ТІСТЕРДІҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТІСТЕРДІҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

Поиск

  Лимфалық тамырлар

  Lymphonodulі submaxіllarіs  және suprahyoіdeі-ге жиналады.

Мимкалық бұлшық еттер facіalіs-тің қозалтқыш тармақтарымен иннервацияланады, сезгіштігін n.aurіculotemporalіs-пен(n.trіgemіnus) n.aurіcularіs magnus(plexus cervіcalіs-тен) бет нервінің тармақтары жолына сәйкес орналасқан(n.nasalіs externus n.іnfraorbіtalіs, n.mentalіs (n.trіgemіnus-пен) ірі тамырларға сәйкес орналасқан.

 

 

 

 25 - сурет. Беттің бүйір аймағы(сол жақтан).

1 - самай бұлшықеті; 2 - самайдың беткей артериясы мен венасы; 3 - латералды қанат тәрізді бұлшықет; 4 - төменгі альвеолярлық артерия мен нерв; 5 - тілдік нерв; 6 - ұрттық артерия және вена; 7 - терең самай артерия мен нерв. [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

Бет аймағы(region facіalіs):regіo nasalіs, regіo orbіtalіs, regіo orіs және regіo facіalіs lateralіs-терге бөлінеді.

Көз шарасы аймағы(regіo orbіtalіs). Көз шарасы аймағы көз шарасы жиектерімен шектелген. Олар бойынша тығыз шандыр бекітілген және ол қабыққа өтеді. Осы шандырдың арғы жағындағы аймақ меншікті көз шарасы болып табылады. Ол сүйектен құралған және онда көз алмасы, бұлшықеттері, нервтері, тамырлар және артқы бөлігінде жақсы дамыған ұлпалар(ретробульбарная клетчатка) орналасқан. Көз шарасының жоғарғы қабырғасы бас сүйектің алдыңғы ойысының түбін құрайды және маңдай синусының жалғасы болуы мүмкін. Синустағы іріңді үдеріс ретробульбарлық шел майға және керісінше көз шарасының шел майынан синусқа және ми қабықтарына өтуі мүмкін.

 

 

 

 

26 - сурет. Көз шарасы, оң жақ(А – алдыңғы беті, Б – бүйір беті):

1 - maxilla, orbital surface; 2 - infra-orbital groove; 3 - inferior orbital fissure; 4 - zygomatic bone; 5 - ethmoid; ethmoidal bone, orbital plate; 6 - optic canal; 7 - superior orbital fissure; 8 - frontal bone, orbital part; 9 - supra-orbital notch/foramen; 10 - frontal notch/foramen; 11 - maxilla, frontal process; 12 - nasal bone; 13 - lacrimal bone; 14 - infra-orbital foramen; 15 - maxillary sinus; 16 - maxillary hiatus; 17 - pterygopalatine fossa; 18 - foramen rotundum; 19 - posterior ethmoidal foramen; 20 - ethmoid; ethmoidal bone; 21 - anterior ethmoidal foramen; 22 - frontal bone, orbital surface; 23 - lacrimal bone, posterior lacrimal crest; 24 - maxilla, anterior lacrimal crest; 25 - fossa for lacrimal sac; 27 - infra-orbital canal [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том 1. Опорно-двигательный аппарат. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.].

 Төменгі қабырғасының ішінде өзек бар. Ол арқылы төменгі көз нерві өтеді. Гайморит кезінде осы өзектің қабырғасы жұқарса, осы нерв қабынады(неврит). Жоғарыда айтылғандай көз шарасы қуысы бас сүйектің қуысымен, fossa іnfratemporalіs және fossa pterygopalatіna-мен байланысады.

Қанмен қамтамасыз етілуі а.ophthalmіcae(a.carotіs іnternae тармағы) арқылы жүзеге асады. А.maxіllarіs externae жүйесімен а.angularіs арқылы анастомоз жасайды.

Веналар жоғарғы және төменгі қабырғаларында орналасқан. Артқы жағында бірігіп жалпы бағана немесе өрім(plexus ophthalmіcus) түзеді және sіnus cavernosus-қа құяды.

Лимфалық тамырлар жұтқыншақтың бүйір қабырғасында орналасқан түйіндермен байланысады. Көз қабығының лимфа саңлауларымен, бас миының өрмекші тәрізді қабығының кеңістігімен байланысады. Көру тесігі арқылы өтетін n.optіcus арқылы ми қабықтарымен байланысады.

Көз шарасына көз нерв кіретін жерінің сыртқы бетінде нервтердің жиынтық жасушасы ganglіon cіlіare орналасқан. Ол өзінің түбіршектерімен n.oculomatorіus, n.nasocіlіarіs және симпатикалық өріммен байланысқан.

Көз бұлшықеттері 2 топқа бөлінеді:

1) Тік- жоғарғы, төменгі, ішкі және сыртқы бұлшық еттер;

2) Қиғаш – жоғарғы және төменгі бұлшық еттер;

Көз ұяшығы бұлшықеттері, төменгі қиғашты бұлшықетті айтпағанда,

көру өзегінің айналасынан, көру ұяшығының жоғарғы бөлігінен басталады. Төменгі қиғаш бұлшықет мұрын-жас өзегінің көздік тесігінен, көз

ұяшығының төменгі медиалды бұрышынан басталады. Көз алмасының ақ қабыққа бекитін жері көз экваторының артында орналасқан және оның атауы топографиялық орналасуына сәйкес келеді. Көз ұяшығының артқы беті ақ қабықтың берік жабысқан тығыз шандырлы табақшамен(ретробульбарлық шандыр) жабылған. Бұл бұлшықет шандырының артында жұқа шандырмен жабылған көздің ретробульбарлы майлы денесі, көз артериясы, венасы және нерві орналасқан. Ретробульбарлық кеңістіктің шандырынан тыс қапшықтан, көздің жоғарғы қабырғасының көз үстілік және маңдайлық артериялары, сонымен қатар, көз үстілік, маңдайлық және қас үстілік нервтер өтеді.

Көз ұяшығы аймағы(regio orbitalis) екі бөлікке бөлінеді:

1) алдыңғы(беткі) – қабақ аймағы;

2) артқы(терең) – көз ұяшығы қуысы.

Қабақ сыртқы бетінен қозғалмалы терімен, ішінен конъюктивамен жабылған. Қабақтың алдыңғы жиегінде, тері мен конъюктиваның арасында кірпік орналасқан. Оның түбінде тер бездері бар. Қабақтың тығыз негізін дәнекер тінді табақша(tarsus) – қабақ шеміршегі құрайды. Жоғарғы және төменгі қабақтың шеміршегіне жоғарғы және төменгі көз ұяшығының жиегіне бекітілген дәнекер тінді табақша бекітіледі. Олар көз шарасы пердені құрайды. Жоғарғы қабақ шеміршегіне m.levator palpebrae superioris бекітіледі.  Жоғарғы қабақтағы сияқты төменгі қабақтың борпылдақ қуысында көздің дөңгелек бұлшықетінің талшықтары өтеді. Конъюктива қабақтан ақ қабыққа өтерде жоғарғы және төменгі күмбездер түзеді.

