ОлардыҢ жайылу жолдары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ОлардыҢ жайылу жолдары

Поиск

 

Бас пен мойынның шандырлары мен клетчаткалық кеңістіктерін топографиялық анатомияның негізін салушы Н.И.Пироговпен оқылған болатын. Ол медициналық практикада шандырлы қапшықтардың, борпылдақ майлы клетчатка және іріңді үдерістердің жайылу жолдары туралы көптеген еңбегін сіңірді. Борпылдақ клетчатка, тамырлар мен нервтер бойымен және басқа аймақтарға іріңдіктердің жайылатындығы мүмкін.

Бас пен мойынның жұмсақ тіндерінің іріңді-қабыну аурулары(флегмаона, абсцесс) өте жиі кездеседі. Олардың жайылу ерекшеліктері тері, тері асты шел майы, шандырлар мен апоневроздардың анатомиялық, топографиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталады. 

Маңдай-төбе-шүйде аймақтарында тері асты клетчаткасында апоневроздан теріге баратын сіңірлі талшықтар орналасқан, ол тері асты клетчатканы бөлшектерге бөледі, сондықтан іріңдік беткей аймақтарда тарайды.

Апоневроз бен сүйек қабы арасында апоневроз асты клетчаткалық кеңістік орналасқан. Бұл жерде іріңдік жайылмалы түрде тарайды және апоневроз сыдырылп алынып қалуы мүмкін.

Сүйек қабығы сүйектен борпылдақ сүйек асты клетчаткамен бөлініп тұрады, бірақ тек сүйек тігістерінде ғана байланысады, іріңдік бір сүйек деңгейінде жайылады, ал келесі сүйекке өте алмайды.

Бассүйек күмбезінде апоневроз астындағы флегмона мен абсцестерді томпайып ісініп тұрған жерден тілік жасап ашады.  Төбе-шүйде аймағында ұзынша тіліктер жасайды, ал маңдай аймақта терілік тілікті тері қатпары бойымен жасаған дұрыс, өйткені пайда болған тыртық қатпар ішінде онша көрінбейді. Төбе аймағында теріні самай бұлшықетінің жоғарғы жиегіне қатар тілік жасайды. Тіліктің көлемі іріңдіктің көлеміне сәйкес келуі керек. Теріні, тері асты клетчатканы, апоневрозды кеседі, сосын іріңді алып тастап, өлген тіндерді кесіп алып тастайды, остеомиелит кезінде сүйекті алып тастайды. Операциядан кейінгі кезеңде дренаж қою үшін қосымша тілік жасап, сол арқылы жараны антисептикалық сұйықтықпен жуады.

 

Самай аймағында төрт қабат клетчатка орналасқан:

1. Тері мен беткі самай шандыры арасында  тері асты май клетчатка орналасқан.

2. Самай шандырының беткі және терең жапырақшаларының арасында шандыр аралық(апоневроз аралық) самай клетчаткалық кеңістігі орналасқан. Қабыну үдерісі кезінде бет сүйек доғасының үстінде іріңдік жатады.

3. Самай шандырының терең жапырақшасы мен самай бұлшықетінің арасында апоневроз астылық клетчаткалық кеңістік орналасқан. Ол жерге ұрттың биш майлы денесінің өсіндісі еніп орналасқан және төменде шайнау бұлшықетінің астындағы клетчаткамен байланысады.

4. Самай бұлшықеті мен сүйек қабығы арасындағы клетчатка(сүйекті-бұлшықетті кеңістік) орналасқан. Ол самай-қанат аралықпен байланысады.

Самай аймағында флегмона қанат-жақ, жұтқыншақ маңы кеңістіктерден, самай асты, жақ арты, қанат-таңдай ойысы және ұрт аймақтарында іріңді үдеріс болған кезде пайда болады. Сонымен қатар, остеомиелит, жоғарғы кіші және үлкен азу тісттер қабынған кезде де жайылады.

Самай аймағының флегмоналары орналасу орнына байланысты бөлінеді:

1. Беткі, тері мен самай апоневрозы арасында;

2. Апоневроз аралық, меншікті самай апоневрозының беткі және терең

жапырақшаларының арасында;

3. Апоневроз асты, апоневроз бен самай бұлшықетінің арасында;

4. Терең, самай бұлшықетінің астында.

Егер іріңді-қабыну үдеріс аймақтың барлық қабаттарына жайылса флегмона жайылмалы сипатта болады.

Самай аймағының флегмонасын самай бұлшықетінің алдыңғы жиегімен тілік жасай отырып ашады. Ал самай аймғында терең іріңді үдеріс болса, ірің артерияларды және бұлшықеттің талшықтарын ескере отырып радиалды бағытта тілік жасайды. Іріңдіктердің толық шығуы үшін қосымша бет сүйек доғасы бойымен тілік жасайды.

