сурет. Өтқабын алу үшін параумбликальды троакар жолын кеңейту .
6.25 сурет. Өтқабын алу үшін параумбликальды троакар жолын кеңейту .
1. Кіндік
2. Тері кесіндісінің шеті
3. Апоневрозды кеңейту бағытын көрсететін пункциялық сызық
4. Өтқабының мойны
5. Өтқабы десесіндегі көлемді тастың проекциясы
6. Фарабеф ілмегі
7. Граспер
Арнайы контейнерлерді енгізу үшін көлемі 11 мм эпигастральді гильзаларды пайдалануға болады, бірақ контейнерді, троакарды алғаннан кейінгі қалған эпигастральды тесік арқылы хирургиялық инструмент ұзын браншамен енгізген ыңғайлы болады. Мұндай әдіс контейнерді енгізу кезінде қатты бұрауды талап етпейді сондықтан іш қуысына енгізгеннен соң қайта орнына келтірудің қажеті болмайды.
Егер өт қабының мойнын сыртқа шығарғаннан соң, оның денесі майда немесе ірі тастар есебінен іште қалып қойса келесі әдісті қолдану керек. Алдын-ала іш қуысының жарасын изолирлеп, өт қабы мойнын сырқа қарай максимальді шығарып кесеміз және ішіндегі барлық сұйықтықты аспирациялаймыз (6.26-6.28 сурет). Содан кейін щипцы көмегімен майда тастарды алып шығамыз, егер тастар ірі болса оларды фрагменттеп аламыз.
Өт қабын сыртқа шығарып, апоневроз дефктісін тігіп болғаннан соң, бауырасты және диафрагмаасты қуысын изотониялық тұзды ерітіндімен тазалап жуу керек (2-3л). Перитонит белгілері болмаса да, іш қуысын мұқият санациялау қажет. Іш қуысын тазалап жуу микробтардың түсуін азайтады және қан, ірің, өт қалдықтарының қалып кетуінің алдын алады.
6.26 сурет. Өтқабы мойнын сыртқа тарту.
1. Өтқабы мойны
2. Пышақ тілігінің шеті
3. Фарабеы ілмегі
4. Граспер
Кең аксиляралдылық гильза арқылы өтетін, диаметрі 7-10 мм силиконды ризиналық дренажды, жедел холециститпен түскен барлық науқастардың іш қуысын дренаждау кезінде пайдаланады. Диаметрі 5 мм троакар арқылы өткізуге болатын, 4-5мм-лік дренаж, барлық уақытта жедел холецистит бойынша жасалған операциядан кейінгі іш қуысын толық дренаждауға мүмкіндік бермейді. Диаметрі үлкен дренажды енгізудің техникалық оңай әдісі келесідей болып табылады: өт қабын кеңейген параумбикальды тесік арқылы шығарамыз, одан кейін бірден хирургтың таңдауы бойынша латаеральды жақтағы 5мм-лік троакармен параумбикальды тесік арқылы браншамен тістері бар қысқышты енгіземіз.Қысқыш дренаждың артқы жағынан қысып алып, оны іш қуысынан шығаруға арналған. Осыдан кейін барлық дренажды толығымен іш қусына батырамыз. Параумбикальды тесікті тіккеннен соң және пневмоперитонеум қалпына келген соң, қысқышпен қыстырылған дренажды көз бақылауында троакармен бірге сыртқа шығарады. Осы кезде түтіктің дренаждалған бөлігінің қалпы басқа граспермен корректирленеді. Бұл әдіс троакардан диаметрі үлкен түтік арқылы дренаж жасауға мүмкіндік береді.

|