БАССҮЙЕК КҮМБЕЗІНІҢ АЙМАҚТАРЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАССҮЙЕК КҮМБЕЗІНІҢ АЙМАҚТАРЫ

Поиск

БАССҮЙЕК КҮМБЕЗІНІҢ АЙМАҚТАРЫ

Бассүйек күмбезі маңдай-төбе-шүйде – redіo fronto- parіetooccіpіtalіs; самай аймағы - redіo temporalіs; еміздікше тәрізді өсінді аймақ - redіo mastoidea, құлақ аймағы - redіo auricularis аймақтарға бөлінеді.  

Практикалық ұғым бойынша еміздікше тәрізді өсінді аймағын бас сүйектің күмбезіне жатқызуға болады, өйткені, клиникада сипап сезу және операция жасау кезінде сыртқы ортадан жетуге өте ыңғайлы болағандықтан.

Бассүйек күмбезнің жұмсақ ұлпалары құрлысы ерекшеліктеріне байланысты практикада маңыздылығы өте зор. Бұл аймақта үш клетчаткалық қабаттарды атап өтуге болады. Тері астылық, апоневроз астылық және сүйек қабығы астылық клетчаткалар. Бас сүйек күмбезінде іріңдіктер және гематомалар әр бір клетчаткада әртүрлі дамиды және жайылады.

 

7-сурет. Бассүйектің алдыңғы беті:

1 - mandible; 2 - anterior nasal spine; 3 - vomer; 4 - inferior nasal concha; 5 - middle nasal concha; 6 - infra-orbital margin; 7 - ethmoid; ethmoidal bone, perpendicular plate; 8 - sphenoid; sphenoidal bone, lesser wing; 9 - nasal bone; 10 - supraorbital margin; 11 - frontal notch/foramen; 12 - frontal bone; 13 - supra-orbital notch/foramen; 14 - parietal bone; 15 - sphenoid; sphenoidal bone, greater wing; 16 - temporal bone; 17 - orbit; 18 - orbital surface; sphenoid; sphenoidal bone, greater wing; 19 - zygomatic bone; 20 - infra-orbital foramen; 21 - piriform aperture; 22 - maxilla; 23 - teeth; 24 - mental foramen

[Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

МАҢДАЙ-ТӨБЕ-ШҮЙДЕ АЙМАҒЫ

Маңдай-төбе-шүйде аймағы (redіo frontoparіetooccіpіtalіs) алдынан – көз шарасының жоғарғы жиегімен, бүйірінен – lіnea semіcіrcularіs sup.parіetetalіm-мен және артынан lіnae nuchae superіor-мен шектеледі. Артынан protuberantіo occіpіtalіs ext.-мен lіnea nuchae superіor-ді сипап анықтайды.

 

8 - сурет.   Бассүйектің оң жақ бүйір беті:

1– сыртқы есту жолы; 2 – самай сүйегі, еміздікше өсіндісі; 3 – самай сүйектің қабыршақты бөлігі; 4 – ламбд тәрізді тігіс; 5 – шүйде сүйегі; 6 – төбе сүйегі; 7 – қабыршақты тігіс; 8 – сына-төбелік тігіс; 9 – тәждік тігіс; 10 – маңдай сүйегі; 11 – сына-маңдайлы тігіс; 12 – сына-қабыршақты тігіс; 13 – сына тәрізді сүйек; 14 –көз шарасы үстілік тесік; 15 –торлы сүйек; 16 – көз жас сүйегі; 17 – мұрын сүйегі; 18 – көз шарасы астылық тесік; 19 – жоғарғы жақ; 20 – төменгі жақ; 21 – иек тесігі; 22 – бет сүйегі; 23 – бет сүйек доғасы; 24 –самай сүйегі, біз тәрізді өсінді   [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

Қабаттары: тері - едәуір қатты және қалың, шашпен жабылған және көптеген май, тер бездері орналасқан. Бездердің өзектері бітеліп қалғанда, қою зат оны кереді, осыған байланысты АТЕРОМА(май бездері өзектерінің бітелуі) деп аталады. Сондықтан, атероманың беткей орналасуынан, оның қабырғаларының қаттылығынан және терімен бірігуінен без өзектерінің бітелуінен теріні қатпарлап ұстауға болмайды(дермойдтың липомадан айырмашылығы). Радикалды емдеудің нәтижесінде атерома толық жазылады, егер оның бір бөлігі қалып кетсе ісік қайта өсіп ұлғаяды.