 

Ұрт аймағында тері асты клетчтака жақсы дамыған, онда беткі шандырмен жабылған ымдау бұлшықеттер орналасқан. Беткі ымдау бұлшықеттердің астында бұлшықет аралық клетчаткалық кеңістік бар, онда беттік артерия мен вена орналасқан. Ұрт аймағының ортаңғы бөлігінде майлы қабат астында шайнау бұлшықет пен ұрт бұлшықетінің арасына ене ұрттың биш майлы денесі(corpus adiposum buccae) орналасқан. Оның сыртында шандырлы қапшығы және өсінділері бар: самай өсіндісі бет сүйек доғасының астымен самай ойысына; көз шарасы өсіндісі бет сүйек доғасының астыменсамай асты ойысқа және одан әрі төменгі көз шарасы саңлауы арқылы көз шарасына; қанат-таңдай өсіндісі бет сүйек доғасының астымен қанат-таңдай ойысына барады. Бұл майлы дене нәрестелерде жақсы дамыған.

Ұрт аймағына инфекцияны тарататын негізгі көз жоғарғы және төменгі жақтың кіші және үлкен азу тістері болып табылады. Кейде ұрт аймағында абсцесс немесе флегмона жоғарғы немесе төменгі жақтың жедел іріңді периоститінің асқынунан пайда болады.

Ұрт аймағында флегмона болса шырышты қабық немесе тері жамылғысы жақта жиналады. Ұрт аймағындағы іріңді үдеріс пен флегмона самай асты, бет, көз шарасы асты, шықшыт без-шайнау, төменгі жақ асты, самай және бас сүйек қуысына жайлады.

Ұрт аймағына операциялық жету жолдары абсцесс пен флегмонаның және бет нерві тармақтарының орналасқан жеріне байланысты ауыздан тыс немесе ауыз қуысы арқылы жасалады.  Ұрт аймағына тіліктер теріде радиалды бағытта құлақ түйінен қас саңлауының сыртқы бұрышына, мұрын ұшына және ауыз бұрышына бағытталып жасайды, сонымен қатар төменгі жақтың жиегінен 1-1,5 см төмен жасайды.

 

Бет сүйек аймағы тері асты клетчатка жақсы дамыған. Бұл аймақта абсцесс пен флегмона беткі қабаттарда жайылады. Көз шарасы асты, ұрт аймақтардан іріңді үдеріс жайылады. Негізгі іріңдіктің көзі терінің зақымдалуы, 4,5,6 жоғарғы тістердің зақымдалуынан жоғарғы жақтың остеомиелиті болып табылады.

Іріңдікті ашу үшін бет нервтің тармақтарының жолын ескере отырып тері жамылғысын кеседі. Іріңдік самай, шықшыт без-шайнау, ұрт, көз шарасы асты аймақтарға жайылады. Егер ұзақ уақыт іріңдік болса остеомиелитпен асқынуы мүмкін.

 

Самай асты және қанат-таңдай ойысы аймақтарында жоғарғы жақ аймағы тініне жансыздандыру жасаған кезде гематома пайда болуы мүмкін. Ине самай асты ойысқа терең енгізілгенде қанатты веналық өрімнің зақымдалуынан гематома пайда болып, одан әрі «инекциялық» флегмона пайда болады. Самай асты және қанат-таңдай ойысы аймағындағы қабыну инфильтраты жоғарғы жақтың артқы беті мен сына тәрізді сүйектің қанатты өсіндісі арасында орналасады. Іріңді үдеріс тез арада самай аймағына, көз шарасына және қанат-жақ кеңістігіне таралуы мүмкін.

Операциялық жету дренаж қою үшін ауыз арқылы, кейде ауыздан тыс жасалады.  

 

Шықшыт без-шайнау аймағында шайнау асты клетчаткалық кеңістік (шайнау-жақ) медиалды жағынан төменгі жақ өсіндісінің сыртқы бетімен, латералды жағынан шайнау бұлшықетінің ішкі бетінен, жоғарыдан бет сүйек доғасының төменгі жиегімен, артынан төменгі жақ өсіндісінің артқы жиегімен шектелген. Жоғарыда самай бұлшықеті апоневрозы астындағы клетчаткамен байланысады.  Клетчаткалық құрылымдар арқылы веналық тамырлар бойымен ұрт аймағымен, жақ артындағы ойыспен, қанат-жақ кеңістігінің самай және самай асты бөліктерімен байланысады.

Төменгі үлкен азу тістердің(азу тістер аймағындағы остеомиелит немесе ақыл тістердің шығуының қиындауы кезінде) қабыну үдерістері кезінде шайнау бұлшықеті асты кеңістікке жайылады, осы кеңістіктің флегмонасы(субмассетерлік) пайда болады.

