сурет. Фиксацияланған лигатурамен дренаж түтігін енгізу.
6.43 сурет. Фиксацияланған лигатурамен дренаж түтігін енгізу.
1. Өтқабы мойны
2. Өт жолы
3. Холедохотомиялық тілік
4. Холедохтың алдыңғы қабырғасы
5. Фиксацияланған лигатурамен дренаж түтігі.
6.44 сурет. Дренаж түтігін фиксациялау үшін өтжолы қабырғасын тігу.
1. Холедохтың алдыңғы қабырғасы
2. Холедохотомиялық кесінді
3. Өтжолы
4. Фиксацияланған лигатурасы бар дренаж түтігі
5. Өтжолы қабырғасын тігетін ине
6.45 сурет. Өтжолына фиксацияланған дренаж түтігі.
1. Холедохтың алдыңғы қабырғасы
2. Холедохотомиялық кесінді
3. Өтжолы
4. Өтжолын тігетін лигатура
5. Өтжолы айналасындағы екінші айналмалы лигатура
6.46 сурет. Холедохотомиялық кесіндні өтжолы арқылы холедохты дренаждаудың толық көрінісі.
1. Холедохтың алдыңғы қабырғасы
2. Өтжолы
3. Холедохотомиялық кесіндінің толық тігілуі
4. Фиксацияланған дренаж түтігі
Дәл осылайша әлемдік эндохирургиялық тәжірибе бойынша тәжірибе жинау барысында лапароскопиялық холедохолитотомияны қиын жағдай кезде де жасауға болатынын дәлелдеді.
Ұйқы безі басының қатерлі ісігі кезіндегі холецистоэнтероанастомоз
Лапароскопиялық холецистоэнтероанасомоз әдетте паллиативті араласу ретінде ұйқы безі басының рагі кезінде жасалады. Осы патология кезінде емдеудің радикалды оперативті мүмкіндігі мен онкологиялық негізі бұл кітаптың ауқымынан шығып жатады, сол себепті мұнда қарастырылмайды.
Жалпы лапароскопиялық холецистоэнтероанастомозды екі ариантта жүзеге асыруға болады – толығымен лапароскопиялық түрде және лапароскопиялық ассистирленген вариантта. Толығымен лапароскопиялық түрінде барлық манипуляциялар эндоскопиялық жолмен жүзеге асрылады. Ал лапароскопиялық ассистирленген түрінде эндосокпиялық түрде құрсақ қуысын қарауды, жағдайды нақтылауды, анастомоз үшін ішек ілмегін және 3-4 см ұзындықтағы минилапаротомия үшін рационалды нүкте іздеуді жүзеге асырады. Лапароскопиялық-ассистирленген вариант осы патология кезінде анағұрлым тиімдірек болып келеді, атап айтқанда бұл әдіс оперативті араласу уақытын айтарлықтай қысқартады және минимальді инвазивтіліктің барлық тиімді тұстарын сақтай отырып жұмсалатын қаражатты да үнемдейді.
|