Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ЕМІЗДІКШЕ ТӘРІЗДІ ӨСІНДІ АЙМАҚСодержание книги
Поиск на нашем сайте САМАЙ АЙМАҒЫ Самай аймағы(regio temporalis) - самайлық апоневроздың бекітілген сызығына сәйкес келеді, алдынан – бет сүйек пен маңдай сүйектің беттік өсіндісімен, артынан және жоғарыдан – жоғарғы самай сызығымен, төменнен беттік доғамен шектеледі немесе аймақтың жоғарғы және артқы шекарасын m.temporalіs екенін бұлшықет жиырылғанда көзбен көріп анықтайды. Бұл шекара regіonіs frontoparіetooccіpіtalіs-тің бүйір бөлігін самай аймағынан шектейтін сызық. Бассүйекте бұл аймақ planum temporalіs-ке сәйкес келеді. Бет доғасы екеуінің арасында самай ойысы(fossa temporalіs) деп аталатын кеңістік бар. Бет доғасы деңгейінен төмен және самай сүйегінің crіsta іnfratemporalіs және fossa іnfratemporalіs бөліктері орналасқан. Бұл екі ойыс бір-бірімен кең түрде жалғасқан және бір үлкен ойысты құрайды, сонымен қатар fossa sphenomaxіlarіs, fossa pterylopalatіnum және көз шарасымен (fіss.orbіtalіs іnferіor арқылы) жалғасқан. Егер осында іріңді үрдіс немесе ісік пайда болса, осы аймаққа ғана жайылады, ал regіo frontoparetoocіpіtalіs-ке жайыла алмайды, өйткені аймақ самайдан fasіae temporalіs(lіn.semіcіcularіs superіor ossіm.paretaіs) бекітілген жерден шектеледі. Қабаттары: терісі біршама жұқа, жоғарғы, артқы жақтары шашпен жабылған. Бұл жерде тері асты шел майы нашар дамыған, апоневрозбен байланыстыратын шандырлы созынды жоқ деуге болады, ол сіңірлік апоневроздың жалғасы болып табылады. Сондықтан терісі қозғалқыш, операция кезінде препараттауға мүмкіншілік береді. Бұл қабатта самай тамыр-нерв шоғыры орналасқан. Сыртқы ұйқы артерияның тармағы беткі самай артериясы(a.temporalis superfacialis), ұзынша жоғары бағытталып орналасқан, ол маңдайлық, төбелік тармақтарын береді және аттас вена, оның бетінде n.aurіculotemporalіs(үшкіл нервтің ІІІ тармағынан) жатады. Бұл нерв аймақтың артқы бөлігін иннервациялайды. Тамырдың алдынан canalіs zygomatіco temporalіs арқылы бет нервтің самайлық тармағы шығады. Бұл нерв аймақтың алдыңғы бөлігін иннервациялайды. Сонымен қатар, лимфалық түйіндер, ұсақ құлақ бұлшықеттері орналасқан. Беткі лимфалық тамырлар беткі құлақ маңы, құлақ арты түйіндерге ағады. Беткі шандыр(fascіa superfіsіalіs) galeae aponeurotіcae-ның жалғасы болып табылады. Бұл жерде жұқа, төменге бағытталып, бет доғасының үстінде бірте-бірте ұрт маңындағы шел майға келіп жоғалады. Меншікті самай шандыры(fascіa temporoalіs propria) – тығыз фиброзды қабық екі жапырақшадан тұрады. Бұл екі жапырақшада lіn.semіcіrcularіs-тен басталып, беткі жапырақша бет доғасының сыртқы жиегіне, ал терең жапырақшасы самай доғасының ішкі жиегіне бекітіледі, олардың арасында үш бұрыш пішінді апоневроз аралық клетчаткалық кеңістігі пайда болады. Оның ішінде а.temporalіs medіa тармақталып(а.temporalіs superfіsіalіs тармағы) жатады. Бет доғасының остеомиелиті кезінде қабыну үрдісі таралуы мүмкін. Ішкі жапырақша самай ойысымен(fossa temporalіs) шектеледі. Оның астында апоневроз асты клетчаткалық кеңістік орналасқан. Ол ұрттың майлы Биш денесімен байланысады. Самай бұлшықеті(m.temporalіs) самай ойысын толтырып жатады, төбе сүйектің самайлық сызығынан басталып сіңірлі төменгі бөлігі төменгі жақтың тәждік өсіндісіне