 

Шайнау бұлшықеті асты кеңістікке операциялық жету сырттан шайнау бұлшықетінің төменгі жақтың төменгі жиегіне бекітетін жерден теріні 6-7 см етіп жасайды.

  Шықшыт без –шайнау аймағының артқы бөлігін шықшыт без(glandula parotis) орналасқан. Без сыртынан шандырмен(fascia parotideomasseterica) жабылған және ішінен тамырлар, нервтер, лимфалық түйіндер, борпылдақ клетчатка өтеді және ол бұлшықет-шандырлы кеңістікте(spatium parotideum) жатады. Кеңістікті шайнау(m.masseter), медиалды қанатты(m.pterygoideus medialis) және төс-бұғана-еміздікше(m.sternocleidomastoideus) бұлшықеттер шектеп жатады.  Кеңістік ішкі жағынан самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталатын біз-тіл асты(stylohyoideus), біз-тіл(styloglossus), және біз-жұтқыншақ(stylopharyngeus) бұлшықеттері шектеп жатады. Бұл кеңістік жоғарыдан сыртқы есту жолымен, төменде төменгі жақ асты безінің сыртындағы тығыз шандырмен жанасып жатады. Іріңді паротит кезінде іріңдікті сыртқы есту жолы арқылы шығарады. Жиі ірің жұтқыншақ маңы кеңістікке ағады, одан әрі жұтқыншақ, өңеш бойымен артқы кеуде аралыққа ағады да, медиастенитке айналуы мүмкін.

Деструктивтік(іріңді және некрозды) паротит кезінде тілікті 2 см ұзындықта бет нервінің топографиясын ескере отырып жасайды. Егер без қатты зақымдалса, біріктірілген екі тілік(бет сүйек астынан және жақ астынан) жасайды.

 

Қанат-жақ кеңістігі латералды жағынан төменгі жақ өсіндісінің ішкі бетімен, медиалды жағынан ішкі ұанатты бұлшықеттің сыртқы бетімен, жоғарыдан сыртқы қанатты бұлшықеттің төменгі бетімен, алдынан ұрт бұлшықетімен, артынан шықшыт безімен шектелген. Кеңістәк борпылдақ клетчаткамен толтырылған және жақ арты,тұанат-таңдай және самай асты ойыстармен, жұтқыншақ маңы кеңістіктің алдыңғы бөлігімен, самай және тқменгі жақ асты кеңістіктермен байланысады. Жоғарғы, алдыңғы бөлігіне ұрттың майлы денесі еніп орналасады.

Төменгі үлкен азу тіс және жоғарғы жақтың азу тістерінің қабыну үдерістері кезінде қанат-жақ кеңістігінде абсцесс немесе флегмона дамуы мүмкін.

Операциялық жету ауыз қуысы арқылы 2 см ұзындықта қанат-төменгі жақ қатпарына қатар шырышты қабық арқылы тілік жасайды. Сонымен қатар, төменгі жақ асты аймағына бекітілетін ішкі қанатты бұлшықет зонасына ұзындығы 6-7 см төменгі жақ бұрышын орай жаслатын тілікті жасай отырып сырттан жетеді.

 

Көз шарасы асты(region infraorbitalis) аймақ ит тіс ойысы(fossa canina) орналасқан жерге сәйкес келеді. Бұл аймақта майлы клетчатка жақсы жетілген. Беткі және терең ымдау бұлшықеттерінің арасында бұлшықет аралық кеңістік орналасқан. Бұл аймаққа жоғарғы ит тістің, бүйір күрек тістердің және кіші азу тістердің тіндері қабынған кезде іріңдік тарайды.Көз шарасы асты аймақта флегмона дамығанда жоғарғы жақтың жұмсақ тіндеріне жайлыған түрде қабыну үдерісі өтеді.  Ол кезде бұрыштық венаның тромбофлебиті түрде асқыну үдерісінің дамуы мүмкін.

Операциялық жету жолы ауыз қуысы жақтан жоғарғы ауыспалы қатпармен жасалады.

Көз шарасы аймақ көз шарасы қабырғасымен шектелген. Борпылдақ клетчатка көз алмасының айналасында орналасқан. Көз шарасының дисталды жағындағы клетчатка төменгі көз шарасы саңлауы арқылы қанат-таңдай ойыспен байланысады. Осы аймаққа жоғарғы және төменгі жақ аймағындағы клетчаткада, көз шарасы асты аймақтан, жоғарғы жақ синусының  қабыну үдерістері дамыған кезде жайылуы мүмкін.

Операциялық жету көз шарасының жоғарғы немесе төменгі жиектері арқылы теріні кесе отырып жасалады.

