Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
МойыннныҢ бҮйірлік аймаҒы(redio colli lateralis)Содержание книги
Поиск на нашем сайте Төс бұғана еміздікше тәрізді бұлшықеттің аймағымен, артқынан трапеция тәрізді бұлшық етпен және төменнен бұғанамен шектелген. Омыртқаның көлденең өсіндісін, бұғананың ортаңғы аймағын сипап көруге болады және бұғана асты артерияның соғуын бақылауға болады. Мойын терісі жұқа және жылжымалы болып келеді. Мойынның бүйір бетінің беткі шандыры талшықтарынан және m.plarysma-дан құралған. Тері асты клетчаткада nn.supraclaviculares орналасқан, ол мойынның, кеуденің бүйір бетін, бұғана асты аймақты иннервациялайды. Сыртқы мойындұрық вена, жоғарыға және төменге қиғаш бағытта өтіп және сыртқы жағынан төс-бұғана-еміздікше тәрізді бұлшықеттің үштен бір бөлігіне, мойынның бүйір беті аймағына шығады. Осы жерде ол артқа төс бұғана еміздікше тәрізді бұлшықеттен бұғанаға дейін, одан әрі шандыр астына кетеді де бұғана асты вена барып құйады. Мойынның меншікті шандыры тығыз жапырақшадан түзілген. Үшінші мойын шандыры бұлшықеттерді жауып жатады және тек қана мойынның алдыңғы бетіндегі үшбұрыштарда болады. Шандыр астында клеткалық кеңістік және артында тұйықталған омыртқалық шандыр бар. Клетчаткалық кеңістік бұғана аралық және бұғана астылық бұлшықет саңылауымен және 1 қабырғамен жүре отырып, бұғана және оның бұлшықеті аралығымен m.sternoсleidomastoideus, сосын алдыңғы сатылық бұлшықет аралыққа(spatium antesalenum) және ортаңғы сатылық бұлшықет аралыққа(spatium intercalenum) тарайды. Айтылған аралықта тамыр-нерв шоғылары өтеді. Осы жол арқылы іріңді үдерістің таралуы мүмкін. Клетчаткалық аралық аймағында беткі бұғана астылық вена өтеді. Бұлшықет ойысынан шығып, ол жоғары қырымен өзіндік доғамен бұғана үстіне көтеріліп және spatium antescalenum-ға беттейді. Бұл веналар қабықтары шандырлармен біріккен, жарақ кезінде тамыр қуысы ашылып өзіне ауаны сорып алады. Веналық бұрыш мойындұрық және бұғана асты веналардың бірігуінен пайда болады, ол жерге лимфалық өзек құйады: сол жағында-кеуде лимфалық өзегі(ductus thoracicus), оң жағына - оң лимфалық өзек(ductus lymphaticus dexter). Сатылық бұлшық еттің алдыңғы жағында алдыңғы саты аралық( spatium interscalenum). Бұл аралықта бұғана асты артерия және оның сыртқы, жоғарғы жағында иық өрімі(plexus brachialis) орналасқан. Бұғана артерия сол жақтан қолқа доғасынан, ал оң жақта иық-бас бағанасынан басталады. Бұғана асты артерия топографиялық және анатомиялық орналасуына байланысты үш бөлікке бөлінеді: · Бірінші бөлігі сатылы саңлауға дейін, ұзынша бағытта саты-омыртқа үшбұрышта жатады. Саты-омыртқа үшбұрыш латералды жағынан алдыңғы сатылы бұлшықетпен, медиалды жағынан мойынның ұзын бұлшықетімен шектелген және негізінде бұғана асты артерия орналасқан. Бұл жерде бұғана асты артериядан үш тармақ шығады: омыртқалық артерия(a.vertebralis), қалқанша-мойын бағанасы(truncus thyreocervicalis), ішкі кеуделік артерия(a.thoracica interna). Омыртқалық артерия үшбұрыштың ұшының деңгейінде мойын омыртқалардың көлденең өсіндісі тесігіне сүйекті-милық өзекке енеді. Омыртқалық артерияны байлау кезіндегі орны саты-омыртқа үшбұрышының негізі болып саналады. · Екінші бөлігі саты аралық кеңістікке сәйкес келеді және өзінің тармағын береді – қабырға-мойын бағанасын(truncus costocervicalis). · Артерияняң үшінші бөлігі алдыңғы сатылы бұлшықеттен сыртқары бұғанаға дейін созылып орналасады. Осы жерде тамыр қолтық асты артерияға ауысады. Үшінші бөлімнен мойынның көлденең артериясы( a.transversa colli) шығады.
