ТІЛДІҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТІЛДІҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

Поиск

ТІСТЕРДІҢ ФОРМУЛАСЫ

Тісттердің реттің орналасуын тістік формула арқылы жазады, оларды цифр немесе әріптер арқылы белгілейді.

Үлкен кісілер тістерінің толық тұрақты  тістерінің тістік формуласы:

    

3 2 1 2

2 1 2 3

3 2 1 2

2 1 2 3

   

Бұл формулада көлденең сызықтан жоғарғы торда жоғарғы жақ тістерінің, төменгі торда төменгі жақ тістері көрсетілген. Ал ұзынша сызықтың оң жағында оң жақ және сол жағында жақ бөліктер тістерін көрсетеді.

Сүт тістер ішінде кіші азу тістер болмайды. Сүт тістерінің тістік формуласы:

    

2 0 1 2

2 1 0 2

2 0 1 2

2 1 0 2

   

Бұл формулада көлденең сызықтан жоғарғы торда жоғарғы жақ тістерінің, төменгі торда төменгі жақ тістері көрсетілген. Ал ұзынша сызықтың оң жағында оң жақ және сол жағында жақ бөліктер тістерін көрсетеді.

 

 

48 - сурет.Сауыт бұрышы және түбінің белгілері ( жоғарғы латералды күрек тіс). Окклюзивті-дисталды бұрышқа қарағанда мезио-окклюзивті бұрыш үшкір [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

ТІСТЕСУ

Тістесу - дегеніміз тістер қатарының типтік қатынасын атайды. Ол фронталды тістердің(күрек тіс пен ит тістер) бір-біріне қатынасы бойынша анықталады.

Қалыпты немесе ортогнатиялық(orthos-тік, gnathos-жақ) тістесу үш түрде байқалады:

1. Айқасқан тістесу, жоғарғы, алдыңғы тістер қайшы сияқты 1-2 мм төменгі тісткерге еніп тұрады. Ол кезде алдыңғы тістер және жоғарғы жақтың альвеолярлық өсінділері алға шығып тұрады, бұл тістесу өте кең тараған болып табылады.

2. Қарсы айқасқан тістесу,  төменгі, алдыңғы тістер 1-2мм жоғарғыға еніп тұрады.

3. Ортогениялық тістесу - тікелей тістесу, төменгі жақтың күрек тістерінің кесетін беті жоғарғы жақ тістерінің кесетін беттерімен жанасып тұрады.

Альвеолярлық қырлар мен фронталды тістердің алға немесе артқа шығып тұруынан прогнатиялық немесе опистогнатиялық тістесу түрлері де болады.

 

Патологиялық тістесулердің төрт түрі болады:

Тіс қатараларының қарым-қатынастары бойынша анықталады: алға, бүйіріне және ұзынша. Жоғарғы немесе төменгі жақ тістері жақтан алға қарай қисаю болады. Күрек тістердің қисаюынан бір-біріне еніп кетеді де, шырышты қабықты жарақаттауы мүмкін. Қиғаш тістесу бір немесе екі жақты болуы мүмкін. Егер бір жақты болса, жоғарғы тістер бір жағынан төменгі тістерді, екінші жағынан төменгі тістер жоғарғы тістерді жауып тұрады. Ұзынша бағытта аузы ашық тұрады, тістесу төмендейді.Ол кезде аузын жапқанда 1-2 бұйір тістер ғана тістеседі, басқалары бір-біріне жабылмайды. Патологиялық тістесу кезінде тістердің шайнау беттері жиырылып, сөйлеуі бұзылады және беттің пішіні өзгереді.

 

 

 

49 - сурет.Тіс окклюзиясының типтері (А - қалыпты тістесу, Б – жартылай тістесу, жоғарғы жақтың күрек тістері алға  шығып тұрады, В -  жоғарғы және төменгі жақ тістерінің қарама-қарсы орналасуы). Жоғарғы жақ тістері (жасыл) және төменгі жақ(көк) тістері тістер доғасын түзеді. Жоғарғы тісттер жартылай эллипс тәрізді доға түзеді, ал төменгі доға парабола пішінде болады:

1 - molar teeth; 2 - premolar teeth; 3 - occlusal surface; 4 - incisor teeth; 5 - canine tooth [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

   ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ

Жоғарғы жақ (maxilla) жұп сүйек, оның денесі, төрт өсіндісі бар: маңдай, бет, альвеолярлық және таңдай. Жоғарғы жақтың денесінде жоғарғы жақ синусы(sinus maxillaris) орналасқан, ол жоғарғы жақ саңлауы арқылы мұрын қуысымен байланысады. Денесінің пішіні дұрыс емес, төрт беті бар: алдыңғы, көз шаралық, самай асты және мұрын.

Маңдай өсіндісі (processus frontalis) алдыңғы, мұрын және көз шаралық беттері біріккен жерден денесінен шығады. Жоғарғы тісті бөлігімен маңдай сүйектің мұрындық бөлігіне дейін жетеді. Латералды бетінде алдыңғы жастық айдаршық(crista lacrimalis anterior) шығады, ол төменде көз асты жиекке жалғасады. Медиалды бетінде торлы айдаршық(crista ethmoidalis) бар, онымен торлы сүйектің ортаңғы кеуелжірінің алдыңғы бөлігі бірігеді. 

Беттік өсінді(processus zygomaticus) денесінің жоғарғы, латералды жағынана шығады да, бет сүйекпен байланысады.

Алвеолярлық өсіндісі(processus alveolaris) қалың жапырақша, жаөтың денесінен басталады. Төменгі бос бөлігінде альвеолярлық доғасында тістің орны бар, олар бір-бірімен альвеолярлық бөлгіштермен бөлініп тұрады. Альвеолярлық өсінділердің сыртқы бетінде шығыңқы жерлері бар.

Таңдай өсіндісі(processus palatinus) көлденең жапырақша түрінде болады. Ол денесінің мұрындық бетінен басталады. Жоғарғы тегіс беті мұрын қуысының төменгі қабырғасын түзуге қатысады. Медиалды бетінде мұрындық қыры бар, ол қарама-қарсы жақтағы сондай қырмен желбіршектің төменгі жиегімен байланысатын шығыңқы жерді түзеді.

Төменгі беті тегіс емес, артқы бетінде таңдайлық жүлгесі бар. Медиалды беті де тегіс емес, ол қарама-қарсы жақтағы аттас өсіндімен бірігіп қатты таңдайды түзеді. Ортаңғы біріккен тігісте күрек тіс өзегіне(canalis incisivus) баратын тесік орналасқан. Таңдайлық өсіндінің артқы жиегі таңдай сүйектің көлденең жапырақшасымен байланысады.

 

50- сурет. Жоғарғы жақ, оң жақ(А-латералжы жақтағы беті, Б-жоғарғы жақ, төменгі беті):

1 – alveolar canals зонд бар; 2 - maxillary sinus; 3 - infra-orbital canal; 4 - palatine process; 5 - palatine spines; 6 - interradicular septa; 7 - zygomatic process; 8 - interalveolar septa; 9 - dental alveoli; 10 - incisive suture; 11 - incisive foramina; 12 - incisive bone; premaxilla; 13 - median palatine suture; 14 - alveolar arch; 15 - palatine grooves; 16 - palatine torus [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том І. Опорно-двигательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

    ТӨМЕНГІ ЖАҚ

  Төменгі жақ(mandibula) тақ сүйек, бассүйектің бір ғана қозғалғыш сүйегі, самай сүйекпен бірігіп төменгі жақ буынын түзеді. Көлденеі бағытта орналасқан денесін және ұзынша бағытта орналасқан екі өсіндісін бөледі.

Төменгі жақтың денесі(corpus mandibulae) таға тәрізді имек, оның ішкі және сыртқы беттері бар. Төменгі жиегі негізі қалыңдау, иілген болып келеді, жоғарғы жиегі альвеолярлық доға түзеді. Онда тіс альвеолалары бар, араларында альвеолалар аралық бөлгіш орналасқан. Сыртқы беттерінде шығыңқы жерлері бар. Денесінің алдыңғы бетінің ортаңғы сызығы бойында иектің шығыңқы(protuberantia mentalis) жері болады, төменгі жағында кеңейіп жұп иек төмпешігімен(tuberculum mentale) аяқталады. Иек төмпешігінің артында екінші азу тіс деңгейінде иек тесігі(fotamen mentale) орналасқан.

Денесінің ішкі бетінің ортасында иек білігі шығып тұрады. Оның бүйірінде оң және сол жақтарында сопақша пішінді екі қарыншалы ойыс (fovea digastrica) орналасқан. Біліктің жоғарғы жиегінде тіс альвеоласына жақын екі жағында тіл асты ойыс(fovea sublingualis) орналасқан. Оның астында қиғаш жоғарыға қарай жақ-тіл асты сызық(liniea mylohyoidea көрінеді. Осы сызықтың астында азу тістердің деңгейінде төменгі жақ асты ойыс(fovea submandibularis) орналасқан.

Төменгі жақтың өсінділері(ramus mandibularae) жұп, денесінен доға бұрыш жасап жоғарыға қарай шығады, алдыңғы және артқы жиектері және екі беті бар(сыртқы, ішкі). Денесінің артқа қарай ауысуынан бұрыш түзіледі, сыртқы бетінде шайнау төмпешігі бар, ал ішкі бетінде қанатты төмпешік бар. Осы төмпешіктен кішкене жоғарғы төменгі жақтың тесігі(foramen mandibularae) орналасқан. Осы тесік бойымен төменгі жақ өзегіне (canalis mandibularae) келеді, ол ішкі беті бойымен келіп сыртқы бетінде иек тесіне келіп жалғасады. 

Төменгі жақтың өсінділері жоғарыға бағытталып тәждік және айдаршықтық(буындық) болып екіге бөлініп аяқталады. Олардың арасында төменгі жақ ойысы орналасқан. Тәждік өсінді ұшы үшкір, негізінің ішкі бетінен соңғы азу тіске қарай ұрт айдаргыңы бағытталған.

Айдаршықты өсіндінің басы, мойны бар және алдыңғы бетінде қанатты ойыс(foveapterygoidea) болады, оған латералды қанатты бұлшықет бекітіледі.

 

51 - сурет. Төменгі жақ(А –алдыңғы беті, Б – артқы беті, В – бүйір беті,оң жақтан):

1 - mental protuberance; 2 - body of mandible; 3 - mental foramen; 4 - dental alveoli; 5 - oblique line; 6 - coronoid process; 7 - condylar process; 8 - alveolar part; 9 - ramus of mandible; 10 - mandibular foramen; 11 - mylohyoid line; 12 - angle of mandible; 13 - pterygoid fovea; 14 - mandibular notch; 15 - mental tubercle [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том І. Опорно-двигательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

Тіл(lingua) – бұлшықетті мүше. Оның екі бөлігі бар: 1. Алдыңғы ұшын, денесін бөледі. Ол ауыз қуысында орналасқан. 2. Артқы, түбін бөледі. Ол аңқа аймағында орналасқан.

Бөліктерінің арасында V - тәрізді жастықша(papilla vallatae) шекарасы болып табылады, оның еміздікшелері және ортаңғы сызық бойында ойысы (foramen caecum) бар. Тіл ауыз қуысы жақтан шырышты қабықпен жабылған, онда көптеген еміздікшелер орналасқан.

Шырышты қабық көмей үсті шеміршекке ауысады және үш қатпар түзеді(plica glossoepiglottica mediana, екі plica glossoepiglottica lateralis), осы қатпарлардың арасында ойыс(vallecula epiglottica)  орналасқан, ол жерге бөгде заттардың түсуі мүмкін.

Тілдің меншікті және қосымша бұлшықеттері ұзынша, көлденең бағытта орналасқан:

· тілдің жоғарғы ұзынша бұлшықеті(m.longirudinalis superior linguae);

· тілдің төменгі ұзынша бұлшықеті(m.longirudinalis inferior linguae);

· тілдің көлденең бұлшықеті(m.transversus linguae);

· тілдің вертикалды бұлшықеті(m.verticales linguae);

· тіл асты-тіл бұлшықеті(m.hyoglossus);

· иек-тіл бұлшықеті(m.genioglossus);

· біз-тіл бұлшықеті(m.styloglossus).

 

52- сурет. Тіл, жоғарғы беті:

1 - apex of tongue; tip of tongue; 2 - filiform papillae; 3 - lentiform papillae; 4 - conice papillae; 5 - foliate papillae; 6 - tonsillar pits; 7 - palatine tonsil; 8 - lateral glosso-epiglottic fold; 9 - epiglottis; 10 - ary-epiglottic fold; 11 - vestibular fold; 12 - vocal fold; 13 - rima glottidis; 14 - interarytenoid notch; 15 - corniculate tubercle; 16 - cuneiform tubercle; 17 - piriform fossa; piriform recess; 18 - median glosso-epiglottic fold; 19 - epiglottic vallecula; 20 - root of tongue; 21 - lingual tonsil; 22 - follicle of tongue; 23 - foramen caecum of tongue (thyroglossal duct); 24 - terminal sulcus of tongue; 25 - vallate papillae; 26 - fungiform papillae; 27 - body of tongue; 28 - midline groove of tongue; median sulcus of tongue

[Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)