Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
сурет. Лапароскопиялық холедохолитотомия жасау үшін ену нүктелері.
1. Бірінші, 10мм-лік троакар
2. Негізгі манипуляциялық 10 мм-лік троакар
3. 5 мм-лік троакар
4. 5 мм-лік троакар
5. 5 мм-лік троакар
Осыдан кейін өт қабын тракциядан босату үшін шеткі қысқыштардан босату әдісін жасайды. Ол үшін екі шеті қысқышпен байланған іш қуысынан троакармен бірге шығатын лигатураны өт жолының астына өткіземіз. Содан кейін троакарды қайтадан сол тесік арқылы енгізіп, ол арқылы қысқышты өткіземіз. Ол өт қабының түбінен фиксациялап оны цефаликалық бағытқа қарай бұрады. Эктракорпоральды жолмен шыққан жіп соңдарын қарапайым қысқыштармен фиксациялаймыз: бұл жіпті цефаликалық тракциямен бірге тракциялау өт қабының түбіне адекватты бауырастылық кеңістік құруға мүмкіндік береді және осы уақытта бір бүйірлік троакар майда манипуляцияларды жасау үшін босайды.
Осыдан кейін холедохқа қарай бұру жалғастырылады. Бұған бағыт жасауға оринтер болатын - өт қабы. Осы жолмен жүре келе хирург, ереже бойынша холедохтың алдыңғы қабырғасын табады, әрине, әртүрлі анатомиялық нұсқаларын ескеру керек. Бірақ біз бұл анатомиялық нұсқаларын қарастырмаймыз, себебі, олар кез келген өт жолы классикалық хирургиясының басқармасында бар. Өт жолының жібінен тарту жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді. Одан бөлек холедохтың алдыңғы қабырғасын бөліп алған кезде, хирург сол жақ қабырғаасты тесік арқылы өтетін атравматикалық қысқыш орнына пинцетті пайдаланып, міндетті түрде екі қолмен жұмыс жасау керек. Бұл қысқышпен холедохтың алдыңғы қабырғасын жабатын іш қабырғасы мен дәнекер тіннің шоғырын көтереді және кішкене бөліктермен қиылысатын электрокоагуляторды бірнеше секундқа қоса отырып,нәзік коагуляция және өте жіңішке режимдегі электрокрючоктың көмегін пайдаланды (6.30сурет).Одан бөлек субксифойдальды порт арқылы өтетін, қысқышпен қыстырылған кішкентай тупферді пайдалана отырып, тұйық ашу техникасын пайдалануға болады. Бұдан басқа мұндай бөліну процесінде манипулирования аймағын сол жақ қабырғаасты тоаркар арқылы өткен немесе асперация - иррегация түтігі арқылы физиологиялық ерітіндімен жуу көп жағдайды жақсартады. Бұл түтікпен бір уақытта тікелей бағытта манипулятор ретінде жумыс істеуге болады.
|