Толық лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоз
Толық лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоз
Лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоз жасау кезінде инструменттерді енгізу нүктелері схемада көрсетілген (6.47 сур.). Оптика үшін 10 мм параумбликальді тесік қолданылады. Семсертәрізді өсіндіден 4 см төмен порт. Екі 5 мм порт оң жақ қабырғаастында және бір 5 мм порт сол жақ қабырға астында.
Лапароскопты енгізген соң құрсақ қуысына жалпы щолу жасалды. Ұйқы безі басының рагі кезіндегі сарғаю кезінде көңіл аудару қажет ең бірінші жағдай – бауырдың түсі. Ол, әдетте, қою жасыл болады. Оптиканы бауырдың беткейіне жақындата түскенде бұл түс ұсақ жасыл түсті нүктелердің болуына байланысты екендігі анықталады. Бауырдың беткейі тегіс болып қала береді. Кейде құрсақ қуысында мөлдір немесе сарғыштау түсті сұйықтық табылады. Өт қабының өлшемдері ұлғайып, өтпен керілген болады. Онда қабынудың белгілері анықталмайды. Бауырға немесе құрсақ қуысына метастаздардың болуына назар аудару қажет. Метастаз болуына күдікті аймақтар диагнозды нақтылау үшін биопсияға жөнелтіледі.
Егер де диагноздың дұрыстығына кұдік туындаған жағдайда, холецистохолангиография жүргізуге болады. Ол үшін өтқуыққа жіңішке ұзын инемен бауырдың шетінен пункция жасалды, өт эвакуацияланады ( мүмкіндігінше толығымен), 30-40 мл сұйытылмаған конраст енгізіледі және суреті жасалады немесе электронды-оптикалық түрлендіргішті қолданумен рентгеноскопия жүргізіледі.
6.47 сурет. Лапароскопиялық холецистоэнтероанастомоз кезіндегі ену нүктелері.
1. Бірінші, 10мм-лік троакар
2. Негізгі манипуляциялық 10 мм-лік троакар
3. 5 мм-лік троакар
4. 5 мм-лік троакар
5. 5 мм-лік троакар
Науқаста өте айқын сарғаю, бауырлық жеткіліксіздік пен қосарланған соматикалық патология болатын жағдайларда емдеудің алғашқы кезеңі ретінде өт жолдарын босату үшін лапароскопиялық холецистостома салуға болады. Лапароскопиялық холецистостомияны арнайы енгізілетін ұшында баллончиктері бар троакар-катетердің көмегімен жасайды, осы баллончиктің үрілуі катетерді өтқуықтың қуысында фиксациялауға жағда жасайды. Өт қуыққа пункцияны бауырдың шетінен жүргізеді. 2-3 аптадан соң, сарғаю қайтып және науқастың жағадйы тұрақтандырылғаннан кейін емдеудің екінші кезеңіне, атап айтқанда анастомоз салуға көшуге болады.
Операция алдында өт жолдарын босату үшін салынған холецистостоманың болуы операция кезінде өтқуықты оны ашу үшін созуға мүмкіндік береді, жасалған анастомоздың бүтіндігін бояғыш енгізу арқылы тексеруді жеңілдетеді, операциядан кейінгі кезеңде анастомоздалуыш органдарды босатуға көмектеседі, сонымен қатар анастомоздың жұмысын рентген арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Әдетте, холецистоэнтероанастомоз салынатын екінші лапарсокопия кезінде холецистостома тұрған жерде үлкен шарбы өрімінің бекітілген жері болады. Бұл кезде ешқандай техникалық қиындақтар туындамайды, бұл өрімді зажиммен оңай бөліп алады.
Диагнозды нақтылаған соң анастомоз салуға кіріседі. Ащы ішектің сай келетін ілмегін таңдап алады. Бқл үшін үлкен шарбы мен көлденеі тоқ ішекті жұмсақ зажиммен жоғары, диафрагмаға қарай әкетеді. Осы кезде көлденеі ішек шажырқайы тамырының төменгі беткейі жалаңаштанады және ортаңғы сызықтың сол жағынан ащы ішектің бірінші ілмегін және Treitz байламын табады ( 6.48 сур.). Осы байламнан 40-50 см ішектің ілмегі жылжымалы болатындай шегінеді. Таңдап алынған ішектің ілмегін өтқуыққа әкеледі.
|