Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
сурет.Өтқап мойнын құрсақ қуысынан шығару.
1. Өтқабы денесі
2. Өтқабы мойны
3. Параумбликальді жолдың кеңейген шеті
4. Өтқабы мойнындағы тісті граспер қысқышы
5. Өтқабы мойнындағы қысқыш.

Өт қабы қабырғасының деструкциясы орын алған жағдайда өт қабын алып тастауды контейнерде жасаған дұрыс деп саналынады. Контейнер арнай немесе бейімделген болуы мүмкін. Бейімдеген контейнер ретінде қан құю системасының стерильденген пластикалық упаковкасын немесе хирургиялық қолғапты қолдануға болады. Арнай контейнер EndoCatch ыңғайлы болып саналады: оны іш қуысына 10 мм троакарға арнайы стержень арқылы еңгізеді, сосын ол тор сиякты ашылады. Өт қабы контейнер ішіне салынады, арнайы жіп арқылы толық жабылады. Оны каналды созғаннан кейін алып тастайды. Бейімделген контейнер қолданғанда қиындықтар іш қуысына енгізгенде туады.
Бұл жағдайда келесі методика қткізілуі мүмкін: Контейнер максимльдң түрде түтікке жиылып , контейнер ашылатын жағынан эндоскопикалық қысқышпен ұсталынады. Содан кейін троакар алынып, контейнер жаралы канал арқылы еңгізіледі. Контейнер еңгңзңлген соң троакар да қайта орнына қойлады. Қысқыш көмегімен контейнер қайта жайылады, құйрық жағы диафрагмаға қарай орнатылады, бұл өт қабының контейнерге кіруін жеңілдетеді. Өт қабының контейнерге енуін келесі әдіс жеңілдетеді: Толық ашылған контейнер аузын мүшеге барынша жақын орнатып, қысқыш арғылы өт қабын контейнерге аузының ортасына орналастырады. Содан соң қысқыш арқылы контейнер аузының екі жағын ұстап тұрып сілкілейді, бұл өт қабының контейнер түбіне түсуін жеңілдетеді. Бұл әдіс өт қабын контейнерге ауда ұстап тұрып салғаннан жақсырақ. Ары қарай контейнерді ішіндегі өт қабымен параумбиликальді жол арқылы шығарылады. Өт қабын контейнерде алудың өзінің ерекшеліктері бар: мысалы контейнер шеттерін шығарғаннан кейін, сол шеттерін колмен екі жаққа тартады. Қысқыш арқылы өт кабының өзін алып шығады, контейнер қабырғасын емес. Себебң контейнер қабырғасын тарта берсек, қабырғасы оңай жыртылып өт қабының ішіндегі немесе өт қабының өі іш қуысына кетіп қалуы мүмкін.
|