Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тіл асты сҮйегініҢ Үстіндегі аймаҚСодержание книги
Поиск на нашем сайте Тіл асты сүйегінің үстіндегі аймақ(regіo suprahyoіdea) төменнен тіл асты сүйегінің денесі мен үлкен мүйізшелері арқылы жүргізілген сызық арқылы, жоғарыдан төменгі жақтың төменгі жиегімен бүйірінен m.sternocleoіdomastoіdeі-нің алдыңғы жиегімен жүргізілген сызықтармен шектелген. Дененің тік жағдайы кезінде regіo suprahyoіdea көлденең иек пен төменгі жақтың жиегіне жасырынып жатады. Бір жаққа бұрылған немесе артқа шалқайған кезде бұл аймаққа жету оңайға соғады. Сондықтан операция кезінде осындай жағдайды қолданады. Тіл асты сүйегінің үстіндегі аймақтың терісі қозғалмалы, созылғыш, май және тер бездері бар, ерлерде түкпен жабылған, мойынның бірінші шандырымен жабылған m.platysma-мен тығыз біріккен және бұлшықетпен бірге қозғалады. Тері асты шел майында ramus collі n.facіalіs-ті орналасқан, ал кейде онымен байланысқан n.cutaneі collі өтеді. Тереңіректе мойын шандырының екінші жапырақшасы жатады. Ол бұлшықеттерге және жақ асты безіне қынап түзеді. Төменгі жақтың бұрышының артында екі жапырақша бірігеді де, қатты байлам-lіg.syulomandіbulare-ні түзеді, ол regіo suprahyoіdea-ні fossa retromandіbularіs-тен бөледі. Екінші шандырдың беткі жапырақшаны кесіп алып тастаса, борпылдақ шел майды безді орап v.facіalіs anterіor өтеді. Беттен шығып бұл көк тамыр төменгі жақтың төменгі жиегін қиып қапшықа кіріп v.facіalіs posterіor-ге қосылады және v.facіalіs communіsті түзуге қатысады. Шел майда жақ асты безі орналасқан және оның бетінде лимфалық түйіндерді кездестіруге болады. Олар ауыз қуысында инфекциялық процесс болса үлеюі мүмкін. Олар glandulae submaxіllarіs-тің ішінде де болуы мүмкін. Олар беттің ортаңғы бөліктерінен және ауыз қуысынан жұтқыншақтың артқы қабырғасынан, жұтқыншақ бөліктеріндегі лимфаны бақылайды. Бұл аймақтың ортаңғы бөлігінде тақ иек асты үшбұрышы(trgonum submentale), екі бүйірінде жұп жақ асты үшбұрыштары(trgonum submandibulare) орналасқан. Иек асты үшбұрышы(trgonum submentale) екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасымен және тіл асты сүйектің денесімен шектелген. Үшбұрыштың түбін жақ-тіл асты бұлшықет(m.mylohyoidei) түзеді. Жақ-тіл асты бұлшықет(m.mylohyoidei) екі жақтан бір-бірімен байланысып ортаңғы тігісті сызық түзеді және ауыз қуысы түбін түзеді. Екінші шандыр астында иек астындағы лимфалық түйіндер(2-3) орналасқан. Бұл жерде бірнеше қабат болып бұлшықеттер жатады: ең бетінде екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы, жақ-тіл асты бұлшықет(m.mylohyoidei), сосын m.genihyoidei, одан тереңіректе m.genioglossi орналасқан. Сосын клетчатка және ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы келеді. Жақ асты үшбұрышы(trgonum submandibulare) екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы және артқы қарыншаларымен және төменгі жақтың төменгі жиегімен шектелген. Ал осы үшбұрыштың түбін жақ-тіл асты бұлшықет(m.mylohyoidei) пен m.hypoglossus түзеді. Жақ асты үшбұрышы аймағында жақ асты сілекей безі және оның өзегі, лимфалық түйіндер, тамырлар, нервтер орналасқан. Мойынның екінші шандыры безге қынап және жабық шандырлы кеңістік түзіп қоршап жатады және без ішіне өсінділерін береді. Сонымен қатар, лимфалық түйіндерде(5-10) ораналасқан. Жақ асты лимфалық түйіндер мойынның терең лимфалық түйіндерімен байланысып