 

Тіл асты аймақ төменде жақ-тіл асты бұлшықетпен немесе ауыздың көкетімен, жоғарыда ауыз қуысының шырышты қабығымен, сырттан төменгі жақ денесінің ішкі бетімен, ішкі жағынан иек-тіл және иек-тіл асты бұлшықетпен шектелген. Бұл аймақта майлы клетчаткамен қоршалған тіл асты сілекей безі, оның өзегі және тамырлар мен нервтер орналасқан. Бұл аймқамқтың шекарасы тіл асты клетчаткалық кеңістігі шекарасына сәйкес келеді.

Жақ-тіл асты бұлшықет артқы жағында жақ асты без өзегі бойымен тіл асты клетчатка төменгі жақ асты аймақтың клетчаткасымен, тіл артериясы бойымен мойынның медиалды тамыр-нерв шоғыры қынабымен, жұтқыншақ маңы және қанат-төменгі жақ кеңістіктерімен байланысады.

Үлкен азу тістердің деңгейінде тілдің бүйір беті мен төменгі жақтың денесі арасында тіл асты аймақтың дисталды бөлігі орналасқан, оны жақ-тіл науашығы деп атайды. Төменгі жақтың тістерінің(одонтогенді инфекция) және ауыз қуыс түбінің шырышты қабығының қабыну үдерістері кезінде жақ асты кеңістікке іріңдіктің өтіп кету мүмкін.

  Тіл асты аймақтың алдыңғы бөлігінің(тіл жастықшасының абсцесі) және артқы бөлігінің(жақ-тіл жастықшасының абсцесі) абсцессі, тіл асты аймақтың флегмонасы болып бөлінеді. Егер тіл жастықшасының абсцесі болса, тіл асты сілекей безін қоршап жатқан клетчаткаға да тарайды. Жақ-тіл асты науашығындағы абсцесс кезінде іріңдік тіл түбінің бүйір бетінде, төменгі жақ денесінің ішкі бетінде және екінші, үшінші азу тістер аймағына тарайды.

 

Тілдің іріңді-қабыну аурулары тіл денесінің, үстінгі бетінің абсцесі және тіл түбімен тіл флегмонасы болып бөлінеді.

Төменгі алдыңғы тістер аймағының іріңді үдерісі кезінде тіл түбінің бұлшықет аралық флегмонасы немесе одонтогенді абсцесс дамиды.

Егер байқамай шырышты қабықты тістеп алғанда, балық сүйегінен, стоматологиялық аспаптармен, тістік өткір ұшымен, тіс протездерінен және стоматит кезінде зақымдалса тіл денесінің, үстінгі бетінің абсцесіне әкеліп соғуы мүмкін. Кейбір жағдайда тілде қабыну үдеріс жедел тонзиллит кезінде пайда болуы мүмкін. Тіл асты аймақтың қабыну үдерісі кезінде де тілдің қабынуына әкеліп соғуы мүмкін. Тіл денесінде, үстінгі бетінде абсцес болса, тілдің оңжақ, сол жақ беттерінде және ортаңғы бөлігінде орналасуы мүмкін.

Жұтқыншақ маңы кеңістік клетчаткамен толтырылған және артқы бөлігінде тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіл асты нервтер, жалпы ұйқы артерия, ішкі мойындұрық вена орналасқан. Жоғарғы бөлігіне қанатты веналық өрім жанасып жатады. Жұтқыншақ маңы кеңістіктің алдыңғы бөлігі қанат-таңдай ойысымен, ауыз қуысы түбімен, самай, төменгі жақ асты және жақ арты ойыспен байланысады. Бұл аймаққа іріңді үдеріс жедел немесе созылмалы тонзиллит, жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінің одонтогенді инфекциясы кезінде жайылады. Қанат-жақ кеңістігінің және ауыз қуысы түбінің қабыну үдерістері кезінде іріңді-қабыну үдеріс жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасына (парафарингиалды флегмона) әкеліп соғады. Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасы кезінде қабыну үдеріс жұтқыншақ бойымен алдыңғы кеуде аралыққа тарайды. Қанатты веналық өрім жұтқыншақ маңы кеңістігіне жанасып жататындықтан іріңді-қабыну үдеріс бассүйек қуысына, миға және ми қабықтарына таралуы мүмкін.

 

Жұтқыншақ арты кеңістік алдынан жұтқыншақпен, артынан омыртқа алды шандырмен, латерады жағынан шандырлы өсіндімен шектелген. Жұтқыншақ арты кеңістік жұтқыншақ тігісінен омыртқа алды шандырға келетін ортаңғы бөлгіш перде арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлінеді. Бұл аймақтағы іріңді-қабыну үдеріс төменге мойынның артқы висералды(spatium retroviscerale) кеңістігіне, одан әрі артық кеуде аралыққа өтеді.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.01 с.)