65- сурет. Оң жақ бұғана асты артериясының алдыңғы көрінісі: 1 - қалқанша безі; 2 - симпатикалық сабаудың ортаңғы мойындық түйіні; 3 -кезбе нерв; (Х); 4 - омыртқа артерия; 5 - жалпы ұйқы артерия; 6 - көмейдің қайтымды нерві; 7 - иық-бас сабауы; 8 - ішкі мойындұрық вена; 9 - бұғана асты артерия және вена; 10 - қалқанша-мойындық сабау; 11 - қабырға-мойындық сабау; 12 - төменге бағытталған жауырын артериясы; 13 - жауырын үстілік артерия; 14 - мойынның беткі артериясы; 15 - төменгі қалқанша артерия; 16 - алдыңғы сатылы бұлшықет; 17 - көкеттік нерв; 18 - мойынның жоғарлағыш артериясы; 19 - жалпы ұйқы артерия; 20 - ішкі мойындұрық вена [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Иық өрімі(plexus brachialis) 4 алдыңғы, жоғарғы және жартылай бірінші кеуде жұлын-ми нервтерінен түзілген және ол үш бағаға бөлінеді(жоғарғы, ортаңғы, артқы). Ол саты аралықта жатады. Иық өрімі саты аралықта екі бөлікке бөлінеді: бұғана үстілік және бұғана астылық. Иық өрімінің бұғана үстілік бөлігі саты аралықтан шыққан соң бұғана артериясынан жоғары жатады. Бұғанадан жоғары иық өрімі беткі мойын және жауырының көлденең артерияларны көлденең бағытта кесіп өтеді. Иық өрімі өзінің қысқа және ұзын тармақтарын береді: Қысқа тармақтары: 1. Жауырының сыртқы нерві(n.dorsalis scapulae); 2. Ұзын кеуде нерві (n.thoracicus longus); 3. Бұғана үстілік нерв(n.subclavicus); 4. Жауырын үстілік нерв(n.suprascapularis); 5. Жауырын асты нерв(n.subscapularis); 6. Кеуде-арқалық нерв(n.thoracodorsalis); 7. Латералды және медиалды кеуделік нервтер(n.pectorales lateralis et medialis); 8. Қолтық астылық нерв(n.axillaris). Ұзын тармақтары: 1. Бұлшықет-терілік нерв(n.musculocutaneus); 2. Ортаңғы нерв(n.medianus); 3. Шынтақ нерв(n.ulnaris); 4. Медиалды терілік нерв(n.cutaneus brachi medialis); 5. Білектің медиалды терілік нерві(n.cutaneus antebrachi medialis); 6. Кәрі жілік нерві(n.radialis). Симпатикалық бағананың топографиясы. Мойынның медиалды тамыр-нерв шоғырының артында, кезбе нервтен ішкері симпатикалық бағана орналасқан. Мойынның терең шандырымен байланысқан, сондықтан операция кезінде тартылуы мүмкін. Мойынның симпатикалық бағанасы(truncus sympathicus cervicalis) бас және мойынның ұзын бұлшықеттерінде, тамыр-нерв шоғырының артында омыртқаның көлденең өсіндісінде омыртқа алды шандыр ішінде орналасқан. Симпатикалық бағананың үш түйіні бар(жоғарғы, ортаңғыжәне төменгі), олар өз-ара ұзынша бағыттағы нервтік бағаналарымен байланысады. Олардың саны екіге дейін азайып, төртке дейін көбеюі мүмкін. Симпатикалық бағана кезбе, көкет, тіл-жұтқыншақ нервтеріне және де мойын, иық соматикалық өрімдеріне байланыстыратын көптеген тармақтар береді. Олардан мойын мүшелеріне, бассүйекке, бет және кеудеге тармақтар барады. Нервтер сәйкес тамырларға мен аймақтарға өрімдер немесе жеке бағаналар түрінде барады. Симпатикалық бағананың жоғарғы мойындық түйіні ІІ-IV мойын омыртқалар деңгейінде орналасқан. Жоғарыға миға баратын ішкі ұйқы нерві(n.caroticus internus) ішкі ұйқы артерияға өрім түзеді. Осындай өрімдер жалпы және сыртқы ұйқы артерияларын қоршап жатады. Түйін мойын өрімінің алдыңғы тармақтарымен, ІХ, Х, ХІІ бассүйек нервтерімен байланыста болады және көмей мен жұтқыншаққа тармақтарын береді. Сонымен қатар, тамырларға, мойынның және бастың жоғарғы бөліктеріндегі бездерге тармақтарын береді. Симпатикалық жоғарғы түйінінен төменге қарай мойынның жоғарғы жүректік нерві(n.cardiаcus cervicalis superior) шығады. Симпатикалық бағананың ортаңғы түйіні VІ мойын омыртқа деңгейінде, төменгі қалқанша артерияға жанасып орналасқан. Иық өрімінің жоғарғы бөлігіне, жүрекшеге жіне тәждік тамырларға тармақтарын береді. Түйіннен мойынның ортаңғы жүректік тармағы(n.cardiаcus cervicalis medius) шығады. Симпатикалық бағананың төменгі түйіні 90 пайыз жағдайда бірінші кеуде түйінімен