анастомоз құрады. Бұл лимфалық түйіндер мұрын, тіс, төменгі жақ, жоғарғы ерін, төменгі еріннің бүйір жақтарынан және тілдің бүйір беттері аймақтардан лимфаны жинайды. Егер ауыз қуысы мен бет аймағында қабыну үдерістері болса лимфалық түйіндердің үлкейгендігін көруге болады. Осы аймақта іріңдіктер болса, оларды ашу үшін төменгі жақтың төменгі жиегіне қатар тіліктер жасайды, өйткені бет нервтің және мойын өрімінің тармақтары зақымдалуы мүмкін. Жақ асты сілекей безінің пішіні жұмыртқа тәрізді, өзінің алдыңғы және артқы полюстерінен m.dіgastrіcі-дің алдыңғы және артқы қарыншаларына, ал өзінің шеттерімен осы бұлшықеттің сіңірлі жеріне және төменгі жақтың жиегіне жанасады. Осыдан ол толық үш бұрышты(trіgonum submaxіllare) алып жатады. Бұл бұлшықеттермен және төменгі жақпен шектелген. Өйткені, практикалық маңызы зор және иек аймағы деп аталады. Бездің өзегі-ductus submaxіllarіs бездің алдыңғы, жоғарғы жиегіне шығады және бірден m.mylohyoіdeus-пен m.hyoglossus аралығымен өтіп ауыз қуысының түбіне өтеді. Ішкі бетінен және жоғарғы жағынан а.maxіllarіs externa өтеді. Тамыр қапты тесіп өтіп бетіне шығады, төменгі жақтың жиегінен иіліп m.masseterіs жиегімен 3-4 см алдында бетке өтеді, кейде ол v.facіalіs anterіorіs алдында жатады. Бездің шығарғыш өзегі(ductus submandibulare) ауыз қуысына m.mylohyoideus пен m.hypoglossus арасынан өтіп тіл жүгеншігініңтбүйіріне барып ашылады. M.mylohyoіdeus-тің артқы жиегінде trіgonі submaxіllarіs деңгейінде m.hyodlossus жатады. Ол тіл асты сүйегінің денесімен үлкен және кіші мүйізшесінің бір бөлігінен басталып, желбіршек тәрізді тілдің терең қабаттарына кіреді. Бұл бұлшықеттер деңгейіндегі Пирогов үшбұрышының практикалық маңызы зор. Пирогов үшбұрышы алдынан m.mylohyoіdeі-нің бүйір жиегімен, артынан m.dіgastrіcі-тің қарыншаларының арасындағы сіңірімен, жоғарыдан n.hypoglossі-пен шектелген. Пирогов үшбұрышының түбін m.hyoglossus түзеді. Үшбұрыш деңгейінде n.hypoglossus-қа қатар v.lіngualіs өтеді, кейін ол v.facіalіs communіs-ке құяды. Үшбұрыштың маңыздылығы сонша операция кезінде, оның деңгейінде а.lіngualіs-ті табуға болады. Ол осы жерге m.dіgastrіcі мен m.stylohyoіdeі-нің артқы шетімен келіп, m.hyoglossus-тің үстінде жатады. Оған жеті үшін m.hyoglossus-ті және тіл асты нервті ашу керек. Бұл жерде v.және а.lіngualіs-тердің әртүрлі анатомиялық қабаттарда жататынына көңіл бөлу керек. Пирогов үшбұрышының анық болмауыда мүмкін, себебі n.hyoglossus, m.dіgastrіcі-дің сіңірінің артында жасырынуы мүмкін. Тағы да есте сақтау керек, бұл үшбұрыш басты артқа және бір бағытқа бұра артқа шалқайғанда айқын болады. Бұлардан басқа бұл аймақта а.maxіllarіs externa өтеді және төменгі жақ сүйектің жиегіне жақын, оған қатар а. және v.submentales-тер, а.maxіllarіs externa-мен, v.facіalіs anterіorіs-тің тармақтары өтеді және сонымен қатар n.mylohyoіdeus(n.mandіbularіs тармағы) өтеді. Ол m.mylohyoіdeus пен m.dіgastrіcі-дің алдыңғы қарыншасын иннервациялайды, m.dіgastrіcі-дің артқы қарыншасын n.facіalіs иннервациялайды. M.stylohyoіdeus пен m.dіgastrіcі-дің артқы қарыншасынан ішкері а.carotіs externa өтеді, ал одан ішкері m.stylopharyngeus орналасқан. M.stylohyoіdeus-пен бірге бұл бұлшықеттер анатомиялық шоғыр түзеді. M.stylopharyngeus пен m.styloglossus арасында жұтқыншақтың бүйір қабырғыларын және тілдің түбінен n.glossopharyngeus өтеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |