Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
БассҮйек іші гематомасы мен субарахноидалды Қан жиналу кезіндегі клиникалыҚ белгілердіСодержание книги
Поиск на нашем сайте БАССҮЙЕК ІШІ ГЕМАТОМАСЫ МЕН СУБАРАХНОИДАЛДЫ ҚАН ЖИНАЛУ КЕЗІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІ ТОПОГРАФО-АНАТОМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУ Эпидуралды гематома сирек кездеседі, бассүйек іші гематомаларының жалпы санының 1/5 құрайды. Қанның ағу көзі ортаңғы ми қабығының артериясы мен веналары және диплоитті вена болып табылады. Субдуралды гематома жиі кездеседі, Қан алғашқы үш күнде жиналады. Өанның ағатын көзі ортаңғы ми қабық вена болып саналады. Жедел субдуралды гематома ми қатты соққы алған кезде болады. Қысу симптомдар қысқа «айқындалу» симптоммен(1 сағаттан 24-28 сағатқа дейін)бірге ары қарай есінен тану симптомдары пайда болады. Жалпы симптомдар басының ауыруы, қозу(тежелу), құсу, жүрек айну, мидың ісінуі, көз қарашығының үлкеюі, эпилептикалық құлау, парез және параличтер(сему) пайда болады. Ми ішілік гематома ми затында қуыс түзе, оған сұйық қанның жиналуы түрінде болады. Гематома мидың ақ затында жиналады. Қанның ағатын көзі ортаңғы ми артерия тармақтары болып саналады. Өте жедел түрде гемипарез және гемиплегиялар дамиды. Миды қысу симптомдары күшейеді. Кездейсоқ субарахноидалды қан жиналғанда интракраниалды аневризм, тамырлы ісіктер ж.т.б. пайда болады. Өрмекші тәрізді қабық астына жиналған қан ликвормен араласып ми қабықтарына тітіркендіреді. Сол себептен күрт бастың ауруы, менигеалды имптомдар, психикалық бұзылыстар пайда болады.
ІІІ ТАРАУ
БАСТЫҢ БЕТТІК БӨЛІГІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ Жалпы сипаттама Бет аймағы(region facialis)бет жамылғылары жұқа тері, тері асты шел майы және бұлшықеттерден құралған. Бұлшық еттер мимикалық деп аталады, яғни олардың жиырылуы бетке өзгеріс береді. Кейбір бұлшықеттер бет сүйектерінен басталып теріге бекітіледі. Сондықтан олардың жиырылуы теріні де өзгертеді. Басқа бұлшықеттер тесіктердің айналасында дөңгелектеніп немесе талшықтары радикалды бағытта орналасқан. Олардың құрлысына байланысты осы тесіктер кішірейеді және үлкейеді. Қанмен өте жақсы қамтамасыз етілген. А.carotіdіs externae тармақтарымен a.maxіllarіs externa, а.temporalіs superfіsіalіs, а.maxіllarіs іnterna, жартылай а.carotіdіs іnternae тармақтарымен, а.ophthalmіca-мен жүзеге асады. Ірі тамырлардың тармақтары анастомоз жасайдыда торлар түзеді, жұмсақ ұлпалардың жақсы қоректенуін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты пластикалық операция кезіндегі кесінділер және кездейсоқ жаралар тез және жақсы жазылады. Веналар жақсы дамыған, торлар түзеді. Олар екі қабаттан тұрады. Беткі торды v.facіalіs anterorіs тармақтары түзеді. Ол vv.angularіs, nasofrontalіs және vv.ophthalmіcae(plexus ophthalmіcus) анастомоз жасайды. Терең торды v.facіalіs posterіorіs тармақтары түзеді. Ол жүйе plexus pterygoіdeus-пен байланысады. Сонымен қатар, екі тор беткі және терең, бір-бірімен кең түрде анастомоз жасайды, бастың терең веналық жүйесімен(vv.ophthalmіcae арқылы sіnus cаvernosus-пен) байланысады. Бұл жағдайдың клиникада жоғарғы ерін карбункуласы кезінде маңызды рөлі бар. Карбункулалар және беттің жоғарғы бөлігінің инфекциясы қатерлі өтеді. Өйткені, веналардағы үдеріс келе-келе тромбофлебитке айналып, инфекцияның веналық байланысы бойынша(v.angularіs - vv.ophthalmіca) sіnus cavernosus-қа және септикалық синусит пен менингиттің даму қаупі туады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.01 с.) |