Анастомозды қолмен жасау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Анастомозды қолмен жасау

Поиск

Анастомозды қолмен жасау

6.51 сурет. Пайда болған анастомоздың артқы қабырғасының ортасын және шетіне тігіс салу.

1. Өтқабы

2. Тоқ ішек ілмегі

3. Өтқабы мен тоқ ішек ілмегі арасындағы тігіс

4. Бауыр

5. Пайда болған анастомоз шетіне салынған тігіс-ұстағыш

6. Пайда болған аностомоздың артқы-ортыңғы бетіндегі тігісті байлау

7. Пушер

8. Троакар

 

Өтқуық пен ішектің қуысын ашып болған соң болашақ анастомоздың шеті мен артқы қабырғасының ортасына бекітуші түйінді тігіс салған жөн, және оны пушер – лигатуралық вилка көмегімен байлайды ( 6.51 сур.). Өтқуық пен ішектің тілік жасалған шеттері бір-біріне үш бекітуші тігіспен сәйкестендірілген соң, артқы қабырға барлық қабаттар арқылы үздіксіз оратылған тігіс салынуымен қалыптасады ( 6.52 сур.). Сіңірілетін тігіс материалын «шаңғы» тәрізді немесе қарапайым иілген инемен пайдаланады. Жіптің ұзындығы шамамен 25-30 см болу керек. Одан ұзынырақ жіпті пайдалану манипуляцияны қатты қындататынын ескеру керек, себебі ол үнемі құрсақ қуысында шиеленіседі, кейде өздігімен түйін пайда болуымен жүреді. Әдетте лапароскопиялық хирургияда тігісті «өзіңе қарай» бағытында салған ең тиімді болып саналады,яғни ең алыс нүктеден операторға немесе ине ұстағыш өтетін портқа ең жақын нүктеге дейін.

Барлық қабаттардан өтетін оралмалы тігіс алу арқылы анастомоздың артқы қаырғасын қалыптастырған соң, тігіс алдыңғы қабырғаға өтеді (6.53 сур.). Егер де тігіс сол жіппен жалғасатын болса, онда хирург «өзінен қарай» тігуге мәжбүр болады, ол әрине қиынырақ. Сол себепті алдыңғы қабырғасын құрастыруды басқа жіппен жүргізуге болады, ол үшін осы тігісті анастомоздың латералды жағынан бастайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.007 с.)