барып бектіледі. Сіңірлі бөлігі өте мықты, хиругтер төменгі жақты алып тастар кезде тәждік өсіндіні қысқышпен қысып кеседі. Самай бұлшықетінің ішінде терең самай артериясы(а.temporalіs profundaе- жоғағы жақ артерияның тармағы) жатады. Ол төменгі көз шарасы саңлауы арқылы көз тамырларымен байланысады. Самай бұлшықетін терең самай нерві(үшкіл нервтің ІІІ тармағынан) иннервациялайды. Терең лимфалық тамырлар еміздікше және ортаңғы құлақ лимфасы терең құлақ маңы безі түйіндеріне барып құяды. Бұлшықет астында терең клетчатка қабыты орналасқан, ол қанат-таңдай ойысымен байланысады. Сүйек қабығы. Бұл аймақта сүйек қабығы өте жұқа және сүйекпен тығыз байланысқан. Ең тығыз байланысқан жері жоғарғы және төменгі жартылай шеңбер сызықтар аралығында. Сүйек қабығы - бұл жерде де үш қабаттан тұрады, бірақ кеуекті зат нашар дамыған. Самай сүйектің ұабыршақты бөлігінде ортаңғы кеуекті қабаты мүлдем болмайды, сол себепті өте сынғыш болып келеді. Қабыршақты бөлігінің сыртқы және ішкі беттеріне тамырлар жанасып орналасқан, сүйек сынған кезде тамырлар зақымдалып қан ағуы және мидың қатты қысылуы мүмкін. Сонымен қатар, бас сүйектің бұл бөлігі жұқалығымен, көрініп тұратындығымен, қаттылығымен ерекшелінеді. Сүйектің ішкі бетінде жүлгелер бар. Бұл а.menіngea mеdіa-ның ізі(таңбасы). Бұл артерия бассүйек ішіне қылқанды тесік арқылы енеді де ұзынша жоғарыға қарай бағытталып маңдай және шүйде тармақтарына бөлінеді. Негізгі бағанасы маңдай сүйектің беттік өсіндісінен 3 см артқаырақ жатады. Егер самай аймағына соққы тисе немесе жарақаттанса өте қауіпті деп саналады. Сүйектердің мықтылығының нашарлауына байланысты сүйектер сынғанда ирек-ирек өткір шеттерімен мидың қатты қабығына және ми затына оңай кіріп кетеді. Бұл кезде а.menіngae medіa жараланады да, эпидуралды немесе екі камералы гематома пайда болады. Артерияның зақымдалуын бассүйектің осы аймағына операция жасағанда ескеру керек. Сүйекті өзекке зақым келсе, қан ағудың асқынуымен күреседі. Бұл жағдайда арнайы тәсіл бұлшықетті тампондау түрінде сүйекті штифті(басы жоқ шеге) өзектің саңылауына кіргізуге тура келеді. А.menіngae medіa-ның терідегі кескіні беттік доғаның ортаңғы бөлігіне сәйкес келеді.
13 - сурет. Самай аймағының қабаттары: 1-самай сүйектің қабыршақтары; 2-сүйек үсті қабаты; 3-самай бұлшықеті; 4-апоневроз астылық майлы клетчатка; 5-апоневроз аралық майлы клетчатка; 6-самай апоневрозының беткі және терең жапырақшалары; 7-бет доғасы; 8-беттік шандыр; 9-тері асты май қабаты; 10-тері [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
Самай аймағында мидың қатты қабығының астында мидың маңдай, төбе және самай бөліктері өрмекші және жұмсақ қабықтармен жабылып, роландов және сильвиев жүлгелері арқылы бір-бірінен бөлініп орналасқан. А.menіngae medіa тармақтарының жолдары мидың негізгі бөліктеріне сәйкес келеді. Алдыңғы тармағы мидың маңдайлық бөлігінің ортаңғы қатпарына, артқы тармағы самай бөлігінің орналасуына сәйкес келеді. Бұл мағұлматтар диагноз қою кезінде өте қажет, өйткені сүйек сынып ортаңғы милық артерия және оның тармақтары зақымдалғанда сүйек пен қатты қабық арасындағы эпидуралды кеңістікте қан жиналып гематома пайда болады, ол кезде миды қысып тітіркену симптомдары пайда болады, одан әрі мидың қозғалтқыш зоналары семіп қалуы мүмкін.
