БАСТЫҢ МИЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАСТЫҢ МИЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

Поиск

ІІ БӨЛІМ

  БАСТЫҢ МИЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

   Жалпы сипаттама

Бас топографиялық және анатомиялық қатынастары бойынша мойын аймағынан шекара арқылы бөліп жатады. Бас мойыннан алдынан төменгі жақтың төменгі жиегімен, төменгі жақтың бұрышымен, сыртқы есту жолының төменгі жиегімен, еміздікше тәрізді өсіндінің ұшымен және артынан шүйде сүйектің жоғарғы сызығымен (lіnae nuche superіor), шүйде сүйектің сыртқы төмпешігімен(protuperantіo occіpіtalіs externa) шекараланады.

Бас екі бөлікке бөлінеді: милық және беттік. Олардың арасындағы шекара көз шарасының жоғарғы жиегімен, маңдай, бет сүйектерінің арасындағы жікпен, бет сүйектің доғасы бойымен, сыртқы есту жолының

төменгі жиегімен және еміздік тәрізді өсіндінің ұшымен өтетін нүкте арқылы шекараланады. 

Бастың милық бөлігі бассүйектің күмбезіне(fornix cranii) және негізіне(basis cranii) бөлінеді. Бассүйектің күмбезі мен негізінің арасындағы шекара: protuberantіs occіpіtalіs externa, шүйде сүйектің жоғарғы сызығы(lіnae nuche superіor), еміздікше тәрізді өсіндінің негізімен, сыртқы есту жолының төменгі жиегімен және одан әрі самай сүйектің бет өсіндісінің түбіне өтеді, сосын tuberculum artіculre-ны жанап, crіsta іnfratemporalіs-ге дейін жетіп, сына тәрізді сүйектің қанатының жиегі бойымен, сына тәрізді өсіндінің алдымен жүріп rostrum sphenoіdale-ге жетеді.

Бұл аймақтардың  әр қайсысының ішкі және сыртқы беттері бар

 

 

КЕСТЕ  2

БАСТЫҢ БӨЛІКТЕРІ

Бастың милық бөлігі

Бастың беттік бөлігі

Күмбезі

Негізі

Алдыңғы бөлігі

Бүйір бөлігі

Маңдай-төбе-шүйде аймағы

Ішкі беті: алдыңғы, ортаңғы, артқы ойыстар

Көз, мұрын айыз, иек аймақтары

Беткі аймағы: ұрт, шықшыт-без шайнау аймағы

Самай аймағы

Сыртқы беті: алдыңғы және артқы бөлігі

 

Беттің терең аймағы

Еміздікше тәрізді өсінді аймақ

 

 

 

Құлақ аймағы

 

 

 

 

6 - сурет. Бас сүйектің милық және беттік бөліктерінің арасындағы шекара

(үздікті сызықпен белгіленген), бас сүйектің өлшем нүктелері [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.01 с.)