Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бет аймаҒынан іріҢніҢ таралу жолдарыСодержание книги
Поиск на нашем сайте ҰРТ АЙМАҒЫ Ұрт аймағының (regio buccalis) жоғарғыдан көз шарасының төменгі жиегі, төменнен төменгі жақтың төменгі жиегі, артынан шайнау бұлшықеттің алдыңғы жиегі, алдынан мұрын-ұрт, мұрын-ерін немесе иек-ерін қатпарларымен шекараланады. Терісі жұқа, қозғалғыш, қатпарға ұсталады. Тері асты май клетчатка жоғарғы жағында жақсы жетілген, ортаңғы бөлігінде Биш майлы дене(corpus adiposum buccae)орналасқан, пішіні сопақша немесе дөңгелек болады, ол май тіндерінің жиналуымен сипатталады және дәнекер қапшықпен қапталған. Ол ұрт бұлшықетінің сыртқы бетінде, ұрттың тамыр-нерв шоғырын жауып орналасады. Майлы дене артқы жағында шайнау бұлшықетінің шетімен жалғасады, төменгі жақтың ішкі бетімен жанасады және қанатты медиалды бұлшықеттің алдыңғы қырына дейін жетеді. Майлы дене көлемі 2-3 см болып келетін және үш өсіндіден құралған: самай, жоғары қарай төменгі жақ сүйегінің тармақтарының жиегінен тәждік өсінділерге бағытталады; көздік – медиалды қанатты бұлшықеттің алдыңғы аймағынан және қанат-таңдайға қарай бағытталады; ұрт кеңірдек шандырының артқы-медиалды аймағына қарай терең бағытталады. Майлы дененің қапшығы әр аймақта бірдей таралмаған. Ұрт аймағының беткі шаңдыр жапырақшасының астынан бет артерия және венасы өтеді, ол төменгі жақтың төменгі жиегінің ортасынан көздің ішкі бұрышына қарай бағытталады. Бет артериясы беттің басқа артерияларымен анастамоз жасайды а. buccalis, a. infraorbitalis(a. maxillaris тармағы), a. transversa faciei(a. temporalis superficialis тармағы). Ұрт аймағының құрылымдық негізін ұрт бұлшықеті, ұрт шандыр тармақтары және lig sphenomandibulare құрайды. Ұрт бұлшықеті(m. buccinator) жоғарғы жақтың альвеолярлық өсіндісінің сыртқы бетінің 2 үлкен азу тіс деңгейінен басталады. Ішкі жағыннан ұрт бұлшықеті жұқа шаңдыр жапырақшасымен және ауыз қусының шырышты қабықшасымен жабылған. Бұлшықеттің сыртқы беті, артқы бағытында жұқарған жұтқыншақ шаңдырына(fascia buccopharyngea) ауысатын шаңдырмен жабылған. Ұрт бұлшықеті талшықтары қиғаш-көлденең бағытта орналасқан, соған сәйкес құлақ маңы безінің өзегі(стенон өзегі) орналасады. Шайнау бұлшықетінің алдыңғы бөлігінің ортаңғы деңгейінде үлкен вена орналасады, ол беттік венаны бет аймағының терең(v.anastomotica) қанат тәрізді венозды өріммен байланыстырады. Ұрт аймағының сезімтал нервтері n. infraobitalis(үшкіл нервтің екінші тармағы), n. buccalis, n. mentalis(үшінші тармағы) тармақтары болып табылады. Ұрт бұлшықетін бет нервінің ұрттық тармаңы иннервациялайды.
