Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бас миыныҢ топографиясыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Ми жарты шарының бетінде жүлгелердің бар болуы және олардың тұрақты орны, ми орталығының бағдарын білуге мүмкіндік береді. Роландов және сильвиев жүлгелері және төбе бөліктерін шүйдеден бөліп тұратын жүлге(sulcus parіetooccіpіtalіs) біршама тұрақтылығымен ерекшелінеді. Sulcus cerebrі Rolando маңдай және төбе бөліктерін бөліп тұрады, sulcus cerebrі lateralіs Sylvіі мидың самай бөлігін бейнелейді. Роландов жүлгесінің алдында dyrі precentralіs аймағында қозғалтқыш орталығы, ал gyrі postcentralіs аймағында сезгіш орталығы орналасқан. Аяқ бұлшықеттерінің орталығы қатпарлардың жоғарғы бөлігінде ортаңғы сызыққа жақын орналасқан, одан төмен бет, жақ, тіл, жұтқыншақ орталығы орналасқан. Маңдай қатпарларының артқы үшінші бөлігінде сөзді анықтап айту орталығы(gyrus Brosa және іnsura Reulіі) орналасқан. Миды қанмен қамтамасыз ету ұйқы және омыртқа артериялары арқылы жүзеге асады. Мидың негізінде анастомоз жасап сақина cіrcularus arterosus Wіllіsіі-ді түзеді. Ол а.basіlarіs тармақтарының, екі аа.cerebrі poster. және екі ұйқы артерия тамақтарының аа.cerebrі anter. бірігіп анастомоз құруынан (а.communіcans anterіor және а.communіcans posterіor) түзілген. Үлкен мидан веналық қанды sіnus sagіttalіs superіor және бас сүйектің негізіндегі веналық қуыстарға әкетеді, plexus chorіodeus-пен ми құлақшаларынан веналар v.сerebrі magna Galenі және sіnus rectus-қа құяды. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі және веналық ағысы Миды екі ішкі ұйқы артериясы(оң және сол) және екі омыртқа артериясы (сол және оң) қанмен қамтамасыз етеді. Ішкі ұйқы артерия ұйқы өзегі( canalis caroticus) арқылы бассүйек ішіне енеді. Осы өзекке кіре берісінде үңгір тәрізді қойнаудағы үңгір тәрізді қабшыққа келеді де, S-тәрізді иін түзеді. Ішкі көз нервісі өзегінің артында және латералды артерия бассүйек негізінің субдуралды кеңістікке енеді. Осы жерде ұйқы артериясынан көз тармағы шығады. Ол көз нервісімен бірге көз шарасына барады.
22 - сурет.Мидың төменгі бетіндегі жүлгелер және қыртыстар: 1 – тік қыртыс, 2 - иіс сезу жүлгесі, 3 - көздік жүлге, 4 - көздік қыртыс, 5 - алдыңғы тесікті зат, 6 - шүйде-самай жүлгесі, 7 - шүйде-самай қыртысы, 8 - медиалды шүйде-самай қыртысы, 9 - айналмалы жүлге, 10 – гиппокамп жүлгесі, 11 – тіл қыртысы, 12 – шпор жүлгесі, 13 – парагиппокамптық қыртыс, 14 – ілмек [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Нервная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]. .
Көз тармағы шыққаннан кейін одан милық алдыңғы және ортаңғы артериялар шығады. Біріншісі алдыға қарай сүйел тәрізді денеге және медиалды жарты шарға қарай бағытталады. Екіншісі латералды бағытталып, бүйірлік тесікке еніп, мидың маңдай, төбе және самай бөліктеріне тармақтарын береді. Екі омыртқа артерия бұғана асты артериясынан шығады да, үлкен шүйделік тесік арқылы бассүйек ішіне енеді. Бассүйек ішінің негізінде олар бірігіп, негізгі артерияны құрайды(a.basilaris). Ол милық көпірдің төменгі бетінің жүлгесі арқылы өтеді және одан артқы милық артериялар шығады. Ол сопақша ми, мишықты қанмен қамтамасыз етеді және шүйде мен самай бөлігіне тармағын береді. Үш артериялық бағаналар ұйқы артериясы мен негізгі артериялардың бөлінуінен туындайды. A.communicans anterior алдыңғы милық артериялармен анастомоз құрады, a.communicans posterior ортаңғы және артқы милық артериялармен анастомоз жасап артериялық сақинаны құрайды(circulus arteriorus), ол мидың негізіндегі субарахноидалды кеңістікте көру нервісінің қиылысы мен көпірде орналасады. Артериялық шеңберді құрайтын тармақтар екі жүйелі тамырлардан құралады: 1) ми қыртысының артериялары; 2) қыртыс асты қабықтың артериялары. Артериялық шеңбер құрылымының өзгешелігі бар. Ол байланыстырушы артериялардың әртүрлілігі және оның бірінің жоқтығымен ерекшеленеді. Бассүйектен венозды қанның шығу тармақтары қатты ми қабықтың қойнаулары арқылы жүзеге асады. Ол ішкі мойындұрық венасына құйады. Осы қойнауға бассүйектен қан ми веналары арқылы келеді. Милық веналардың бірнеше ерекшеліктері бар. Веналардың екі тобын бөледі: 1) жоғарғы-мидың шығыңқы жарты шарында орналасқан; олар жоғарғы сагиталды қойнауға құяды; 2) төменгі-мидың негізгі бетінде орналасып, олар бассүйектің қойнауларының ағымы болып табылады. Әрбір аталған топтар екі звенодан, терең(ми ішілік) веналар мен мидың негізгі немесе бетіндегі тамырлық қабаттың астында орналасқан беткі веналардан құралады. Миы веналары артериялармен қатар немесе олардың бойымен жүрмейді. Кейде жоғарғы сагиталды мен үңгірлі қойнаулар арасында беткі орналасқан анастомоз-Тролар венасы болады. Осы вена Лаббэ венасымен көлденең қойнау арасындағы беткі көлденең анастомозбен жалғасуы мүмкін. Аталған анастомоздық веналар бас ішінде жеке қойнаулар арасындағы венозды қан ағысын анықтауда үлкен маңызды болып саналады. Ми қарыншаларының хориоиды өрімінен венозды қан мидың үлкен венасына (Гален)(v.cerebri magna) құяды. Ол одан әрі тік синусқа құяды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |