Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
МойынныҢ ірі артериялары мен нервтерініҢ кескініСодержание книги
Поиск на нашем сайте МОЙЫННЫҢ ІРІ АРТЕРИЯЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІНІҢ КЕСКІНІ
Анатомиялық құрылымдардың аттары Кескінді бағыты A. carotis communis, v. jugularis interna, n. vagus Төменгі жақ бұрышы мен еміздікше тәрізді сүйектің ортасы мен төс-бұғана-еміздікше бұлшықеттінің латералды жиегін (сол жағынан) қосатын сызық бойымен A. carotis communis бөлінген жері Негізгі тамыр-нерв шоғыры бағыты бойымен, қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі деңгейінде A .subclavia Бұғана сүйек бойымен жүретін сызық N. phrenicus Қалқанша шеміршек деңігейінде, төс-бұғана-еміздікше бұлшықеттен ұзынша төмен түсетін сызық бойымен Мойын өрімі (тері астындағы бөлігі) Төс –бұғана- еміздікше тәрізді бұлшықеттің латералды жиегінің ортасы Симпатикалық бағана Мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінің алдымен төмен қарай ұзынша түскен сызық бойымен МОЙЫННЫҢ ЛИМФАЛЫҚ ТҮЙІНДЕРІ Мойынның лимфалық түйіндері келесі бес топқа бөлінеді: 1. Жасқ асты; 2. Иек асты; 3. Алдыңғы мойын(беткі және терең); 4. Латералды мойын(беткі); 5. Терең мойын. Жақ асты түйіндер(4-6, кейде оданда көп) жақ асты безінің шандырында немесе оның ішінде орналасады. Оған беттің жұмсақ тіндерінен, қастың медиалды жағынан, еріннен, мұрын және ауыз кіре берістерінен, жоғарғы және төменгі тістерден, қызыл иектерден, тілдің ортаңғы бөлігінен және ауыз қуысы түбінен лимфа ағып келеді. Оған әкелетін тамырлар мойынның терең түйіндерінің жоғарғы топтарына құйады. Иек асты түйіндер(2-3) екінші шандырдың астында, екі басты бұлшықеттің алдыңғы қарыншасымен, төменгі жақтың және тіл асты сүйектер арасында орналасқан. Оған иектен, тіл ұшынан, алдыңғы төменгі тістерден және жартылай төменгі еріннен лимфа ағып келеді. Олардың әкелуші тамырлары жақ асты, мойынның терең түйіндерінің жоғарғы бөліктеріне ағады.
83 -сурет. Бас пен мойынның әкетуші лимфалық тамырлары және аймақтық лимфалық түйіндері: 1 - иек астылық; 2 - төменгі жақ асты; 3 - беті мойындық; 4 - терең мойындық; 5 - көмей алды; 6 - кеңірдек алды; 7 - кеңірдек маңы; 8 – бұғана үстілік; 9 – бұғана астылық; 10 – құлақ маңы; 11 - алдыңғы құлақтық; 12 - төменгі құлақтық; 13 - артқы құлақтық; 14 - шүйделік; 15 - ұрт [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Мойынның алдыңғы түйіндері мойынның ортаңғы бөлігінде орналасқан. Беткі түйіндер(2 түйін) алдыңғы мойындұрық вена бойында орналасқан және терең түйіндер (юкстависцералды) деп аталады. Терең мойын түйіндері көмей алдында, қалқанша бездің мойыншығының алдында, кеңірдек алдында(претрахеалды), кеңірдектің бүйірінде (паратрахеалды-қайтымды нерв бойында) орналасады. Латералды топ түйіндері бірнеше беткі түйіндер сыртқы мойындұрық веналар бойында орналасады және әкелуші тамырлар шықшыт безі маңы түйіндермен, мойынның терең түйіндерімен байланысады. Мойынның көптеген лимфалық түйіндерін терең түйіндер түзеді. Олар тізбектеліп орналасады: ішкі мойындұрық вена бойында, қосымша нервтің жолымен және мойынның көлденең артериясының жолымен үшбұрыш түзе орналасады. Мойынның көлденең артериясының жолыдағы тізбек бұғана үсті түйіндер тобы деп аталады. Осы тізбектің ірі түйіні сол жақ веналық бұрышқа жақын жатады және асқазан мен өңештің төменгі бөлігінің ісгі кезінде бірінші зақымдалады. Ол кезде олар сол жақ төс-бұғана-еміздікше бұлшықет бқрышында сипап сезіледі. Мойынның терең лимфалық түйіндеріне бас пен мойынның барлық лимфалық түйіндерінен және шығарғыш тамырлардан, жұтқыншақ артынан лимфа ағады. Мойынның барлыұ мүшелерінен лимфа терең лимфалық түйіндерге ағады. Кейбір мүшелерден(тіл, көмей, бадамша бездер, жұтқыншақ, қалқанша без, мойын бұлшықеттері) тікелей терең лимфалық түйіндерге ағады. Мойынның терең лимфалық түйіндерінен мойындұрық лимфалық түйіндеріне ағады, одан ары қарай сол жақ венозды бұрышқа құйатын кеуделік лимфалық түйінге ағады. Оң жақтағы лимфалық түйіндерден оң жақ мойындұрық және бұғана асты түйіндерге ағады, одан ары қарай оң жақ лимфалық өзекке ағады.
БАС ПЕН МОЙЫННЫҢ ШАНДЫР АРАЛЫҚ КЛЕТЧАТКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕРІ, АБСЦЕСТЕР, ФЛЕГМОНАЛАР,
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.01 с.) |