Көз ұяшығы қуысы бас сүйектерінен құралған 4 қабырғадан тұрады:

1) жоғарғы қабырға – сына сүйектің кіші қанаты мен маңдай сүйектің көз бөлігінен;

2) төменгі қабырға – жоғарғы жақтың көз бөлігі мен бет сүйек, сонымен бірге таңдай сүйектің көздік өсіндісінен;

3) латералды қабырға – бет сүйек пен маңдайдың көздік беткі және сына сүйектің үлкен қанатынан;

4) медиалды қабырға – жас сүйектен, тор сүйектің көз табақшасы мен сына сүйектің денесінен тұрады. Көздің медиалды қабырғасы сына тәрізді қойнаумен және тор сүйек қуысымен шекараласады. Көз шарасы перденің алдында, конъюктива астында, көз ұяшығының латералды бұрышында конъюктивтік қапшыққа ашылатын жас бездері болады. Жас сұйықтығы көз шарасы іші бұрышындағы жас қалтасына жиналады да мұрын-жас өзегі арқылы мұрын жолдарына құйылады.

Орбита қуысының көп бөлігін көз алмасы мен айнала қоршаған шел май қабаты, бұлшықеттер, тамырлар мен нервтер орналасқан.

Көз шарасының артқы бөлігінде сүйектер арасында жоғарғы және төменгі көз шарасы саңылауы болады(fissure orbitalis superior et inferior). Сол саңылаулардың жоғарғысы көз шарасы кеңістігін бассүйектің ортаңғы ойысымен байланыстырады және саңылау арқылы өтетін тамырлар мен нервтер: vv.ophtalmicae, n.oculomotorius, n.opthalmicus, n.trochlearis, n.abducens.  Төменгі көз шарасы саңылауы арқылы көз шарасын қанат- таңдай және самай асты ойыстармен байланыстырады. Осы саңылау арқылы көз шарасына жоғарғы жақ нервтің соңғы тармағы – көз шарасы асты нерві өтеді. Сонымен қатар, сы жерде төменгі көз венасы мен қанат тәрізді өрімнің анастомозы орналасқан.

 

 

 

27-сурет. Қабақтың сагитталды кесіндісі мен көз алмасының алдыңғы сегменті:

1 – жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет; 2 – жоғарғы тік бұлшықеттің сіңірі; 3 – ақ қабық; 4 – көз алмасының конъюктивасы; 5 – нұрлы қабық; 6 – шыны тәрізді дене; 7 – мөлдір қабық; 8 – төменгі тік бұлшықет сіңірі; 9 – төменгі қиғаш бұлшықет; 10 – жоғарғы жақ сүйек; 11 – төменгі конъюктивтік күмбез; 12,20 – тарзо-орбиталды шандыр; 13 – төменгі конъюктивтік шеміршегі; 14,17 – қабақтың дөңгелек бұлшықеті; 15 – шел май қуысы; 16 – жоғарғы қабақ шеміршегі; 18 – жоғарғы қабықты көтеретін бұлшықет сіңірі; 19 – жоғарғы конъюктивтік күмбез; 21 – маңдай сүйек артериясы      [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

      

 28 - сурет.  Көздің жас аппараты:

1 – жоғарғы қабақ; 2 – жоғарғы жас емізігі; 3 – жоғарғы жас нүктесі; 4 – жоғарғы жас өзегінің томпаймасы; 5 – қас; 6 – жоғарғы жас өзегі; 7 –жастық бұлшықет; 8 – жас көлі; 9 – жас қалтасы; 10 – төменгі жас өзегі; 11 – төменгі жас өзегі томпаймасы; 12 – мұрын-жас өзегі; 13 – жоғарғы жақтың маңдайлық өсіндісі; 14 –жоғарғы жақтық өзек; 15 – төменгі жас өзегі; 16 – төменгі жас нүктесі; 17 – төменгі қабақ; 18 – конъюктивтік қапшықтың төменгі томпаймасы; 19 – көз алмасының конъюктивасы; 20 – конъюнктивтік қапшықтың жоғарғы күмбезі.   [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 

Көз асты аймағының(regio infraorbitalis) шекаралары: сыртқы жақтан көздің төменгі аймағымен, төменгі жақтан жоғарғы жақтың альвеоларлық өсіндісімен, латералды жағынан шықшыт сүйекпен, медиалды жағынан– мұрын қанатымен. Осы аймақтағы жақсы жетілген шел май қабаты алдыңғы бұлшықеттермен және оларды шандырларымен үш қабатқа бөлінеді. Аймақтың сыртқы шекарасының шел май қабатына көздің дөңгелек бұлшықетті талшықтары бекітіледі, төменгі жиегіне ауыздың дөңгелек бұлшықетінің талшықтары бекітіледі. Көздің дөңгелек бұлшықетінің астында көздер төменгі көздік аймақ және сыртқы жақтың шұңқырынан ерінді көтеретін бұлшықеттен басталады. Осы бұлшықеттің үлкен бөлігі мұрын-еріндік қатпардың терісіне бекітіледі және ауыздың дөңгелек бұлшықетінің талшықтарымен айқаса орналасады. Талшық бөлігі m .levator labii superior et alaeque nasi құралған және мұрын қанатына бағытталады. Ауыз бұрышының түбінен және ауыз бұрышына бағытталған бұлшықет талшығы ауыздың бұрышын көтеретін бұлшықет(m. levator anguli oris) деп аталады. Ол терінің дәнекер тіндік талшықтарымен біріккен, бірақ әкеткіш бұлшықеттің шандырларынан оңай ажыратылады. Клетчатканың екі қабаты көз аймағы бұлшықетінің және сыртқы ерін көтеретін бұлшықет арасында орналасады. Осы қабаттан бет венасының және бет артериясының тармағы, олардын арасынан бет нерві(ұрт тармақтар) өтеді. Нерв пен тамырлар тармақтары көздің ішкі бұрышына шел май қабатқа бағытталады және мұрынның бүйір қабырғасына  қарай жалғасады. Шел май қабаты шандыр  арқылы көршілес ұрт аймағынан ажыратылыды, ал бұлшықеттің сүйекке бекітілетін сызығы жоғарғы ерін көтеретін бұлшықетті көз және сыртқы мұрын аймағынан ажыратады. Көз асты аймағының ойсына көз асты нерв(үштік нервтің тармағы n. maxillaris) шығады. Осы нервтің тармақтары бұлшықетті кесіп өтеді немесе оны медиалды жақтан орап, төмен бағытталып, көз асты аймақтың және жоғарғы еріннің терісіне тармақталады. Беттік(қозғалғыш) және көз астылық(сезімтал) тармақтардың бағытталуы бір-біріне сәйкес келмейді, сол себепті терең көз астылық абсцесстерде дренаж қою кезінде ерекше қауіпсіздікті сақтау қажет және мүмкіндігінше бұлшықеттердің талшықтануы, жоғарғы ерінді көтеретін әдістерді қолдану керек.

 

 

29 - сурет.Көз шарасының веналары(бүйір жақтан):

1 - мұрын-маңдай вена; 2 - бұрыштық вена; 3 - су-қақпалық вена; 4 - беттік вена; 5 - беттің терең венасы; 6 - төменгі жақ артындағы вена; 7 - жоғарғы жақ вена; 8 - қанатты өрім; 9 - көздің төменгі венасы; 10 - үңгірлік синус; 11 - көздің жоғарғы венасы; 12 - көз үстілік вена; 13 - маңдай үстілік вена.      [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

МҰРЫН АЙМАҒЫ

Мұрын аймағы(regіo nasalіs) жоғарғы жағынан қастың ішкі жиегінің аралығынан өткізген сызықпен, төменнен алдыңғы сызыққа қатар мұрын қалқаны терісінің түбі арқылы өтетін сызықпен және бүйірінен sulcus nasomaxіllarіs және nasolabіalіs-пен шектелген. Қаңқада бұл apertura nasі pіrіformіs-ке сәйкес келеді. Мұрын қуысының сыртқы тесігі ұзындығы және пішіні бойынша әртүрлі болады. Бұның әртүрлілігі бас сүйекке сәйкес болады.

Мұрын аймағында сыртқы мұрын және мұрын қуысын ажыратамыз, оның қосымша ауа өткізгіш қойнауларыда болады.

Сыртқы мұрынның шекаралары: жоғарыдан – қастың медиалды шеттерін қосатын көлденең сызық, төменнен – мұрынның терілік қалқанын жоғарғы ерінмен байланыстыратын жерінен өтетін көлденең сызық, бүйірінен – мұрын-бет және мұрын-ерін қыртыстарымен шектеледі. Сыртқы мұрынның сүйектік негізін маңдай сүйектің мұрындық өсінділері, мұрын сүйектері, жоғарғы жақтың маңдайлық өсінділері құрайды. Мұрынның қозғалмалы бөлігі мұрынның латералды шеміршегінен, қанаттардың үлкен шеміршектерінен және мұрын қалқанының шеміршектерінен құралған.

Терісі өте жұқа, тер бездеріне бай. Тері астылық қабатында, бет нервімен иннервацияланатын mm.nasalis және depressor septi nasi талшықтары орналасқан. Мұрынның қан айналымына бет артериялары және мұрынның сыртқы артериялары(көз артериясынан) қатысады. Мұрын веналары бет веналарына құяды. Сезімтал иннервацияны nn. infratrochlearis, ethmoidalis anterior және infraorbitalis тармақтарымен жүзеге асады.

Мұрын қуысы жоғарыда бассүйегінің алдыңғы шұңқырымен, төменде – қатты таңдаймен, бүйірінен – көз шарасының медиалды қабырғасымен және жоғарғы жақ(гаймор) қуысымен шектелген. Мұрын қуысы ортаңғы жазықтықта екі мұрын қуысына бөлінген. Мұрын қуысы алдынан кіреберіс деп аталатын алмұрт тәрізді саңылау ашылады(apertura pirformis), және танау арқылы сыртқы ортамен байланысады. Артынан мұрын қуысы хоана арқылы аңқанмен байланысады.

Мұрын қуысының сүйектік негізі: үстінен – мұрын сүйектірінің ішкі беткі, маңдай сүйегінін мұрындық бөлігі, lamina cribrosa тор тәрізді сүйек және қылқан тәрізді денелерден тұрады; төменнен – қатты таңдайдың жоғарғы беткінен тұрады(жоғарғы жақтың таңдайлық өсіндісі және таңдай сүйегінің көлденең табақшасы).

 

 

30-сурет.Сыртқы мұрын(А-алдыңғы беті, Б-мұрын шеміршегі, алдыңғы беті,

            В- бүйір беті):

1 - septal nasal cartilage; 2 - accessory nasal cartilages; 3 - lateral process; 4 - nasal bone; 5 - major alar cartilage; 6 - major alar cartilage, medial crus; 7 - nares; nostrils; 8 - ala of nose; 9 - minor alar cartilages; 10 - maxilla, frontal process; 11 –frontomaxillary suture; 12 - frontonasal suture; 13 - nasomaxillary suture [Анатомия человека.  Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Дыхательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

31-сурет.  Мұрынның пердесі:

1 - transverse palatine suture; 2 - pterygoid hamulus; 3 - pterygoid fossa; 4 - vomer; 5 - sphenoidal sinus; 6 - cribriform plate; cribriform foramina; 7 - frontal sinus; 8 - ethmoid; ethmoidal bone, perpendicular plate; 9 - septal nasal cartilage; 10 - posterior process; sphenoid process; 11 - major alar cartilage, medial crus; 12 - anterior nasal spine; 13 - incisive fossa; incisive canals; 14 - maxilla, palatine process [Анатомия человека.  Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Дыхательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

Қуыстың латералды қабырғасы мұрын сүйегінен, маңдайлық өсінді және жоғарғы жақтың мұрындық беткі, көз жас сүйегі, торлы сүйек лабиринттерімен, таңдай сүйегінің перпендикулярлық жапырақшасымен және қанат тәрізді өсіндінің медиалды жапырақшасынан құралған. Мұрын қалқаны торлы сүйектің перпендикулярлық жапырақшасынан, тақ сүйектен, тері бөлігіне жалғасатын шеміршекті қалқаннан құралған.

Әдетте мұрын қуысының қалқаны(перде) ортаңғы сызық бойында тұрмайды, әдетте 95% бір жағына қарай қисық болады. Мұрын қуысының мұрын-жұтқыншаққа ашатын тесігіне қатар болады.

Сүйекті кеуілжір (conchae nasalіs superіor, medіa және іnferіor) сыртқы қабырғасында орналасқан. Олардың арасында мұрын жолдары(meatus nasіum superіor, іnferіor және medіus) пайда болады. Жоғарғы мұрын жолына тор сүйектің шытырмасының(лабринт) артқы бөлігінің жасушасы ашылады.

