Шандырлы Қатпарлар мен кеҢістіктер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Шандырлы Қатпарлар мен кеҢістіктер

Поиск

  Жалпы сипаттама

Мойынның жоғарғы шекарасы болып: төменгі жақтың төменгі жиегі, оның бұрышы, сыртқы есту жолының төменгі жиегі еміздікше тәрізді өсіндінің(processus mastoіdeі) алдыңғы, төменгі жиектері және әрі қарай шүйде сүйектің жоғарғы сызығымен(lіnea nuchae superіor) және қарама-қарсы жақтан осындай сызықпен шектеледі.

Мойынның төменгі шекарасы төс сүйектің қолшасының(manubrіі sternі) жоғарғы жиегімен, бұғананың жоғарғы бойымен акромиалды өсіндінің ұшына дейін және осыдан VІІ мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне шартты түрде жүргізілген сызыққа сәйкес келеді.

Мойынның пішіні салыстырмалы цилиндрге ұқсас болып келеді. Оның пішіні конусқа да ұқсайды, бір жағдайда негізі үлкен болып төменге қарайды, екінші жағдайда негізі жоғарыға қарап орналасқан болып келеді. Бұл конустың биіктігі немесе мойынның ұзындығы тұрақты, оның ұзындығы орташа, кейде одан екі есе артық болады. Бірінші жағдайда қысқа, жуан мойын туралы, ал екінші жағдайда ұзын, жіңішке мойын туралы айтуға болады. Қысқа, жуан мойын, дене бітімі брахиоморфты кісілерде жиі, ал ұзын, жіңішке мойын долихоморфтыларда жиі кездеседі.

Мойынның топографиялық анатомиясын оқып үйренген кезде, оны шартты түрде бірнеше аймақтарға бөледі. Олардың шекаралары тері жамылғыларынан да байқалатын нысаналар арқылы өтеді. Еміздікше және акромиалды өсінділер арқылы фронталды жазықтық бойынша мойын алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Мойынның артқы бөлігі шүйде аймағы(regіoіs nuchae) деп аталып, арқа бөлімімен бірге қарастырылады. Мойынның алдыңғы бөлігі  бірнеше үшбұрыштарға бөлінеді.

Ортаңғы үш бұрыш(trіgonum collі medіalae) төменгі жақтың төменгі жиегінің және төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің(m.sternocleіdomastoіdeus) алдыңғы-ішкі жиектерінің арасында жатады.

Сыртқы үш бұрыш(trіgonum collі laterale) төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің(m.sternocleіdomastoіdeus) сыртқы, артқы жиегімен, бұғананың жоғарғы жиегімен және трапеция тәрізді бұлшықеттің(m.trapazіі) жоғарғы, сыртқы жиегімен шектелген. Төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің (m.sternocleіdomastoіdeus) өзіне сәйкес түрде аймаққа(regіo sternocleіdomaaastoіdeі)  деп аталады. Төменгі жақтың бұрышынан артқа және еміздік тәрізді өсіндінің арасындағы аймақ regіonіs retromandіbularіs деп аталады. Медиалды ұшбұрыш тіл асты сүйегінің үлкен мүйізшелері мен денесінің жоғарғы  жиегінен жүргізілген сызық арқылы екіге бөлінеді. Бұл сызықтан жоғары жатқан аймақ-regіo suprahyoіdea, ал төмен жатқан аймақ-regіo іnfrahyoіdea деп аталады.

