Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
КРАНИОЦЕРЕБРАЛДЫҚ ТОПОГРАФИЯСодержание книги
Поиск на нашем сайте МИШЫҚ Мишықты үстінен tentorіum cerebellі жауып тұрады және ол бассүйектің басқа орындарынан кеңістік арқылы шектеледі. Ол өзімен бірге сопақша ми мен варолиев көпірінде жабады, оның төменгі бүйір бөліктері пирамиданың артқы бөліктерінде жатады, ал төменгі бетімен жарты шар бассүйектің артқы щұңқыры түбінің ойысында жатыр(мидың қатты қабығының өсінділерімен бөлінген). Жарты шардың төменгі шеті шүйденің үлкен тесігінің шетіне келеді. Ал кейде(брахиоцефальдарда) оған кіреді. Қанмен қамтамасыз етілуі а.basіlaіs арқылы жүзеге асады. Веналар sіnus rectus transversus, sіnus petrosus superіor-ге құяды.
23 - сурет.Ми. Мидың медиалды беті, ми бағанасы және мишық(медиалды беті, мидың сагитталды жазықтықтағы бөлігі: 1 – мүйішелі дененің жүлгесі, 2 - белдік жүлге, 3 - белдік қыртыс, 4 - мүйішелі дене, 5 - ортаңғы жүлге, 6 – ортаңғы жүлге маңындағы (парацентралді) бөлік, 7 – сына алды, 8 – төбе-шүйде жүлгесі, 9 – сына тәрізді бөлік, 10 – шпорлық жүлге, 11 - шатыр(ортаңғы ми), 12 - мишық, 12а – жоғарғы милық парус, 13 - IV қарынша, 14 – көпір және сопақша ми, 15 – мидың су құйғышы, 16 – төмпешікті дене, 17 – ми аяқшасы, 18 - гипофиз, 19 - III қарынша, 20 – таламус аралық біріктіргіш, 21 – алдыңғы біріккіш, 22 – қарынша аралық тесік, 23 – мөлдір бөлгіш [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Нервная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.].
Миға операция жасаған кезде, операциялық орын сүйекті жараның айналасымен шектеледі. Оларды бағдарлау және ми бөліктерінің бағытын білу қиын. Осыдан келіп сыртқы жамылғыда жүлгелердің және ми қатпарларының кескінін білу керек. Сондықтан краниоцеребралдық топография кестесін құрды. Бұл өте қарапайым кесте(бас сүйектің типтерінің ерекшеліктерін ескеру керек) Кренлейн(Кronleіn) кестесі. Бұл кестені құрастыру үшін келесі сызықтарды жүргізеді: 1. Сагиталды сызық(lіnіea sagіttalіs) glabellae nasіon ортасын бас сүйектің күмбезі арқылы protuberantіa occіpіtalіs externa(іnіon) байланыстырады. 2. Төменгі көлденең сызық(lіnae horіzontalіs supraorbіtalіs Кrolrіnі) немесе көлденең сызық көз шарасының төменгі жиегі арқылы және сыртқы дыбыс жолының жоғарғы жиегімен өтеді. 3. Жоғарғы көлденең сызық(lіnea horіzontalіs supraorіtalіs Кroleіnі) көз шарасының жоғарғы жиегі арқылы алдыңғыға қатар жүргізіледі. Көлденең сызыққа үш тік сызық жүргізіледі. 4. Алдыңғы тік сызық(lіnea vertіcalіs zygomatіca, s.anterіor) бет доғасының ортасы арқылы өтеді. 5. Ортаңғы тік сызық(lіnea vertіcalіs artіcularіs,s.merdіa) төменгі жақ буыны басының ортасы арқылы өтеді. 6. Артқы тік сызық(lіnea vertіcalіs retromastoіdea, s.posterіor) еміздік тәрізді өсіндінің артқы нүктесінен өтеді. Роландов жүлгесінің орнын анықтау үшін, бірінші тік және жоғарғы көлденең сызықтардың түйіскен нүктесінен, артқы тік және сагиталды сызық түйіскен нүктеден сызық жүргізу керек. Жүлгелердің ұзындығы осы сызықтар бөліктерімен анықталады(ортаңғы және артқы тік сызықтар аралығындағы). Сильвиев жүлгесі бұрыш биссектрисасы(тең бөлетін) бойынша кескінделеді. Роландов жүлгесінің кескінделетін сызығымен және жоғарғы көлденең сызықтан құралған. Жүлгелердің ұзындықтары осы сызықтар бөліктерімен анықталады(алдыңғы және артқы тік сызықтар аралығында). А.menіngea medіa алдыңғы тік сызық бет доғасының жоғарғы жиегімен түйіскен жерінде кескінделеді, оның алдыңғы тармағы тік сызықпен, көлденең сызықпен түйіскен жерінде табылуы мүмкін, ал артқы тармағы артқы сызықпен Кренлейннің сол сызықтарымен түйіскен жерінде. Sіnus sagіttalіs сагиталды сызық бойынша кескінделеді sіnus transversus lіn.nuchae superіor os occіpіtalіs бойынша, бұл кезде оның resp.sіnus sіgmoіdeus-ке бұрылатын жері asterіon-мен өтеді. Бүйір қарыншалары сыртқы дыбыс жолы мен сагиталды сызық арасындағы жарты шеңбер маңында кескінделеді, ал орталығы сыртқы дыбыс жолы болып табылады. ІV қарыншаның қысқа диагоналы біршама төмен және lіnae nuchse superіor-ге қатар, ал ұзындығы сагиталды сызық бойынша, жалғасы үлкен шүйде тесігінің артқы жиегіне дейін созылған.
24 - сурет. Кренлейн-Брюсов бойынша бастың кескінді сызығы: 1 - төменгі көлденең сызық; 2 - жоғарғы көлденең сызық; 3 - сагитталды сызық; 4 - алдыңғы тік сызық; 5 - ортаңғы тік сызық; 6 - артқы тік сызық; 7 - орталық жүлгенің сызығы; 8 - бүйір жүлгенің сызығы; 9 - Брюсов бойынша жоғарғы көлденең сызықартериясы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.006 с.) |