сурет. Гепатикохоледохтың дренажын сыртқа шығару.
6.41 сурет. Гепатикохоледохтың дренажын сыртқа шығару.
1. Холедохтын алдыңғы қабырғасы
2. Т-тәрізді дренаждың ұзын бөлігі
3. Бауыр
4. Өтқабы орны
5. Алдыңғы құрсақ қабырғасы
6. Құрсақ қуысының дренажы
Холедохта аз ғана конкремент пен холенгит көрінісі болмаған жағдаида,хирург мынындай тактиканы таңдай алады,гипатико холедох тілігін бір уақытта өт жолы культясы арқылы дренаж бен бірге толық тігеді. Осы мақсатта өт жолын оның 2/1бөлігін микро пышақпен ашады.(6.42 сурет),оған диаметрі 2-4мм жііңішке дренаж түтікшесін енгізеді,оның ұшы доғаланған және бірнеше бүиірлік тесіктері бар.Түтіктің енгізілген шетінен 4см қашықтықта атравматикалық инемен жіңішке сіңірілетін жіп арқылы мықтап фиксацияланады(6,43сурет),бұл жіпті өт жолы шетін тігу үшін қолданады(6.44сурет).Осыдан соң жіптің шетін байлайды оған қоса бірінші тігілген лигатурадан 5-7мл төмен қосымша циркулярлы лигатура салынады.(6.45сурет).Өт жолы арқылы енгізілген дренаж тігіс лигатурасы мен мықтап фиксацияланады.Бұл өте маңызды техникалық деталь:тәжірибеге сүиенсек өт жолының жіңішке дренажын қарапайым байламмен фиксацияласа,оңай шешіліп өттің құрсақ қуысына ағуын тудырады. Дренажды фиксациялағаннан кейін холедохотомиялық кесіндіні толығымен түйінді жіппен немесе сіңірілетін үздіксіз синтетикалық жіппен тігеді (6.46 сурет). Ары қарай өтқабын алып, дренажды сыртқа шығару керек. Бұл этаптың орындалуы жоғарыда айтылып кеткеннен айырмашылығы жоқ.
6.42 сурет. Микропышақпен өтжолын ашу.
1. Өтқабы мойны
2. Өтжолы
3. Холедохотомиялық тілік
4. Холедохтың алдыңғы қабырғасы
5. Өт жолының диаметрінің ½-ін кесу
6. Микропышақ
|