 

 

32-сурет.  Мұрын қуысының латералды қабырғасы:

1 - inferior nasal meatus; 2 - salpingopharyngeal fold; 3 - pharyngeal tonsil; 4 - middle nasal concha; 5 - superior nasal concha; 6 - sphenoidal sinus; 7 - spheno-ethmoidal recess; 8 - superior nasal meatus; 9 - middle nasal meatus; 10 - inferior nasal concha; 11 - limen nasi; 12 - nasal vestibule  [Анатомия человека.  Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Дыхательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

Жоғарғы кеуілжірдің артқы жиегінің деңгейінде немесе біршама биік sіnus sphenoіdalіs тесігі бар.

Ортаңғы мұрын жолына торлы сүйек шытырмасының алдыңғы бөлігінің жасушасы ашады. Ол тесіктің алдынан маңдай синусы ашылады, төменде гайморов синусының тесігі бар.

Төменгі мұрын жолына canalіs nasolacrіmalіs ашылады. Төменгі кеуілжірдің артқы жиегінің деңгейінде евстахиев түтігінің жұтқыншақ тесігі(ostіum pharyngeum tubae Eustachіі) орналасқан. Барлық осы тесіктер арқылы қосымша қуыстарға кіреді. Хоана арқылы мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығымен жалғасады және сыртқы тесік арқылы тері жамылғысына айналады. Ол өзінің құрылысы бойынша иіс сезу және тыныс алу аймақтарында әртүрлі болады.

Соңғы аймақтың шырышты қабығының астында жақсы дамыған веналық тор бар. Мұрын түбінде кеңіген тамырлар торы бар(locus Кіesselbachі), ол тез зақымдалады және қан ағады.

 

33-сурет. Мұрын қуысының байланыстары:

1 - nasopalatine nerve; 2 - hard palate; 3 - soft palate; 4 - pharyngeal tonsil; 5 - sphenoidal sinus; 6 - posterior ethmoidal cells; 7 - frontal sinus; 8 - frontal bone; 9 - superior nasal concha; 10 - middle nasal concha; 11 - nasal bone; 12 - lateral process; 13 - limen nasi; 14 - major alar cartilage, lateral crus; 15 - nasal vestibule; 16 - inferior nasal concha; 17 – maxilla  [Анатомия человека.  Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Дыхательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

Қанмен қамтамасыз етілуіне аа.sphenopalatіnae, aa.ophthalmіcae және аа.maxіllarіs externae қатысады.

Соңғы тармақ(а.septі nasіum posterіor) жақсы дамыған және мұрын қанағанда, оның көзі болып табылады. Веналар v.ophthalmіcae superіor және v.facіalіs anterіor-ге құяды.

Лимфалық ағыс nodulі lymphatіcі submaxіllares, cervіcales profudі және retropharyndeales-пен жүзеге асады.

Мұрын қуысының жоғарғы бөлігіндегі нервтер иіс сезу нервінің тармақтары, ал төменгі бөлігін үшкіл нервтің тармақтары иннервациялайды. Мұрын кеуілжірінің артқы бөлігін және қалқанды ganglіі sphenopalatnі тармақтары иннервациялайды., алдыңғы бөлігін n.ophthalmіcus иннервациялайды. Мұрынның қосымша қуыстары үшеу: sіnus frontalіs, sіnus maxіllarіs және sіnus sphenіdalіs. Оларға тор сүйектің шытырмаларының жасушалары(cellulae ethmoіgalіs) жатады.

 

34 - сурет.Мұрын қуысының төменгі қабырғасы(сүйекті таңдай,жоғарғы беті):

1 - lesser palatine foramina; 2 - posterior nasal spine; 3 - pyramidal process; 4 - palatine bone, horizontal plate; 5 - transverse palatine suture; 6 - maxillary sinus; 7 - nasal crest; 8 - incisive foramina; 9 - anterior nasal spine; 10 - maxilla , palatine process; 11 - maxilla, zygomatic process; 12 - greater palatine canal; 13 - pterygoid process, lateral plate; 14 - pterygoid process, medial plate [Анатомия человека. атлас: учебное пособие. в 3 томах. том 1. опорно-двигательный аппарат. билич г.л., крыжановский в.а. 2013. – 800.].

 

Sinus frontalis: маңдай синусы пішіні, орналасу және көлемі жағынан әртүрлі. Синусты оңға және солға бөліп тұратын қалқан, ортаңғы сызық бойынша сирек орналасқан. Сондықтан синустың оң және сол жағы бірдей болмайды. Олар бір-бірімен байланыспайды және ортаңғы мұрын жолына бөлек-бөлек, өз жақтарынан тесікпен(іnfundіbulum) ашылады. Олардың әр біреуі жиі бір-бірімен байланысып тұратын қуыстан тұрады, олар орналасқан: os zygomatіcus жағында, артында сына тәрізді сүйектің кіші қанатына дейін келеді.

 

Sinus maxillaries, sinus antrum hyghmoriмұрының барлық қосымша қуыстарының үлкені. Оның пішіні адамдардың жасына және жынысына қарай әртүрлі болады. Қуыстың жоғарғы қабырғасында(көз шарасының төменгі қабырғасы) n.іndraorbіtalіs өтетін өзек бар. Әдетте бұл қабырға және ішкі қабырғасы жұқа болады. Негізі бұл ішкі қабырғаға қатысты. Оның әр жерінде (ортаңғы мұрын жолына сәйкес жерінде) сүйектің түбі болмайды. Сондықтан гайморов қуысы және мұрын қуысы бір-біріне жанасып жатқан шырышты қабықпен шектеледі. Бұл жағдай қабыну үдерісінің көрші қуыстарға жайылуын және ісіктің өсуіне немесе синустан жоғары зақымдалғанда ауаның көз шарасына өтуін жеңілдетеді.

Төменгі қабырғасы қуыстың түбін құрайды. Көпшілік жағдайда ораналасуы төменгі жақтың таңдай өсіндісінің деңгейне сәйкес келеді, алдынан екінші немесе бірінші кіші азу тістердің ұяшықтарына жетпейді. Бұл жағдайлар қуыстың түбінен төмен орналақанда, азу тістердің ұяшықтары қустарға кіргенде байқалады. Бұл кезде бірінші немесе екінші азу тістер синустардан жұқа сүйекті қабықшамен ажыратылады. Бұл қабықша тіс түбіндегі үдерістің қуыстың шырышты қабығына өтуіне кедергі жасамайды. Осылай тістегі үдерістен гайморит пайда болады. Сол кезде гайморов синусы мұрын қуысымен байлансатын тесікті ескеру керек. Ол орталық мұрын жолына ашылады және үдеріс қуыс түбінен жоғары жайылады да, одан бөлінетін зат сонда жиналады және сыртқа бөлініп шығуы қиындайды. Сондықтан тесікті қолмен кеңейткенде мақсатына жетпейді Одан да, бұл жағдайда төменгі мұрын жолға сәйкес жаңа тесік жасаған дұрыс.

 

Sinus sphenidalis сына тәрізді сүйектің денесінде орналасқан. Сагиталды тұрған қалқан синусты екі тең емес бөлікке бөледі және олар бір-бірімен байланысып тұрады. Ол да басқа синустар сияқты пішіні, орналасуы, көлемі жағынан әртүрлі болып келеді.  Ол жас балаларда онша жақсы жетілмеген, ал жиырма жаста өзіне тән көлемі мен пішініге келеді. Оны жауып тұратын және тесік арқылы алдыңғы қабырғасына өтетін шырышты қабық сүйек қабығымен тығыз байланысып жатыр.

 

35 - сурет. Бассүйектің ауалы мұрын синустары(мұрын маңы синустары)

  (А – алдыңғы беті, Б – бүйір беті, сол жақ, В – маңдай және жоғарғы жақ синустарының жастық өзгерістері, Г – бассүйектің ауалы мұрын синустары):

1 - Frontal sinus; 2 - Ethmoidal labyrinth; 3 - Maxillary sinus; 4 - Sphenoidal sinus [Анатомия человека.  Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Дыхательная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

 

БЕТ СҮЙЕГІ

Бет сүйектің шекаралары(regio zygomatica): сыртынан – көздің төменгі сыртқы жиегімен; төменнен – бет сүйектің төменгі жиегі; алдынан – жақ маңы тігісі; артқынан – самай маңы тігісі. Бет сүйек маңы аймағы қас асты, ұрт, шықшыт без-шайнау және самай аймақтарымен шектеседі.

Тері асты май клетчаткасы шықшыт аймақтың алдыңғы(мимикалық) бұлшықеттермен бірнеше қабаттарға бөлінеді. Жоғарғы, алдынғы аймағында көз бұлшықеттерінің талшықтары орналасқан. Екінші қабат бұлшықеттері үлкен және кіші  бет бұлшықеттері, олар беткі бет сүйектік және ауыз бұшына баратын беткі талшықтар, күлкі бұлшықеттер(m. risorius) болып бөлінеді. Төменде бет сүйек  маңы мен шайнау бұлшықеттерінің(m. masseter) меншікті шандырынан терең орналасқан.

Жұқа беткі май клечатка бет  сүйегі және сүйек үстін жауып жатады, бұл кезде салыстырмалы түрде сүйек үстін бөліп алуға мүмкіндік береді және сүйек асты іріңдік жеке жайыла алады. Сүйек үсті астынан және бұлшықет асты клетчатканың одонтогенді инфекцияы жоғарғы жақ астындағы 4-6 тістер арқылы таралуы мүмкін. Инфекциялар көз аймағы және мойын аймағы бұлшықеттеріне немесе іріңді асқынулар кезінде жоғарғы ерін клетчаткасына таралады. Іріңдік, ісіктер көздің аймағында салыстырмалы түрде сирек болады.

Аймақтың сыртқы-артқы бетін шықшыт бұлшықетінің шандырымен және самай апоневрозымен жабылған. Бет сүйек аймақтың май қабатында шықшыт бұлшықеттердің астында көлденең бағытта алдыңғы нервтің шықшыт тармағы, беттің көлденең артериясы (сыртқы ұйқы артериядан) және оған аттас вена өтеді. Бет сүйектің сыртқы бетін жоғарғы жақ нерв (n. trigemini-дің екінші тармағы) сезімтал иннервациясын қамтамасыз етеді.

 

 

АУЫЗ АЙМАҒЫ

Ауыз аймағы(region oris) ерінмен шектелген. Оған ауыздың дөңгелек еті(m.orbіcularіs orіs) сәйкес келеді. Бұлшықеттер жақсы жетілген және мимикалық топқа жатады. Олар әртүрлі бағытта орналасқан. Қанмен қамтамасыз етілуі а.maxіllarіs externa, аа.coronarіae labіі superіor et.іnferіor тармақтары арқылы жүзеге асады. Олар stratum submucosum-да орналасқан және көптеген анастомоз жасайды. Веналары v.facіalіs anterіor-ге жиналады және v.angularіs-пен байланысады. Аймақ n.facіalіs-тің қозғалтқыш тармақтарымен, n.іnfraorbіtalіs(n.maxіllarіs-тен) және n.mentalіs (n.mandіbularіs-тен) қоректенеді.

 

ИЕК АЙМАҒЫ

     Иек аймағы(regio mentalis) ауыз аймағының төменгі жағында жатады және төменнен төменгі жақ жиегімен шектелген: тері асты шел майында mm.trіangularіs және guadratіs mentі орналасқан.

А.alveolarіs іnferіor тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Ол n.mentalіs-пен бірге төменгі жақтың өзегі for.mentalіs арқылы және а.maxіllarіs externae шығады.

Бұлшықеттер n.facіalіs-пен қозғалғыш, n.mentalіs-пен сезгіш тармақтар алады. Жоғарғы еріннен лимфалық тамырлар nodulі lumphatіcі submaxіllarіs-ке, төменгі еріннен nodulі lymphatіcі suprahyіodeі-ге, жартылай жақ асты rүйініне бағытталады.

 

 

 

 

36 – сурет.(А – алдыңғы беті, Б – сагитталды бөлігі):

1 - oral vestibule; 2 - oral cavity proper; 3 - isthmus of fauces; oropharyngeal isthmus; 4 - palatopharyngeal arch; posterior pillar of fauces; 5 - palatoglossal arch; anterior pillar of fauces; 6 - oral vestibule; 7 - upper lip; 8 - frenulum of upper lip; 9 - hard palate; 10 - soft palate; 11 - uvula; 12 - palatine tonsil; 13 - dorsum of tongue; 14 - frenulum of lower lip; 15 - lower lip; 16 - muscles of oral floor; 17 - mandible; 18 - tongue; 19 - nasal septum; 20 - torus tubarius; 21 - hyoid bone; 22 – epiglottis [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

АУЫЗ ҚУЫСЫ

Ауыз қуысы(сavum oris) тіс доғаларымен екіге бөлінеді, кіре беріс(vestіbulum orіs) және меншікті ауыз қуысы(cavumorіs prorpіum). Ауыздың кіре берісі саңлау болып табылады. Тістер бүтін кезінде және жабық тұрғанда, ауыз қуысындағы артқы азу тістің артымен және lіg.pterygo mandіbula-мен байлансады. Ауызды аспапатармен ашу керек болғанда, осы саңлау арқылы ауыз ашқышты кіргізеді. Сонымен қатар, осында жақтың альвеолярлық өсіндісі бекітілген кезінде, сұйық тамақты беру үшін және өз бетімен тамақ іше алмағанда зонд енгізеді.

Жоғрағы жақтың бірінші немесе екінші азу тістерінің деңгейінде ұрттың шырышты қабығына шықшыт безінің өзегі(ductus stenonіanus) ашылады. Ауыз қуысы жоғарыдан өзінше иілген қатты таңдаймен шектеледі: ал  жұмсақ таңдай(аңқа)(velum palatіnum) артқы қабырғасын құрайды.

Ауыз қуысы артынан аңқамен шектелген, доғалармен(arcus palatoglossus) алдыңғы доға және артқы(arcus palatopharyngeus). Доғалардың арасындағы ойыста таңдай бадамша безі(tonsіlla palatіna) орналасқан. Ол жұтқыншақ, мұрын-жұтқыншақ аймағында лимфалық ұлпалардың жиынтығымен бірге және тіл түбінде Вальдейер деп аталатын сақинаны құрайды. Үлкендерде айтылған лимфалық жиынтық кері дамыған. Ауыз қуысы түбін тіл және бұлшықеттер құрайды. Олар тілшіктің (mm.genіoglossus, hypoglossus, stuloglossus) және ауыз көкетінің m.mulohuoіdeus құрамына кіреді.

Тіл түбі жоғары көтеріліп тұрған кезде тіл асты аймағы(regіo sublіngualіs) көрініп тұрады. Бұл кезде тілдің ортаңғы қатпары тілшік болып табылады.

Ол ауыз қуысының түбіне жалғасады. Кейде тілшік өте қысқа болады, тек тілдің қозғалуын қамтамасыз етеді және сөйлегенде ақаулар кездеседі. Бұл жағдайда тілшікті кесуге тура келеді. Оны әлі тілдің қоғалатын қызыметі пайда болмай тұрған кезде, өте жас кезде жасаған жақсы болады. Тілшіктің төменгі жиегінде жұп төмпешік(carunculae sublіngualіs) бар. Оған жақ асты бездерінің өзегі ашылады. Екі жағында да шырышты қатпар білік тәрізді созылып жатыр. Онда тіл асты безінің өзегі жатыр. Оның шығаратын тесігі ductus submaxіllarіs-пен бірге ашылады. Осында шырышты қабықтың астынан жақсы жетілген және жай ісінген веналар көрінеді. Таңдай бадамша безі аа.palatіna ascendentіs және pharіngeae ascendentіs тармақтары арқылы қоректенеді. Тонзиллотомия операциясы кезінде қан кетуі мүмкін(6% шамасында). Аққан қанды тоқтату үшін алдыңғы және артқы доғаларды тігуге тура келеді, сирек жағдайда жалпы ұйқы артерияны байлауға тура келеді. Лимфалық жолдары бадамша без, аңқа, мұрын-жұтқыншақ, жұтқыншақ, тіл және мойын аймақтарымен кең түрде байланысады. Сондықтан инфекцияның тез және кең түрде жайылуына мүмкіндік береді. Қатты және жұмсақ таңдай ganglіon sphenopalatіnі-ден сезгіш тармақтар алады. Жұмсақ таңдайдың бұлшықеттері бет нервінің(n.petrosus superfіcіalіs major арқылы) қозғалғыш тармақтарын алады. Mm.tensorіs velіpalatіnі-дан басқасы ganglіon otіcum және n.mandіbularіs-пен қоректенеді.

 

37 - сурет. Ауыз қуысының жоғарғы қабырғасы:

1 - күрек тістік тесік; 2 - үлкен таңдайлық артерия және нерв; 3 - үлкен таңдайлық тесік; 4 - кіші таңдайлық тесік; 5 - төменгі таңдайлық артерия және нерв; 6 - таңдай пердесін қысатын бұлшықеттің сіңірі; 7 - қанатты ілмек; 8 - таңдай пердесін көтеретін бұлшықеттің; 9 - ұрт бұлшықеті; 10 -қанат-төменгі жақ тігісі; 11 - жұтқыншақтың жоғарғы констрикторы; 12 -таңдай-тіл бұлшықеті; 13 - таңдай бадамшасы; 14 - таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті; 15 - азу тістік без; 16 - тілшік бұлшықеті; 17 - таңдай апоневрозы; 18 - таңдай сүйектің көлденең пластинкасы; 19 - таңдайлық без; 20 - жоғарғы жақтың таңдайлық өсіндісі; 21 - таңдайлық тігіс; 22 - көлденең таңдай қатпары; 23 - күрек тістік емізікше [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

     ЕРІНДЕР

        Еріндер көп мөлшердегі бездермен тығыздалған терімен қапталған. Еркектердің еріндерінің терісінде түк, әйелдерде үлпе болады. Ерінің терісі өзі эпителийге өтеді, соның астына веналық тор көрініп, қызыл жиекті құрайды. Жоғары ерінде бұл өту сызығы «доға» немесе «Купидон садағы» деп аталады. Доғаның ортасында төмпешік болады, одан мұрын қатпарына тегіс астау сүзгіш өтеді. Тері асты өзегінде айқын көрінетін бұлшықеттер, ауыз саңылауын айнала орналасқан. Еріннің терісі қызыл жиек артында, ауыз кіреберісі шырышты қабатына айналады. Ерін қабатында дөңгелек бұлшықеттер орналасқан, олар еріндік және шеткі бөліктерге бөлінеді. 

 

 

 

38 - сурет. Үлкен сілекей бездері(А-бүйір беті, оң жақтан, Б-төменгі беті):1 - facial artery and vein; 2 - sternocleidomastoid; 3 - submandibular gland; 4 - masseter; 5 - buccinator; 6 - parotid gland; 7 - accessory parotid gland; 8 - parotid duct; 9 - hyoid bone; 10 - lingual artery; 11 - mylohyoid; 12 - geniohyoid; 13 - sublingual fold; 14 - sublingual caruncle; 15 - mucous membrane of mouth; 16 - genioglossus; 17 - sublingual gland; 18 - submandibular duct;19 - submandibular gland; 20 - hyoglossus; 21 – stylohyoid [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 

  Ерін бөліктері қызыл жиекке дейін қамтып, шеткі бөлік – ерін зонасында орналасқан. Ерін бөлігі циркулярлық бұлшықет талшықтары – қысқыштармен, ал беттік бөлік дөңгелек талшықтармен бұлшықеттік үлпеден құралған. Олар ауыз саңылауынан қаңқа сүйектерінің бекітілген орындарына дейін қамтылады. Дөңгелек бұлшықеттер тобы, жиырылу кезінде ауыз саңылауын бітейді, ерінді тіске қарай ығыстырады да, қызыл жиектің көрінетін бөлігін кішірейтеді. Дөңгелек бұлшықеттің шеткі бөлігі бөлшектеніп жиырылған кезінде, ерін алдыға шығыңқы болады да қызыл жиектің көрінетін бөлігі үлкейеді, ауыз саңылауының ашылуына әкеледі. Дөңгелек бұлшықеттер тамақтануда және дауыс дыбысталуына қатысады. Бұлшықеттермен, дөңгелек бұлшықеттің қаңқа сүйектерімен бекітілген орынына сипаттама:

    1. Жоғары ерінді көтеретін бұлшықет (m.levar labii superoris) көз шарасының төменгі шетінен және жоғарғы жақтың, бет сүйегінің өсіндісінен төмен қарап жоғарғы еріннің терісіне бекітілген. Жиырылу кезінде жоғарғы ерінді көтеріп, бетке мұң және жылау кейпін береді.

     2. Жоғарғы ерінді және мұрын қанаттарын көтеретін бұлшықеттер (m.levator labii superior gladegue nosi) көз ұясының төменгі шетінен және жоғарғы жақтың маңдай өсіндісінен басталатып төмен қарай бағытталады да, жоғарғы еріннің терісіне бекітіледі. Жиырылғанда жоғарғы ерінді және мұрын қанаттарын көтереді.

              3. Ауыз бұрыштарын көтеретін бұлшықет (m.levator angutioris) жоғарғы жақтың fossa canina –сынан басталып, жоғары айтылған бұлшықеттермен ауыз бұштарына бағытталады. Жиырылғанда, ауыз бұрышын қиғаш және жоғары тартады.

  4. Бет сүйегінің кіші бұлшықеті (m.zygjmaticus minor) жақ сүйегінің бет үстінен басталып, төмен және ішке қарай бағытталып, ауыз бұрышының терісіне бекітіледі. Жиырылғанда ауыз бұрышын көтеріп, айқын мұнның, жылаған және өкпелеген бейнені көрсетеді. Осы бұлшықеттер тобын суретшілер «жылау бұлшықеті» деп те атайды.

  5. Бет сүйегінің үлкен бұлшықеті (m.zygomatio major) жақ сүйегінің бет үстінен басталып, төмен және ішке қарай бағытталып, ауыз бұрышының терісіне бекітіледі. Жиырылғанда, ауыз бұрышын және мұрын буылтығын жоғары және артқа қарай тартып, ауыз саңылауын кеңейтеді. Сол бұлшықет бөлігі, күлуге қатысып, m.risorius, яғни «күлу бұлшықеті» деп аталады.

               6. Ұрт бұлшықеті(m.buccinator) жақ қанаттарының тігісінен және жақтың альвеолярлық өсінділерінен, төменгі жақтың бет айдаршасымен қоса, ауыз бұрышынан терісіне және жоғарғы, төменгі бұлшықетіне, бөлшектенген бұлшықет талшықтарымен бекітіледі. Жиырылғанда ауыз саңылауын көлденең кеңейтіп, түкіруге және ауыз қуысындағы ауаны сыртқа шығаруға қатысады.

     7. Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет (m.depressor labii intert oris) төменгі жақтың төменгі жиегінен басталып, иек асты дөңесінен сыртқа бағытталып, төменгі ерінге жалпылай бекиді. Жиырылғанда төменгі ерінді төменге тартып, ауыз бұрышын сыртқа қарай итереді. Қызыл жиектің көрінетін бөлігі үлкейіп, ерін сыртқа айналып, иек асты – ерін қыртысы пайда болады. Беттің мимикасы жиіркенуді көрсетеді.

  8. Ауыз ұшын түсіретін және үш бұрышты бұлшықет (m.depressor anguti oris)астыңғы жақтың төменгі шетінен басталып, иекасты дөңесінен сыртқа бағытталып, ауыз бұрышына және жоғарғы, төменгі ерінге бөлшектеп бекітіледі. Бұл бұлшықет ауыз бұрышын және мұрын – ерін қыртысын төмен және артқа қарай ығыстырады. Бір қалыпты, бір уақытта бұлшықет жиырылғанда, ауыз саңылауының жабылуына әкеледі, ал жеке жиырылғанда, мұнаю эмоциясын көрсетеді.

  9. Мойынның тері астылық бұлшықеті мойынның алдыңғы аймағын жұқа қабат түрінде жауып, бет аймағына дейін таралып, ауыз бұрышының бұлшықетіне барып бекітіледі. Жиырылу кезінде шетке және төмен қарай ығыстырады. Ауыздағы мимикалық бұлшықеттері дамуы кезеңі және бет қаңқасының жеке сапасы әртүрлі пішін береді.

Шырышты бездердің және шырышты өзектің гиперплазиясы кезінде, үлкеюі мүмкін. Қос ерінді пайда болады, бұл жоғарғы ерінге тән. (labium duplex).

Ерін қабатында жоғарғы және төменгі ерін артериялары (labium superior er inferior) тармақтары жатады. Олар ерін қабатының артқы жиегінде және 4/1 бөлігінде, шырышты қабатқа жақынырақ, беті шектеп 6-7 мм қашықтықта сақина құрап, жақсы қан айналымымен қамтамасыз етеді. Еріндер тағы да қосымша қанды, a.infacrbitalis, a.mentlis, a.troniversa facisi-дің ұсақ тармақтарынан алады. Осы аймақтың веналары артериялармен қатар жүреді.

Еріннің лимфалық жолдары жақ астына ағады, одан басқа лимфалық түйіндерін, бетке қарай, құлақ маңына қарай таратады. Төменгі еріннің ортаңғы бөлігімен тамырлар лимфаны иек асты түйіндеріне өткізеді. Екі жақтың еріндерінің лимфалық жолдары өз ара жалпылай байланыста болады.

Сол себептен патологиялық үдеріс лимфалық жолдармен қабынуына әкеліп, төменгі еріннің патологиялық үдерісі кезінде жақ асты лимфалық түйіндерге тарайды. Еріннің терісі, жоғарғы ерін, төменгі ерін және ауыз бұрышы аймағы бет невсінің тармақтарымен иннеавацияланады. Еріннің барлық бұлшықеттері бет нервімен иннервацияланады.

 

 

     АУЫЗДЫҢ КІРЕ БЕРІСІ

     Ауыздың кіре берісі(orbicularis oris) тістер жоғарғы тұрған кезінде, ерін мен сыртқы бет және қызыл иекпен таға тәрізді қуыс көрінісін береді. Шырышты қабат еріннен қызыл иекке өтеді. Қойнауға(синус) операция жасау кезінде есте сақтау керек, бұл жоғарғы қыртыс жоғарғы жақ қойнауынан (синус) төмен орналасқан қыртыстан қызыл иекке өткен кезде, шырышты қабат өзінің қозғалғыш қызметін жоғалтады. Бұл шырышты қабатының жоқтығынан және оның сирек қабатының артық өсіндісінен өсуімен сипатталады. Терінің ортаңғы сызығы бойымен ерін қызыл иекке дейін кішігірім жарғақ-жүген тартылған(fermulum habii superior er inferior). Беттің шырышты қабаты арқылы өтіп құлақ маңы безінің өзегі ашылады. Өзек кішігірім, бірақ ұшы көзге көрінетін түрде болады, мысалы катетер қою үшін және рентгентконтрасты затты енгізу үшін орнын тауып ала білуіміз керек. Көп жағдайда өзек, 1-ші және 2-ші жоғарғы азу тістер аралығында орналасады, 4/1 жағдайда 2-ші азу тіске қарама-қарсы орналасады. Ауыздың кіре берісіне көптеген көптеген бездер өзектері әкеліп ашылады.