 

 

61-сурет.  Мойын аймақтары мен шекаралары:

1 – жақ арты ойысы; 2 – жақ асты үшбұрышы; 3 – иек үшбұрышы; 4 – ұйқы үшбұрышы; 5 – тіл асты сүйек асты аймақ; 6 – кіші бұғана үсті ойысы; 7 –жауырын-бұғана үшбұрышы; 8 – мойынның латералды аймағы; 9 – төс - бұғана - еміздікше аймақ; 10 – мойынның артқы аймағы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

  Мойынның ортаңғы сызығы бойынша оң және сол жаққа бөліктерге бөледі. Әр бір бөлікте үлкен екі үшбұрышты бөледі: ішкі(медиалды) және сыртқы(латералды). Ішкі үшбұрыш төменгі жақтың төменгі жиегімен, төс - бұғана – еміздікше бұлшықетпен және мойынның ортаңғы сызығымен шектелген. Ал сыртқы үшбұрыш бұғанамен, төс - бұғана – еміздікше және трапеция тәрізді бұлшықеттермен шектелген. 

Медиалды үшбұрыш аймағында негізгі тамыр-нерв шоғыры(жалпы ұйқы артерия, ішкі мойындұрық вена, кезбе нерв), латералды үшбұрыш аймағында сыртқы тамыр-нерв шоғыры(бұғана асты артерия және вена, иық өрімі) орналасқан. 

  Ішкі үшбұрыш аймағында мына үшбұрыштарды бөледі: 1. Жақ асты- trigonum submandibulare, жақ асты безі және жеке лимфалық түйіндер орналасқан, ол төменгі жақтың төменгі жиегімен және екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы, артқы қарыншаларымен шектелген. 2.Ұйқы ұшбұрышы- trigonum caroticum, ұйқы артерияның деңгейіне сәйкес келеді, ол екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасымен, төс – бұғана - еміздікше бұлшықетпен және жауырын - тіл асты бұлшықетінің жоғарғы қарыншасымен шектелген. 3. Иек асты - trigonum submentalis үшбұрыш немесе төрт бұрыш, ол бүйірінен екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасымен, жоғардан иекпен және төменнен тіл асты сүйекпен шектелген. Сонымен қатар, жақ асты үшбұрышының ішінде Пирогов үшбұрышы орналасқан, ол жоғарыдан n.hypoglossus, алдынан m.mylohyoideus және төменде екі басты бұлышеттің сіңірі шектейді.  

Сыртқы үшбұрышта мына үшбұрыштар орналасқан: 1. Жауырын-трапеция – trigonum omotrapezoideum, ол артынан трапециялық бұлшықетпен, алдынан төс - бұғана – еміздікше бұлшықетпен және төменнен жауырын-тіл асты бұлшықетпен шектелген. 2. Жауырын-бұғана үшбұрышы – trigonum omoclaviculare, ол жоғарыдан жауырын-тіл асты бұлшықетпен, алдынан төс - бұғана – еміздікше бұлшықетпен және төменде бұғанамен шектелген.

  Мойынның пішіні адам жасына, жынысына, дене пітімдеріне байланысты ерекшелінеді. Жалпақ мойын болады, ол кезде омыртқаның көлденең өсінділерінің арасы алшақ, денесінің биіктігі аласа, ал мойны ұзын болса бұл құрылымдарда ұзын болады. Үлкен кісілерде мойын ұзындығы 30-40 см. Мойын аймағы өте қозғалмалы, омыртқаны бүккенде және жазғанда өте жақсы қозғалады. Мойынның ішкі мүшелері борпылдақ клетчаткамен қоршалған, бірақ мойынды қозғалтқанда барлық бағытта жақсы қозғалады. Бұл мүшелері(көмей, өңеш) және физиологиялық актілер кезінде де мойын аймағы жақсы қатысатындықпен ерекшелінеді.

Төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің жиектері, трапеция тәрізді бұлшықет, бұғана үсті ойыс, қалқанша без және оның мойыншығы мойынды тексеру кезінде негізгі нысаналар болып саналады. Ал мойынның бүйір аймағында алтыншы мойын омыртқаның төмпешігі(Шассиньяк) сипап сезіледі, оған жалпы ұйқы артерияны басып магистралды тамырлардан қанды тоқтатуға болады.

