Лапароскопиялық холецистэктомиядағы субксифоидальды троакарды енгізу.
6.5. Лапароскопиялық холецистэктомиядағы субксифоидальды троакарды енгізу.
1. Орталық сызық
2. Бауырдың жартыай тәрізді байламы
3. Троакар
Жабыспаның үлкен көлемін кесу кезінде бүйрек үсті безі кеңістігінде көп көлемді қан мен қоймалжың сұйықтық жиналуы мүмкін, ол сұйықтық құрсақ қуысы мүшелерін көруге кеергі келтіреді. Сұйықтық жиналудың алдын алу үшін және құрсақ қуысын жақсы көру үшін гепарин қосылған сұйықтықпен жуу керек ( 5000Б гепарин 1л сұйықтыққа). Гепарин бос құрсақ қуысына сұйықтық жиналуын болдыртпайды, сол үшін құйылған қанды еркін аспирациялауға болады. Жүргізілген зерттеулер бойынша жалпы қан ұюына гепарин әсер етпейді.
6.6.сурет. Лапароскопиялық холецистэктомия кезінде өтқабын ұстау және тракциялау (тарту).
1. Өтқабы түбі.
2. Гартманов қалтасы.
3. Тракция бағытын өтқабы түбіне қарай бағыттау
4. Тракция бағытын өтқабының Гартманов қалтасына қарай бағыттау
Өтқабын жабыспа ауруынан босатқаннан кейін оны гартман қалтасы аймағына қысқышпен бекітіп қояды. Сонымен қатар дұрыс экспозиция жағдайын қалыптастыру да маңызды: өтқабы түбін цефаликалық бағытта әкетуді жалғастырады, ал гартман қалтасын бауырдан латеральды әкетеді (6.7 сурет). Егер ассистент гартман қалтасын бауырға қарай қысса, ол қате, себебі бұл тәсіл арқылы операция жасайтын аймақты ашу өте қиын және қауіпті.
Операция жасайтын аймақтағы тіндерді электроілмекпен де, электрокоагуляциялық пышақпен де ашуға болады. Электроілмек арқылы өте кішкентай тін бөлігін алады және жыртылған тінді көтеруге болады, яғни диссекция (ашу) сапалы болады. Алдымен өтқабы мойны айналасын кесу керек, тілік өтқабынан оң жақтан да, сол жақтан да бірдей кесілу керек, өсіндісі жоғары қараған парабола пішінді болу керек (6.8 сурет).
|