БЕТТІҢ ТЕРЕҢ АЙМАҒЫ Беттің терең аймағын(regіo facіalіs lateralіs) оқып білу тек төменгі жақтың өсінділері мен бет доғасын алып тастағанда ғана мүмкін болады. Беттің терең аймағы латералды жағынан төменгі жақ сүйек тармағымен және бет доғасымен, медиалды жағынан қанат тәрізді өсіндінің латералды жапырақшасымен, жоғарғы жақ сүйек төмпешігімен және самай астылық бөлікпен, жоғарыдан самай астылық бөлікпен, қанат тәрізді сүйектің үлкен қанатының самай астылық айдаршығымен шектелген. Бұл аймақ екі сүйекті-бұлшықетті кеңістікке бөлінген: беткі - самай асты ойысы(fossa infratemporalis), терең – қанат-таңдай ойысы(fossa pterygopalatina). Cамай асты ойысы(fossa infratemporalis) – сыртынан төменгі жақтың өсіндісімен, ішкі жағынан қанатты өсіндінің сыртқы жапырақшасымен, төменгі-медиалды жағынан медиалды қанатты бұлшықетпен шектелген кеңістік. Cамай асты ойысы борпылдақ клетчаткамен толтырылған, онда жоғарғы жақ артерия, қанатты веналық өрім, төменгі жақ нерв жатады. Латералды және медиалды қанатты бұлшықеттер төменгі жақ сүйекке мықты бекітілген. Бұл аймақтың ортаңғы бөлігінде латералды қанатты бұлшықет борпылдақ клетчатканы екі кеңістікке бөліп орналасқан, сондықтан бұл аймақты Н.И.Пирогов екіге бөлген : самай-қанат(spatium temporopterygoideum) және қанат аралық(spatium interpterygoideum) кеңістіктер. Cамай-қанат(spatium temporopterygoideum) алдында самай бұлшықетінің соңғы бөлігі мен артында латералды қанатты бұлшықет аралығында орналасқан. Клетчатка жоғарыдан самай ойысының терең клетчаткасымен, төменде қанат аралық кеңістік клетчаткасымен, алдынан көз шарасы клетчаткасымен(төменгі көз шарасы саңлауымен), жоғарғы және латералды жағынан-самай ойысымен, медиалды жағынан қанат-таңдай ойысы клетчаткасымен байланысады. Қанатты веноздық өрім(plexus venosus pterydoideus) латералды қанатты бұлшықеттің сыртқы беті мен самай бұлшықетінің арасында орналасқан. Қанатты веноздық өрім беттің терең бөлімінің көптеген веналарынан түзіледі. Оған терең самайлық, буындық (самай-төменгі жақ сүйек буыны), алдыңғы құлақтық веналар, шықшыт безі веналары, ортаңғы менингиалды, біз-еміздікше және дабыл веналары келіп құяды. Ірі вена мен ұрт бұлшықеті өрімі(v.anastomotica) беттің беткі веналарымен байланысқан. Өрімнен жақ сүйек бұрышы деңгейінде ішкі мойындұрық вена құйылатын төменгі жақ артылық вена(v.retromandibularis) түзіледі. Қанат тәрізді венозды өрімнің бас сүйек ішілік(менингиалды) венамен және бастың қатты қабығының синусымен(үңгірлі, төменгі тастық, кіші қанаттық), сонымен қоса беттік венамен байланысының маңызы өте зор. Бұл анастамоздар бас сүйек ішілік асқынулар(минингит, синус-тромбоз), жақ сүйек-беттік аймақтың іріңді инфекциялық ошақтары, тромбоз бен тромбофлебит әсерінен венадағы қан ағысының өзгерісі кезінде маңызды орын алады. Қанат аралық(spatium interpterygoideum) кеңістік сыртынан латералды қанатты бұлшықеттің ішкі бетімен, медиалды, төменгі жағынан медиалды қанатты бұлшықетпен шектелген. Қанат аралық кеңістіктің клетчаткасы ортаңғыбассүйек ойысымен сопақша және қырлы тесіктер арқылы, төменнен, алдынан ауыз қуысы түбі клетчаткасымен артынан жақ арты ойысымен байланысады. Осы аймақта сыртқы ұйқы артерияның тармағы жоғарғы жақ артерия(a.maxillaris) және үшкіл нервтің үшінші тармағы төменгі жақ нерв(n.mandibularis) жатады. Жоғарғы жақ артерия(a.maxillaris) көптеген ірі тармақтарға бөлінеді: · a.menengea media (қырлы тесік арқылы ішке енеді); · a.alveolaris inferior(төменгі жақ өзегіне аттас тесік арқылы кіреді); · a.auricularis profunda(самай аймағына аттас бұлшықетке барады); · a.masseterica(аттас бұлшықетке қарай бағытталады); · aa.temporalis profundae,, a.buccalis, rr.prerigodei(аттас бұлшықеттерге); · a.alveolaris superior posterior(төменгі жақ тістерін қанмен қамтамасыз етеді); · a.infraorbitalis, a.palatina descendens, a. рharyngea. а. infraorbitalis, aa.alveolaris superiores.
