БАССҮЙЕКТІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БАССҮЙЕКТІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Поиск

Бастың пішіні әртүрлі индекстермен анықтайды, олардың ішінде ең  бастысы бассүйек көрсеткіші болып табылады:

 

Index Е-100

           Ұ

Е - төбе төмпешіктері арасындағы көлденең диаметріболып саналады;

Ұ - мұрын сүйекпен маңдай сүйектердің біріккен тігісі (nasion немесе glabella) мен шүйденің сыртқы төмпешігі (inion немесе protuberantia occipitalis externa) арасындағы ұзынша диаметр болып табылады.

 

  Долихоцефалды дене пітімі адамдарда индекс 75,9 көрсеткішіне, ал брохиоцефалды  дене пітімді кісіде индекс 80 көрсеткішке тең, осы топтар арасындағы бассүйек көлемі - орташа(мезоцефалды) дене пітімге жатады.

Сыртқы есту жолдарын қосатын сызықпен(linea biauricularis) алғанда осы сызықтың алдыңғы жағында жатса фронтипеталды, ал егер бассүйектің милық бөлігінің үлкен бөлігі сызықтың артында жатса окциптопеталды деп бассүйек аталады.

      В. Н. Шевкуненко мен оның шәкірттері әртүрлі бассүйек құрлысына мен бөліктеріне, бассүйек негізінің ішкі және сыртқы бетіндегі тесіктердің орналасуына және мидың әртүрлі бөліктерінің орналасуна, бассүйек пішіндері арасындағы қарым-қатынастарына қарай айырмашылықтарын анықтаған. Окципитопетальді бассүйек пішінінде мидың қыртыстары көлденең бағытта, ал фронтопеталды пішінінде  тік бағытқа жақын болады. Ала дене (corpus striatum) долихоцефалда брахиоцелға қарағанда төмен орналасқан.

Бассүйек негізінде келесі ерекшеліктерді көруге болады. Бассүйек негізінің сыртқы бетінде жұтқыншақ ойысы долихоцефалда дөңес түрде, ал брахиоцефалда еніне қарай дөңестеліп орналасқан. Сондықтан долихоцефалда жұтқыншақ күмбезі мен түрік ершігіне  ауыз қуысы арқылы жақсы жету жолы, ал брохиоцефалда мұрын қуысы арқылы жету оңай болып табылады( П. А. Куприянов) 

  Бассүйектің негізінің ішкі бетіндегі ойыстар брахицефалда долихоцефалға қарағанда тереңірек болады. Брахицефалда кіші қанат рельефі және оның астындағы ойыс тереңдеу орналасады, долихоцефалда қанат рельефі қарапайым және ойыс саяз болады.

Брохицефалда долихоцефалға қарағанда мишық көлемдірек және көптеген жағдайда І мойын омыртқаның доғасынан төмен түседі, со,ан байланысты брахиоцефалда мидың үлкен цистернасы қысқа және пункция жасағанда мишықты, оның тамырларын зақымдалуы мүмкін (П. И. Куприянова).

Брохицефалда мидың қатты  қабығының жоғарғы сагиталды синусының ені 3 см шамасында және ирімді, бүйір шығыңқылары(арна түрінде) болады, долихоцефалда синус тік пішінді, ені 1,5 см-ден аспайды(Ф. И Валькер). Сондықтан брахиоцефалда синус зақымдалса долихоцефалға қарағанда қауіпті.

  Үңгірлі синус долихоцефалда тар, ұзын және биік, ал брахиоцефалда кең, қысқа және аласа болады(С.C.Михайлов). Ішкі ұйқы артерияның мойын бөлігі мен үңгірлі синустың  ішкі құрылысының әртүрлі болуының тәжірибелік маңызы өте зор: үңгірлі синус ішінің, артерия қабырғасының эластикалық талшықтар аз, ал мойын бөлігінде олар көп және бұлшықет қабаты бар(С.С.Михайлов). Сондықтан артерия қабырғасы жыртылуы (мысалы, атеросклероз кезінде) жиі кездеседі.

Виллизиев артериялық шеңбері құрылысында айтарлықтай ерекшеліктер бар(Ф.И.Валькер). Оның біріктіргіш тармақтар(aa.сommunicantes) жақсы дамыған және шеңбер тұйық(брахицефалда). Кейбір жағдайда бір немесе екі біріктіргіш артериялар болмайды және шеңбер тұйық(долихоцефалда). Сондықтан долихоцефалда жалпы ұйқы артерияны байлау(оң жақтан) айтарлықтай асқынуға әкеліп соғуы мүмкін, ал брахиоцефалда айналмалы қан айналым тез және жеңіл дамиды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)