сурет. Өтқабы құрамын аспирациялау.
6.28 сурет. Өтқабы құрамын аспирациялау.
1. Өтқабы мойнын ашу
2. Өтқабы денесінің проекциясы
3. Ұсақ конкременттер
4. Аспиратор түтігі
6.27 сурет. Өтқабы мойнын сыртқа тарту.
1. Өтқабы мойны
2. Өтқабы денесінің проекциясы
3. Қысқыш
4. Пышақ
Лапароскопиялық холедохолитотомия
Холедохолитиаз - өт-тас аурының асқынуынан пайда болған ең көп тараған аурулардың бірі. Оның диагностикасы, емі және операция жасау техникасы жайлы сұрақтар эндоскопиялық хирургия аспектісінде ең маңызды орын алады.
Лапароскопиялық холецистэктомия жасап жүрген хирургтар, тәжірибе жинау барысында, холедохолитиаздың лапароскопиялық емі жайлы сұрақты міндетті түрде шешу керек екеніне көздері жеткен. Мұндай шешімге келуге себеп болған нәрсе ол – лапароскопиялық операцияның пайда болуы және өт-тас ауруының осы асқыну түрімен ауыратын науқастардың көптігі. Бірнеше авторлардың көзқарасы бойынша бұл процедура холицистэктомиядан кейінгі жасалатын биллиарлы хирургияның келесі логикалық кезеңі болып табылады.
Қазіргі таңда холедохолитиаз кезіндегі жалпы өт жолының лапароскопиялық ревизиясын классикалық ашық биллиарлы хирургияның көрсеткіштерімен сәйкестендіріп орындауға болатынын эндоскопиялық хирургияның әлемдік тәжірибелеріне негіздеп айтуға болады. Егер операцияны толық ревизия жүргізуге техникалық мүмкіндігі бар, эндоскопиялық тігістің техникасын жақсы меңгерген тәжірбиелі хирург жүргізсе нәтиже болуы мүмкін.
Лапароскопиялық холедохолитотомияның жасалу техникасы
Ереже бойынша операция 5 тесік жасау арқылы жүргізіледі. Параумбикальды және субксифоидальды аймаққа 10 мм-лік тесік, бұғанаортаңғы және қолтықасты сызықтың оң жағынан 5мм-лік тесік және бір қосымша бұғанаортаңғы сызықтың сол жағынан 5мм-лік тесік жасалады (6.29-сурет).
Ашық операциядан ерекшелілігі, лапароскпопиялық холедохотомия кезінде алдымен операцияның холедохотомиялық кезеңін орындап, содан кейін ғана өт қабын алып тастайды. Бұл бауырасты кеңістікке адекватты экспозиция құру тек өт қабын тракциялағаннан кейін ғана мүмкін болуымен түсіндіріледі.
Операциялық алмасу холецистэктомия кезіндегі сияқты өт қабының мойнын, өт қабы жолын және өт қабы артериясын бөліп алғаннан кейін басталады. Осыдан кейін өт тас жолдары классикалық хирургиясының классикалық принциптері бойынша, тастарды өт қабынан холедохқа қарай миграциялау мақсатымен өт қабының төменгі жағынан өт жолына клипсы салынады.
|