ВАРИАТИВТІК КОМПОНЕНТТІҢ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ВАРИАТИВТІК КОМПОНЕНТТІҢ

Поиск

«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ»

ВАРИАТИВТІК КОМПОНЕНТТІҢ

     ХРЕСТОМАТИЯСЫ

 

 

 

 

                                                                            БАУЫРСАҚ

(орыс халық ертегісі)

 

... Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал: – Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп 

берші, – дейді кемпіріне.

– Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын? – дейді кемпір.

– Қаптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар, – депті

сонда шал.

Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған

қаймақ қосып, қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты

терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап

түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді. Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.

Қоян бауырсаққа:

– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, – дейді.

– Мені жеме, қоян. Мен саған өлең айтып берейін:

– Мен бауырсақ, бауырсақ,

 Қаптың түбін қағып ап,

 Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Әжемнен да қаштым.

 Ал сенен, қашу, қоян,

Қиын емес маған! – деп бауырсақ домалай жөнеледі. Қоян аңтаң жолда қалады.

Қояннан құтылған бауырсақ домалай, домалай

орманға жетеді. Ой ламаған жерден алдынан бір сұр қасқыр шыға келеді де:

– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін! – дейді.

– Жемеші мені, қасқыр. Мен саған өлең айтып берейін, – деп ол әндете жөнеледі:

– Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

 Мен атамнан қаштым,

Әжемнен да қаштым.

Қояннан да қаштым.

 Босқа тұрсам ұтылармын,

Қасқыр, сенен де құтылармын!- бауырсақ домалап кете барады. Қасқыр артта қалады. Сол домалаған қалпы ол қорбаңдаған аюға жетіп тіреледі:

– Бауырсақ, бауырсақ, мен қазір сені жеймін! – дейді аю ақырып.

– Тоқтай тұр, аю, одан да менің өлеңімді тыңда, – деп бауырсақ әндете бастайды:

– Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

 Апам екі уыс ұн жинап,

 Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

 Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Әжемнен да қаштым.

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қаштым.

Аюға келді кезек,

Одан да қашу керек! – деп жолын жалғастырады. Осылайша бауырсақ аюдан да құтылады. Аңқау аю ауызын ашып қала береді. Алаңсыз домалап келе жатқан

бауырсақ енді қу түлкіні кезіктіреді.

Бауырсақты көріп, қуанып кеткен түлкі:

– Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің, – дейді қулана.

Бауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:

– Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

 Мен атамнан қаштым,

Әжемнен да қаштым.

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қаштым,

Аюдан да қаштым,

Түлкі, қазір сенен

Оңай қашып кетем!

– Әнің жақсы екен, – дейді қу түлкі. – Бірақ мен қартайдым, құлағым дұрыс естімейді.

Тұмсығыма шығып, өлеңіңді қайта айтшы, жақсылап тыңдап алайын.

Мақтау сөзге елпілдеп кеткен бауырсақ еш ойланбас тан түлкінің тұмсығына домалап

мініп, әндете жөнеледі.

– Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап ...

Сол-ақ екен, қу түлкі оны «ап» деп жеп қояды. Қарнын сипап бір тояды.

 

ҮШ АЮ

(орыс халық ертегісі)

 

Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді. Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені, әкесі – Михаил Иваныч, одан кейінгісі, шешесі – Настасья Петровна және олардың баласы – кішкене қонжық. Үшеуі бұл кезде орман аралап, серуендеп кеткен.     

Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел мен үш орындық тұр. Үстел үстіне ас құйылған үш ыдыс қойылған. Олардың біріншісі – үлкен табақ, екіншісі – орташа табақ, үшінші – кішкене көк табақ. Әр ыдыстың қасында қасықтары жатыр. Қыз ең үлкен қасықты алып, үлкен ыдыс тағы тағамның дәмін татады. Астың дәмі ұнамайды. Содан кейін орташа қасық пен екіншісін, кішкене қасықпен үшіншісін көреді. Бәрінен де оған көк табақтағы ас ұнады.

Қыздың қарны аш еді. Енді ол отырып тамақтану үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкен орындық – Михаил Иванычтікі, одан кішірегі – Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады.Қыз қонжықтың орындығына отырып, көк табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары-бері шайқап ойнайды.Ақырында оны сындырып, өзі жерге құлайды. Қолымен қонжықтың қасығын қағып

    жібереді. Қасық ұшып барып, бұрышта тұрған сандықтың астына кіріп жоқ болады.

Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең

үлкені – Михаил Иванычтікі, ортаншысы – Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі   

қонжықтікі. Қыз ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан

түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек.

    Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.

             Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне

оралған еді. Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады.

Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен:– Менің ыдысыма тиіскен кім?!

– деп ақырады.

Настасья Петровна да ыдысына қарап: – Менің табағымды орнынан қозғалтқан

кім?! – дейді ашуланып.

Кішкене қонжық жіңішке дауысымен: – Менің тамағымды мүлдемішіп қойыпты,

– дейді көк табақты қолына алып.

Үлкен аю енді үлкен қасығын ұстап: – Менің қасығыма тиіскен кім?! – деп

   ақырады жуан дауысымен.

             – Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді Настасья Петровна.

Қонжық жіңішке дауысымен: – Ал менің қасығым жоқ, – дейді жан-жағына қарап.

Михаил Иваныч: – Кім менің орындығымды қозғалтқан? – дейді зор дауысымен.

Настасья Петровна болса: – Ал менің орындығыма отырған кім? – дейді.

Оның дауысы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады.

– Менің орындығымды біреу тіпті сындырып тастапты, – дейді қонжық жыламсырап.

Аюлар ішкі бөлмеге кіреді.

– Менің төсегіме жатқан кім?! – дейді Михаил Иваныч ақырып.

– Ал менің төсегіме шыққан кім? – дейді Настасья Петровна басын шайқап.

– Ой, менің төсегімде біреу жатыр, – дейді қонжық таң қалып.

Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді де, үшеуі жамырап:

– Қара мұны!

– Ұстаңдар! Ұстаңдар!

– Ұста оны! – деп айғайға басады.

У- шудан оянып кеткен қыз жанында тұрған үш аюды көреді. Қатты қорыққан ол ашық тұрған терезеден жерге секіріп түседі. Алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Қызды ұстай алмаған Михаил Иваныч, Настасья Петровна мен қонжық үшеуі артта қалады.

 

ТҮЛКІ МЕН ҚОЯНДАР

 

      Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.

Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян сұрайды:

- «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», деп уәде қылады.

Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты.

Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

 

 

 

ҮЙШІК

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
     Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
– Мен қорқақ қоянмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
     Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу түлкімін!
– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
     Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
     Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін!
– Ал мен болсам, сұр қасқырмын!
Ал сен кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын!
– Кел, бірге тұрайық.
     Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
     Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.

ШАЛҚАН

(орыс халық ертегісі)

... Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, арыжұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады

 

ҚОЯННЫҢ ҮЙШІГІ

(орыс халық ертегісі)

 

Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болыпты.

Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине бірден еріп кетті.

Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді. -Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!

Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.

Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.

-Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?

-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім...

-Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз.

Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.

-Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!

-Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой ! Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады.

- Қоян-ау, не болды. Сонша неге жылайсың?

- Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

- Жылама! Мен оны қуып шығамын.

- Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттерде қуып шыға алмады.

- Көресің, қуып шығамын.

- Аю үйшіктің алдына келіп:

- Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.

- Түлкі болса пеш үстінен:

- Шықпаймын! Шықсам саған жаман болады! Быт-шытыңды шығарамын! – деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады.

Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.

- Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?- деп сұрады.

- Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

- Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!

- Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде қуа алмайсың!

- Жүр, көрерсің! Қуамын!

- Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.

- Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!

Түлкі қорқып кетіп: Киініп жатырмын», - дейді.

-Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! - деп әтеш қайта әндете бастайды.

Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді.

Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді.

Аман – сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

 

 

ҚАСҚЫР МЕН ЖЕТІ ЛАҚ

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:

- Шырақтарым-лақтарым,

Ешкімге есік ашпаңдар!

Орманда қасқыр жүр.

Мен келгенде:

«Шырақтарым-лақтарым,

      Аналарың келді,

      Сендерге сүт әкелді!

Қорықпаңдар, лақтарым,

Маған есік ашыңдар!», - деп әндетемін.

Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды.

Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен қасқыр келіп:

  - Шырақтарым-лақтарым,

    Аналарың келді,

    Сендерге сүт әкелді!

Қорықпаңдар, лақтарым,

             Маған есік ашыңдар!, - ән айтып еді, лақтар тағы алданбады.

Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Қасқыр тағы ешінің үйіне келеді де:

- Шырақтарым-лақтарым,

    Аналарың келді,

    Сендерге сүт әкелді!

Қорықпаңдар, лақтарым,

             Маған есік ашыңдар!, - әнін бастайды.Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады –

лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды.

Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып:

- Шырақтарым-лақтарым,

    Аналарың келді,

    Сендерге сүт әкелді!

Қорықпаңдар, лақтарым,

    Маған есік ашыңдар! - депәнге басты.

Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті.

Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады.

Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады.Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.

