Тәрбиешінің іс-әрекеті
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Қонаққа жалмауыз кемпір кіреді.
Жалмауыз кемпір: - «Е, е, е –(айқайлап), мен сендерді қазір өзімнің үйіме алып кетіп, бір – бірлеп жеймін» - дейді.
Жалмауыз кемпір:- Айтыңдар қане ертегілеріңді, ұнаса жемеймін, ұнамаса алып кетемін.
Жоқ жалмауыз кемпір, бізді ешқайда әкетпеші, біз саған ертегі айтып береміз.
Іздену-ұйымдастырушы
Ертегініатау: «Түлкі мен қоян » ертегісі.
Фланелеграфқа суреттерді жапсыра отырып, түсіндіру.
- Ұзын құлақ сұр қоян қашып келіп, бұта түбіне бұғып отырғанда, артынан бір қу түлкі ізіне түсіп, жортып келе жатыр екен. Қоянның екі құлағынан бас салып ұстап алды. Қоян түлкіні сол кезде алдап жіберіп, құтылып кетеді.
- Бұл ертегіде қоян аңқау болса да, қулақ жасап, өз өмірін сақтап қалды. Ал түлкі керсінше, қоянға алданып қалды.
Дид.ойын: «Ойлап тап!».
Сергіту сәті.
Кейіпкерлерін атайды –қоян, түлкі .
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Бұл ойын арқылы жануарлар мінез-құлықтарын терең танып түсінеді.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Жалмауыз кемпір:
- Балалар маған сендердің ертегілерің ұнады, сендерге тағы да келуге бола ма? Сау болыңдар.
Сұрақтарға жауаптар
береді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді:Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады:Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Тақырыбы: «Қасқыр мен қоян».
Мақсаты:Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой-белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстети -калық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.
Сөздік жұмыс:түлкі, қоян, үй, мұз, ағаш.
Қостілдік компонент:
Әдіс-тәсілдер:
Көрнекіліктер:Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
|