Тарау. Лапороскопиялық холецистэктомия
6 Тарау. Лапороскопиялық холецистэктомия
Науқастың операциялық столдағы жату қалпы.
Науқасты операцияның кірісу түріне баиланысты 2өзгеше қалыпта жатқызуға болады.Оны хирург өзі таңдаиды. Шартты түрде бұл әдістер «француздық» және «американдық»деп аталады.
Француздық әдісте науқасты операциялық столда аяқтарының арасын ашқан қалпында жатқызады,хирург екі аяғының арасында тұрады.(6сурет)Ал ассистенттер науқастың оң және сол жағында тұрады,операция медбике науқастың сол аяғы деңгеиінде тұрады.
Американдық әдіс кезінде науқас операциялық үстелде аяқтары қосылған қалыпта жатады.(6.2сурет).Хирург науқастың сол жағында,ассистент оң жағында,камерадағы ассистент науқастың сол аяғы жағында операциялық медбике оң аяғы жағында тұрады.Бұл екі әдістің айырмашылығы троакарды енгізуге және өт қабының фиксациясына таиланысты.Американдық тәсілді қолданған кезде қысқыш көмегімен өт қабы түбіне тарту арқылы бүирек үсті безі кеңістігінің сапалы экпозициясы паида болады.Сол себепті алдағы кезде амеркандық техника жаиында аитамыз.
Құрал жабдықтарды орналастыру.
Көптеген басылымдарда бұл мәселеге онша көңіл бөлмейді,дегенмен бұл мәселенің практикалық маңызы өте зор.Монитор мен құрал жабдықтардың дұрыс орналаспауы нәтижесінде операциялық араласу кезінде монитор экранның бөгде құралдармен немесе анестезиолог басымен жабылып қалуы мүмкін,сол кезде хирург және ассистенттер өздеріне еріксіз қалыпта тұрып тез шаршауы мүмкін.Кабельдің дұрыс орналаспауынан операция соңында олар шатасуы мүмкін.Жалғауыштарды операциялық жабқышқа бір жерден бекітсе,олардың шатасуы жиі болады.Сол үшін біз оларды екі бумаға бөлеміз.1-Газ беретін шланга+электрокоагуляциякабельі. 2-Ирригация шлангасы+телекамера кабельі+жарық түсіргіш.Электрокоагуляция кабельдің соңын доғаға бекітілген операциялық жабқыш арқылы сақинадан өткізеді.Науқастың сол жағынан операциялық жабқыштан доғадан науқастың сол аяғына дейін кең қалта жасаиды.Бұндай қалтаның болуы стерильді аймаққа бөгде заттың түсуін,яғни асептика бұзылуын болдырмаиды.Телекамера және жарық берушінің кабельі орналасқан доға бос болу керек,операцияның соңына



қарай өт қалтасын алу кезінде телескопты субксифонтальді жолға оңай жылжыту үшін.

|