Тәрбиешінің іс-әрекеті
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Балалар біздің бүгінгі сабағымызға Ерден ата келіпті. Ерден ата, біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз.
Ерден ата:
- Балалар сендер ертегілерді көп біледі деп естідім?
- Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Балалар амандасады.
- Әрине.
- Иә.
- «Ерте, ерте, ертеде...» деп немесе «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен...» деп басталады.
Іздену-ұйымдастырушы
Бүгінгі біздің ертегіміз «Қоян мен түлкінің үйшігі» деп аталады.
Ертегіні баяндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
- Ерте, ерте, ертеде бір қоян мен түлкі орманда өмір сүріпті. . . Қоян үйшігі ағаштан, ал түлкінің үйшігі мұздан жасалған екен. . .
Д/о (мимикалық):
Кейіпкерлердің көңіл - күйлерін салу.
Кейіпкерлерді атайды – Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтеш.
Ертегіні мұият тыңдайды.
- Қоян жылап тұр.
- Ит пен аюдың қорықты.
- Әтеш пен қоянның қуанышы.
Рефлексивті-коррекциялаушы
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Ертегінің кейіпкерлерін атайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді:Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады:Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады
Тақырыбы: «Қоянның үйшігі».
Мақсаты:Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерді таңдау, рөлдерді бөлу.
Фланелеграф арқылы - қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Мазмұндау және тіл байлықтарын дамыту.Мейірімді, тату-тәтті, дос
болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Шалғы, ағаш және мұз үйшіктері.
Қостілдік компонент: ағаш – деревянный, мұз – ледяной,домики - үйшіктері.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, өткенді қайталау, сурет жапсыру арқылы қызықтыру, кейіпкер таңдау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер:Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
|