сурет. Лапароскопиялық холецистэктомия кезінде өтқабы мойны, өт жолы, бауыр және гепато-дуоденальды байламдар арасында «терезе» құру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сурет. Лапароскопиялық холецистэктомия кезінде өтқабы мойны, өт жолы, бауыр және гепато-дуоденальды байламдар арасында «терезе» құру.

Поиск

6.13.сурет. Лапароскопиялық холецистэктомия кезінде өтқабы мойны, өт жолы, бауыр және гепато-дуоденальды байламдар арасында «терезе» құру.

1. Өтқабы түбі

2. Өтқабы мойны

3. Өтжолы

4. Бауыр

5. Клипс салынған өтқабы артериясын кесу

6. Гепатодуоденальды байлам

7. пайда болған «терезе»

 

 

 

Өт жолын кескеннен кейін өтқабы мойны мобильді болады (6.14сурет). келесі тапсырма – өтқабы денесін бөліп алу. Бұл этаптың негізгі кезеңі өтқабы денесінен ішпердені жан-жағынан кесу болып таблады. Бқл кесіндіні бауыр тінінен 0,5см көлемінде жүргізу керек. Бұл кесіндіні оңайлату үшін әлемдік әдебиеттерде «оң бұрылыс» және «сол бұрылыс» деген терминдер қолданылады. «оң бұрылысты» орындау үшін өтқабы монын оңға бұрады, өтқабы түбін солға бұрады (6.15сурет), осылайша ішперденің өтқабының медиалды жағынан өтпелі қатпар пайда болады. Ішпердені қатпар бойынша ілмек немесе қайшы көмегімен 2 см көлемінде кеседі, содан кейін «сол бұрылыс» жасайды, өтқабы мойнын солға, ал түбін оңға ікетеді (6.16сурет). «Солға бұрылыс» латериальды өтпелі қатпарды түзеді, оны да екі 2 см көлемінде кеседі. Осыдан кейін өтқабы мойнын жоғары әкетіп, өтқабы орнындағы дәнекер тін элементтерін кеседі. Кейін қайтадан оңға, солға бұрылыс және өтқабы орнынан әкету жасалынады. Бұл техникалық әдіс өтқабы, өтқабы орнымен тек түбі жағынан байланысқанша жүргізіледі. Өтқабы орнынан пайда болатын қан кетуді бірден тоқтату маңызды.

 

6.14.сурет.Өт жолын кескеннен кейінгі өт қабы орнынан өтқабын ала бастау .

1. Өтқабы түбі

2. Өтқабы мойны

3. Өтжолы

4. Бауыр

 

Өтқабы, өтқабы түбінен тек түбінде ғана байланысқаннан кейін (6.17сурет) бөлу процедурасы тоқтатылады, хирург өтқабы орнына, өтжолы культясына, артерия және клипс ығысуына қорытынды тексеру жүргізеді. Дәл осы бүйрек үсті безі кеңістікті және өтқабы орнын гепарин қосылған сұйықтықпен мұқият жуады, сұйықтықты аспирациялайды. Бүйрек үсті безі кеңістігіндегі сұйықтықтың мөлдір болғанынша жуу жалғасады. Өтқабы орнынан капиллярлы қанкетуді тоқтату керек. Бұл әдісті арнайы қасықтәрізді электродпен жуады.

Қанкетуді толық тоқтатқаннан кейін өтқабы орнынан өтқабы түбін ажыратады. Бұл кезеңді жеңілдету үшн арнайы тәсілдер қолданылады, өтқабы түбін тарту цефаликалық бағыттан каудальді бағытқа өзгерткен кезде қолданылады. Дәл сол бағытта өтқабы мойнына да тракция жасайды. Өтқабы түбі мен бауырды байланыстыратын ішперде мен өтқабы орнынан дәнекер тін элементтері жақсы көрініп, тартылады, және оны электроқұрал көмегімен оңай кесуге болады. Өтқабын ажыратқаннан кейін бүйрек үсті безінің кеңістігін тағы бір рет жақсылап жуады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 80; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)