ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ

Поиск

ЖҰТҚЫНШАҚ

Жұтқыншақ (pharynx) жоғарғы бөлігі бассүйек негізімен және төменде VI мойын омыртқаға дейін келеді, сол жерден өңеш басталады. Оның бүйір және артқы қабырғасы үш жұп жұтқыншақ бұлшықетінен құралған (mm. сonstrictor pharynges superior, medius et inferior), бір-біріне шатыр секілді қабаттаса орналасқан. Жұтқыншақ алдынан, жоғарыдан төмен қарай мұрын жолдары, жұмсақ таңдай, аңқа, көмейге жанасады.

Жұтқыншақтың үш бөлігі бар:

1. Мұрын-жұтқыншақ(epipharynx) – күмбезден қатты таңдайға дейін, бүйір қабырғаларында евстахиева түтікшелеріне ашылады.

2. Ауыз бөлігі(mesopharynx) тіл асты сүйегіне дейінгі бөлігі.

3. Көмейлік бөлік(mesopharynx)  өңешке дейін созылатын соңғы бөлік. Көмейге кіре берісте ожау тәрізді-көмей үстілік байлам және жұтқыншақ бүйір қабырғасы арасында алмұрт тәрізді шұңқыры бар. Шұңқыр түбінде шырышты қабықтың қатпарлары көрінеді. Оның астынан жоғарғы көмейлік нервтің ішкі өрімі өтеді. Жұтқыншақ aa.pharyngea ascendens, palatine ascendens, palatine descendens, thyreoideae superior et inferio арқылы қанмен қамтамасыз етіледі. Лимфа терең мойын лимфатикалық түйіндеріне ағады. Көмейді кезбе, тіл-жұтқыншақ және симпатикалық нерв өрімдері иннервациялайды.

Голотопия. Жұтқыншақ(pharynx) мойынның алдыңғы аймағында орналасқан.

Скелетотопия. Бассүйектің негізіндегі жұтқыншақ төмпешігі маңынан басталып, VI мойын омыртқасы деңгейінде өңешке жалғасады.

 

78 - сурет.Көмейдің скелетотопиясы:

1 - thyroidcartilage; 2 - hyoidbone; 3 - atlas [ci]; 4 - axis [cii]; 5 – cricoidcartilage [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Эндокринная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

Синтопия. Жұтқыншақ ауыз қуысының, мұрынның және көмейдің артында орналасқан, ал омыртқа және мойынның ұзын бұлшықеттері, яғни омыртқа алды шандырларымен шүйделік кеңістіктің алдында орналасқан. Бүйірінен жалпы ұйқы артериясы, қалқанша безінің жоғарғы бөліктері, ішкі ұйқы артерия, жоғарылаған жұтқыншақ артерия және жұтқыншақ маңы кеңістігі орналасқан. Жұтқыншақ қуысы ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмеймен байланыстырады. Жұтқыншақ есту түтігі арқылы ортаңғы құлақпен байланысады.

 

 

79 - сурет.  Тіл және таңдай бездері:

1 - lingual tonsil; 2 - palatine tonsil [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Эндокринная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

80 - сурет.Түтікті және жұтқыншақтық бездер:

1 - tubal tonsil; 2 - pharyngeal tonsil

 

 

 Жұтқыншақ қабырғасына Пирогов-Вальдейер сақинасын құрайтын лимфалық түйіндер жиынтығы жанасып жатады. Сақина құрамына кіреді: 1. Жұтқыншақ безі, артқы қабырғасында мұрын-жұтқыншақ күмбезіндегі, шырыш асты қабатында орналасқан. 2. Түтікті без, евстахиев түтігіндегі тесікте деңгейінде орналасқан. 3. Таңдайлық без, доғалар мен аңқа арасында орналасқан. 4. Тілдік без, тіл түбінде орналасқан.

Жұтқыншақ асқорыту және тыныс алу жолдарының бастапқы бөлігі болып табылады.