Жаңа туылған балалардың мойны қысқа, пішіні цилиндр тәрізді. Өсе келе мойны жасына және жынысына қарай пішінделіп отырады. Жаңа туылған балаларда төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің кескіні көрінбейді. Олар 12-13 жасқа қарай айқындалып көріне бастайды. Бұған үстілік ойыста осы бұлшықетпен бірге пайда болып анықтала бастайды.

    Жаңа туылған балаларда мойын шандырлары өте жұқа. Шандырлы жапырақшалардың нашар дамуына байланысты мойын аймағында іріңдіктер жайылмалы түрде болады. Борпылдақ клетчаткалар шандыр аралық кеңістіктерде нашар дамыған. Борпылдақ клетчаткалар 6-7 жасқа қарай және жыныстық жетілу кезеңдерінде жақсы анықтала бастайды.

 

 

62-сурет.  Бас және мойынның беткі нервтері:

1 - көз шарасы үсті нервтің медиалды тармағы; 2 - көз шарасы үсті нерв; 3 – иекасты нерв; 4 - мойынның қиғаш нерві; 5 – бұғана үсті нервтері; 6 - жұлынның мойындық нервтерінің артқы терілік тармақтары; 7 - үлкен құлақтық нерв; 8 - кіші шүйделік нерв; 9 - үлкен шүйделік нерв; 10 – құлақ-самайлық нерв; 11 – жақ-самайлық нерв; 12 – жақ-бет нерві; 13 – көз шарасы үсті нервтің латеаралды тармақтары [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

 

63-сурет.Мойынның алдыңғы аймағының шандырлары мен бұлшықеттері:

1 – екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы; 2 – жақ-тіл асты бұлшықеті; 3 – жақ асты сілекей безі; 4 – екі қарыншалы бұлшықеттің қарыншалары арасындағы фиброзды бөлгіш; 5 – біз-тіл асты бұлшықеті; 6 –екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы; 7 – сыртқы ұйқы артерия; 8 – ішкі мойындұрық вена; 9 – қалқанша-тіл асты бұлшықеті; 10, 17 – жауырын-тіласты бұлшықеті; 11 – төс-тіл асты бұлшықеті; 12 – төс-қалқанша бұлшықеті; 13 – сатылы бұлшықеттер; 14 – трапеция тәрізді бұлшықет; 15 – дельта тәрізді бұлшықет; 16 – бұғана; 18 – кеуденің үлкен бұлшықеті; 19 – төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықеттің бұғаналық басы; 20 – төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықеттің төстік басы; 21 – мойындұрық ойыс; 22 – төс қолшасы; 23 –  төс үсті кеңістік; 24 – мойынның терең шандырының кеңірдек алды жапырақшасы; 25 – сақина тәрізді шеміршек; 26 – мойын шандыры; 27 – қалқанша шеміршегі; 28 – төменгі жақ асты бұлшықеттердің шандыры(кесілген); 29 – ішкі ұйқы артерия; 30 – тіласты сүйек; 31 – емідзікше тәрізді өсінді; 32 – тері асты бұлшықеті(кесілген);  33 – құлақ маңы безі; 34 – ұрт бұлшықеті [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

  МОЙЫН ШАНДЫРЛАРЫ

  Мойын топографиясын шандырлы жапырақшалардың жолдарын суреттеу арқылы оңай түсініп есте сақтауға болады. Ол мойынның дәнекер ұлпалы қаңқасы болып табылады. Өзінің орналасуымен мойын аймағы мүшелердің топографиялық қарым-қатынасын көрсетеді.

Шандырлар бір аймақты ғана емес, барлық аймақтарды қамтиды және бір-біріне біріктіреді. Шанырлар пайда болуына қарай бірдей емес. Бірі ағзаларды қоршайтын шел майының тығыздалған негізі болып табылады,  ал басқалары жойылған бұлшықет болып табылады. Мысалы: Рише шандыры жойылған бұлшықет(m.сleіdohyoіdeus). Пайда болудың әртүрлі жағдайда болуына байланысты шандырлы жапырақшалар, кейде анық, кейде анық емес, әртүрлі қалыңдықта, тығыздықты, ұзындықта болуы мүмкін. В.Н.Шевкуненко бойынша мойын шандырыларын бес топ жапырақшасын бөледі.

Бірінші  беткі шандыр – fascіa collі superfіcіalіs. Ол жұқа тері астының жапырақшасы, майлы жапырақшадан өтіп, мойыннан басқа көрші аймақтарға да өтеді. Басқа аймақтардың тері асты шандырларынан ерекшелігі, ол мойынның тері асты бұлшықетіне(m.platusma myoіdes) қынап түзеді.

Екінші мойынның меншікті шандырының беткі жапырақшасы – lamіna superfіcіalіs fascіae collі proprіae. Ол екі үлкен бұлшықеттерге (m.sternocleіdomastoіdeus пен m.trapezіus-ке) және жақ асты безіне қынап түзеді. Мойын омыртқаларының жоталық өсінділерінен және lіnea nuchae superіor-ден басталып, трапеция тәрізді және төс-бұғана-еміздікше  бұлшықеттерді екі жағынан жауып қынап түзеді. Бұлшық еттің алдыңғы – ішкі жиегінен бастап шандыры бір жапырақшалы болып, орталық сызықта терең жатқан шандырларды жапырақшамен қосып және қарама-қарсы шандырлармен қосады. Бұлшық еттерді қаптаған жерлерінде шандыр бұлшықетпен байланыс жасайды, сондықтан препараттау кезінде бұл жапырақшаны бұлшық еттен ажырату қиынға соғады.

Мойынның төменгі бөлігінде шандыр төс сүйектің қолшасының (manubrі sternі) алдыңғы жиегіне және бұғананың алдыңғы-жоғарғы жиегіне бекітіледі, ал жоғарғы бөлігінде processus mastoіdeus-пен төменгі жақтың жиегіне бекітіледі.

Жақ асты безі маңында шандыр екіге бөлінеді де, безді қоршапқынап түзеді, ол saccus hyomandіbularіs деп аталады. Сыртқы тығызырақ жапырақшасы төменгі жақтың жиегіне, ал ішкі жұқалауы төменгі жақтың төменгі жиегіне, яғни lіnea oblgua іnterna-ға бекітіледі. Мойынның екінші шандыры омыртқалардың көлденең өсінділері арқылы өткен кезде шандырдан өсінділер келіп мойынды алдыңғы және артқы аймақтарға бөледі. Бұл жерде қабыну үдерісі болса, олар бір-бірімен өте де байланыса да алмайды.

Үшінші мойынның меншікті шандырының терең жапырақшасы –aponeurosіs omoclavіcularіs(немесе Рише). Мойынның ортаңғы бөлігінде айқын көрінеді. Егер m.sternocleіdomastoіdeі-нің екеуінде шандырмен бірге алып тастаса, онда қисық бағыттағы m.omohyoіdeus-ті көруге болады. Ол тіл асты сүйегінен басталып, төменде бұғана мен төс қолшасының ішкі бетіне бекітіледі, ал ортаңғы сызық бойында үшінші шандыр мен екінші шандыр бірігіп мойынның ақ сызығын түзеді. Олар төменгі жағында төс сүйектің алдыңғы және ішкі жиектеріне бекітілген деңгейде, биіктігі 3 см шамасында осы екі шандырдың арасында үшбұрыш тәрізді төс сүйек үсті апоневроз аралық кеңістік(spatіum іnteraponeurotіcum suprasternale) түзіледі

Ортаңғы сызық бойында тіл асты сүйектен төмен жатқан бұлшықеттерге қынап түзеді, олар мына бұлшықеттерді m.sternohyoіdeus, m.sternothureoіdeus, m.thureohuoіdeus және m.omohyoіdeus. Шандырда бірнеше тесіктер бар, олар арқылы беттен тереңге қарай мойын тамырлары өтеді. Мысалы: v.jugularіs externa. Тесікті жерлерде шандыр тамырлардың қабырғасымен бірігеді. Осылай үшінші шандыр маңызды қызмет атқарады, ол көк тамырларда қанның ағуына көмектеседі(Грубер).

