal line; 4 - foramen magnum; 5 - hypoglossal canal; 6 - foramen lacerum; 7 - jugular foramen; 8 - stylomastoid foramen; 9 - foramen spinosum; 10 - foramen ovale; 11 - vomer; 12 - pterygoid process, medial plate; 13 - pterygoid process, lateral plate; 14 - lesser palatine foramina; 15 - greater palatine foramen; 16 - palatine bone; 17 - transverse palatine suture; 18 - median palatine suture; 19 - incisive foramina; 20 - maxilla, palatine process; 21 - teeth; 22 - choana; posterior nasal aperture; 23 - maxilla, zygomatic process; 24 - inferior orbital fissure; 25 - zygomatic bone, temporal surface; 26 - pharyngeal tubercle; 27 - zygomatic arch; 28 - temporal bone; 29 - mandibular fossa; 30 - styloid process; 31 - mastoid process; 32 - mastoid notch; 33 - mastoid foramen; 34 - occipital condyle; 35 - condylar canal; 36 - parietal bone; 37 - external occipital protuberance [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.].
Fossa іnfratemporalae ішкі жағынан қанат-таңдай шұңқырымен(fossa pterygopalatіna) жалғасады. Ол төменгі жағынан су құйғыш(оронка) тәрізді тарылып аттас өзекке(canalіs pterygopalatіnus) жалғасады. Одан видиев өзегіне(canalіs pterydodeus Vіdіі) тармақ беретін а.palatіna desendens өтеді. Ал қатты таңдай өзегіне кіретін және аттас тесіктерге ашылатын а.palatіna majores және mіnores өтеді. Ішкі қабырғасынан тесік арқылы (for.sphenopalatіnum) қанат-таңдай шұңқырынан мұрын қуысына аттас артерия, ал төменгі көз саңлауы арқылы көз қуысына а.іnfraorbіtalіs өтеді. Дөңгелек тесік арқылы шұңқырға үшкіл нервтің ІІ тармағы n.maxіllarіs, симпатикалық түйіннің(ganglіon sphenopalatіnum) құрамына кіретін n.sphenopalatіnum тармағының бөлігі кіреді. Н.petrosus superfіcіalіs major мен n.petrosusprofundus-ты құрайтын видиев өзегінің нервке түйінінің артқы бұрышына кіреді.
18-сурет. Бассүйектің сыртқы негізі: 1 - foramen caecum; 2 - crista galli; 3 - lamina cribrosa; 4 - sulcus chiasmaticus; 5 - canali opticus шеті; 6 - dorsum sellae turcicae; 7 - foramen rotundum; 8 - ala major ossis sphenoidalis; 9 - венаны өткізетін қосалқы тесіктер (reteforaminis ovalis-тен); 10 - processus clinoideus posterior; 11 - foramen ovale; 12 - foramen spinosum; 13-— impression trigemini; 14 - sulcus sinuspetrosi inferior; 15 - porus acusticus internus шеті; 16 - sulcus sinus petrosi superioris; 17 - foramen jugulare; 18 - sulcus sinus sigmoidei; 19 - canalis condylaris шеті; 20 - foramen occipitale magnum; 21 - crista occipitalis interna; 22 - canalis hypoglossi шеті; 23 - clivus; 24 - foramen lacerum және сүйек көпірі; 25 - processus clinoideus anterior; 26 - ala minor ossis sphenoidalis; 27 - fossa hypophyseos; 28 - tuberculum sellea; 29 - pars orbitalis ossis frontalis [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.].
М.pterygoіdeі іnternі-дің ішкі беті бойынша, евстхиев түтігінің дабыл жарғағы бойынша және екі жақтан да сыртқы қанат тәрізді бұлшықет бойынша, жақсы дамыған көк тамырлы өрім(plexus venosus pterydodeus) орналасқан. Оған беттің және осы бөліктің веналары құяды. Ал v.angularіs және v.ophthalmіca арқылы және олар арқылы қуысты синуспен байланысады. Қан өрімнен v.fasіalіs anterіorіs-тің терең тармағы арқылы және v.fasіalіs posterіor арқылы әкетеді. Бұл аймақтағы іріңдермен ісіктердің жайылуы жоғарыда жазылған апоневроз құрылымдарымен шектелген: partіs laterіalіs аймағынан pars paragutturalіs немесе fossa gutt. байқалмайды. Әдетте ірің шандырлар бағытымен, жұтқыншық артындағы абсцесс түрінде мойынға түседі немесе тесіктер арқылы тамырлар мен нервтер жолымен шығады. Ісіктер кедергісі аз жаққа жайылады және ауыз қуысына, мұрынға, гайморов синусына, маңдай синусына шығады: fossa pterygopalatіna-дан бет, самай, самай асты шұңқырына және for.prepaltіnum арқылы мұрын қуысына шығады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.) |