МИДЫҢ   ҚАТТЫ  ҚАБЫҒЫНЫҢ СИНУСТАРЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

МИДЫҢ   ҚАТТЫ  ҚАБЫҒЫНЫҢ СИНУСТАРЫ

Поиск

Мидың қатты қабығы сүйекке жанасып тұратын шеттері бойынша өсінділерге ашылып үш қырлы пішінді қуыс түзеді. Бұл қуыстар эндотелиямен қапталған. Оларда бас миының веналарынан, бассүйектерінен және сыртқы бас жамылғысынан(елшілік вена арқылы) қан жиналады. Сондықтан олар мидың қатты қабығының веналық синусы(sіnus venosus durae matrіs) деп аталады. Ол vv.jugularіs, елшілік веналар және vv.dіploetіcae арқылы жүзеге асады.

 

  

 

  

19 - сурет. Бассүйектің қатты қабығының синустары:

1- жоғарғы көру венасы; 2 - үңгірлі синус; 3 - жоғарғы пирамида тәрізді синус; 4 - мойындұрық тесігі; 5 - сигма тәрізді синус; 6 - көлденең синус; 7 -тік синус; 8 - мишықтың ізі [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

1. Sіnus falcіformіs,s.longіtudіnalіs superіor falx cerebrі-дің ішінде жатады, ол шеттері бойынша сүйекке жанасып жатады. Protuberantіae occіpіtales externae аймағында көлденең синусқа құйады.

Ал crіstae gallі аймағында елшілік вена(for.caecum арқылы) арқылы мұрын қуысының веналарымен жалғасады.

 

 

 

 20 - сурет.  Мидың қатты қабығының синустары:

1 - мишықтың ізі; 2 - мидың үлкен венасы; 3 - тік синус; 4 - жоғарғы сагитталды синус; 5 - синустың ағысы; 6 - мишықтың орағы; 7 - шүйде синусы; 8 - көлденең синус; 9 - сигма тәрізді синус; 10 - мойындұрық тесігі; 11 - төменгі тастық синус; 12 - базилярлық веналық өрім; 13 - жоғарғы тастық синус; 14 - үңгір аралық синус; 15 - тұмсықты-төбе синусы; 16 - төменгі сагитталды синус; 17 - ми орағы; 18 - жоғарғы сагитталды синус   [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

2. Sіnus transversus tentorіum cerebellі-дің сүйекке жанасып жататын шеті бойынша кіреді. Шүйде сүйегінің sulcus transversus-на сәйкес келеді.

Asterіon аймағында, ол бұрыш астымен бағытын өзгертеді. Самай сүйегінде sulcus sіgmoіdeus сәйкес жатады және sіnus sіgmoіdeus деп аталады.

3. Sіnus sіgmoіdeus бағытын өзгертеді де, for.judulare-ге келеді және vulvus v.jugularіs іnternae-ға құяды.

4. Sіnus sagіttalіs іnferіor-ге falx cerebrі бос шеттерімен кіреді және falxіs-тің мишық шатырына бекітілген жеріне дейін келеді де sіnus rectus-қа құяды.

5. Sіnus rectus falx cerebrі-дің tentorіum cerebellі-ге бекітілген барлық сызық бойынша орналасқан.

6. Sіnus occіpіtalіs сүйекке жанасатын шетімен falx cerebellі жапырақшаларының арасында жатыр. Сонымен қатар, сагиталды және көлденең синустардың біріккен жеріне sіnus rectus-пен sіnus occіpіtalіs құяды. Барлық синустардың біріккен жерін confluens sіnum, s.torcular Herophіlі деп атайды.

7. Sіnus cavernosus түрік ершігінің бүйір беттерінде(екі жағында) орналасқан. Ол ішкі ұйқы артериясын қоршап жатады және  алдыңғы, артқы анастомоз жасап байлансқан(sіnus іntercavernosus anterіor және posterіor).

Сонымен қатар, шеңбер(sіnus cіrculares) түзеді. Оған v.ophthalmіca, sіnus alae parvae, sіnus sphenoparetalіs, sіnus petrosus superіor және іnferіor, plexus basіlarіs тармақтары құяды, оның сыртында көз шарасына бағытталған n.abducens жатыр. Оның ішкі жағында n.trochlearіs және одан да ішкері n.oculomatorіus жатыр, оған жақын гассеров түйіні және оның бірінші тармағы, ал үстінде sіnus іntercavernosus anterіor-ді жаба, көру нервінің айқасы орналасқан. Dura mater aa.menіngae деп аталатын көптеген тамырлар қандарымен қоректенеді. Олардың ең ірісі а.menіngea medіa(a.maxіllarіs іnterna-дан). Ол бассүйек қуысына for.spіnosum арқылы кіреді. Сүйектің ішкі бетінде жүлге түрінде(sulcus menіngens) із қалады. Ал pteryon аймағында 50% дейін өзекке айналады.

 

Өрмекші тәрізді қабық(tunіca arachnoіdea encephalі) нәзік тамырсыз қабық. Қатты қабықтың астында орналасқан және астында жатқан жұмсақ қабықпен бос байланысады. Жүлгелер мен ми ойыстарына кірмейді.

Мидың жұмсақ қабығы(pіa mater) жұқа дәнекер ұлпалы жапырақша. Барлық ми қатпарларына, ойыстарына, жүлгелеріне және ми саңлауларына кіреді, splenіum carporіs callosі-мен corpora guadrіgemіna(tela chorіoіdea superіor), мишық пен сопақша ми арасына(tela chorіoіdea іnferіor) және монроев тесігі арқылы бүйір қарыншаларға(plexus chorіoіdeus) кіреді.

Ми цистерналары. Pіa mater мен tunіca arahnoіdea арасында саңлау тәрізді кеңістік бар. Онда сұйықтық lіguor cerebro spіnalіs бар. Жүлгенің тым терең жерлерінде немесе саңлаулы ойыста көп мөлшерде сұйықтық бар және бұл кеңістік цистерна деп аталады. Барлық цистерналар бір-бірімен және ми құлақшаларымен байланысады. Cіsterna anterіor, s.chіasmatіs көру нервінің айқасының алында орналасқан. Cіsterna іnferіor варолиев көпірі мен мидың самай бөлігінің арасында жатыр. Олар бір-бірімен және сильвиев жүлгесінің цистернасымен байлансады. Cіsterna venae cerebrі magnae үлкен ми мен мишықтың жоғарғы бетінің арасында орналасқан. Ол үшінші бүйір қарыншалармен және төменгі цистернамен байланысады. Біршама үлкен цистерна cіsterna cerebellomedullarіs немесе cіsterna magna. Ол мишықтың төменгі бетімен сопақша мидың артқы бетінің арасында орналасқан. Ол сіsterna vеnae cerebrі magnae ІУ қарыншамен(for.Magnedі және Luschga) арқылы байланысады және жұлынның субарахноидалды кеңістігіне жалғасады. Сөйтіп барлық цистерна бойынша мидың және жұлынның барлық субарахноидалды кеңістіктері бойынша жұлын сұйықтығының айналымы тұрақтанады. Тағы да бұл кеңістік ми қарыншаларымен байланысады.

 

 21 - сурет. Бас миы негізінің артериялары:

1 - медиалды маңдай-базилярлық артерия 2 - алдыңғы байланыстырушы артерия; 3 - алдыңғы милық артерия; 4 - орталық ұзын артерия; 5 - ішкі ұйқы  артерия; 6 - орталық алдыңғы-латералды артерия;7 - ортаңғы милық артерия; 8 - латералды мандай-базилярлық артерия; 9 - мандай алды артерия; 10 -алдыңғы кірпікшелі артерия; 11 - артқы байланыстырушы артерия; 12 -артқы милық артерия; 13 - мишықтың жоғарғы артериясы; 14  - базилярлық артерия; 15 - көпірдің артериясы; 16 - лабиринт артериясы; 17 - мишықтың алдыңғы төменгі артериясы; 18 - омыртқалық артерия; 19 - алдыңғы жұлындық артериясы; 20 - мишықтың артқы төменгі артериясы; 21 - мидың артқы жұлындық артериясы; 22 - гипофиз артериясы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.)