Нерв талшықтары жоғарғы жақ артериясы тармақтарынан терең орналасқан, көбіне қанат аралық кеңістікте өтеді. Осы аймаққа таралатын нерв талшықтары көбінесе бас қаңқасы қуысынан сопақша тесік арқылы шығатын төменгі жақ нервінен(үшкіл нервтің үшінші тармағы) таралады. Бұл тесік бас қаңқасының негізінде қанат тәрізді өсіндінің артында орналасқан және ол жерден латералды қанат тәрізді бұлшықет басталады. Тесіктен шыға берісте нерв бірнеше тармақтарға бөлінеді, сондықтан нерв бағаналарына өткізгіш анестезия әсер етпейді, тек тесіктің өзіне енгізілген ине арқылы новокаин енгізеді. Енгізу барысында нервтің медиалды жағында есту түтігінің шандырлы бөлігі(tuba auditiva) және осы нервпен талшықтар алмасатын парасимпатикалық құлақтық түйін(ganglion oticum) орналасқанын айта өту керек. Нервтің артынан қырлы тесікке бағытталған ортаңғы менингеалды артерия өтеді. Төменгі жақ нервінен қозғалтқыш және сезімтал талшықтар таралады. Латералды қанат тәрізді бұлшықеттің жоғарғы жиегі деңгейінде шүйде бұлшықеттеріне бағытталған nn.temporalis profundi шығады, сонымен қатар төменгі жақ тесігі арқылы шайнау бұлшықеттеріне бағытталған n.messetericus шығады. Сол деңгейде латералды қанат тәрізді және ұрт бұлшықеттерінің сыртқы жағында жатқан сол бұлшықеттерді иннервациялайтын n.buccalis басталады. Латералды қанат тәрізді бұлшықеттің артында аттас бұлшықеттерге баратын nn.pterygoidei lateralis et medialis орналасқан. Қанат тәрізді кеңістік аралығында артқа және жоғары бағыттала құлақ самай нерві(n.аuriculotemporalis) өтеді. Екіге бөлініп ортаңғы менингиалды артерияны сақинасымен орап алып, алдынан сүйектік саңылауға түседі, одан кейін жақтың буындық өсіндісінің мойнын орап өтіп, шықшыт безінің шандырынан өтіп, самай артериясымен бірге самай аймағына көтеріліп, терілерге тармақталады. Екі ең үлкен төменгі жақ нерві n. lingualis және n. alveolaris inferior, қанат тәрізді кеңістік аралығынан шығып, медиалды қанат тәрізді бұлшықет бетінде жатады, тіл нерві төменгі альвеолярлық нервтің алдынан өтеді. Альвеолярлық нерв төменгі жақтың саңылауына түсіп, төменгі тістік өрім түзетін өзекке өтеді. Төменгі жақ өзегіне өтер алдында, медиалды бетке ауысатын жерде төменгі альвеолярлық нервті, қозғалтқыш тармақ n.mylohyoideus, жақ-тіл асты бұлшықеті мен екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасын n. digastrici. иннервациялайды. Тіл нерві доға тәрізді иіліп, алға бағытталып, қанат тәрізді-жақ кеңістігіне, тіл асты аймағына өтіп, ауыз қуысының шырышты қабатының астында орналасып, тілдің2/3 шырышты қабатын иннервациялайды.
54 - сурет. Бет веналары: 1-шүйде артериясы мен венасы; 2- беткі самай артериясыжәне венасы; 3- беттің көлденең венасы; 4–құлақ арты вена; 5–төменгі жақ арты вена; 6- сыртқы мойындұрық вена 7- төменгі альвеолярлық артерия мен вена; 8- шүйде артерия мен вена; 9 - тіл асты нерв; 10- жалпы бет, төменгі жақ арты және тіл веналарының бағанасы; 11- сыртқы ұйқы артерия; 12- жоғарғы көмекей вена; 13 - алдыңғы мойындұрық венамен анастомоз; 14- тілдік вена; 15 - тілдің терең венасы; 16 -тіл асты нервпен бірге жүретін вена; 17 - төменгі жақ арты без; 18 - иектік вена; 19- сыртқы таңдайлық вена; 20-бет артерия мен вена; 21 - иектік вена; 22 - төменгі ерін венасы; 23 - жоғарғы жақвенысы; 24 - беттің терең венасы; 25 - жоғарғы ерін венасы; 26 - қанатты өрім; 27- таңдай вена; 28- жоғарғы, артқы альвеолярлық веналар; 29 - көздің төменгі венасы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
55 - сурет. Жоғарғы жақ артерияның топографиясы: 1-алдыңғы және артқы терең самай артериялары мен нервтері; 3- шайнау артериясы және нерві; 4- латералды самай-төменгі жақ байламы; 5-ортаңғы милық артерия; 6-құлақ-самай нерві; 7- жоғарғы жақ артерия;8-беткі самай артерия; 9-артқы құлақартерия; 10-бет нерві; 11-төменгі альвеолярлық артерия мен нерв; 12-қанат-төменгі жақ байлам; 13- жақ-тіл асты артерия мен нерв; 14- екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы; 15- біз-ті асты бұлшықет; 16-сыртқы ұйқы артерия; 17-бет артерия; 18-тіл артерия; 19- иек асты артерия; 20-иектік артерия; 22-тілдік нерв; 23-қанат-төменгі жақ; 24- медиалды қанатты бұлшықет; 25- ұрттық артерия мен нерв; 26-алдыңғы, жоғарғы альвеолярлық артерия; 27- ортаңғы, жоғарғы альвеолярлық артерия; 28- артқы, жоғарғы альвеолярлық артерия; 29–көз асты артерия; 30- бұрыштық артерия; 31- мұрын үстілік артерия; 32- көздік артерия; 33- маңдай үстілік артерия; 34- көз үстілік артерия; 35- латералды қанатты бұлшықет [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
56 - сурет. Беттің терең аймағы (сол жақтан) 1 - төменгі жақ нерві; 2 - ортаңғы милық артерия; 3 - тоғарғы жақ артерия; 4-медиалды қанаттыбұлшықет; 5 - шайнау бұлшықеті; 6 - қанат-таңдайлық артерия [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |