Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
БЕТТІҢ КЛЕТЧАТКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕРІНІҢ ӨЗАРАСодержание книги
Поиск на нашем сайте БЕТТІҢ КЛЕТЧАТКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ІРІҢДЕРДІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ Самай-қанат тәрізді және қанат аралық кеңістігінің май шелі көрші аймақтарға тікелей немесе нерв, тамырлар бойымен өтеді. Жоғары қарай тарала отырып, самай бұлшықетін жауып өтеді де, әрі қарай екі бұлшықеттің алдыңғы бетінде шықшыт доғасының артымен ұрт аймағына өтеді. Осы жерде шайнау және ұрт бұлшықеттері (mm. masseter мен buccinator) арасында орналасқан май шелі ұрттың май түйіні(Биш түйіні) деп аталады. Самай-қанат тәрізді және қанат аралық кеңістіктегі майлы шел нерв пен тамырларды қоршай отырып, бассүйек негізіндегі тесіктерге өтеді. Сол жерден артқа және ішке бағыттала отырып, қанат-таңдай ойысы мен көз саңылауына жетеді. Қанат аралық кеңістікте майлы шел тіл нерві бойымен ауыз қуысы түбіне өтеді. Жақ аралық аймақтың майлы шеліне іріңдік өткенде остеофлегмона пайда болады, яғни алғашқы ошақ сүйекке өтуі мүмкін. Остеофлегмонаның даму себептерінің бірі перимандибулярлық қабыну және төменгі азу тістердің қабынуы екендігін атап айтуға болады. Бұл үдеріс медиалды қанат тәрізді бұлшықет қабынуынан жақтың қарысуына(тризм), яғни ауызды ашудың қиындауы байқалады. Іріңдіктің одан әрі таралуы, қанат тәрізді веналық өрім флебитіне және көз шарасы веналарының қабынуына әкеледі. Самай-қанат тәрізді кеңістіктегі іріңдік a.meningea media немесе үшкіл нерв тармақтарының бойымен(қылқан, сопақша немесе дөңгелек тесіктер) қатты ми қабығына өтуі мүмкін. Терең флегмоналардың дамуында маңызды болып жұтқыншақ айналасындағы екі кеңістік(жұтқыншақ арты және жұтқыншақ маңы) саналады. Жұтқыншақ маңы кеңістік(spatium parapharyngeale) жұтқыншақты бүйір жағынан қоршап жатады. Ол жұтқыншақ артындағы жұтқыншақ арты кеңістіктен бөлгіш перде арқылы бөлініп тұрады. Ол перде омыртқа алды шандыр мен жұтқыншақ шандыры арасындағы шандырлы жапырақшамен(aponeurosis phoryngoprevernebralis) ажыратылады. Жұтқыншақ маңы кеңістік ішкі жағынан жұтқыншақпен және құлақ маңы безінің арнасымен, сыртынан медиалды қанатты бұлшықетпен шектелген. Жоғарыда бассүйек негізімен, төменде тіл асты сүйекке дейін созылып жатыр. Тіл асты нерв(a.hypoglossus)кеңістікті жақ асты сілекей безінен және оның қапшығынан бөліп жатады. Жұтқыншақ маңы кеңістік алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Олардың арасын біз тәрізді өсіндіден жұтқыншақ апоневрозына баратын біз-жұтқыншақ апоневрозы(aponeurosis stylopharyngea) және біз тәрізді өсіндіден басталатын біз-жұтқыншақ, біз-тіл, біз-тіл асты бұлшықеттер(mm. stylopharyngea styloglossus, stylhyoideus) бөліп тұрады. Парафарингеалды кеңістіктің алдыңғы бөлігіне ішкі жағынан-таңдай бадамша безі, сыртынан(медиалды қанат тәрізді бұлшықет пен біз тәрізді өсінді аралығында) шықшыт безінің жұтқыншақ өсіндісі жанасып жатады. Парафарингеалды кеңістіктіктің алдыңғы бөлігінде тамырлар мен нервтер жатады: мойындұрық вена, жалпы ұйқы артерия, тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіл асты нервтер және симпатикалық бағана. Бұл жерде ең ірі мойынның терең лимфалық түйіндері орналасқан. Парафарингеалды кеңістіктің алдыңғы бөлігінде жоғарлағыш аңдай аретрияның тармағы және аттас веналар орналасқан, осы құрылымдардың бойымен қабыну үдерістерінің жайылуы мүмкін(перитонзиллярлық абсцесс). Жұтқыншақ артындағы кеңістік(spatium retopharyngeun) жұтқыншақ (шандырымен бірге) пен омыртқа алды шандырдың арасында бассүйек негізінен VI омыртқа деігейіне дейін созылып жатыр, одан әрі қарай мойынның spatium retoviscerale кеңістігіне ауысады. Жұтқыншақ артқы кеістік ортаңғы сызық бойында орналасқан пердемен екі бөлікке оң жақ, сол жаққа бөлінеді (А.Б Чугай). Жұтқыншақ арты кеістікте іріңдіктер біржақ немесе екі жақты болып жайыла алады. Жұтқыншақ маңы клетчаткалық кеңістікке ірің көбнесе төменгі жақтың 7-ші және 8-ші тістерінен және қанат аралық кеңістіктен тарайды. Іріңдік осы кеңістіктен spatium parapharyngeale-ге өтуі және екіншілік іріңдену нәтижесінде spatium paratideum-ге немесе лимфалық жолмен таралуы мүмкін. Жұтқыншақ маңы кеңістігіндегі қабыну үдерісі кезінде келесі симптомдар пайда болады: жұтынудың қиындауы және тыныс алудың тарылуы. Инфекция spatium parapharyngeale-нің алдыңғы бөлігінен артқы бөлігіне өтсе, одан әрі мойынның spatium vasonervorum бойымен алдыңғы кеуде аралыққа өтуі мүмкін және іріңдік spatium retropharyngeum-ге, одан әрі қарай өңеш бойымен артқы кеуде аралыққа өтеді. Жұтқыншақ арты кеңістіктен іріңдік ішкі ұйқы артерия қабырғасын(қан ағады) зақымдайды немесе ішкі мойындұрық венасына септикалық тромбоздың туына себепші болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.) |