 

АЛТЫН АЙДАРЛЫ ӘТЕШ

Ертеде мысық, барылдауық торғай және бір алтын айдарлы әтеш дос болыпты. Олар орманда, бір үйде тұрыпты. Мысық пен барылдауық торғай орманға отынға барады, әтешті үйде қалдырады. Кетіп бара жатып айтып кетеді:

—Біз алысқа кетеміз, сен үйде қаласың. Бірақ үйден шықпа, түлкі келетін болса, терезеге жақындама.

Әтештің үйде жалғыз екенін естіген түлкі келіп, терезенің түбіне отырып әнін бастайды:

—Алтын айдарлы әтешім,

Майлы басты әтешім,

Жібек сақалды әтешім,

 Терезеге қарашы,

Менен бұршақ алшы.

Әтеш басын шығарып қарады, сол кезде түлкі әтешті мықтап ұстап алып, өзінің ініне қашты.Әтеш бар дауысын салып айқалады:

— Қара орманға,

Ағынды өзенге,

Биік тауларға,

Түлкі алып барады,

Құтқарыңдар мені!

Мысық пен барылдауық торғай естіп қалып, түлкіні қуып жетеді де әтешті алып қояды.

Келесі жолы мысық пен барылдауық торғай орманға отынға барады. Әтешке тағы айтады:

— Біз осы жолы алысырақ кетеміз, сенің дауысыңды естімейміз. Сен терезеге қарама.

Олар отынға орманға кетті, ал түлкі тағы келіп өзінің әнән айтты:

— Алтын айдарлы әтешім,

Майлы басты әтешім,

Жібек сақалды әтешім,

Терезеге қарашы,

Менен бұршақ алшы.

Әтеш дыбысын шығармай отыр. Ал түлкі тағы әнін бастады:

— Балалар жүгіреді,

Бидай шашылады,

Тауықтар шұқиды,

Әтешке бермейді...

Әтеш шыдамай басын шығарып:

— Ко-ко-ко! Қалай бермейді?

Түлкі тағы да әтешті ұстап алып, сол кезде түлкі әтешті мықтап ұстап алып, өзінің ініне қашты.Әтеш бар дауысын салып айқалады:

— Қара орманға,

Ағынды өзенге,

Биік тауларға,

Түлкі алып барады,

Құтқарыңдар мені!

Мысық пен барылдауық торғай естіп қалып, түлкінің соңынан түседі. Мысық жүгіріп барады, барылдауық торғай ұшып барады... Қуып жетіп— әтешті тартып алады.

Біраз уақыт өткен соң, мысық пен барылдауық торғай отынға орманға жиналады. Кетерде әтешке тағы қатал түрде тапсырады:

— Түлкі келсе оны тыңдама, терезеден қарама, біз ары қарай алыс кетеміз, сені естімейміз.

Сонымен мысық пен барылдауық торғай орманға кетеді. Сол кезде түлкіде келіп, әнін бастйды:

—Алтын айдарлы әтешім,

Майлы басты әтешім,

Жібек сақалды әтешім,

Терезеге қарашы,

Менен бұршақ алшы.

Әтеш дыбысын шығармай отыр. Ал түлкі тағы әнін бастады:

— Балалар жүгіреді,

Бидай шашылады,

Тауықтар шұқиды,

Әтешке бермейді...

Әтеш дыбысын шығармай отыр. Ал түлкі тағы әнін бастады:

— Адамдар жігірді,

Жаңғақтар шашылды,

Тауықтар шұқиды,

Әтешке бермейді...

Әтеш шыдамай басын шығарып:

— Ко-ко-ко! Қалай бермейді?

Түлкі тағы да әтешті ұстап алып, сол кезде түлкі әтешті мықтап ұстап алып, өзінің ініне қашты, қара орманға, ағынды өзенге, биік тауларға...Қалай әтеш айқаласады, көмекке шақырсады — мысық пен барылдауық торғай оны естімеді.

Үйге қайтып келгенде — әтеш үйде жоқ екен. Мысық пен барылдауық торғай түлкінің ізімен жүгіре жөнелді. Түлкінің ініне жүгіріп келді. Мысық өзінің аспабын күйіне келтіріп, әндете бастады:

—Трень, брень, гуслиі,

Алтын ішектері...

Түлкі бикеш бар ма,

Өзінің жылы үйінде ме!

Түлкі тыңдап-тыңдап, ойлады:

— Көрейін, кім ол сонша жақсы ойнап, тәтті ән айтып отыр.

Түлкі інінен шығып еді. Сол кезде мысық пен барылдауық торғай оны ұстап алды — ұрып-соқты. Түлкі зорға құтылып кетеді.

Әтешті себетке отырғызып, түлкіден қорғап, әтешін алып қайтады.

Содан бері бәрі тату, бақытты ғұмыр кешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.013 с.)