Ішекаралық анастомоз салу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ішекаралық анастомоз салу

Поиск

Ішекаралық анастомоз салу

Хирург ішекаралық браун анастомозын салу керек деп санаған жағдайда, ол мұны екі жолмен жүзеге асыра алады.

Тігіс аппараты болған жағдайда құрсақ қуысында ішекаралық анастомоз салуды аппаратпен жүргізуге болады. Мұндай анастомоз жасаудың техникасы жоғары да айтылған холецистоэнтероанастомоз салудың техникасына ұқсас.

Уақытты үнемдеу, еңбек және материалдық ресурстар (тігін аппаратына кассеталар) шығынын үнемдеу мақсатында экстракорпоральді техниканы қолдануға болады. Сонымен бірге ішекаралық анастомоз салу жоспарланған аймақта ішек ілмектері арасында ұзын жіппен бекітуші тігіс салынады (6.58,6.59 сур.). Содан кейін оптиканы параумбликальді порттан шығарып алып, субксифоидальді портқа енгізеді. Көзбен бақылап отыру арқылы осы бекітуші жіптің екі ұшын парамбиликальді порт арқылы енгізілген зажиммен қысып алады. Одан соң кіндік аймағындағы тесік 4 см-ге дейін косметикалық ұлғайтылады (6.60 сур.) және жіпті тракциялау арқылы ащы ішектің екі ілмегі сыртқа шығарылады. Содан кейін ішек ілмектері арасында қарапайым жолмен анастомоз жасалады (әлде қолмен,әлде аппаратпен).

6.58 сурет. Ішек аралық анастомоз салу үшін тоқ ішек ілмектері арасына тігіс салу.

1. Өтқабы

2. Тоқ ішек ілмегі

3. Бауыр

4. Осыған дейін түзілген холецистоэнтероанастомоз

5. Тоқ ішек ілмектері арасындағы тігіс.

 

6.59 сурет. Ішек аралық анастомоз салу үшін тоқ ішек ілмектері арасындағы тігіс.

1. Өтқабы

2. Тоқ ішек ілмегі

3. Бауыр

4. Осыған дейін түзілген холецистоэнтероанастомоз

5. Тоқ ішек ілмектері арасындағы тігіс.

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)