сурет. Өтқабы түбіне оны тракциялау үшін Z-тәрізді тігіс салу.
1. Өтқабы түбі
2. Z-тәрізді тігіс
3. Граспер
Өтқабы түбін цефаликалық бағытқа әкетеді, осылайша адекватты экспозицияны тудырады. Өт қабы жақын жатқан мүшелер мен тығыз фиксацияланған кезде элетроілмекпен немесе коагуляциялық қайшымен жабыспаны кеседі. Инфильтратты немесе жабыспаны бөлу кезінде өт қабын түбінен үздіксіз тракциялаиды. Осылайша өт қабы қабырғасын ақырындап бұрылудан босатады,өт қабы мойнын зерттелетін аймаққа шығарады
Егер қанағаттанарлық экспозиция болмаса,сол жақ бұғанаорта сызығы бойында қабырға доғасынан 3- 4 см төмен жерден қосымша 5 мм-лік троакар орнатады. Осы енгізілген троакар арқылы сонымен қатар операциялық аймақты тазалап жуу үшін аспирация/ирригация түтігін енгізеді.
Егер өтқабын бауырдан өтқабы мойны жағынан инфильтрациялық өзгерістер аймағында антомиясын сенімді идентификациялау мүмкін болмаса және хирург бауырды зақымдаса, онда келесі әдісті қолдану керек: өтқабын электрокескіш құралмен периметрі арқылы кеседі. Конкременттер пластикалық контейнерге ауыстырады. Келесіде өтқабының қалған бөлігінің шырышын түпкілікті коагуляциялайды. Осылайша Pribram операциясымен эндоскопия жүргізеді.
Күрделі лапароскопиялық холецистэктомия операцияның барлық кезеңдерінде айқын қанкетумен жүреді. Осыған байланысты құрсақ қуысында қан ұйындыларының түзілуі маңызды мәселенің бірі. Оның алдын алу үшін құрсақ қуысын 5000Б гепариннің 1л физиологиялық ерітінді қосылысымен жуады. Егер сонда да қан ұюы жүрсе, оларды жою үшін диаметрі 10 мм-лік аспирациялық түтікті қолданады.
Кейде өтжолы диаметрі өте үлкен болуы мүмкін және клипс ұзындығы оны толығымен ұамти алмайды. Осындай жағдайда өт жолы бойының екі жағынан екі клипс кою керек. Бірақ мұндай кезде ең сенімді әдістердің бірі – өтжолын лигатурамен байлайды (6.24сурет).
Жедел деструктивті лапароскопиялық холецистит кезінде өтжолын және артерияны клипстеу және кескеннен кейін өтқабы орнындағы дәнекер тінді буданы және өтқабы мен бауырды байланыстыратын қабырғаны кеседі. Ол үшін түрлі әдістерді қолданады, көбінесе ол электроілмек немесе электропышақтар. Электроілмектің жұмысы ыңғайлы, ілмек тіннің кішкентай бөліктерін ұстайды, одан басқа кесетін электротокты қоспас бұрын жақын орналасқан анатомиялық құрылымдарды электро зақымдамау профилактикасы үшін тінді көтеру маңызды.
Өт қабын алу кезінде оны солға және оңға бұрады,өт қабы мен бауырды бүиірінен баиланыстыратын іш перденің өтпелі қатпарын кеседі. Бұл өт қабын алу кезіндегі маңыздысы .Өт қабы түбі мен өт қабы орнын баиланысының соңғы сантиметрлерін кесу өте қиын деп саналады.Осы кезде тракцияның жеткіліксіздігі болуы мүмкін.Өт қабы орнында паида болған қан кетуді дер кезінде тоқтату керек.
|