Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мойын мҮшелерініҢ клиникалыҚ анатомиясыСодержание книги
Поиск на нашем сайте МОЙЫН МҮШЕЛЕРІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ КӨМЕЙ Көмей(larynx) – дауыс байламдары бар түтікше тәрізді мүше. Ол жұтқыншақты кеңірдекпен байланыстырады. Оның қаңқасы бір-бірімен мембраналармен, байламдармен байланысқан 5 шеміршектен тұрады. Көмей V-VI мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан. Бастың қалпынан, жұтыну актісінен, тілдің түріне байланысты оның склетотопиясы өзгеріп тұрады, ал көмей қақпасы көмейге кіре беріске байланысты әртүрлі қалыпта болады. Ерлерде көмекей шеміршектері шығыңқы, көзге көрініп тұрады, оны "адамов алмасы"(pomun Adamі немесе emіnenta thytehyoіdea) деп атайды. Көмей алдынан төс-тіл асты және жартылай төс-қалқанша бұлшықеттерімен, ал бүйірінен қалқанша безінің бөліктерімен, артынан жұтқыншақнен, өңешпен жанасып жатады. Жоғарғы жағында көмей қақпасымен, ал төмеңгі жағында кеңірдекпен жалғасады. Көмейге кіре беріс көмей қақпасымен, ал жан-жағынан ожау тәрізді көмей қақпалық қатпарымен және артынан ожау тәрізді шеміршекпен шектеледі. Көмей қуысын 3 қабаты бөледі: 1) кіре беріс- көмей қақпасынан мүшенің бүйір қабырғаларының шырышты қабатының қатпары болып келетін жалған дауыс байламдарына дейінгі аралық; 2) байлам аралық кеңістік- жалған дауыс байламдарынан- m. тhyreoiaritenoideus internus- пен қалқанша тәрізді шеміршектің ішкі бетінің бұрышындағы ожау тәрізді шеміршекке бағытталған сызықтан 7-9 мм төмен орналасқан нүктелерінен тұратын шынайы дауыс байламдарына дейін. Жалған және шынайы байламдар арасында, бүйір бетінде,өзінің түбімен жоғарыға бағытталған Морганьи қалташалары(ventriculi laryngis) орналасқан. Бұл қалталардың шырышты қабатында дауыс байламдарын ылғалдап тұратын, шырыш бөлетін бездер көптеп орналасқан, дауыс байламдары арасындағы аймақ ең тар аймақ болып табылады; 3) байлам аралық кеңістікте – дауыс саңылауы (rima vocalis) орналасқан. Көмей жоғарғы және төменгі көмейлік артериямен қанмен қамтамасыз етіледі(жоғарғы және төменгі қалқанша артериялар тармақтары). Веналық ағыс артерияларға аттас веналармен жүзеге асады. Лимфа тамырлары терең мойын түйіндеріне, көмей алды, кеңірдек алды және кеңрдек маңы түйіндеріне бағытталады. Көмей симпатикалық және кезбе нервтің тармақтарымен иннервацияланады. Кезбе нервтен көмейдің жоғарғы және ортаңғы аймақтарының шырышты қабатын және m. сricothyroideus-тің иннервациялайтын жоғарғы көмейлік нерв және көмейдің байлам асты бөлігінің шырышты қабатын, бүкіл бұлшықеттерін иннервациялайтын төменгі көмейлік нерв шығады.
72 - сурет.Көмей шеміршектерінің буыны мен байламдары(А – алдыңғы беті, Б – артқы беті): 1 - cricotracheal ligament; 2 - arch of cricoid cartilage; 3 - median cricothyroid ligament; 4 - superior thyroid notch; 5 - thyroid cartilage, right lamina; 6 - median thyrohyoid ligament; 7 - thyrohyoid membrane; 8 - lateral thyrohyoid ligament; 9 - hyoid bone, lesser horn; 10 - hyoid bone, greater horn; 11 - epiglottic cartilage; 12 - triticeal cartilage; 13 - thyroid cartilage, superior horn; 14 - thyroid cartilage, inferior horn; 15 - capsule of cricothyroidjoint; 16 - tracheal cartilages; 17 - crico-arytenoid ligament; 18 - arytenoid cartilage; 19 - thyroid cartilage, left lamina; 20 - stalk of epiglottis; 21 - pre-epiglottic fat body; 22 - corniculate cartilage; 23 –cricopharyngeal ligament; 24 - anular ligaments [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Дыхательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |