ЛАҚ МАҢЫ ШАЙНАУ АЙМАҒЫНЫҢ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЛАҚ МАҢЫ ШАЙНАУ АЙМАҒЫНЫҢ

Поиск

Құлақ маңы шайнау аймағының(regio parotideomasseterica) шекаралары: алдынан шайнау бұлшықеттінің(m.masseter) алдыңғы жиегі, артынан еміздікше өсіндіден төменгі жақ бұрышына дейінгі жүргізілген сызық, жоғарыдан бет доғасы, төменнен төменгі жақ денесінің төменгі жиегі болып табылады.

Терісі жұқа, қозғалғыш, ерлерде түктермен жабылған. Тері асты клетчаткасы нашар жетілген, онда тері астылық бұлшықеттің(m.platysma) жеке талшықтарын, беттің күлкі бұлшықеті(m.risorius) ауыз және беткі шандырдың жұқа жапырақшасын көреміз. Клетчаткада бет нервінің(rr. zygomatici, buccales, marginalis mandibularis) тармақтары өтеді. Терінің сезгіш инервациясы жақ-самай(үшкіл нервтің екінші тармағынан) және құлақ-самай(үшкіл нервтің үшінші тармағынан) нервінің тармақтарымен жүзеге асады. Меншікті шандыр жақсы дамыған және шықшыт без шайнау шандыры деп аталады(f.parotideomasseterica). Ол бет доғасының төменгі жиегінен басталады және төменгі жақ бұрышына бекітіледі.

 Төменгі жақтың меншікті шандырының сыртқы бетінің бойында шайнау бұлшықеті(m.massater) жатады, бет доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекітіледі. Шайнау бұлшықетін жабатын шандыр табақшасы берік төменгі жақтың алдыңғы және артқы тармағы аймақтарында сүйекті-фиброзды қынаппен бұлшықеттер қаптайды. Шықшыт безі жақ арты шұңқырда орналасқан, ол алдынан төменгі жақтың төменгі бөлігінің тармағымен, жоғарыдан сыртқы есту жолының шеміршекті бөлігімен және самай-төменгі жақ буынымен, артынан еміздікше өсіндісімен және төс-бұғана-еміздікше бұлшықетімен шектелген.

Бездің нақтылай пішіні болмайды. Оның беткі бөлігі төменгі жақ сүйек шұңқырының алдыңғы шекарасынан шығып, шайнау бұлшықетінің(m. masseter) сыртқы бетіне дейін созылып орналасқан. Бездің терең бөлігі медиалды бағытта шығады, жұтқыншақтың сыртқы қабырғасы деңгейіне дейін жетеді. Безді шандыр жауып, оның қапшық түзеді. Қапшықтың  сыртқы жапырақшасы тығыз, одан паренхимаға созындылар түсіп, оны бөлікшелерге бөледі. Қапшықтың алдыңғы бөлігі жақсы жетілген, ол безді шайнау бұлшықетінен бөледі. Көбінесе қапшықтың медиалды қабырғасы борпылдақ болып келеді, ал бездің жұтқыншақ өсіндісі қапшық артынан шығады. Шықшыт безінің жұтқыншақ өсіндісі біз тәрізді өсінді мен медиалды қанатты бұлшықеттің арасында алдыңғы жұтқыншақ маңы клетчаткалық кеңістігінде орналасқан. Шықшық безінің жұтқыншақ өсіндісі жұқа шандырмен жабылған, ол бездің бірінші «әлсіз жері» болып саналады. Шықшыт безі жоғарғы жағынан сыртқы есту жолына жанасып жатады, осы жерде шеміршектен бірнеше лимфалық тамырлар өтеді, осы жер шықшыт безінің екінші «әлсіз жері» болып табылады. Осы әлсіз жерлер арқылы іріңді паротит кезінде іріңді үдреріс тарауы мүмкін.

Шықшыт безінің шығарушы өзегі(стенонов өзегі-ductus parotideus) оның алдыңғы бөлігінен басталады, шайнау бұлшықетінің сыртқы бетімен бағытталып, оны жабатын шандырда орналасады. Одан әрі өзек бұлшықеттің алдыңғы бетін бойлай, ұрт бұлшықетін тесіп өтіп, ауыздың кіре берісіндегі  шырышты қабықшасына 1 немесе 2 жоғарғы азу тіс деңгейінде ашылады.

