Лапароскопиялық ассистирленген холецистоэнтероанастомоз
6.59 сурет. Құрсақ қуысынан тыс ішек аралық анастомоз салу үшін тоқ ішек ілмектерін сыртқа шығару мақсатында параумбликальды жолды кеңейту.
1. Параумбликальды тіліктің шеті
2. Апоневроздың троакарлы дефектісі
3. Апоневрозы жоғары кесу сызығы
4. Тоқ ішек ілмектері арасындағы тігіс соңын фиксациялайтын қысқыш
5. Параумбликальды тіліктің кеңейтетін ілмек.
Операция холецистоэнтероанастомозға бақылау дренажын жүргізумен аяқталады.
Трансбауырлық холецистостома болған жағдайда операциядан кейінгі уақытта анастомоз функциясын бақылау мақсатында стулография жасалады.
Егер хирург бірден лапароскопиялық ассистирленген холецистоэнтероанастомоз жасауды шешсе, барлық бес троакарды енгізу қажеттігі туындамайды. Оптика үшін бір параумбиликальді троакар және оң жақ мықын аймағында бір троакар енгізу жеткілікті болады. Операцияның бірінші этапы жоғары да сипатталғаннан өзгешелігі жоқ. Құрсақ қуысына ревизия, қажеттілігі болса биопсия және холангиография жүргізіледі.
Одан соң өтқуық үстінде орналасқан нүкте арқылы тағы бір троакар енгізеді. Екі атравматикалық зажимдердің көмегімен анастомоз үшін қажет ішек ілмектерін табады да, оны зажимдердің бірімен еппен фиксациялайды. Кейіннен өтқуық үстіндегі тесікті кезеңмен 3 см-ге дейін кеңейтеді, осылайша минилапаротомия жасалды. Егер ішекті фиксациялаушы зажим осы нүктеде орналасқан болса, онда оны ішекпен бірге ішке қарай тартады, ал егер ішек басқа зажиммен фиксацияланған болса, онда ішекті жараға әкеледі. Ішеккке бекітуші тігіс салынады, және оны құрсақ қуысына енгізеді (бекітуші жіпті экстракорпоральді қарапайым хирургиялық зажимде қалдырады). Содан кейін өтқуықтың түбін тауып алады, қалың инемен пункция жасайды, өтті эвакуациялайды, және дәл сол бекітуші жіппен өтқуықты тігеді және тігісті байлайды. Осылай өтқуық пен ішек бір-біріне бекітілген болады. Бірінші тігістен 3 см арақашықтықта екінші сірлі-бұлшықетті тігіс салынады. Одан соң ішек пен өтқуық ашылады, және олардың арасында қарапайым техника бойынша анастомоз салынады. Біз бірқатарлы сіңірілетін синтетикалық тігісті қалаймыз. Содан кейін егер хирург жөн деп қарастырса, дәл сол байланыс арқылы ішекаралық анастомоз жасалады.
Осылайша, операцияның травматикалығы өзгермейді,ол минимальді инвазивті түрде қалады,сонымен қатар операцияның уақыты қысқарады,сондай-ақ материалды ресурстар да үнемделеді.
|