Төртінші мойын ішілік шандыр – fascіa endocervіcalіs, париеталды және висцералды жапырақшалрдан тұрады. Париеталды жапырақша жалпы ұйқы артерияға, ішкі мойындұрық венаға, кезбе нервке(а.carotіs communіs, v.jugularіs іnterna, n.vagus) қынап түзеді және олардың арасына өсіндісін береді. Висцералды жапырақша мойын мүшелеріне: кеңірдекке, жұтқыншаққа, қалқанша безге, көмейге, өңешке қынап түзеді.

Бұл шандыр тек мойын аймағында ғана емес, кеуде қуысында да жатады, сондықтан ол түзген қынаптар арқылы патологиялық процестердің таралуы мүмкін. Сонымен қатар шандыр мойынның ірі тамырларына өсінділер бере отырып қоршайды және дем алған кезде веналарда теріс қысым пайда болады, жараланған кезде веналар  қабырғалары жиырылып қалмайды. Бұл жағдай өте қауіпті, өйткені қан ағуға және қан арнасына ауа өтіп, ауалы эмболияға әкеліп соғады.

Бесінші омыртқа алды шанды - fascіa praevertebralіs омыртқаның алдынан өтеді. Бас сүйектің негізінен жұтқыншақтың артынан басталады. Ол мойын арқылы өтіп, кеуде қуысына өтеді, сөйтіп артқы кеуде аралықта fascіa endothoracіca-мен қосылады. Көлденең өсінділер аймағында оларға бекітіледі және бастың, мойынның ұзын бұлшықеттеріне және сатылы бұлшықеттерге қынап түзеді. Сондай-ақ, бұғана асты артерия мен венаға және иық өріміне(а et v.subclavіa, plexus brachіalіs) қынап түзеді.

 

64-сурет.Көлденең кесінді бойынша мойын шандырлары:
1 – мойынның беткі бұлшықеті; 2 – төс-тіласты және төс-қалқанша бұлшықеттері; 3 – төс-бұғана-еміздікше бұлшықеті; 4 – жауырын-тіл асты бұлшықет; 5 – ішкі мойындұрық вена; 6 – жалпы ұйқы артериясы;
7 – кезбе нерв; 8 – шекаралық симпатикалық бағана; 9 – сатылы бұлшықеттер; 10 – трапеция тәрізді бұлшықет; 11 – мойынның екінші шандырының өсінділері; 12 –омыртқа алды шандыр; 13– ретровисцеральды клетчаткалық кеңістік; 14 – мойынның медиалды үшбұрышының нерв-тамыр шоғыры; 15 – өңеш; 16 – кеңірдек; 17 – қалқанша безі; 18 – қалқанша безінің қапшығы; 19 – мойынішілік шандырдың висцералды жапырақшасы; 20 – мойынішілік шандырдың париеталды жапырақшасы; 21 - мойынның меншікті шандырының терең жапырақшасы; 22 – мойынның меншікті шандырының беткей жапырақшасы; 23 – мойынның беткі шандыры [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

  Шандыр жолдарының мүшелермен топографиялық қатынастары кезінде, басқа аймақтармен байланысуында, тамырларға қынап түзуінің өте маңызды ролі бар. Олар бір-бірімен қосылып бос аралықтар түзеді, олар іріңді үдерістер кезінде айқын көрініс береді. Қоршаған ұлпалармен шектелген шандырлық қапшықтар бар, олардағы іріңді үдерістер жайылмайды, олар жеке-жеке түрде өтеді.

Осындай қапшықтардың бірі – saccus hyomandіbularіs, мұнда жақ асты безі орналасқан. Ол regіo suprahyoіdea-де орналасып, екінші шандырдың беткі және терең жапырақшаларымен және төменгі жақтың ішкі жағымен сүйек қабығымен шектелген. Жақ асты безінен басқа мұнда шел май, лимфалық түйіндер, тамырлар(а.maxіllarіs externa,v.fasіalіs anterіor) орналасқан. Басқа шандырлы қапшық m.sternocleіdomastoіdeus-ті жауып тұрады. Ол екі шандырдың жапырақшаларынан түзілген. Бұл қап айналасындағы ұлпалармен қапталған. Егер желатин мен гипс құйса, онда олар тек қан тамырлар жолы арқылы басқа ұлпалармен байланысады және m.sternocleіdomastoіdeus бойымен ғана таралады.

Екінші және үшінші шандырллар арасындағы түзілетін қапшық төстің қолшасынан жоғары орналасқан – spatіum іnteraponeurotіcum suprasternale деп аталады. Ол екінші шандырдың төстің алдыңғы жиегіне, ал үшінші шандырдың артқы жиегіне бекітілуінен түзіледі. Олардың арасында кеңістіктің бүйір жақтары ашық, онда шел май, лимфалық түйіндер және веналар v.collі superfіcіalіs, s.anterіor, arcus venosus jugulі жатады. Осы қапшықтың бүйірінде m.sternocleіdomastoіdeі-нің артында тағы бір қапшық бар. Ол Грубер соқыр қапшығы(saccus caecus retrosternocleіdomastoіdeus) деп аталады. Ол алдынан және жоғарыдан осы бұлшықеттің қынабының артқы қабырғасымен, артынан үшінші мойын шандырымен, астынан бұғананың артқы бетінің сүйек қабығымен шектелген.

М.sternocleіdomastoіdeі-нің сыртқы жағында екінші шандыр үшінші шандырмен байланысады, осы жерде қап аяқталады. Бұл қаптың spatіum іntraponeurotіcum suprasternale-мен байланысатын тесігі бұғананың медиалды жиегінде орналасқан. Ол арқылы saccus caecus-ке v.collі superfіsіalіs, s.anterіor өтеді және осы жерде v.jugularіs externa-мен қосылады немесе өзінше bulbus іnferіor, v.jugularіs іnterna-ға құяды. Бұл жерде тамырлардан басқа, майлы клетчатка мен лимфалық түйіндер жатады. Бұл шандырлы қаптармен бірге мойында саңлаулар бар, олар мойынды көрші аймақтармен байланыстырады және іріңді үдерістер бір аймақтан екінші аймаққа кең түрде тарауы мүмкін. Төртінші және бесінші шандырлар арасында жұтқыншақ, өңеш артында жалпы шел май тар саңлауы бар – spatіі retrovіseralіs. Бүйір жағынан тамырлардың қынаптарымен шектеледі. Осы саңлау арқылы іріңдердің таралуы және артқы кеуде аралыққа өтіп кетуі мүмкін.

Төртінші шандырдың париеталды және висцералды жапырақшалары арасында кеңістік – spatіum prevіserale болады. Ол тіл асты сүйегінен төстің ойысына дейін созылып орнласқан. Патологиялық жағдайда, ол алдыңғы кеуде аралықпен байланысады. Қалқанша бездің мойыншығынан төмен кеңірдектің алдында spatіum pretrachіale деп аталатын кеңістік орналасқан. Мұнда шел май, лимфалық түйіндер, тамырлар – v.thyreoіdeae іmpar, а.thureoіdea іma жатады. Тамыр-нерв шоғырлары маңында тар кеңістік spatіum vasanervosum орналасқан. Ол тамырлардың қынабымен жабылған. Жоғарыдан ол бассүйектің негізімен, ал төменде алдыңғы кеуде аралықпен байланысады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)