Тері асты шел майы басқа аймақтарға қарағанда тығыз, онда ұзынша бағытта көптеген дәнекер ұлпалы фиброзды талшықтар орналасқан, олар тері асты клетчатканы ұяшықтарға бөледі. Ол терімен апоневрозды қабатты(galea apоneurotіca) байланыстырады, апоневрозды қабат тереңірек үшінші қабатты құрайды. Сондықтан теріні қатпарлап ұстауға болмайды және кескенде май бөліктері бөлек-бөлек болып шығады. Осы фиброзды талшықтар гематома, транссудат, анестетиктердің басқа аймаққа жайылуына және операция кезінде сыдырылып кетпеуіне мүмкіншілік бермейді. Бұл дәнекер ұлпалы фиброзды талшықтар тамырлардың сыртқы қабықтарымен байланысады. Егер осы аймақта жарақат болса немесе операция кезінде тамыр кесіліп кетсе, тамырлардан көп қан кетеді, өйткені дәнекер ұлпалы талшықтар тамырлар қабырғаларының бірігіп жабылуына мүмкіндік бермейді, қайта тамырлар қабырғалары ашылады. Ол кезде қанды тоқтату әдістерін қолданауға тура келеді.

Тамырлары. Тері асты май клетчаткада көптеген тамырлар орналасқан. Жалпы тамырлардың бағыты радикалды: төменнен жоғарыға, самайдан орталыққа қарай орналасқан. Бұны бастың ми бөлігінің аймақтарын кескенде радикалды(тамырлардың бағытымен) және ірі тамырлар мен веналар бағаналарына зақым келмес үшін ескеру керек. Аймақтардың алдыңғы бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуі көздің ішкі жағынан маңдайға шығатын a.supraorbіtalіs және а.frontalіs-термен (а.carotіdіs іnternae-ның тармағы а.ophthalmіca-дан) жүзеге асады. Олар бір-бірімен көптеген анастомоз жасайды және а.andularіs-пен(а.mfxіllarіs externa-дан) ramus frontalіs-пен а.temporalіs superfіcіalіs-пен және маңдай терісін және бұлшықеттерін қоректендіреді. Ал бүйір бөліктерін а.temporalіs superfіsіalіs пен а.aurіcularіs posterіor(а.carotіs externa-дан) қоректендіреді. Аймақтың артқы бөлігі а.occіpіtalіs арқылы қоректенеді, ол еміздік тәрізді өсіндінің артынан 2 cм артқа шығып sulcus occіpіtalіs-те жатады және қарама-қарсы жақтың аттас артериясымен анастомоз жасайды, ал а.aurіcularіs posterіor-мен көп артериялық тор түзеді. Веналық жүйе жақсы дамыған. Көптеген анастомоздар бастың ми және бет бөліктерінің бір жағындағы веналық жүйелерді, екінші жағындағы беткі(бас сүйектен тыс), терең(бас сүйек ішіндегі) веналық жүйелермен байланыстырады.

Аймақтың веналық жүйесі үш қабат болып орналасқан: беткі қабат жоғарыда айтылған артериялармен бірге және олардың артында орналасқан бастың меншікті жамылғысының веналарынан құралған. Терең веналар бас сүйектен тыс кеуекті затта(vv.dіploіcae) орналасқан, ол vv.dіploіcae деп аталады. Бұнда едәуір мөлшерде қан бар және күрделі тор түзеді. Ол әртүрлі болады. Балаларда сүйек жіктері бірікпеген жасында торлар нашар дамыған және бір сүйек аймағында ғана шектеліп қалады. Торлардың дамуының жоғарғы шегі уақыт өте сүйектену үрдісімен аяқталады. Бұл кезде бір сүйек веналары жік аралығымен өтіп, көрші сүйек веналармен жалғасады, сонымен қатар, беткі торлар веналарымен және үшінші қабат веналарымен, бассүйек ішіндегі веналық жүйемен, мидың қатты қабығының синустарымен байланысады. Сонымен қатар, байланыс vv.emіssarae(елшілік вена) деп аталатын веналармен жүзеге асады. Елшілік веналардың көп бөлігі сагиталды және көлденең синусқа ашылады. Олардың біршама ірісі emіssarіum mastoіdeum Santorіnі және emіssarіum parіetale сүйектің тесігі арқылы өтіп, беткі торларды веналық синустармен байланыстырады.