Мұрын-жұтқыншақтың бүйір қабырғалары сүйектерге бекітілген, сондықтан ол төменге түсіп кетпейді. Алдыңғы қабырғасы жоқ, себебі ол екі хоан арқылы мұрын қуысымен байланысады. Мұрын қабыршағының артқы соңғы деңгейіндегі бүйір қабырғасында қосарланып, есту түтікшесінің жұтқыншақтық тесігі орналасқан. Одан төменге қарай шырышты қабықшаның құбырлық-жұтқыншақтық және құбырлық-таңдайлық қатпарларға барады. Тесіктің артында орналасқан құбырлық білікшенің артына қарай жұтқыншақтық қалта орналасқан, оның мөлшері құбырлық бадамшаның мөлшеріне тәуелді болады. Әсіресе балаларда өте жақсы дамыған, жоғарғы қабырғаның төменгі қабырғасына өтетін жерінде жұтқыншақтық бадамша без орналасқан. Есту түтікшесінің жұтқыншақтық тесігінің алдына қарай құбырлық бадамшалар орналасқан.

Жұтқыншақтың ауыздық бөлігінде тек бүйірлік және артқы қабырғаларын ғана ажыратады. Жұту кезінде жұмсақ таңдай көлденең жылжуы кезінде, жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерін ауыз бөлігінен бөледі, ал тіл түбі менкөмейдің кіреберісін жабады. Ауыз қуысын кең ашқан кезде жұтқыншақтың артқы қабырғасы көрінеді.

Жұтқыншақтың көмейлік бөлігінде алдыңғы, артқы және бүйір қабырғаларын ажыратады. Тыныш кезінде алдыңғы мен артқы қабырғалары бір-біріне жанаса орналасады. Алдыңғы қабырғаның аймағында алмұрт тәрізді қалталар жатады, ішкі жағынан жұтқыншақтың көмейлік ойысымен, ал сыртқы бетінен – жұтқыншақтың бүйір қабырғасымен және қалқанша шеміршектің артқы ернеуінің қатпарларынан шығады. Алмұрт тәрізді қалта көмейлік нервтің қатпарымен екі бөлікке бөлінеді: жоғарғы және төменгі. Қатпардан көмейлік нерв өтеді.

Жұтқыншақтың қабырғасы шырышты қабаттан, фиброздық қабаттан, бұлшықеттік қабықшадан және оны жауып тұратын жақ-жұтқыншақтық шандырдан тұрады.

Жұтқыншақтық-базилярлық шандыр жұтқыншақтың фиброзды негізін құрайды. Ол бассүйектің сыртқы негізінен басталады. Жұтқыншақтың бұлшықеттік қабықшасы екі көлденең-салалы топтан құралады: циркулярлық орналасқан констрикторлардан(жоғарғы, ортаңғы және төменгі), және бойлай кететін жұтқыншақты көтеретін (біз-жұтқыншақ, таңдай-жұтқыншақ).

Жұтқыншақтың артында жұтқыншақты сыртынан жабатын жақ-жұтқыншақтық шандыр мен мойынның ішкі шандырының париеталды жапырақшаның арасында жұтқыншақ артқы аймақ орналасқан, оның маңызы сол аймақта жұтқыншақтың абсцестердің орналасу жері ретінде маңызды. Жұтқыншақтың бүйір жақтарында қосарланған клетчаткалық аймақ орналасқан: бүйірлік жұтқыншақ маңы аймақ, медиалды жағында жұтқыншақтың бүйірлік қабырғасымен шектелген; латералды – төменгі иектік тармағымен, құс тұмсықтық бұлшықетпен және біз өсіндісінде басталатын бұлшықеттермен; артында – мойын ішілік шандырдың париеталды жапырақшасымен.

Оның ішінде ішкі ұйқы артерия, ішкі мойындырық вена, IX, X, XI, XII бас сүйегінің қосарланған нервтері және мойынның лимфалық түйінінің терең жоғарғы тобы орналасқан.

Жұтқыншақтың көмейлік бөлігінің бүйірлік беттеріне жатады: қалқанша бездің жоғарғы полюстерінің бүйірлік бөліктері мен жалпы ұйқы артериялары, оның алдынан көмей орналасқан.

Қанмен қамтамасыз етілуі 3 артерия арқылы жүреді: жұтқыншақтың жоғарлағыш артериясымен (сыртқы ұйқы артериясынан), таңдайдың жоғарлағыш артериясымен(беткі артериядан), таңдайдың төмендегіш артериясымен(жоғарғы иектің артериясынан). Жұтқыншақтың көмейлік бөлігі сонымен қатар қалқаншалық артерияның жоғарғы және төменгі тармақтарымен қанмен қамтамасыз етіледі.

Веналары өрімдер түзеді. Бұлшықеттік қабықшаның бетінде және шырыш асты негізінде орналасқан. Веналық қанның ағуы көбінесе ішкі мойындұрық венасына және оған құятын тармақтарына жүреді.

Иннервация. Кезбе нервтің, тіл-жұтқыншақтық нервтің тармақтарымен және симпатикалық нервтің мойындық бөлігі арқылы жүзеге асады.

Жұтқыншақтың лимфалық жолдары әртүрлі бағыттарда жүреді. Жұтқыншақтың артындағы түйіндерге, беткі түйіндерге(жақ бұлшықетінің сыртқы бетінде жатады), лимфатикалық жолдардың көп бөлігі көбінесе терең мойындық лимфалық түйіндерінге ағады, ішкі мойындырық венасымен бірге жүреді.

КЕСТЕ 7

Аты

Басталуы

Бекітілуі

Бұлшықет талшықтарынығ бағыты

Қызметі

Иннервациясы

Жұтқыншақтың констрикторлары(қысушы)

 

Жұтқыншақтың жоғарғы констрикторы

Сыны тәрізді сүйектің қанатты өсіндісінің медиалды жапырақшасынан,қанат-төменгі жақ тігістен, төменгі жақтың жақ-тіл асты сызығынан

Жұтқыншақтың бұлшықеттері артқы бетінде ортаңғы сызық бойында бірігіп тігіс түзеді

Артқа және төменге

Жұтынған кезде жоғарыдан төмен қарай жиырылып қысады

Жұтқыншақ өрімі

Жұтқыншақтың ортаңғы констрикторы

Тіл асты сүйектің үлкен және кіші мүйізшелері

Жұтқыншақтың бұлшықеттері артқы бетінде ортаңғы сызық бойында бірігіп тігіс түзеді

Желпуіш тәрізді жоғары және төмен, жоғарғысы төменгі жабады

Жұтынған кезде жоғарыдан төмен қарай жиырылып қысады

Жұтқыншақ өрімі

Жұтқыншақтың төменгі констрикторы

Қалқанша және қалқанша маңы шеміршектердің латералды бетінен

Жұтқыншақтың бұлшықеттері артқы бетінде ортаңғы сызық бойында бірігіп тігіс түзеді

Желпуіш тәрізді артқа, төменге, көлденең және жоғары бағытталып ортаңғы констриктордың төменгі бөлігін жабады

Жұтынған кезде жоғарыдан төмен қарай жиырылып қысады

Кезбе нерв(Х пара)

Жұтқыншақты көтергіштер

Біз-жұтқыншақ бұлшықеті

Самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен

Жұтқыншақтың бүйір қабырғасына(жұтқыншақ тігісі)

Төменнен және алдынан, жоғарғы және төменгі констрикторлар арасына енеді

Жұтқыншақты көтереді

Тіл-жұтқыншақ нерв(ІХ)

Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті

Жұмсақ таңдайдың апоневрозынан және сына тәрізді сүйектің қанат өсіндісінің ілмегінен

Жұтқыншақтың артқы қабырғасы(жұтқыншақ тігісі) қалқанша шеміршек

Артқа және төменге

Жұтқыншақты көтереді,таңдай пердесін түсіреді және аңқа тесігін тарылтады

Тіл-жұтқыншақ нерв(ІХ)

Түтікті-жұтқыншақ бұлшықеті

Есту түтігінің шеміршегінен(жұтқыншақ тесігінің жанынан)

Жұтқыншақтың латералды қабырғасы

төменге

Жұтқыншақты көтереді

Тіл-жұтқыншақ нерв(ІХ)

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.011 с.)