Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мойынның клетчаткалық кеңістіктері және іріңдіктердіңСодержание книги
Поиск на нашем сайте Мойынның клетчаткалық кеңістіктері және іріңдіктердің орналасу мен жайылу жолдары Мойынның шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктері іріңді-қабыну инфекцияларының таралатын орны болып табылады. Мойын аймағында іріңдік шектелген(абсцесс) немесе жайылған(флегмона) түрінде жайылады. Флегмона беткей және терең түрде дамиды. Абсцесс жиі тері жамылғысының зақымдалуы кезінде пайда болады, ал флегмона терең лимфалық түйіндердің қабынуынан(лифаденит) клетчаткаға, жан-жағындағы лимфалық түйіндерге жайылады. Мойын аймағында жарақат болудың салдарынан немесе гематогенді жолмен шандырлар арасындағы клетчаткалық кеңістіктерге іріңдік тарап, олардың бойымен төмге сүт безіне дейін тарап қабындырады. Іріңді мастоидитте ірің төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің шандыр аралық клетчаткалық кеңістігіне ағуы мүмкін. Бұл жағдайда шектелген шандырлы қынап ішінде іріңдік жиналады да, бұлшықет бойында ісінгендік байқалады(Бецольд флегмонасы). Төменгі жақ асты сілекей безінің шандырлы арнасы – безге жақсы жетілген меншікті шандырдың беткі жапырақшасы қапшық түзеді. Төменгі жақ безінің өзегі арқылы тіл асты аймақпен байланысады. Төс сүйек үсті апоневроз аралық кеңістік – мойынның меншікті шандырының екі жапырақшасының арасындағы саңлау тәрізді кеңістік. Бұл кеңістікте ірің болса, бұғана үсті мен төстің мойындұрық ойысы үстінде «қабыну жағасы» түрде байқалады. Мойынның терең клетчаткалық кеңістігі - омыртқа алды шандырың астында сатылы бұлшықеттер, жауырынды көтеретін бұлшықет, бұғана асты тамырлар мен иық өрімі маңында орналасады. Бұл кеңістік бұғана асты тамырлар мен иық өрімі тармақтары бойымен қолтық асты аймақпен байланысады. Мойынның терең остеофиброзды омыртқа алды кеңістігі - омыртқа алды шандыр мен мойын омыртқалардың денесінің арасында орналасқан. Кеңістікте бас пен мойынның ұзын бұлшықеттері және симпатикалық бағана жатады. Бұл кеңістікте абсцесс мойын омыртқалардың туберкулезді зақымдалуы кезінде пайда болады. Алдыңғы висцералды кеңістік – мойын ішілік шандырдың париеталды және висералды жапырақшаларының арасында орналасқан. Онда клетчатка, лимфалық түйіндер, тамырлар орналасқан және ол алдыңғы кеуде аралықпен жақсы байланысады. Бұл аймақта кеңірдек пен көмейдің қабыну үдерістері кезінде іріңдік тарайды, одан әрі асқынып алдыңғы кеуде аралыққа өтеді де, алдыңғы медиастиниттің дамуы мүмкін. Артқы висцералды кеңістік – мойын ішілік шандырдың висцералды жапырақшасы арасындағы саңлау тәрізді кеңістік. Ол жоғарыда жұтқыншақ арты, төменде артық кеуде аралықпен жақсы байланысады. Өңеш жарақаттанғанда немесе бөгде зат қабырғасын тесіп өткен кезде инфекция артқы висцералды кеңістікке, одан әрі артқы кеуде аралыққа өтіп, артқы медиастинит пайда болуы мүмкін. Мойынның медиалды тамыр-нерв шоғыры қынабының клетчаткалық кеңістігі - ол кеңістікте негізгі медиалды тамыр-нерв шоғыры(жалпы ұйқы артерия, ішкі мойындұрық вена, кезбе нерв) орналасқан. Оларға мойын ішілік шандырдың париеталды жапырақшасы қынап түзеді. Жоғарғы жағында бассүйек негізімен, төменгі жағында алдыңғы кеуде аралықпен байланысады. Мойынның медиалды тамыр-нерв шоғыры қынабы(Дюпюитрен флегмонасы) аймағында іріңді-қабыну үдерісі болса, бұғана үсті аймаққа, қолтық асты ойысқа, алдыңғы кеуде аралық және қарама-қарсы аймақтарға жайылуы мүмкін. Сонымен қатар, мойын аймағының терең іріңді ошақтары өте қауіпті, өйткені іріңдік алдыңғы және артқы кеуде аралықта орналасқан мүшелерді қысуы, ірі тамырлар қабырғасының қабынуы салдарынан қан ағуы мүмкін және үдерістің асқынуынан сепсис немесе ауыр интоксикация болуы мүмкін.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.008 с.) |