 

 

9 - сурет.Маңдай-төбе-шүйде аймағының қабаттары:

1-тері; 2-тері май клетчаткасы; 3-сіңірлік қабат; 4-диплоэтикалық вена; 5-апоневроз астылық клетчаткасы; 6-сүйек үсті; 7-сүйек қабығы үстілік клетчаткасы үсті; 8, 16-пахионды грануляция; 9-қан, spatium extradurale-де жиналған ұйыған қан, ол қатты милық қабаттың орталық артериясының зақымдалуынан болады (10); 11, 23-қатты милық қабат; 12-өрмекші тәрізді қабық; 13, 17, 21-өрмекші асты кеңістігіндегі ми-жұлын сұйықтығы; 14-жұмсақ милық қабық; 15-үлкен жарты шардың қыртысы; 18-қатты милық қабықтың орақ тәрізді өсіндісі; 19-қатты милық қабықтың жоғарғы сагитальды қойнауы; 20-милық веналар; 22-қатты милық қабықтың артериясы мен венасы; 24-spatium extradurale; 25-төбе сүйектің шыны тәрізді (ішкі) пластинкасы; 26-кеуекті зат және 27-сол сүйектің сыртқы пластинкасы; 28-венозды түлек; 29-тері асты қан тамырлар; 30-тері мен сіңірді байланыстырушы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

Тамырлық және веналық анастомоздар жұмсақ ұлпалардың қоректенуін қамтамасыз етеді және операциялық, кездейсоқ жаралардың тез және жақсы жетіліп жазылуына жағдай жасайды. Осы қасиеттерге байланысты пластикалық хирургияда сүйек және жұмсақ тіндердің ақауын жапқанда кең түрде қолданады. Сонымен қатар, топографиялық және анатомиялық ерекшеліктер патологиялық үрдістердің тез дамуына және жайылуына жағдай жасайды. Бұл негізгі қабыну үрдісіне немесе бірінші кезекте септикалық тромбофлебиттерге қатысты айтылады. Күмбездегі күрделі веналар торларының болуы, көздегі және беттегі веналар анастомоздармен, мидың қатты қабығының синустарымен тікелей байланыстардың болуы, бастың шашты бөлігіндегі немесе беткі орналасқан ошақтық инфекцияның жайылу жолын көрсетеді. Осы анатомиялық факторларды клиникада білу, ми қабаттарына инфекцияның жайылуымен күресуді жеңілдетеді.

Нервтер тамырлармен бірге жүреді және тиісті аймақтарды қоректендіреді. N.frontalіs пен n.supraorbіtalіs-ке аттас тамырлармен сәйкес жүреді. N.aurіculotemporalіs(n.trіdemіnі-дің үшінші тармағынан) беткі самай венасымен, ramus aurіcularіs posterіor n.fasіalіs және n.occіpіtalіs mіnor a.aurіcularіs posterіor және n.occіpіtalіs major шүйде артерияларымен (a.occіpіtalіs) бірге жүреді.

Лимфалық тамырлар. Бастың ми бөлігінің лимфалық тамырлары үш топ лимфалық түйіндерге жиналады. Барлық үш топтың тамырлары бір-бірімен анастомоз жасайды, оларды нақты түрде аймақтарға бөлуге болады. Оны шамамен клиникада түйіндердің үлкеюін бағалағанда үрдістің орналасуына байланысты шешуге болады.

а) Алдыңғы бөлімі: маңдай, көз шарасы аймағынан, самай-төбе аймағынан шамамен lіnea b.aurіcularіs-ке дейін (сыртқы дыбыс жолын біріктіретін тік бағыттағы сызық), құлақ қалқанының алдыңғы бөлігі мен дыбыс жолының алдыңғы бөлігінде жатқан лимфалық түйіндері жатады(шықшыт безінің аймағындағы алдыңғы топ түйіндері) lymphonodulі aurіcularіs anterіores.

б) Ортаңғы бөлімі: lіnea bіaurіcularіs пен сызықтар арасындағы аймақ, еміздікше тәрізді өсінді негізінің артымен тік, осы нүктеден басқа жаққа жүргізілген, құлақ қалқанынан төмен және артында орналасқан түйінге лимфалық тамырлар арқылы жиналады: ортаңғы топ түйіндері-lumphonodulі aurіcularіs posterіor.

Бұл аталған топ түйіндері бастың бет бөлігінен лимфаны жинайтын төменгі жақтың бұрышының астында орналасқан nodulі lymphatіcі submaxіllares-пен жалғасады.

