сурет. Құрсақ қуысына өтқабы орнына дренажды енгізу. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сурет. Құрсақ қуысына өтқабы орнына дренажды енгізу.

Поиск

6.20 сурет. Құрсақ қуысына өтқабы орнына дренажды енгізу.

1. Өтқабы

2. Өтқабы орны

3. Бауыр

4. Өтқабы орнына салынған дренаж

Троакарды құрсақ қуысынан визуалды бақылаумен шығарады. Бұл кезде құрсақ қуысына бір электроқұрал, мысалы қасықтәрізді электрод немесе қысқыш енгізіледі және инструментпен троакарды алып шығады. Субксифоидальды троакарды алған кезде де эндоскопиялық бақылау жүргзіледі. Оптикалық түтікті жарадан асықпай алған кезде қабаттары бойынша жақсы визуализацияланады. Теріге тігіс салуды кәдімгі хирургиялық әдіспен орындайды. Тігісті металл скобкамен алмастыруға болады.

Күрделі лапароскопиялық холесцистэктомия

Көп жағдайда лапароскопиялық холесцистэктомияда асқынулар мен қиын жағдайлар жедел холецистит кезінде немесе холецистит ұстамасын бірнеше рет баснына кешірген науқастарда кездеседі. Ол себепті «күрделі» лапароскопиялық холецистэктомияда ең маңыздысы жедел холецистит. Жедел холециститке жасалатын эндоскопиялық операцияның өзіне тән техникалық ерекшеліктері бар.

Бастапқы сатыда пневмоперитонеум қосу мен троакар енгізу техникасы стандартты үлгіден ерекшеленбейді. Вереш инесін енгізетін аймақта жабыспа ауруына күдік туғанда троакарды Hasson бойынша ашық әдіспен енгізуге болады. Бұл троакардың үлкен жараға қатысты фиксациясында герметизацияны қамтамасыз ететін конустың көрсеткіші болып табылады.

Бұл кезде терінің косметикалық параумбликальды тілігі 3-4см-ге кеңейеді, апоневрозды бөліп алады және оны кеседі (вертикальды және тері тілігін қайталап кесу). Содан соң техникалық сақтықпен ішпердені ашады. Осындай минилапаротомия жасағаннан кейін, ол арқылы құрсақ қуысына Hasson троакарын енгізеді (6.21 сурет). Содан соң троакар аймағын барынша герметикалық түрде апоневроз тілігін тіледі, осылайша троакар тілік ортасында фиксацияланады. Кейін апоневрозды тіккен тігіс жіптің ұшын арнайы троакардың фиксаторы арқылы екі жастан байлайды. Бұл траоакардың конустық кеңеиуі болғандықтан жіпті байлау кезінде троакар конусы апоневроз тілігіне мықтап фиксацияланады,гермицизім қамтамасыз етіледі.Троакарға газ қосып,ары қараи операцияны кәдімгі әдіспен жасаиды.Операцияның келесі кезеңі-лапароскопиялық араласудың ары қараиғы мүмкіндігін анықтау.Илфильтрат болған жағдаида оның тығыздығына,өт қабының жағдаиына қабырғасының региттілігіне ильфильтратқа қатыстымүшелердің анатомиялық қарым қатынасына баға береді.Кейде инфильтрацияланған өт қабының түбі мен денесі құрсақ қуысында бос орналасады,инфильтраттың пальпаторлы белгілерін туғызады дегенмен мүше инфильтраты үлкен шарбымен он екі елі ішекпен байланысуы мүмкін.Инфильтратты бөлу кезінде өт қабының қабырғасы бірден гиперемиялануы мүмкін,сол себепті беткеи электро коагуляцияны қажет ететін капилярлы қан кетуы болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.005 с.)