 

 

39 - сурет. Үлкен сілекей бездері (бүйір беті):

1 - submandibular duct; 2 - submandibular gland; 3 - stylohyoid; 4 - digastric, posterior belly; 5 - mandible; 6 - masseter; 7 - deep part; 8 - superficial part; 9 - 7 + 8 - parotid gland; 10 - parotid capsule; 11 - masseteric fascia; 12 - parotid duct; 13 - accessory parotid gland; 14 - buccinator; 15 - molar glands; 16 - buccal glands; 17 - labial glands; 18 - tongue; 19 - upper lip; 20 - anterior lingual glands; 21 - sublingual caruncle; 22 - lower lip; 23 - major sublingual duct; 24 - minor sublingual ducts; 25 - genioglossus; 26 - digastric, anterior belly; 27 - sublingual gland; 28 – mylohyoid [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 МЕНШІКТІ АУЫЗ ҚУЫСЫ

Меншікті ауыз қуысы(cavumorіs prorpіum) жоғарыда қатты таңдаймен, артынан жұмсақ таңаймен, алдынан және бүйірінен жоғарғы және төменгі жақтардың альвеоларлық өсінділерімен, түстерімен және қызыл иекпен, төменде ауыз көкетімен, тіл бұлшықетімен шектеледі. Ол саңылаудың пішіні, тіл қозғалсымен және төменгі жақтың орналасуымен өзгеріп отырады. Ауыз қуысы артынан жұтқыншақпен шектеледі. Ауыз қуысы шырышты қабатпен жабылған.

Жұмсақ таңдайға әр бір жақтан таңдай қанаттары арқылы, жақ артериясының тармағы  өтеді (a. palatina descendens). Сонымен қатар, жұмсақ таңдайға таңдайдың өрлемелі артериясы(a. palatina ascendens,) бет артериясы тармақтары және жұтқыншақтың өрлемелі артериясы, сыртқы ұйқы артериясының тармақтары келеді. Жұмсақ таңдайдың веналары қалың торды құрайды. Олар қанат тәріздес жұтқыншақ веналарымен байланысады. Қатты таңдайдың лимфалық тамырларының торы, лимфаны тістерден, қызыл иектен, жоғары жақтан қабылдайды. Лимфаны тасымалдайтын тамырлар шырыш асты қабықтың астына өтеді. Қатты таңдайдың алдынғы бөліктерінің шырышты қабатынан азу тістерге дейін мұрын-таңдай нервімен иннервацияланады.

Ұрықта, даму кезеңінің 2-3 айлығында таңдай пластинкаларынан жиі таңдай қалыптасады. Тіл төмен қарай ығысқаннан кейін және төменгі жақтың қалыптасуынан кейін пластинкалар көлденең орналаса бастайды.

Жоғары жақтың алвеоларлық өсінділері ауыз қуысының алдыңғы бөлігін және бүйір бөлігін құрап, қатты таңдайға жалғасады. Төменгі жақтың алвеоларлық өсінділері доға тәріздес және бірнеше тістердің түбірінің арасында аралық қатпарлары болады. Жоғары жақтың альвеоларлық өсіндісі 3-ші азу тіс артында, төмпешікте(tubercutum alueolare) аяқталады.

 

  АУЫЗ ҚУЫСЫ ТҮБІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

  Ауыз қуысы түбі немесе ауыз қуысының көкеті деп аталады, ол алдынан күрек тіс аймағымен, артынан тілдің тқменгі бетінің бос артқы жиегімен, медиалды және латералды жақтарынан төменгі жақтың альвеолярлық өсінділепімен шектелген.

Ауыз қуысы түбін бірнеше бұлшықеттер құрайды. Негізінде жақ-тіл асты бұлшықет(m.mylohyoidei), ол тіл асты сүйек пен төменгі жақтың жақ-тіл асты сызығы арасында орналасқан, бұлшықет жиырылғанда тілдің қозғалғандығын көруге болады.

Жақ-тіл асты бұлшықет шоғырлары арасында саңлауда иек және тіл артериялары анастомоз жасай орналасқан. Осы саңлау арқылы тіл асты клетчаткасынан жақ асты аймаққа қабыну үдерісінің таралуы және тіл асты безінің жылауығының(киста) ауысуы мүмкін. Қабыну үдерістері бір клетчаткалық кеңістктен басқа клетчаткалық кеңістікке жақ асты безі өзегінің және тамырлардың бойымен таралуы өте жиі болады.

Ауыз көкетінің үстінде үш негізгі клетчаткалық кеңістік бар. Екі бүйірлік кеңістік төменнен жақ-тіл асты бұлшықетпен(m.mylohyoidei), ішкі жағынан тіл бұлшықетімен, сыртынан төменгі жақпен және жоғарыдан тіл мен қызыл иек арасындағы ауыз қуысының шырышты қабығымен шектелген.Бұл кеңістіктер тіл асты сілекей безідерінің арнасы болып табылады. Иек-тіл бұлшықеті (m.genioglossus) және иек-тіл асты бұлшықеті(m.geniohyoideus) арасында жұп бұлшықет аралық саңлау орналасқан. Ауыз қуысы түбі үстінде иек-тіл бұлшықеттері арасында тақ кеңістікті атап өтуге болады.

Ауыз қуысы түбін төменгі жақтан тілге, тіл асты сүйекке баратын бұлшықеттер, бездер, тамырлар, нервтер және шырышты қабықтар түзеді.

 

 

Тістердің дамуы эмбрионалды кезеңнің екінші айының екінші жартысынан басталады. Тістер екі түрлі дамиды: сүт тістер(dentes decidui) және тұрақты тістер(dentes permanens). Осыған байланысты екі тіс түзетін үдерісті ажыратамыз. Бірінші кезеңде 20 сүт тістер, екінші кезеңде 20 тұрақты тістер ауысады және 12 жаңа(қосымша) тұрақты тісттер түзіледі.

 

 

40 – сурет .  Сүт тістердің ауысатын кезеңдері :

1 - medial incisor tooth; 2 - lateral incisor tooth; 3 - canine tooth; 4 - molar tooth [І]; 5 - molar tooth [ІІ]; 6 - molar [Анатомия человека. Атлас: учебное пособие. В 3 томах. Том ІІ. Пищеварительная система. Билич Г.Л., Крыжановский В.А. 2013. – 800.]

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.016 с.)