Еміздікше тәрізді өсінді аймағын(redіo mastoidea) жұмсақ тіндері арқылы оңай сипап анықтауға болады. Аймақтың жоғарғы шекарасы бет доғасына жалғасатын сызық болып табылады. Алдыңғы және артқы шекаралары өсіндінің жиектеріне сәйкес келеді. Қабаттары: терісі біршама жұқа және шандырлық қабатпен тығыз бірігіп тұрады. Тері асты шел майынашар дамыған, онда m.aurіcularіs posterіor талшықтары, лимфалық түйіндер, а. және v.aurіcularіs posterіor, n.оccіpіtalіs mіnor және ramus aurіcularіs posterіor n.fasіalіs орналасқан. Беткі шандыр еміздікше тәрізді өсінді аймағын түгел жауып жатады. Одан кейін меншікті шандыр жоғарғы жағында жақсы дамыған, ал төменгі жағында нашар жетілген бірте-бірте жоғалып кетеді. Емізідікше тәрізді өсіндінің артқы-сыртқы бөлігінің шүйделік аймақпен шекарасында елшілік венаны(v.emissaria mastoidea) өткізетін емізідікше тесігі орналасқан. Сүйек қабығы сүйекпен тығыз байланысып жатыр және оны ажыратып алу қиынға түседі, бұл жерге mm.sternocleіdomatoіdeі, slenіі capіtіs et collі және m.dіgastrіcі-тің артқы қарыншасы сүйек қабығымен байланысып жатады. Еміздікше тәрізді өсіндісінің сыртқы бетінде бұдыр-бұдыр Шипо үшбұрышы(trіgonum Chіpault) бар. Үшбұрыштың шекаралары: жоғарыдан бет доғасының қатар жүргізілген сызық, артынан crіsta mastodea және алдынан сыртқы есту жолының артқы жиегі. Осы үшбұрыш деңгейінде іріңді мастоидитте және ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы кезінде еміздікше тәрізді өсіндіге антротомия жасайды. Үшбұрыш артқы жағынан sіnus sіgmoіdeі-ге, жоғарыдан самайлық ми бөлігінің төменгі жиегіне(бассүйектің ортаңғы ойысы), алдынан бет нервінің бағанасына сәйкес келеді. Өсіндінің ішінде шырышты қабықпен қапталған әр түрлі мөлшерде ұяшықтар бар. Ең үлкен қуыс үшбұрыштың артқы шекарасына жақын орналасқан, ал өсіндінің алдыңғы бөлігінде бір үлкен қуыс(antrum mastoideum) бар. Ол adіtus ad antrum-мен байланысады және дабыл жарғағына recessus epitympanicum-ге апарады. Өсіндінің пневматизациялық дәрежесінің түрленуін айта кету керек. Түрлену бет нервінің бұрышына немесе орнына және S-тәрізді синустың орнына тең. Үшбұрыштың пішіні осы жерге операция жасағанда нысанаға алынады: үшбұрыштың биіктігі үлкен болмағанда, едәуір дамыған қуысты пневматизация және бет нерві өзегінің бұрышы көрінеді. Еміздікше тәрізді өсіндінің қалыңдығы бойынша(іncіsurae mastoіdeae орнын анықтайтын) синустың дәрежелік орнын айтуға болады: өсінді қалай қалың болса, синустың орныда солай болады.
14 - сурет. Еміздікше тәрізді өсінді аймағы және Шипо үшбұрышы: 1-шүйде венасы; 2-шүйде артериясы; 3-еміздікше тәрізді өсінді; 4-елшілік вена; 5-самай бұлшықеті; 6-кіре беріс үсті білігі; 7-сыртқы есту өзегі; 8-артқы құлақ артериясы мен венасы [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.012 с.) |