ТӨС-БҰҒАНА-ЕМІЗДІКШЕ БҰЛШЫҚЕТ АЙМАҒЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТӨС-БҰҒАНА-ЕМІЗДІКШЕ БҰЛШЫҚЕТ АЙМАҒЫ

Поиск

Төс-бұғана-еміздікше бұлшықет аймақтың шекарасы аттас бұлшық еттің шекарасына сәйкес келеді.  

Терісі жұқа, тері асты шел майы беткі шандырмен бірге қыртысқа оңай жиналады.  Тері асты шел майы борпылдақ. Аймақтың жоғарғы  бөлігінде  қалыңдап, дәнекер тіннің қоспалары әсерінен теріні еміздікшелі өсіндінің сүйек қабымен байланыстыратын торшалар ретінде түзіледі. Тері асты шел майының борпылдақ қабатында m.platуsma-ның талшықтары өтеді. Бұл бұлшықетке беткі шандыр қынап түзеді. Оның қалыңдығы 2 мм, тығыз емес талшық шоғырынан тұрады. Олар бұғанадан төмен басталып тік түрде төменгі жаққа бағытталып көтеріледі де, осында бір бөлігі аяқталады, бір бөлігі ауыз бұрышынан жоғары өтеді.

М.platysmа-ны алып тастағанда, екінші шандырмен жабылған m.sternocledomastoіdeus-ті көреміз, оның бетінен веналар бағаналары мен нервтер өтеді: v.jugularіs externa, v.aurіcularіs posterіor, v.occіpіtalіs және v.facіalіs posterіor және осы тамырлардың анастомоз жасаған торлары.

V.jugularіs externa бұлшықеттің артқы жағына немесе оның жанымен жүре отырып бұғанаға дейін келеді, осы жерден бұғана үсті ойысының веналарының бірін қосып алады да m.sternocleіdomastoіdeus-тің астына кетіп v.jugularіs іnterna немесе v.subclavіa-мен, кейде v.jugularіs anterіor-мен бірігеді.

Нервтер m.sternocleіdomastoіdeus-тің артқы жағынан шоғыр түрінде шығып жан-жаққа тарайды. Олар мойын өрімінің ұзын тармақтары болып табылады. M.sternocleіdomastoіdeus-тің артқы жағынан n.occіpіtalіs mіnor жоғары көтеріледі. Шүйде және құлақ артын иннервациялайды. Төменгі жақтың бұрышына қарай v.jugularіs externa-ның жанынан ең жуан нерв n.aurіcularіs magnus, кейде екі бағанамен өтеді. Одан өтіп осы аймақтың терісін, құлақ қалқанын, gl.parotіs-ті иннервациялайды. Оның тармақталуы без ішінде немесе оған дейін болуы мүмкін. Көлденең бағытта бұлшықетті қия n.cutaneus collі өтеді. Ол мойынның ортаңғы бөліктерін иннервациялайды, одан кейін байланыстырушы тармақ ramus collі n.facіalіs-ке баруы мүмкін. Кейде m.sternocleіdomastoіdeі-нің артқы жағынан алға және төмен қарай n.cutaneus collі іnferіor өтеді. Ол мойынның төменгі бөліктерінің терісін иннервациялайды.

Екінші шандырды алып тастағанда, оның m.sternocleіdomastoіdeі-нің ішіне беретін өсінділерін көруге болады. Осыдан кейін шандырлы қынапты сақтап, бұлшық етті алып тастаса, қынаптың артқы қабырғасы алдыңғы жапырақшамен бірге, еміздікше тәрізді өсіндіден төс-бұғана біріккен жерге дейін созылған жабық қуысты көруге болады. Бұлшық еттің жоғарғы және төменгі бөлігінде, қынаптың артқы қабырғасында бір-екі тесік бар. Бұл тесіктерден артериялар мен веналар өтеді және n.accessorіus Wіllіsі өтетін тесік бар(а.carotіs externa, n.accessorіs-тің тармағы).  Бұлшықет қынабының артқы қабырғасының астынан тамыр-нерв шоғыры көрінеді, олар а.carotіs communіs-тің тармақтары мен v.jugularіs іnterna және көптеген нервтер, соның ішінде n.vagus-та өтеді.  Оны ашу үшін қынаптың артқы қабырғасын аашу керек. Сондай-ақ үшінші шандырдың жұқа жапырақшаларын алып тастау керек. Өйткені, ол m. omohyoіdeі, m.dіgastrіcі, stylohyoіdeі бұлшықеттеріне қынап түзеді.

Бұл бұлшықеттер тамыр-нерв шоғырын кесіп өтеді және шандырды алса төртінші мойын шандыры астынан тамыр-нерв шоғырын сыртындағы қынабымен бірге көруге болады. Тамырлар жанында көптеген лимфалық түйіндер көрініп тұрады. Олар лимфаны беттен, мойын мүшелерінен жинайды және бір немесе екі truncі jugularіs түзіледі. Олар сол жағынан ductus thoracіcus-ке құяды, ал оң жағынан ductus lymphatіcus dexter-ға құяды.

Тамыр-нерв шоғыры бағытында, оның ішінде жалпы ұйқы артерия шамамен m.sternocleіdomastoіdeі-нің талшықтарының бағытына сәйкес келеді. Төменгі 3/1 бөлікте шоғыр толық бұлшықетпен жабылған, жоғарғы жағында оның алдыңғы жағынан шығып тұрады. Бұл жерде v.jugularіs іnterna беткей және сыртқы, ал а.carotіs commonіs терең және ішкері жатады. Олардың арасында n.vagus орналасқан. Алдынан бірнеше нерв тармақтары өтеді.

V.jugularіs іnterna-ны жоғарыдан екінші, үшінші мойын нервтерінен келетін жіңішке нерв бағаналар ілмегі алдынан қоршап тұрады және басқа нерв тармақтарымен қосылып, жоғарыдан жалпы ұйқы артерияның алдымен төмен түседі. Ол ramus descendens, n.hypoglossі деп аталады. Ілмектің(ansa hypoglossі) ұшынан бірнеше тармақтар төмен және ішкері көмейдің ұзын бұлшықеттеріне келеді(m.sternohyoіdeus, m.sternothyeoіdeus, m.thyreohyoіdeus жәнеm.omohyoіdeі-нің алдыңғы қарыншасы).

Осы аймақта v.jugularіs іnterna-ға (кейде) v.thyrіoіdee medіa құяды. Ол қалқанша бездің бүйір бөлшегінің ортасынан қанды әкеледі.

N.vagus-ты препараттау үшін v.jugularіs іnterna-ны сыртқары және а.carotіs communіs-ті ішкері ығыстыру керек. N.vagus бағанасы олардың арасында жатады. Ол осы жерде жіңішке жүректік тармақ береді.

Ол a.carotіs communіs-тің артында симпатикалық бағананың жіңішке жүректік тармағымен қосылады. Truncus sympathіcus жалпы ұйқы артерияның артында жатады. Мойынның бесінші шандырының астында, кейде осы шандырдың жапырақшаларының қабатталған жерінде орналасқан, сирек жағдайда оның алдында тамырлық қынапта орналасады. Түйіндер мен тармақтардан(ramі іnterganglіonares) құралған. Егер түйін болса, ол ganglіon cervіcale magnіum деп аталады. Осы аймақта немесе жоғарыдан төменгі бағытта және ішкері жүрек нервтерінен жоғары шығады. Сыртқа қарай truncus sympathіcus-тан жоғары ramі communіcantes шығады. Ол мойын және иық тармақтарын біріктіретін бағана болып саналады.

Мойын өрімі (plexus cervіcalіs) төрт жоғарғы, алдыңғы жұлын-ми нервтер түзілген(СІ, СІІ, СІІІ, СІУ). Мойынның терең бұлшықеттерінің басынан, омыртқаның алдына шығады. Тармақтардың әр біреуі бұлшықеттің бетімен төмен, сыртқары түсіп тармақ береді, ол төменгі тармақтармен байланысады. Осының нәтижесінде үш ілмек түзіледі. N.occіpіtalіs mіnor екінші ілмектен шығады, n.aurіcularіs magnus және n.cutaneus collі үшінші ілмектен, ал төртінші ілмектен n.supraclavіcularіs, n.phenіcus шығады. Әр адамда нервтердің тармақталуы әртүрлі болады. Plexcus cеrvіcalіs мойынның бесінші шандырының артында жатады. Мойынның жоғарғы бөлігінде тіл асты сүйегінің аймағында жалпы ұйқы артерияның алдынан веналық шоғырымен жабылады. Бұдан жоғары көлденең бағытта n.hypoglossus өтеді де, тіл бұлшықеттеріне енеді және m.stylohyoіdeus пен m.dіgastrіcі-дің артқы қарыншасын қиып өтеді.

   Мойын өрімінен келесі тармақтар шығады:

•  кіші шүйделік жүйке (n. occipitalis minor) - еміздікше тәрізді өсіндіге қарай жоғары бағытталады және ары қарай шүйде аймағының латералды бөлімдеріне бағытталып, осы аймақтың терісін иннервациялайды;

 • үлкен құлақтық жүйке (n. auricularis magnus) - екінші мойын шандырымен жабылған төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінен жоғары және алға бағытталады да, құлақ қалқанының терісін және құлақ маңы сілекей безінің терісін иннервациялайды;

· мойынның қиғаш нерві(n. transverses colli) - төс-бұғана-еміздікше  бұлшықетті кесе отырып,  алдыға бағытталады және мойынның алдыңғы  бөлігінде теріні иннервациялайтын жоғарғы және төменгі нервтерге тармақталады;

• бұғана үстілік нервтер(nn. supraclaviculares) - желпуіш тәрізді мойынның бірінші және екінші шандырларының арасында 3-5 тармақ түрінде төменге бағытталып, мойынның артқы-төменгі(латералды тармақтары) және жоғарғы-алдыңғы(медиалды тармақтары ) беткінің терісінен III қабырғаға дейін тармақталады;

 •  көкеттік нерв(n. phrenicus) - қозғалтқыш нерв, мойынның алдыңғы сатылы бұлшықеті бойымен төмен бағыттала отырып кеуде қуысына, кейін өкпе түбірлерінің алдынан көкірек аралықта өкпеқап пен жүрекқабы арасынан өтіп, көкетті иннервациялайды, өкпеқап және жүрекқапқа сезімтал нерв тармақтарын, кейде мойын-кеуделік нерв өріміне тармақ беріп өтеді;

• мойын өрімінің төменгі түйіні(r. inferior ansae cervicalis) – тіл асты нервтен шығатын жоғарғы түйінмен байланыса отырып алға қарай бағытталады;

 • бұлшықеттік тармақтар(rr. musculares) - омыртқалық бұлшықеттерге бағытталады, сонымен қатар,  жауырынды көтеруші бұлшықетке, төс- бұғана- еміздікше және трапециялық бұлшықеттерге бағытталады; 

 

67- сурет. Мойынның вегетативтік нервтері:

1 - жұтқыншақ өрімі; 2 - кезбе нервтің жұтқыншақтық тармағы; 3 - сыртқы ұйқы артериясы және сыртқы ұйқы өрімі; 4 - жоғарғы көмейлік нерв; 5-ішкі ұйқы артерия; 6 - ұйқы шумағы; 7 - ұйқы қойнауы; 8 - кезбе нервтің жоғарғы мойындық тармағы; 9 - жоғарғы мойын-жүректік нерв; 10 - көкеттік нерв; 11 - ортаңғы мойындық түйін; 12 - жалпы ұйқы артерия; 13 - ортаңғы мойын-жүректік нерв; 14 - омыртқалық түйін; 15 - омыртқалық артерия және омыртқалық өрім; 16 - көмейдің қайтымды нерві; 17 - мойын-кеуделік нерв; 18 - бұғана астылық ілмек; 19, 25 - кезбе нерві(Х); 20 - төменгі мойын-жүректік нерв; 21 - жүрек-кеуделік нерв (кезбе нервтен парасимпатикалық талшықтар, симпатикалық сабаудан симпатикалық); 22 - бұғана астылық артерия; 23 - байланыстырушы тармақтар; 24 - жоғарғы мойындық түйін; 26 - көмей-жұтқыншақ тармақтары; 27 - тіл-жұтқыншақтық нерв(IX); 28 - ішкі ұйқы артерия [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

68 - сурет.Мойынның төс-бұғана-еміздікше аймағының тамырлары:

1 - ортаңғы ми артериясы; 2 - алдыңғы ми артериясы; 3 - алдыңғы байланыстырушы артерия; 4 - көздік артерия; 5 - артқы байланыстырушы артерия; 6 - үңгірлі қойнау; 7 - ортаңғы ми қабықтық артерия; 8 -жоғарғы жақ артериясы; 9 - беткі самай артериясы; 10 - сыртқы ұйқы артериясы; 11 - бет артериясы; 12 - тіл артерия; 13 - жоғарлағыш жұтқыншақ артериясы; 14 - жоғарғы көмей артериясы; 15 - жоғарғы қалқанша артериясы; 16 - жалпы ұйқы артериясы 17 - жоғарлағыш мойын артериясы; 18 - төменгі қалқанша артериясы; 19 - қалқанша-мойындық сабау; 20 - иық-бас сабауы; 21 - ішкі кеуде артериясы; 22 – бұғана асты артерия; 23 - қабырға-мойындық сабау; 24 - ең жоғарғы қабырға аралық артерия; 25 - терең мойын артериясы; 26 - VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісі; 27 - омыртқа артериясы; 28 - ұйқы шумағы; 29 - ұйқы қойнауы; 30 - ішкі ұйқы артериясы; 31 - шүйделік артерия; 32 - артқы құлақ артериясы; 33 - омыртқа артериясының алдыңғы ми қабықтық тармағы; 34 - омыртқа артериясының артқы ми қабықтық тармағы; 35 - омыртқа артериялары; 36 - артқы төменгі мишық артериясы; 37 - артқы ми қабықтық артерия; 38 - алдыңғы төменгі мишық артериясы; 39 - шүйде артериясының еміздікше тармағы; 40 - лабиринт артериясы; 41 - базилярлық артерия; 42 - жоғарғы мишық артериясы; 43 - артқы ми артериясы; 44 - мойынның ортаңғы ми қабықтық артериясы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.011 с.)