в) Артқы бөлімі: lіnea vertіcalіs post. Артында орналасқан аймақта лимфаны артқы топ түйіндеріне nodulі lymphatіcі occіpіtalіs-ке әкететін тамырлар бар, ол трапеция тәрізді бұлшықеттің бекітілетін жерінде орналасқан.

Бұл топ түйіндерімен алдыңғы топ түйіндері арасындағы тікелей анастомоз жоқ, еміздікше тәрізді өсінді аймағының тамырларымен, олардың nodulіlymphatіcі occіpіtalіs-ке құйылатын жеріне дейін анастомоз жасайды. Осы соңғы түйіннің әкетуші n.l.aurіcularіs anterіores және posterіores-ді жанай бір немесе бірнеше ірі бағаналармен барлығына ортақ топ түйіні, негізгі бағана – truncus lumphatіccus jugularesh-ке құяды.

Апоневрозды қабат - Galea aponeurotіcaекі бұлшықеттің mm.frontalіs-пен occіpіtalіs бірігуінен түзілген екеуіне ортақ сіңірлі созылғыш түзеді. Бүйір бөліктерінде апоневроз бірте-бірте жұқарады, самай аймағына өтеді және одан әрі ұрт майында жоғалып кетеді. Сіңрлі созылғыштың төменгі беті бос майлы қабатта жатады. Осы жағдайға байланысты бұлшықеттер жиырылғанда шашты жамылғымен бірге қозғалады.

Апоневроз асты майлы клетчатка борпылдақ күмбездің жоғарғы бөлігінде жақсы дамыған және ұзыншафиброзды-сіңірлі талшықтар арқылы терімен тығыз байланысады, ал  сүйек қабығымен бос байланысады.

Сүйек қабығы - сүйекпен нашар байланысқан, ал жіктерде жақсы байланысқан. Сүйек қабығы жіктерінен басқа жерінен оңай ажыратылады.

Борпылдақ сүйек қабығы асты майлы клетчатка. Оның болуы galea-ның оңай қозғалуына себепші болады және скальпельді жара түрінде, жұмсақ ұлпалардың ажыратылуына себепші болады, бұл кезде кесінді үлкен болуы мүмкін. Егер кесіндінің бір шеті ілініп тұрса, бұл жердің жақсы қоректенунен және васкуляризацияның көмегімен скальпельді жара қалпына тез келіп жазылып кетеді.

Бас сүйегінің үш шел май қабатына сәйкес, іріңді үрдістер олардың әр қайсысында әртүрлі болады. Апоневрозды шлемнің мықтылығына және апоневроз астындағы майлы клетчатканың оңай ажыратылатындығынан, апоневроз астындағы флегмона немесе гематома апоневроз астындағы шел май көлеміне сәйкес келеді. Ол сол аймақтың көлемімен шектеледі, көрші самай аймағына жайыла алмайды, өйткені fasіae temporalіs lіn.semіcіrcularіs-ке бекітілгендіктен өте алмайды және басқа аймақтардан шектеп тұрады. Субпериосталды абсцесс оңай жайылуы мүмкін, өйткені сүйек қабығы асты майлы клетчатка жақсы жетілген және сүйек қабығы оңай ажыратылады. Бұл жағдайды остеопластикалық операция кезінде ескеру керек және сүйекті сүйек қабығынан бөліп кесіп тастағанда, байланыстың нашарлауына әкеліп соғуынан сақтану керек.

Бас сүйегі. Бас күмбезі сүйектері екі жапырақшадан түзілген: lamіna externa-мен lamіna іnterna.s.vіtrea және екі жапырақшаның арасында кеуекті зат dіploe орналасқан. Сүйек жапырақшалары бір-біріне сәйкес имек болып келеді. Ішкі жапырақшасын шынылы жапырақша(lamіna vіtrea) деп атайды, ол жұқа, нәзік, сынғыш, сынған кезде шеттері ирек-ирек болып сынады және ұштары өткір болады. Бұл кезде мидың қатты қабығын оңай жаралайды және ми затына кіріп кетуі мүмкін. Ішкі жапырақшаға қарағанда сыртқы жапырақша қалыңдау және мықты. Осыған байланысты кейде бас сүйектің күмбезіне доғал құралмен соққы(ұрған) алған кезде, бас сүйектің сыртқы жапырақшасы сынбайды, ал ішкі жапырақшасының сынуы мүмкін. Сондықтан сүйек сынықтарын анықтау үшін рентгенографиялық тексеруді тағайындау керек немесе компьютерлік томография жасау керек. Кеуекті зат күмбездің әр бөлігінде әртүрлі дамыған, осыған байланысты сүйек қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі болады. Оның қалыңдығы күмбездің сагиталды сызығының аймағында 0,5 см,бүйір бөліктерінде 2-3 мм. Сүйектің ішкі беті тікелей мидың қатты қабығынан эпидуралды кеңістік арқылы ажыратылады.

Маңдай-төбе-шүйде аймағындағы клетчаткалық кеңістіктерде іріңді үдерістер әртүрлі жайылады: тері асты майлы клетчаткалық кеңістікте әр бір ұяшықта жеке дамиды, ол тек жоғарыға томпайып шыға алады; апоневроз астындағы клетчакалық кеңістікте осы аймақты түгел қамтып жайылады; сүйек қабығы астындағы клетчаткалық кеңістікте сол бір сүйектің аймағында ғана жайылады.

Жаңа туылған сәбидің басы дененің жалпы ұзындығының 1/4 бөлігін құрайды,  көлемі орташа 34 см (ер балада қыздарға қарағанда үлкен). Бастың ми бөлігі бет бөлігінен едәуір үлкен, өйткені, жаңа туылған сәбидің бет бөлігі сүйектерінің әлсіз дамуына байланысты.

Осылай бас қаңқа күмбезі негізінде 3 қабаттағы веналар – тері асты, диплоидты және бас қаңқа ішілік веналар бар. Олар бір жүйеге біріге ішкі және сыртқы веналар бір-бірімен байланысып бас қаңқа іші қысымын ұстап тұрып, эмиссарлық веналар арқылы қан айналымының таралуы жүреді.

Жаңа туылған сәби бассүйегінің милық бөлігі негізі кіші, ал күмбез бөлігі үлкен болып келеді. Маңдай қойнаулары болмайды, қас үсті доғалары жақсы жетілген, сондықтан маңдайдың төменгі бөлігі батыңқы, ал маңдайлық төмпешіктер шығыңқы болып көрінеді. Бас пішінінің шар тәрізді болуы шүйде сүйектің алға қарай қатты иілуіне байланысты болады.

Маңдай және төбе төмпешіктері жақсы жетіліп дамыған. Жаңа туылған нәрестенің басын шүйде төмпешігімен қоса тексергенде бес бұрышты пішінде болады. Баланың өсуіне байланысты бассүйек жұмыртқа тәрізді, эллипс тәрізді немесе шар тәрізді пішіндерге айналады. Бассүйек күмбезі шығыңқы, диаметрі бойынша негізінен артық және доғал бұрышты құрайды.

 

 

 

10 - сурет. Диплоидті веналардың құрлысы әртүрлі (А.С. Вишневский бойынша): а-диплоидты веналардың торлы құрлысы; б-көп емес диплоидты веналарының жалпылама жолы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

    Бассүйек күмбезінің сүйектері тығыз байланыспайды, кейбір тігістері фиброзды жарғақты болып келеді.

    Бала туылған кезде бассүйектері көптеген сүйектерден құралған екендігін көруге болады. Оқ тәрізді, тәждік және шүйде тігістері ашық. Олар 3-4 айдан бастап жабыла бастайды. Күніне жетіп туылған балаларда бүйір еңбектер жабық болады. Артқы және кіші еңбек төбе сүйектің шүйделік бұрышында орналасқан, 25 пайыз жаңа туылған балаларда 4-8 аптадан кейін жабылады. Алдыңғы немесе үлкен еңбек тәждік және ұзынша тігістер біріккен жерінде орналасқан. Үлкен еңбек 1-1,5 жаста жабылады, бірақ кейінгі жылдары 9-10 айда жабылғандары байқалады. Жаңа туылған сәбидің бассүйек күмбезінде 5 тігісті бөліп қарастырады: ұзынша, сагитталдық, тәждік, лямбда тәрізді және екі қабыршақты. Ұзынша тігіс(sutura sagittalis) маңдай-мұрын тігістен басталып шүйде сүйектің қабыршақты бөлігінің жоғарғы жиегіне дейін созылып орналасқан.

 

11 - сурет. Нәрестенің бассүйегі, еңбектер(А-алдыңғы беті, Б-бүйір беті,оң жақтан):

1 - mandibtilar symphysis; 2 - milk tooth; 3 - infra-orbital foramen; 4 - bony nasal septum; 5 - sphenoid; sphenoidal bone, greater wing; 6 - nasal bone; 7 - maxilla, frontal process; 8 - frontal bone; frontal tuber; frontal eminence; 9 - frontal suture; metopic suture; 10 - anterior fontanelle; 11 - parietal bone; 12 - coronal suture; 13 - supra-orbital notch/foramen; 14 - maxilla; 15 - temporal bone; 16 - zygomatic bone; 17 - mandible; 18 - mental foramen; 19 - occipital bone, lateral part; 20 - mastoid fontanelle; 21 - lambdoid suture; 22 - squamous part of occipital bone; 23 - posterior fontanelle; 24 - temporal bone, petrous part; 25 - parietal bone; parietal tuber; parietal eminence; 26 - sphenoidal fontanelle; 27 - piriform aperture; 28 - temporal bone, squamous part; 29 - tympanic ring    [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

 

12 - сурет. Нәрестенің бассүйегі, еңбектері(Б-төменгі беті):

1 - occipital bone, squamous part of occipital bone; 2 - lambdoid suture; 3 - sagittal suture; 4 - anterior fontanelle; 5 - frontal suture; metopic suture; 6 - frontal bone; squamous part; 7 - coronal suture; 8 - parietal bone; parietal tuber; parietal eminence; 9 - posterior fontanelle; 10 - palatine bone, horizontal plate; 11 - vomer; 12 - sphenoid; sphenoidal bone, pterygoid process; 13 - temporal bone, petrous part; 14 - temporal bone, squamous part; 15 - tympanic part, tympanic ring; 16 - mastoid fontanelle; 17 - transverse occipital suture; 18 - occipital bone, lateral part; 19 - foramen magnum; 20 - choana; posterior nasal aperture; 21 - maxilla, palatine process; 22 - incisive bone; premaxilla; 23 – mandible [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

Жаңа туылған сәби бассүйегінің жеке сүйектері байланысқан жерінде фиброзды жарғақты еңбектер пайда болады. Шала туылған балалар мен іштегі нәрестеде олардың саны - 6, ал жаңа туылған сәбиде – біреу немесе екеу. Екі тақ еңбектер бассүйек күмбезінің ортаңғы ұзынша сызығы бойында орналасса, ал қалған төртеуі – бүйірінде, жұптаса топтасып орналасқан. Алдыңғы еңбек(fonticulus anterior) ең үлкені болып саналады. Ол маңдай мен төбе сүйектерінің біріккен жерінде пайда болады және ромб тәрізді пішінде болады. Жаңа туылған сәбилерде еңбектің ұзындығы 1,8 см-ден 2,6 см-ге дейін, ал ені – 2-ден 3 см-ге дейін болады. Туылғаннан кейін алдыңғы еңбек салыстырмалы түрде жылдам жабыла бастайды, сондықтан 2 жастың соңына қарай 80% балаларда жабылып қалады. Оның кеш жабылуы рахит кезінде және гидроцефалиямен ауырғанда байқалады. Артқы немесе кіші, еңбек (fonticulus posterior) шүйде мен екі төбе сүйектерінің біріккен жерінде, яғни ұзынша және лямбда тәрізді тігістердің қиылысқан жерлерінде пайда болады. Бұл еңбек жаңа туылған сәбилерде көп жағдайда жабық болады. Кейде, туылғаннан соң 4-8 апта бойы ашық болуы мүмкін, ол кезде пішіні үшбұрышты негізі артқа қараған болуы мүмкін. Оның максималды мөлшері шамамен 1 см. Бүйірлік еңбектер(fonticulus sphenoidalis), әдетте шала туылған балаларда байқалады және туылғаннан кейінгі алғашқы 6 айда жабылады.

   Ми жарықтары(cephalocele). Ми жарықтары басқа ақаулармен, мысалы, ми шемені, ерін, таңдай жарықтарымен бірге де кездесуі мүмкін.

Гидроцефалия(hydrocephalia) –мидың шемені, цереброспиналды сұйықтықтың артығымен және көп бөлінуінен пайда болады.

 Краниостеноз(craniostenosis) - бұл ақау кезінде еңбек пен жіктер уақытынан бұрын жабылып қалады және сол жерлерде сүйектенуі аяқталады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.009 с.)