сурет. Үздіксіз тігіс салу арқылы лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоздың арқты қабырғасының пайда болуы.
6.52 сурет. Үздіксіз тігіс салу арқылы лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоздың арқты қабырғасының пайда болуы.
1. Өтқабы
2. Тоқ ішек ілмегі
3. Өтқабы мен тоқ ішек ілмегі арасындағы тігіс
4. Бауыр
5. Пайда болған анастомоздың артқы қабырғасындағы үздіксіз тігіс
6. Инеұстағыш
7. Троакар
6.53 сурет. Үздіксіз тігіс арқылы лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоздың алдыңғы қабырғасының түзілуі.
1. Өтқабы
2. Тоқ ішек ілмегі
3. Өтқабы мен тоқ ішек ілмегі арасындағы тігіс
4. Бауыр
5. Түзілген анастомоздың алдыңғы бетіндегі тігіс
6. Инеұстағыш
7. Троакар
Анастомоз салуды аяқтау жіптердің ұшын байлаумен бітеді (6.54 сур.). Бұл жағдайда, әдетте, түйін байлаудың интракорпоральді әдісін қолдануға тура келеді.
6.54 сурет. Пайда болған лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоз
1. Өтқабы
2. Тоқ ішек ілмегі
3. Пайда болған анастомоз
4. Бауыр
5. Троакар
Алдын-ала жасалған трансбауырлық холецистостома болуының тағы тиімді тұстарының бірі – ол холецистостомиялық түтік арқылы бояғыш зат (метилен көгі) енгізу жолмен анастомоздың бүтіндігін тексеруге мүмкіндік беруі. Сол арқылы анастомоз аймағындағы құрсақ қуысында бояғыштың пайда болуына тексереді. Егер де көк бояғыштың ағып кеткені анықталса, әлсіз жерінде бөлек түйінді тігістер салуымен қосымша герметизация жасалады.
Тігіс салатын аппараттарды қолдану
Сөзсіз холецистоэнтероанастомоз салу үшін ең оңтайлысы механикалық тігіс құралдарын – эндостейплерларды қолдану болып табылады, ол бір қимылмен қуыстың ¾ бөлігіне стандартты механикалқ тігіс салу арқылы анастомоздың артқы қабырғасын құрауға мүмкіндік береді.
Мұндай тәсілді таңдаған кезде өтқуық пен ащы ішекте 5 мм ұзындықтағы тілік жасайды. Одан соң құрсақ қуысына тігіс аппаратын енгізеді (6.55 сур.). Оны енгізу үшін оң жақ қабырғаастында ортаңғы сызық бойымен сәйкес троакар орнату қажет болып табылады ( қазіргі таңда мұндай аппаратты енгізу үшін диаметрі 12 мм болып келетін троакар қажет). Одан кейін аппарат ашылады, және оның барнштары анастомомздалушы органдарға енгізіледі (6.56 сур.). Сонымен қатар аппараттың аз қозғалмалығын ескере отырып, өтқуық пен ішек ілмегінің жасалған өзектерін зажимдердің көмегімен барнштарға әкеледі. Аппараттың бранштары өзектерге енгізілген соң , өтқуық пен ішекті қосатын бекітуші жіппен тракция жасау арқылы , осы органдар бранштарға барлық ұзындығымен тартылғандай болады.
|