Бездің шаңдырлы қапшығын, кейде алдыңғы бетін жанап, кейде паренхиманы астымен жақ сүйектің артқы жағына сыртқы ұйқы артериясы өтеді. Жақ сүйек тармағының ортаңғы деңгейінде сыртқы ұйқы артериясынан беткі самай артерия мен жоғарғы жақ сүйек артерия(a.maxillaris) бөлінеді. Сыртқы ұйқы артериясына латералды бездің бойымен артқы төменгі жақ сүйек вена(v.retromandibularis) өтеді. Шықшыт безі паренхимасының бойында бет нерві тармақтарының өрімі орналасады. Оның негізгі бағанасы біз-емізікше тесігінен шығады, алдыңғы жақта доғаға қайырылып, шықшыт безіне қапшықтың артқы қабырғасы арқылы еніп, ірілі-ұсақты өрім(plexus paratideus) түзеді. Бұл өрімнен бет(мимикалық) бұлшықетінің иннервациясы қамтамасыз етіледі және  5 тармақ түзіледі.

Бұл тармақтар без паренхимасынан шығып, құлақ қалқаны сырғалығының негізінде радиалды бағытта жүріп, шайнау бұлшықетінің сыртқы бетіндегі құлақ маңы-шайнау шандырының астында орналасады(rr.temporalis, zygomatici, buccalis, marginalis mandibulae, colli). Шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегінің деңгейінде бет нервінің тармақтары құлақ маңы-шайнау шандырына еніп, бет бұлшықеттеріне барар жолда тері асты шел май қабатына шығады. Без қапшығына сыртқы есту жолы арасындағы саңылауда орналасқан n.auriculotemporalis(үшкіл нервтің үшінші тармағынан)  жанасып жатады.

Бет сүйек доғасы деңгейінде n.auriculotemporalis құлақ маңы-шайнау шандырына енеді де тері асты кеңістікке шығып, беткі самайлық артериямен бірге самай аймағына бағытталады. Без қапшығында және одан тыс жақ асты шұңқырда беттің бүйір аймағынан, еріннен, мұрынның бүйір қабырғасынан, көз ұяшығынан алып келетін жергілікті тамырлардың лимфалық түйіндері топтары орналасқан.

 Шықшыт безінде қабыну үдерісі болса, шайнағанда ауырады, өйткені шықшыт безінің ішінде лимфалық түйіндер шайнау бұлшықетімен байланысып жатады.

Бет нерві шықшыт безінің ішінде жатады және одан шыққан соң өзінің тармақтарын береді. Осы анатомиялық қатынас шықшыт безінде қабыну үдерісі болғанда нерв тармақтарына әсер етеді және нервтің семіп қалуына әкеледі. Сонымен қатар, бет аймағына тілік жасағанда бет нерві тармақтарының жолына сәйкес тілік жасамаса, нерв тармақтарына зақым келеді.

Шықшыт безінің ішінде а.temporalіs superfіsіalіs, а.transversae fascіeі-дің артқы тармағы, n.aurіculotemporalіs, v.facіalіs posterіor жатады. Лимфалық ағыс жолдары lymphonodulі submaxіllіares-ке құяды.

 

 

 

53 - сурет.Шықшыт безінің көлденең кесіндісінің топографиясы:

1 – біз тәрізді өсінді және біз-тіл астылық, біз-тілдік, біз-жұтқыншақ бұлшықеті; 2 - ішкі қант тәрізді бұлшықет; 3 – шайнау бұлшықеті; 4 – төменгі жақ; 5 – төменгі альвеолярлық артериялар мен нервтер; 6 – беттік нерв; 7 – шықшы безі; 8 – сыртқы ұйқы артериясы; 9 – артқы беттік вена; 10 – шықшыт бездің шандыры; 11 – ішкі мойындұрық вена және тіл-жұтқыншақ нерві; 12 – қосымша нерв; 13 – ішкі ұйқы артериясы және кезбе нерв; 14 – симпатикалық сабаудың жоғарғы мойындұрық түйіні; 15 – омыртқа алды шандырмен бірге атлант; 16 – бас пен мойынның ұзын бұлшықеті; 17 – тіластылық нерв; 18 – таңдайлық бадамша без    [Учебник, под редакцией профессора И.И.Кагана, член-корреспондента РАМН, профессора И.Д.Кирпатовского, Том 1. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 509].

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)