бірігіп жұлдызшалы түйін (ganglion stellatum) деп аталады. ОЛ І қабырғының мойнында жанасып орналасқан. Жұлдызшалы түйіннен мойынның төменгі жүректік нерві(n.cardiаcus cervicalis inferior) жүрек өріміне, бұғана асты артерияға, қолқаға, өңешке, плевраға, перикардқа, сілекей және тер бездеріне, мойын веналарына тармақтар шығады. Мойын аймағында қабыну үдерісі немесе ісік кездерінде симпатикалық бағанаға әсер етсе, көптеген өзгерістерді көруге болады: көз қарашығының және көз саңлауының кеңеюі, көз алмасының көз шарасынана шығуы(экзофтальм), бозғылттық, салқындау және тері жамылғысының терлеуі. Сонымен қатар, симпатикалық бағана кесіліп кеткенде немесе анестезия(блокада) жасағанда көз қарашығының және көз саңлауының кішірюі, көз алмасының түсуі, жоғарғы қабақтың птозы, терінің құрғауы және қызаруы мүмкін. Мойынның лимфалық жүйесі. Мойынның лимфалық құрылымдарын беткі және терең деп бөлуге болады. Барлық лимфалық тамырлар мен тұйіндер бір-бірімен байланыста болады. Қортындылағанда барлық лимфалық тамырла мен түйіндер арқылы лимфа екі ірі мойын лимфалық өзегіне(оң және сол жақ мойындұрық лимфалық бағаналарына(яғни оң жақ лимфалық өзекке(ductus lymphaticus dexter), екінші кеуделік өзекке (ductus thoracicus) ағады. Мойынның беткі лимфалық жүйесі лимфалық тамырлар мен түйіндердің түрінде торлар түзеді. Олар жақ асты аймақта(4-10 түйін), иек астындағы үшбұрышта (2-3 түйін), төс-бұғана-еміздікше бұлшықетінің (m.sternoсleidomastoideus) бойында, оның сыртқы бетінде(4-6 түйін),сыртқы мойындұрық венаның және алдыңғы мойндұрық венаның бойында орналасқан. Ең бірінші ерінен, тілдің алдыңғы бөлігінен, ауыз қуысы түбінен, және ұрттың шырышты қабығынан лимфа иек асты, төменгі жақ асты, бет лимфалық түйіндеріне ағады. Мойынның терең лимфалық тамырлары мен түйіндері ішкі мойындұрық вена бойында орналасқан. Сонымен қатар, мүше маңындағы лимфалық түйіндер(көмей үсті шеміршектің алдындағы, қалқанша алды, кеңірдек алды, жұтқыншақ арты) және мойынның бүйір үшбұрышының лимфалық түйіндері(қосымша нерв маңындағы және бұғана үстіндегі, саты алды аралықтағы(10-15) лимфалық түйіндер) терең лимфалық түйіндерге жатады. Метастаз кезінде бұл лимфалық түйіндер бірінші регионалды қарсы тұрушы құрылымдар болып саналады. Алдыңғы мүше маңы, төменгі мойындұрық және бұғана үсті түйіндер бас және мойын аймағында ісікті ауру кезінде метастаз болса, екінші регионалды қарсы тұрушы құрылымдар болып саналады.
66-сурет.Кеуде түтігінің мойын бөлігі: 1 - төс-бұғана-еміздікше бұлшықет; 2 - көкеттік нерв; 3 - алдыңғы сатылы бұлшықет; 4 - сыртқы мойындұрық венасы; 5 - мойынның беткі артериясы; 6 - ортаңғы сатылы бұлшықет; 7 - артқы сатылы бұлшықет; 8 - иықтық өрім; 9 - мойынның қиғаш артериясы; 10 - жауырын үстілік нерв; 11 - трапеция тәрізді бұлшықет; 12 - жауырын-тіл асты бұлшықет; 13 - бұғана; 14- бұғана асты бұлшықеті; 15 - делта тәрізді бұлшықет; 16 - құс тұмсықты өсінді; 17 -кіші кеуде бұлшықеті; 18 - үлкен кеуде бұлшықеті; 19 - кеуде-акромиалды артерия(делта тәрізді тармақ); 20 - кеуде-акромиалды артерия(кеуде тармақтары); 21 - иық өрімі; 22 - бұғанаасты артериясы; 23 - бұғана асты венасы; 24 - бұғана асты сабауы; 25 - ішкі мойындұрық венасының құятын жері; 26 - I қабырға; 27 - ішкі кеуде артериясы; 28 - көкет нерві; 29 - ішкі мойындұрық венасы; 30 – бұғана асты артериясы; 31 - төс тұтқасы; 32 - кеңірдек; 33 - кеуде түтігі; 34 - өңеш; 35 - қайтымды көмейлік нерв; 36 - аралық түйін; 37 - қалқанша безі; 38 - мойындұрық сабауы; 39 - омыртқа артериясы; 40 - симпатикалық сабау; 41 - омыртқа венасы; 42 - төменгі қалқанша артериясы; 43 - терең мойындық лимфалық түйіндер(төменгі); 44 - жалпы ұйқы артерия; 45 - ішкі мойындұрық вена [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том ІІ. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.009 с.) |